Келін туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 38
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 81
Қанатты сөздер жинағы: 6
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 10
Баталар жинағы: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 39
Поэмалар: 1
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 7

Келіннің бетін кім бұрын ашса,
Сол ыстық.
Келін жаман емес, келген жері жаман.
Келін — келін, келін — бақ,
Келмей жатып, сөзін бақ.
Отқа келген келіннің
Отыз ауыз сөзі бар.
Келіннің сөзі кетпендей,
Баланың сөзі батпандай.
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
Келіні жақсы үйдің —
Керегесі алтын.
Төркіні тентек келіннің
Тілі ұзын
Төркіні момын келіннің
Жібі ұзын.
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келін жау.
Өлген түйенің басымен
Тірі келінді қорқытпа.
Келінді келін демесең,
Жақсы болса өз қызың.
Күйеуді күйеу демесең,
Жақсы болса өз ұлың.
Әдепті келін - ауылдың көркі
Келінім, саған айтам,
Қызым, сен тыңда.