Отан туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 67
Балаларға арналған тақпақтар: 35
Ақын өлеңдері жинағы: 231
Қанатты сөздер жинағы: 26
Әңгімелер жинағы: 11
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 10
Эсселер жинағы: 4

Ер — елінде, гүл — жерінде.
Өз елінің иті де қадірлі.
Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
Сағынған елін аңсайды,
Сары ала қаз көлін аңсайды.
Жат жердің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Отан — отбасынан басталады.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам Отанын сүйеді.
Жауда қалған бұлбұлдан
Отанға қайтқан ит артық.
Отан қадіріне жетпеген
Өз қадіріне жетпейді.
Отан отбасынан басталады.
Отан оттан да ыстық,
Жалыны бар шоқтан да ыстық.
Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас
Сүтіңді балаңа, өміріңді Отаныңа арна
Отан - барлық аналардың анасы
Отансыз адам әуенсіз бұлбұлмен тең