Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға
©  Абай Құнанбаев
Дүниеқор – дүниенің құлы,Әркім – сүйгеннің құлы
©  Самет Оқанұлы
Рахымы жоқ адамнан,Рахымы бар ит жақсы
©  Самет Оқанұлы
Басты берген Құдай, асты да береді
©  Самет Оқанұлы
Дүние түбі келте,Ұмтылу керек ерте
©  Самет Оқанұлы
Ақ киім – кірлегіш,Ақ көңіл – кешіргіш
©  Самет Оқанұлы
Алла деген пенделер,еш нәрсеге зар болмас
©  Самет Оқанұлы
Тәртіпсіз ел болмайды,Тәртіпке бағынған құл болмайды
©  Самет Оқанұлы
Пейілі жаман пәлеге жолығады,Бітпейтұғын жалаға жолығады
©  Самет Оқанұлы
Күйісің жаман болса, тән азады,Көңілің жаман болса, жан азады
©  Самет Оқанұлы
Досы көпті жау алмайды,Ақылы көпті дау алмайды
©  Самет Оқанұлы
Жолдасы жақсы жауға алдырмайды,Қара басын дауға қалдырмайды
©  Самет Оқанұлы
Білімді мың жасайды,Білімсіз құр жасайды
©  Самет Оқанұлы
Жолдасы жақсының олжасы жақсы
©  Самет Оқанұлы
Жақсы болсаң, төр сенікі,Қайықты болсаң, көл сенікі,Қазаң келсе, көр сенікі 
©  Самет Оқанұлы
Біреудің басындағы шоқты көрген,өзінің басындағы отты көрмейдіАрмияева Назерке
Жақыныңды жаттай күт,жат көрсін де түңілсін,Бір-біріңді қадір тұт,жұрт үлгі алсын, үңілсін
©  Самет Оқанұлы
Қарыз алғанның есі кетер,Қарыз бергеннің несі кетер
©  Самет Оқанұлы
Үндемеген үйдей пәледен құтылады
©  Самет Оқанұлы
Дос жылатып айтар,Дұшпан күлдіріп айтар
©  Самет Оқанұлы