Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 68 ответов (Результаты запроса 1 - 50) :

Табу сөзге айналсын!

Тыныш түндер ылғи да табылса еді,
Айдың нұры бөлмеңе ағылса еді.
Жаман дауыс бұзбасын тәтті ұйқыңды,
Жаңбыр әні оятсын, жаным сені. Күләш Ахметова
Осындай аналардың тілеуімен елімізде 71 жылдан бері тыныш таңдар атып келеді. Сол қарғыс атқан жылдардан бері менің отбасымда бейбіт өмірдің бағында ғұмыр кешіп келе жатқан мен үшінші ұрпақ екенмін. Мен де болашақта өз балаларымның түндерінің тыныш, таңдарының арайлы болғанын қалаймын. Бұл тек менің қалауым емес, жер бетіндегі ана біткеннің асқақ арманы деп ойлаймын. Әлемдегі әйел заты бұл кесапатқа түбегейлі қарсы болса, бәле ер адамдардан келе ме? Сонда әйел қауымының қолынан ештеңе келмей ме? Жоқ, ерлерді де дүниеге әкеліп, тәрбиелейтін аналар. Ендеше әр ана өз баласына барынша мейірімін төгіп, дұрыс тәрбие беріп, бақытқа бөлей білсе, жер бетінде Гитлер сияқты қанқұмар адамдар болмас еді.
Әжем айтушы еді: «Қорқыныш тудыратын жаман заттардың атын да атама, келіп қалады». Кейін мектепте мұндай сөздердің «табу» деп аталатынын білдім. Сол сияқты бұл тажалдың атын атаудың өзі қорқынышты. Өз басым адам баласына тек қорқыныш, орны толмас қайғықасірет әкелетін бұл сөзді «табу» қатарына қосу керек дер едім......
Шығармалар
Толық

Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы Идеялар тоғысы (8 сынып, III тоқсан )

Пән: қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.
Сабақ мақсаты: Шығарма тақырыбы мен идеясын басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экономикалық интеграция: мәні және даму ерекшеліктері

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егемендік алған Қазақстан басқа да поскеңестік елдер сияқты өзін халықаралық қауымдастыққа нығайту үрдісісіне белсенді қатысып келеді. Бұл үрдіс мемлекеттің сан-салалы жақтарын жетілдірумен бірге, бірінші кезекте оның саяси жүйесі мәселесінің ретке келтіру талабын қойды. Қазаргі заманда әлемде халықаралық қарым-қатнастардың барлық жүйесі, сондай-ақ мемлекетаралық байланыстарға және мемлекет ішіндегі құрылымдарға қатысты халықаралық құқықтық принциптер мен ережелер сапа жағынан өзгерістерді бастан кешіруде. Халықаралық өмірдің басты мақсаты – бейбітшілікті нығайту және жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Оған жетудің бірден бір жолы – ол барлық халықтартар арасындағы ынтымақтастықтың болуы.
Мемлекет пайда болғаннан бастап өзінің тәуелсіздігін сақтау және сырттан агрессияға жол бермеу арқылы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Халықаралық қатнастарда өзара тәуелділік пен өзара әсер етудің нығаю кезінде немесе жаһандану жағдайында мемлекеттаралық байланыстардың бір-біріне тәуелділігінің өсуі аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселесінбірінші орынға қояды.
Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеологиялық кезең ашылды. Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін – адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникциялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешуде. ....
Дипломная работа (бесплатно)
Толық

ҰЛАҒАТ СӨЗДЕР

Әйел алмақшы (үйленбекші) болсаң, оның дүние мүлкін сұрама... Әйелдің табиғаты таза, діні таза болса, күйеуіне (еріне) дос болады. Ұятты, ұстанымды, дүние-мүлікті жақсы сақтайтын болуы ләзім. Бұрынғылар айтқан екен: жақсы атын ерінің һәм өмірінің рахаты болар, -деп. Дос болмаған, үй –жайдың жайын жақсы білсе, бір –біріне тез байланады. Қалыңдық ержеткенде, ақылды болуы, анасының бәйбіше, әкесінің отағасы болғанын көрген һәм білгені болуы ләзім. Егер мұндай тәуір қызды тапсаң, дереу үйлен. Ондай қатынға қысастық, қызғаншақтық жасауға әректтенуші болма. Егер сен қатынды қызбанбасаң, оған айып тақпасан біліп қой, қатының саған ата-анасынан да артық мейірбанды болар және содан асқан дос адам болмас. Егер оны қызғансаң, ол саған дұшпаннан асқан дұшпан болар, онымен салыстырғанда, бейтаныс дұшпан түк болмай қалады. Егер қыз алсаң қанша жақсы көрсеңде күн сайын қасында жатпа, сүйтсең, ол бәрінің әдеті солай еке деп ойлайды және сен орынды себептер болып, үйде қонбаған кездерінде сенсіз сабыр етеді. Егер сен түн сайын қатыныңмен бірге жатуды әдет етсең, ол сен жоқ кезде басқаны арман етеді, оның сабыр қылуы қиын болады.
(«Қабуснамадан»)

1. Әйелдерге қол көтермеңдер.
2. Қызғанғанда орнымен қызған, намыссыз әрі қызғанбайтын еркекті еркек деме.
(«Мың бір хадистен»)

Сүйген қызыңды сыйла, абыройы мен арын, адамгершілік қасиетін аяла. Сені ынтықтырған қыз –ол сенің болашақ жарың, балаларыңның анасы, екінші -өзің.
В.А. Сухомлинский

Қызғаншақтар үнемі дүрбімен қарайды, ол кішкене нәрсені ұлкен нәрсеге, ергежейліледі –алыптарға, жорамалды шындыққа айналдырады.
М.Сервантес

Әйелің –ашынаң емес, өмірлік досың және серігің, демек, біз оны толықсыған келіншек кезінде де, кемпір болғанда да , сүюге о бастан ойланып әдеттене білуіміз керек.
В.Г. Белинский

Қосағыңмен тату бол, өзгермесін ол адам,
Үй тауығын аяла, қырғауыл қумай далада.
М. Қашқари....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

"Отан от басынан басталады".
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің".
"Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық".
/Халық даналығы/.
"Отбасы-шағын мемлекет:
Мен-Президент, сен — Премьер"
/Қ.Аманжолов/.
Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын, немерелер, ата-ана, ата-әже, балалар, немерелер, бірлесіп әлеуметтік өмір сүретін адамдар тобы. Отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды, демек некелік-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихы, әлеуметтік және праволық мәні бар.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым-қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға немесе әпке басқарады.
Қазақ халқы балалар жасын кезеңдерге былай бөлген:
І.Нәрестелік жас - 7 ай бесік, 12-ай еңбектеу.
2. Бөбек - 1-3 жас
3. Сәби - 3-7 жас.
4. Жеткіншек - 8-11 жас
5. Бозбала - 12-15 жас.
6. Үлкендер - 15 жастан жоғары.
Отбасы қоғамдағы алғашқы ұйымдардың бірі. Оның өзіндік міндеттері болады, ол үшке бөлінеді:
1. Репродуктивтік. Мұның мәні — баланың өмірге келуі, өмірдің, ұрпақтың жалғасын табуы.
2. Шаруашылық-экономикалық. Мұның мәні-материалдық жағдайды қамтамасыз ету, үй және жеке меншік шаруашылығын жүргізу, отбасының қор-қаражат жинау, оны сақтау.
3. Бос уақьттты ұйымдастыру, яғни бала, ұрпақ тәрбиесімен айналысу.
Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық, тәрбиемен ұштасып жатады. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы адамдарының белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.
Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құрса, ал рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Адамгершілік тұғырға көтерер ең маңызды ұлағаттар, адамгершілік қатынастар отбасынан басталады.....
Рефераттар
Толық

Жүрсін Ерман (Әйелге ода)

Қай жерде, мейлі, қай елде
Әлемнің мәні – Әйелде.
Шын мықты болсаң оныңды
Әйелге барып дәлелде!

Әйелсіз айтпан әнді мен,
Әйелмен дәмді әңгімем
Сүйкімді болсаң......
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы

Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз қазақ Мұхтар Әуезов еді. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдебиетте толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты шығармасы "Абай жолыроманында жүзеге асты.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен толғаған "Абай жолыроман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің көпке дейін, дәлірек айтқанда, қырықтың үстіне шыққанша, ұлы ақынның өмірі, туған-өскен ортасы туралы шығарма жазу жоспары болмағанын ескерткені бар. Абай өлеңдерін бастыру, ғұмырбаянын жасау, зерттеу еңбектер жариялауды романға барар жол деп санамаған екен. Сондықтан........
Рефераттар
Толық

Тілепбергенұлы Қазанғап

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.
Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады.
Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. Қазанғап адалдық пен сұлулық айғағындай Балжан аруды өмір бойы күй арқауы , шабыт тұғыры етіп өткен. Қазанғап шығарған күйлердің ішінде Балжанға арналған күйлер циклі қазақ күй өнерінің ең бір шуақты шоғырына жатады. Жалпы, Қазанғап эпикалық күйші. Оның күйлері қазақтың өткеніне де, бүгініне де, болашағына да терең бойлайды. Қазанғап күйлері халық тарихының артта қалған алмағайып кезеңі туралы «Ноғайлы босқыны» деп, он алтыншы жылғы патша жарлығын жарадай сезіне отырып «Жұртта қалған», «Окоп» деп күңіренеді. Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірінің түбірлі өзгерістерін ұлы көшке теңеп «Қызыл керуен» деп бебеулейді.....
Рефераттар
Толық

Ыбырай Жақаев

Ыбырай Жақаев! Қазақ халқының бұрынғы, қазіргі мемлекетіміздің тарихындағы ірі, іргелі тұлғалардың бірі. Еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі.

Мен таңғаламын: Ыбекең күріштен дүниежүзілік рекорд жасады. Ал көршілес Ақтөбе облысынан Шығанақ Берсиев тары дақылынан сондай әлемдік ірі көрсеткішке қол жеткізді. Қазақтың осы екі қара шалының, еңбектің пайғамбарларының дүниежүзілік рекорд жасауы кездейсоқтық па, әлде заңдылық па? Елдің, жердің, судың қасиеті ме, әлде ата-бабаның аруағының құдіреті ме. Бәрінің де қатысы бар сияқты мұнда. Оның үстіне күріш, тары керемет дақылдар ғой. Күріштен жағымды, жұғымды, жеңіл, денсаулыққа пайдалы әлденеше тағамдар дайындауға болады. Шығыс халықтарының дендерінің сау болып, көптеп өсіп-өнуінің салиқалы себебі осы күріште деген де пайым бар. Патшаның баласының: “Халық қарны ашса неге сыр күріш жемейді?” (сыр күріш – сүтке пісірілген күріш ботқа) дегені де тегін емес шығар.

Ал тары дақылының қасиеттері де ерекше. Одан сөк, талқан, жас балаға беретін жарма, көже, майсөк, жент жасайды. Майсөк қазақтың белгілі астарында құрметті қонағына ұсынатын қадірлі тағам.Ақтөбеліктер сөкті шайға салып ішеді. Оның қасиеті сол, ол адамның қарнын аштырмайды да, шөлдетпейді де. Сондықтан да ежелден оны үлкен кісілер ораза тұтқанда, таң сәріде сүтке, айранға салып, майға бұлғап жеп алады, күн батқанша былқ етпейді. Қызығы сол: үлкен кісілердің тісі бола бермейді ғой, оның үстіне ас дұрыс қорытылуы үшін оны 25 рет шайнау керек. Ал адамның туғаннан бастап жаралған кемшілігі – ешкімнің де оған шыдамы жете бермейді, сондықтан олар жеген кезде бір тояды, біраз уақыт өткен соң шала шайналған сөк, бөртіп, көлемін ұлғайтып екінші рет тойдырады, сөйтіп жүргенде кеш те болады.

Бірде Сталин Қазақстан басшылары Скворцов пен Шаяхметовтен: “Сіздерде бір стратегиялық маңызы бар дақыл өседі дейді”, — деп сұрапты. Екеуі: “Біз бірден жауап беруге дайын емеспіз, елге барып мән-жайын біліп баяндайық”, – дейді.

Алматыға келіп ғалымдармен, мамандармен, диқандармен ақылдасып ол дақылдың тары екендігін Сталинге баяндапты. Міне, сол күннен бастап бұл дақылдың бағы жанып, оны өсіруге мән беріліп, нәтижесінде Шығанақ Берсиев дүниежүзілік рекорд жасайды. Осының өзі біздің халқымыздың дәрежесін, мүмкіншілігін, қарым-қабілетінің артық болмаса, ешкімнен де кем еместігін көрсетіп тұрған жоқ па? Сондықтан да жақсылықты да, жаңалықты да өз елімізден, өз жерімізден, өз халқымыздан іздеуіміз керек.....
Рефераттар
Толық

Отбасы тәрбиесін жетілдіруде оның мектеппен ынтымақтастығын жетілдіру жолдарын көрсетіңіз

Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың демократиялық стилі үлкендер жағынан дұрыс бағытта қолданылса, қарым-қатынастың әлеуметтік-моральдық деңгейінің ерекше түрі - құрбы-құрдастық және достық қатынас маңызды роль атқаратындығын ескеріліп, оған қолдау көрсетілсе, онда отбасында тұлғааралық қатынасты дұрыс қабылдау орын алады.
1. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері туралы ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау.
2. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.
3. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың ерекшеліктерін айқындау экспериментін жүргізу.
4. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық көрсеткіштерін коррекциялау жаттығуларын пайдалану.
5. Отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері бойынша жүргізілген зерттеулерді қорытындылау, психологиялық ұсыныстар жасау.
Отбасы тұлғааралық қарым-қатынас қалыптасуына берілген теориялар, пікірлер мен тұжырымдар (А.Г. Харчев, Б.Г. Ананьев, В.В. Драгунова, И.С. Кон, Э.Берн және т.б.), психиканың онтогенезде дамуы мен тұлғааралық қатынас қалыптасуы жайлы Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, З.Г. Ананьев, Д.Б. Эльконин т.б. ғалымдардың еңбектерінде қалыптасқан психикалық даму теориялары, жеткіншек жасының ерекшеліктерін зерттеген В.В Драгунова, И.С. Кон, В.В. Столин қағидалары, Э.Берннің трансактілік талдауы, С.М.Жақыповтың, Қ.Б.Жарықбаевтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет тұжырымдары, жеткіншектердің психикалық даму мәселелеріне қатысты Қазақстандық зерттеулердің теориялық негізі мен мәнділігін (С.М. Жақыпов, Қ.Б.Жарықбаев, В.К.Шабельников, Ж.Ы.Намазбаева) құрайды.
Отбасы құндылығы және сапалары эмоционалды, когнитивті және мінез-құлықтық деңгейде ерекшеліктері көрсетілген. Алынған мәліметтер: отбасында тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық аспектілері, отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас процесіне психокоррекциялық жұмыстар жүргізу жолдары жүйелі түрде талданған. ....
Рефераттар
Толық

Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері

Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты.
Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық – экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
- ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
- білім, шеберлік рухани құндылықтарды кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тәрбиелік қызмет;
- өндірістік – шаруашылық қызмет;
- жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Ата-ананың қызметі - отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді.
Тұрмысты ұйымдастыру қызметі отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептелінеді.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігімен байланыстыратынын ескеріп, қазіргі отбасы қауымының бағыттарымен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі.
Ауылдық және қалалық отбасы қауымындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі жасауы мүмкін.
Ал қалаларда мұндай бақылауға шектеу көп кездесе бермейді.
Ата –аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы, ата-аналардың білімі жағары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Дегенмен, мұндай ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне қадағалаусыз да болып жатады.....
Рефераттар
Толық

Оқушыларды болашақ отбасы өміріне даярлау проблемалары

Отбасы – ерекше педогогикалық жүйе. Әлеуметтану ғылымы отбасын тұтас қоғамдық ағзаның бөлігі, әлеуметтік – тәрбие беретін ұжым ретінде қарастырады. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық салада орын алған өзгерістері міндетті түрде отбасының өмірінен көрініс табады. Отбасы моральдық, психологиялық жаңаруы барысында созылмалы, оның үстіне қарама-қайшылықты, күрделі болып келеді. Сондықтан да, отбасында жаңа қатынастар, жаңа моральдық ұғымдар орнығуы экономикалық салаға қарағанда баяу қарқынмен іске асады. Өйткені отбасын болжамдаудың қиындығы қайта құруларға, негізгі әлеуметтік - экономикалық факторлармен бірге биологиялық, психологиялық және демографиялық факторларға байланысты.
Отбасылық өмір байланыстары жан-жақтылығымен сипатталады. Олар әлеуметтік, биологиялық, шаруашылық – экономикалық адамгершілік және психологиялық қатынастар. Отбасы дамуының кезеңдері оның қызметінің сипаты және ауқымының өзгеруімен байланысты. Ол қоғамға және адамға қатысты маңызды қоғамдық қызметтер атқарады.
Отбасының қоғамға қатысты негізгі қызметтері мыналар:
- ұрпақтар алмасуын қамтамасыз ететін бала туу, өсіру қызметі;
- білім, шеберлік рухани құндылықтарды кейінгі ұрпақтарға жеткізетін тәрбиелік қызмет;
- өндірістік – шаруашылық қызмет;
- жұмыстан, оқудан бос уақытын ұйымдастыру қызметі;
Ата-ананың қызметі - отбасының үйлесімді өмірін, олардың зейнет жасындағы игілігін қамтамасыз етеді.
Тұрмысты ұйымдастыру қызметі отбасы тұрмысы психологиялық тұрғыдан алғанда ең жайлы тұрмыс болып есептелінеді.
Отбасының қызметін, оның көп түрлілігімен байланыстыратынын ескеріп, қазіргі отбасы қауымының бағыттарымен бір қатар ерекшеліктеріне тоқталған жөн. Оларды тани білу және ескеріп отыру мұғалімдер мен ата-аналардың отбасының тәрбиелік қызметін іске асыруына көмектеседі.
Ауылдық және қалалық отбасы қауымындағы ерекшеліктер олардың әлеуметтік жағдайына байланысты болмақ. Мысалы: ауылды жердегі бала ауылдастарының қатаң бақылауында болады. Бұл бір жағынан жағымды құбылыс болғанымен, екінші жағынан мұндай әлеуметтік бақылау шектеушілік сипатымен тұлғаның еркін дамуына кедергі жасауы мүмкін.
Ал қалаларда мұндай бақылауға шектеу көп кездесе бермейді.
Ата –аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы, ата-аналардың білімі жағары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Дегенмен, мұндай ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбіне қадағалаусыз да болып жатады. ....
Рефераттар
Толық

Музыка | Қазанғап күйші

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.
Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың аталары өрбіген. Кіші жүздің Ресейге бодан болуы ел ішіндегі әлеуметтік-саяси құрылымға ертерек өзгеріс енгізіп, бұрынғы ру аралық пәтуә- бірлік шырқының ертерек бұзылуына себепші болды. Әрідегі Сырым батыр, онан соң Исатай мен Махамбет бастаған жойқын көтерілістер, берідегі Бекет батыр бастаған көтеріліс Қазанғаптың жөргектен құлағына сіңісті болған, қала берді көзі көрген заманалық тауқымет айғағы болатын. Бойы өсіп, бұғанасы қатып үлгермей-қ Қазанғаптың маңдайына қойшылық өмір бұйырған. Қой соңында өткізген он жылда ол домбыраны жан серігі етіп, өзінің сезім – түйсігін күй тілінде сыртқа шығаруды машық етеді. Содан, оң-солын тани бастағанда күйге біржола өмірін арнамақ болып, әке-шешесінен рұқсат алады. Доңызтау-Аққолқада – Төреш, Бесқалада – Орынбай, Құрманияз, Орынборда – Үсен төре сияқты әйгілі домбырашылармен кездеседі. Арал алабын, Үстірт, Маңғыстау аймағын, Ақтөбе, Ырғыз, Қостанай, Троицк, Орынбор төңірегін шарлап, ел ішіндегі күй сарындарын көкірегін армансыз сіңіреді. Небір додалы күй сайыстарына түсіп, өнерін шыңдайды. Мұның бәрі Қазанғап бойындағы тегеурінді дарынның жарқырай көрінуіне, шабыт тұғыры болуына себепші болады. Қазанғап қарақалпақтар ортасында болған кезінде Балжан деген қызбен көңіл жарастырып, бас құрауға уәде байласады.
Алайда, жоқ-жітік тірлік кешкен қарт әке-шешенің жағдайымен Қазанғап уәделі уақытта Балжанға келе алмайды. Кейін тағдыр айдап, тұрмысқа шыққан Балжанға келе алмайды. Сонда Балжан: «Қазанғап аға, тағдырдың бұйрығы осылай болды. Менде жазық жоқ, сағынышты серік етіп, уәделі мерзімді екі еселеп күтіп-ақ едім. Уәдеде тұра алмаған айып-шамыңызға өмір бойы маған күй арнап өтіңіз!» - деп, ашық мінезбен ағынан жарылады. ....
Рефераттар
Толық

Түркітану | Көне Египет мәдениеті

Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті де мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық — билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері — парғауындарды кұдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін «Раның» («Ра» күн деген мағына береді. Ол — құдай-лардың құдайы және «алтын» ұғымымен қосылып айтылады. — «Алтын» нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.
Перғауынның жеке — дара билік жүргізуі тіпті оның билігінің Египет халқына ғана емес, көршілес жатқан патшалықтар мен тайпаларға да күшейе түсуі, мәдениеттің дамуына өзіндік ықпалын тигізбей қойған жоқ. Ал осы бір шексіз билік пен мансап, байлық пен құдірет кенеттен жоқ болады. Оны өшіретін ұлы күш — өлім. Міне, соңдықтан да болар — көне Египеттің
мәдениетінің ең басты ерекшслігі — ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша аткарды.
Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарған, өйткені Ніл өзені тасығанда жерлерді құнарландырады, сөйтіп төңірекке өмір мен береке туғызады, ал тартылганда құрғақшылық келеді, бірақ бұл ажал емес, өйткені — одан кейін де жыл сайын Ніл қайтадан тасып отырады. Табиғатта болып жатқан осы сияқты құбылыстардың негізінде «өлген адам тіріледі» деген діни ілім пайда болды. Бұл ілім діни және мәдени салада ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, саяси өмірде де үлкен роль атқарады. Тереңірек ойлап қарасақ, бұл ілімнің өмірге келуі ажалға деген табанды қарсылықтан туған. Жыл сайын буырқанып таситын Ніл өзені сияқты адам жаны да денеге кайтып оралады деген діни түсінік адамдар санасында берік орнықты. Олар қабірді адамның уақытша баспанасы деп санады. Ендігі жерде мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Жастар қоғамның әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде

Коғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әр түрлі әдістері бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды ұқсас антропологиялық ерекшелжтері және психологиялық қасиет бар жастық топ ретінде ғана қарамау қажеттілігін талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні олардың қоғамдық катынастардың тарихи айқындалған сипатына негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады.
Басқа көзқарастың жақтастары жастар социологиялық мағынада ол жас баланың ролін аса көп ойнамайтын және де сонымен қатар үлкендердің ролін толық құқықты тасымалдаушы больш табылатын адамдар өміріндегі мінез-құлық базасы болып табылады деп санайды. Жастардың барлық проблемалары кедейшілік құрылымды «бейтарап аумақтың» мәртебесіндегі үздіксіздік үзілсінде құрылады деп санайтын американ социологы Г.Сиболд та осы көзқарасты ұстанады. ....
Рефераттар
Толық

Валеология | ВАЛЕОЛОГИЯ ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ

Денсаулық — баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дуние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті барлық икемді аямай жұмсау керек.
Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Денсаулықсыз өмір қызықсыз әлем деп есептеймін.

Мен өзімді әлемге қандай болуым керек екендігіме алып келдім. Адам болуым үшін қандай болуым керек – ақылды , әдемі және денсаулығым күшті болуы керек .
Иммануил Кант
Біз, әрқашан өзімізде ата-анамыздың қалдырған байлығын қалай болса солай шашумен айналысып келеміз, денсаулықтың қандай қазына екендігіне түсінбестен туған туындылар. Ол ата-анадан келген байлық. Біз денсаулықты есепсіз қалау болса солай кетіруге тырысамыз, денсаулықтың келешекте не болатынын ескермейміз де. Денсаулықтың не екенің , оның қадірін тек ауырғанда ғана білеміз.
М.Петтенкофер
Валеология- медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.
И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: «Денсаулық туралы ғылым интегралды түрде болуы керек» . Оның пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен, психологиямен, педагогиямен және т.б. ғылымдармен тығыз байланыста болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамытып отырды.
Валеология — медицина ғылымдарының саласы емес. Ол медицина ғылымдарына жатпайды. Оның өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеттері бар. Өз алдына дара ғылым. Өзінің зерттейтін арнаулы функциялары бар.
И.И.Брехман өзінің еңбектерінде валеология туралы былай деп жазды: "Денсаулық туралы ғылым интегратды түрде болуы керек"
Оның пайда болуы, және қазіргі кездегі жағдайы экологиямен, биологиямен, медицинамен, педагогикамен және т.б. ғылымдармен тығыз байланыста болады. Жаңа интегралды ғылым болғандықтан ол міндетті түрде философиялық ойды және ғылыми түсініктерді жүйеге келтіріп дамытып отырады.
Валеология И. И. Брехманың айтуына қарағанда, ол адамтану ғылымы деп айту керск. Оның көздеген мақсаты адамдардың, денсаулығын арттыру, ауруларды болғызбау, аурулардың алдын- алу. Денсаулықты сақтау адам адам үшін ең маңызы зор. . Қазіргі кезде валеология ғылымына сұраныстар көбейіп отыр. Космос кеңістігін игеруге байланысты валеология ғылымына сұраныс көбейді.
Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын планетамызбен тығыз байланыста болады. Табиғат байлығнмен бірге өсіп, біте қайнасьп келе жатыр. Адам денсаулығының потенциалды денсаулығын арттыруға көмектеседі. ....
Рефераттар
Толық

Қазақ барда салт-дәстүріміз ғұмырлы болмақ

Салт – халықтар кәсібіне, сеніміне,тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп,өзгеріп,қоғамдық болмыс принциптеріне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Сондықтан да халық :«Дәстүрдің озығы бар,тозығы бар»,-деп дұрыс айтқан.
Дүние жүзі халықтарының өздеріне тән салт-дәстүр ерекшеліктері бар. Сол сияқты:«Қазақ барлық сенім,әдетімен де, ойын -сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар,өлең жырлар жасауымен де,сауыққа құмарлығымен де, халықтың заңның көптеген кодекстерін сақтаумен де,соттың шешімдерімен де ең ақылдылардың қатарына қосылады»,-деп Ш.Уалиханов ......
Шығармалар
Толық

Өнер саласы | Түс көрудің поэзиядағы рөлі

1 Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі
1.1 Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы
“Бәрі де майдан” повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі Алма кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың аузыменбаяндалады. Түс көру, көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында көрінеді.
“Құлыным-ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің жасын шылауышымен сүртті”.
Күркіреме бұлағы – ауылдағы ер-азаматтардымайданға аттандырғанда шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күрткіреме бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де осы. “Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді.” Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен – Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық болса жақсыға жорылады. Ал, тұңғиық, не лай болса жақсы емес. Азырақ қам болса керек дер”. Повесте бұл көрінген түс былайша жорылады: “Апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығыптасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, есен-аман келеді деп отыр”. Тасып жатқан өзен аласапыран оқиғаның, арпалыстың белгісі. Осы өзеннен аман-есен өту - өмір сүрудің нышаны. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі су деген мағынамен байланысты екенін С.Қасқабасов талдап көрсетеді. Бірі – көктегі, екіншісі – жердегі су. Бірі - өлім әлемі, екіншісі - өлім әлемі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өнер саласы | Тус корудін прозадагы коркемдік кызметі

1 Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі
1.1 Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы
“Бәрі де майдан” повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі Алма кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың аузыменбаяндалады. Түс көру, көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында көрінеді.
“Құлыным-ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің жасын шылауышымен сүртті”.
Күркіреме бұлағы – ауылдағы ер-азаматтардымайданға аттандырғанда шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күрткіреме бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де осы. “Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді.” Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен – Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық болса жақсыға жорылады. Ал, тұңғиық, не лай болса жақсы емес. Азырақ қам болса керек дер”. Повесте бұл көрінген түс былайша жорылады: “Апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығыптасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, есен-аман келеді деп отыр”. Тасып жатқан өзен аласапыран оқиғаның, арпалыстың белгісі. Осы өзеннен аман-есен өту - өмір сүрудің нышаны. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі су деген мағынамен байланысты екенін С.Қасқабасов талдап көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Жар-жар айтысы

 Жар-жар — Қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының ежелден келе жатқан жанрлық түрінің бірі. Ол қыздың ұзатылатын тойы аяқталып, аттанар алдында орындалады. Күйеу бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды. 

Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл - адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ» (Ахмет Байтұрсынов). Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдің жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді: «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы сар далада көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады»....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | Қазақтың ежелгі наным сенімдері

КІРІСПЕ
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары бөлініп, жеке жетіле бастады; көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнықты; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты түжырымға келеді.
Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар „прамонотеизм” және адамзат тарихындағы „дінге дейінгі кезең” теориялары. „Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға сенген, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді.
Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің „Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас.
Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – ежелгі діндердің тарихи болмысындағы нанымдар және көптәңірлі (политеистік) діндер.
Политеизм дегеніміз бірден көп тәңірлерге сенім. Көптіңірлі діндерде тәңірлердің саны көбінесе бірнеше жүз тәңірмен шектеледі. Алайда, дәстүрлі үнді дінінде жүз миллиондаған тәңірдің болуы әбден мүмкін. Рухани ғылымдар бойынша дүние жүзінде Иудаизм, Христиандық және Исламнан басқа діндердің барлығы да политеистік болып есептеледі. Аталмыш үш дін монотеистік (біртәңірлі) діндер бобына жатады. Көптәңірлі сенімдердің атынан да көрініп тұрғандай тәңір ұғымдары да әр түрлі. Мысалы, үнді дінінде көптеген тәңірлерге қоса олардың бәрінен де жоғары, бәрін жаратушы бас тәңір туралы түсінік бар. Олар сонымен қатар әрбір тәңірді осы бас тәңірдің бір қыры деп ойлайды. Көптәңірлі буддизмде болса тәңірлер құтқарушы Буддамен салыстырғанда онша маңызды емес болып көрінеді. Қадими (ежелгі) гректердің көптіңірлілігі Зевстің ең мықта тәңір деп таниды. Гректердің тәңірлері жақсылықтарынан гөрі ақыл – еске симайтын жамандықтармен ерекшеленеді, олар ашулы, қаһарлы, кекшіл, шамкөс, ызақор тәңірлер. Көптәңірлі діндерде тәңірлерге мол мөлшердегі тәңірсымақтар, тәңіршіктер, аруақтар, перілер, жауыз рухтар туралы сенімдер қоса наным – сенімдермен күрделі байланыстарға кіретіні де белгілі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әлеуметтану | Қазақ этносындағы салт-дәстүрлер

Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі, әдет-ғұрпы, салты болатындығын білеміз. Мұның бәрі сол халықпен бірге жасасып, оның тарихына өзінше ілесе жүретіндігін байқаймыз. Қоғамдық өмірдің, экономикалық жағдайлардың ілгерілеп дамуына байланысты, халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі, дүниеге көзқарасы, т.б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып, бертін келе, көп уақыт бойына қалыптасқан, белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып, салт-сана, алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды. Бұлардың орнына қоғамдық-таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Демек, қоғамдық және экономикалық жағдайлар, олардың дамуы ертеден келе жатқан, қалыптасып қалған тұрмыс-тіршілікке, әдет-ғұрып, салтқа өз әсерін тигізеді, жаңа мазмұнда өзгеруіне, бұрынғы қалпын біртіндеп жоғалтуына жағдай жасайды. Қазіргі таңда қазақ жастарының арасында батыс мәдениетіне еліктеушілік үрдісі кең етек жаюда. Ел болашағы жастар екені белгілі. Алайда, олар өзге мәдениеттердің теріс ықпалын өз бойына жинай берсе, болашағымыз бұлыңғыр болмақ. Сондықтан қазақ жастарының болмысын сақтап қалу үшін олардың әлеуметтену процесіне қазақи салт-дәстүрлерді тәрбие арқылы енгізуіміз қажет.
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жастарымыздың арасында батыс мәдениетіне еліктеушілік асқындап барады. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деген Абай атамыздың өзі өзге мәдениеттің жетістіктерін ғана игеріп, яғни өзіңе, халқыңа пайдалысын ал деген еді ғой. Өзге ұлттың білімі асты екен деп ұлттық салт-санаңды ұмыт деген сөз емес қой бұл. Олай болса, ұлтымыздың келешегі жарқын болсын десек алдымен ұлттық салт-санамызды қолға алайық. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген халық даналығы осыны меңзейтін секілді. Тұлғаның әлеуметтену процесіне салт-дәстүрдің әсер ететіндігін ата-бабамыз ертеден-ақ ескерген. Қыз бойжетсе сырға тағып, ұл ержетсе атқа мінгізіп, біріне отбасының тұрмыс-тіршілігі – қазан-ошақ қызметі мен бала тәрбиесін үйретсе, біріне отағасы болуды, ата салтын жалғауды, әке жолын қууды меңгертті. Бұл үрдістің барлығы дерлік ұлттық тәрбие артқылы атадан-балаға беріліп отырды. Тәрбие әлеуметтенудің мақсатқа бағытталған формаларының бірі ретінде тұлғаны әлеуметтік байланыстарға қатыстыру мақсатында, сонымен қатар бұл процестердің кепілдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында қоғам арқылы жүзеге асады. Қазіргі заманғы өркениетті қоғамда тәрбие тұрақты сипатқа ие болып, әр түрлі институттардың: отбасы, білім беру, БАҚ іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Жаңа ұрпақ мәдениетінің қалыптасуында отбасылық тәрбие басты рөл атқарады. Отбасылық тәрбие кең ауқымды диапазонға ие. Оның негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, мәселе оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпақтарға жеткізу, бойына сіңіру, яғни дүниеге келулеріне себеп болған балаларын, өздерін қоршаған ортаға және адамзатқа, өз қоғамына пайдалы мүше етіп жеткізу. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

І. КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден жастар тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасындағы және жоғарғы оқу қабырғасындағы жастарымыздың білімі мен тәрбиесіндегі халықтық педагогиканы қолдануда жастардың дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ қазіргі жастар тәрбиесіндегі халықтың әдет – ғұрпын, салт – санасын қалыптастыру әдістемесін жасау.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер Шеберлігін мал бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Философия | Киниктер терминінің шығу тегі

«Киниктер» философиялық термині ежелгі грек тілінің «кюникос» - «иттік» деген сөзінен шыққан. Осыдан «иттік философия» және «иттік мектеп» ұғымдары пайда болды. Бұл термин кинизмнің негізін қалаушысы Антисфеннің толыққанды афиндық болмауына (әкесі – афиндық, анасы – фракияндық, толыққұқылы афин азаматы болу үшін әкең де, шешең де афиндықтар болуы тиіс еді) және Афины қаласының сырт жағында Геракл ғибадатханасының жанында орналасқан өзі сияқты әлеуметтік қысым көрген балаларға арналған гимнасияда білім алуына, одан кейін сол гимнасияда ұстаздық етуіне байланысты шыққан еді. Бұл гимнасия Киносарг деп аталды, қазақ тіліне «Қырағы ит» немесе «Ақ ит» деп аударылады. Бұл мектептің оқушыларын олардан сәттірек оқушылар иттер деп мазақтауы да мүмкін.Антисфен болса, бұл кемсітетін лақап атты мақтаныш ретінде қабылдады.
«Киник» терминінің шығу тегінің басқа түсіндірмесі киниктердің философиялық болмысынан бастау алады. Киниктер өз қажеттіліктерін шектегендігі соншалық, олар иттер сияқты тіршілік етті. Эллинизм дәуірінде және кейінірек киниктердің экстравагантты жүріс-тұрысы олардың дүниетанымынан шыққан және философияда ең басты тіршілік етудің формасы болғандығы сонша, оны жай ғана өмір салты ретінде қабылдап, кинизмде философияны көруге бас тартқан адамдарды естен тандыруды жалғастырды. Шынында да, киниктер ауызша жоққа шығарушылықтан гөрі практикалық дәлел күштірек деп ойлады. Яғни, «барлығын да іспен дәлелдеу керек» (Кинизмнің антологиясы. М., 1984. 164 б. Осыдан кейін – Анткин. 164 б).
Антисфен б.з.д. 444 жылы Афины қаласында туып, б.з.д. 368 жылы дүниеден өтті. Ол риторикалық білімін өзінің ең алғашқы ұстазы Горгийден алды. Содан кейін Сократтың шәкірті болды. Ежелгі деректерге қарағанда, Антисфен Сократты тыңдау үшін күн сайын Пиреядан Афиныға баратын (олардың арасы 8км). Ксенофонттың айтуы бойынша, Сократтың тірі кезінде Антисфен әрқашан оның қасында болатын.
Антисфен - өскелең жазушы. Кейін скептик Тимон кинизмнің негізін қалаушысын мазақтап, көптеген шығармалары үшін «мылжың» ( ДЛ. VI, 1) деп атайды. Лаэрттық Диоген Антисфен еңбектерінің үлкен тізімін келтіреді. Бұл тізімде алпыстан астам шығарманың аты бар. Солардың ішінде «Табиғат туралы» еңбегімен қатар филологиялық-риторикалық, гносеологиялық-логикалық және саяси-этикалық тақырыптарына жазылған шығармалар басым. Антисфеннің еңбектері біздің күнімізге дейін жетпеген. Олардың аттары ғана сақталды. Олар – жоғарыда аталған «Табиғат туралы» және де «Ақиқат», «Заң туралы», «Тәрбие туралы», «Еркіндік пен құлдық туралы», «Музыка туралы», «Өмір мен өлім туралы», «Игілік туралы», «Буын туралы», «Үстеу туралы» және т.б.
Антисфен өзінің жалпы және жеке туралы ілімін сократтық ілімінен өрбіткен. Яғни, шынайы білім деп тек ұғымдармен ғана сипатталатын білімді атауға болады. Осы бағытпен келе жатып Антисфен философия тарихында алғашқы болып түсінікке анықтама беруге талпынды. Бұл анықтама бойынша ұғым заттың не екендігін немесе қандай түрде болатындығын ашып көрсетеді ( ДЛ. VI, 1). Аристотельдің айтуы бойынша Антисфен қандай да бір заттың анықтауының мүмкіндігін және жекенің жалпыға жақындауын жоққа шығарды. Сонымен қатар, кинизмнің негізін қалаушысы заттың қандай да бір қасиет пен белгіні анықтау мүмкіндігін де теріске шығарды. Оның ойынша, әрбір пайымдау субъектісі туралы ол деп, оның не екендігін ғана айтуға болады. Мысалы, «Сократ – ол Сократ», бірақ «Сократ – философ» деп пайымдауға болмайды. Антисфен ілімінің бұл жағы туралы Аристотельден белгілі болды. Антисфеннің пайымдауынша, «бір нәрсе туралы бір ғана ой, яғни оның атауын ғана айтуға болады(логос)» (Метаф. V, 29) Осыған орай Аристотель Антисфеннің «өте акңқау» болғандығын айтады.
Антисфеннің «Сократ – ол Сократ» сияқты тавтологиялық пікірлері киниктердің қарама-қарсылық философияның түсінігімен байланысты. Бірақ, біз ненің неден шығатынын білмейміз: қарама-қарсылық ілімі пайымдау ілімінен , әлде керісінше, пайымдау ілімі қарама-қарсылық ілімінен шыққан. Аристотель бойынша біріншісі дұрыс: Антисфеннің пікірінше заттардың тек атаулары мүмкін дегенді айта келе, ол «осыдан ешқандай қарма-қарсылықтың жоқ екендігі байқалады» деп қосады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Циклді емес қозғалыстағы спорт түрлеріне физиологиялық сипаттама

Тақырыптың өзектілігі. Адамның дене белсенділігінің маңыздылығы оның денесінің жетілуіне, денсаулығының жақсаруына, дамуына бағытталған, үйлесімді қызметінің жүйесін құрайды. Оның ең негізгі компаненті болып мақсатқа сай бағытталған қозғалыстарының негізі ретінде дене жаттығуларымен шұғылдануы болып табылады.
Қозғалыс ағзаның функционалдық және морфологиялық қамтамасыз етілуінің, сонымен қатар физиологиялық механизмін басқаратын негіз екенін ұмытпаған жөн.
Дене жаттығуларын орындау мақсаты - кез-келген дене сапаларын, қабілеттіліктерді дамытуға негізделген. Сонымен қоса ол адамның қозғалыс қабілетінің, денсаулығының жақсаруына, қозғалыс дағдыларын дұрыс орындауына, еңбек сүйгіштікке үйретуге және т.б. ең басты жеке және жалпы өнегелі сапаларын жетілдіруге бағытталған.
Кез-келген тіршілік иесі сияқты адам да қозғалысқа деген туа бітті қажеттілік бар. Қозғалыс белсенділігінің арқасында адамның жалпы көңіл-күйі, еңбекке деген қабілеті артады, онда өмірдің кез-келген қиындықтары мен ауру сырқауды оңай жеңу мүмкіндігі пайда болады. Адамның дене белсенділігі қаншалықты қарқынды болған сайын, оның денсаулығы соншалықты жақсара түседі. Адамның дене белсенділігі кардио-респераторлы жүйені нығайтып, жүрек қантамырлары мен тыныс алу мүшелерінің бейімделу мүмкіндігін жоғарлатады, ағзаның дене жүктемесіне қарсы тұруын қамтамасыз етеді, қан айналымы жақсарып, қоректік заттардың аэробты, анаэробты тотығуы жылдамдайды, зат алмасу процесі жақсарады. Сонымен бірге вегетативті жүйке жүйесінің тонусы көтеріледі, эндокринді жүйенің қызметтері жақсарады, гормондардың бөлінуі қалыпқа түседі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Қазақтың ежелгі наным сенімдері

КІРІСПЕ
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары бөлініп, жеке жетіле бастады; көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнықты; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты түжырымға келеді.
Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар „прамонотеизм” және адамзат тарихындағы „дінге дейінгі кезең” теориялары. „Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға сенген, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді.
Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің „Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас.
Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – ежелгі діндердің тарихи болмысындағы нанымдар және көптәңірлі (политеистік) діндер.
Политеизм дегеніміз бірден көп тәңірлерге сенім. Көптіңірлі діндерде тәңірлердің саны көбінесе бірнеше жүз тәңірмен шектеледі. Алайда, дәстүрлі үнді дінінде жүз миллиондаған тәңірдің болуы әбден мүмкін. Рухани ғылымдар бойынша дүние жүзінде Иудаизм, Христиандық және Исламнан басқа діндердің барлығы да политеистік болып есептеледі. Аталмыш үш дін монотеистік (біртәңірлі) діндер бобына жатады. Көптәңірлі сенімдердің атынан да көрініп тұрғандай тәңір ұғымдары да әр түрлі. Мысалы, үнді дінінде көптеген тәңірлерге қоса олардың бәрінен де жоғары, бәрін жаратушы бас тәңір туралы түсінік бар. Олар сонымен қатар әрбір тәңірді осы бас тәңірдің бір қыры деп ойлайды. Көптәңірлі буддизмде болса тәңірлер құтқарушы Буддамен салыстырғанда онша маңызды емес болып көрінеді. Қадими (ежелгі) гректердің көптіңірлілігі Зевстің ең мықта тәңір деп таниды. Гректердің тәңірлері жақсылықтарынан гөрі ақыл – еске симайтын жамандықтармен ерекшеленеді, олар ашулы, қаһарлы, кекшіл, шамкөс, ызақор тәңірлер. Көптәңірлі діндерде тәңірлерге мол мөлшердегі тәңірсымақтар, тәңіршіктер, аруақтар, перілер, жауыз рухтар туралы сенімдер қоса наным – сенімдермен күрделі байланыстарға кіретіні де белгілі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Философия | Қазақ және ұйғыр халық ертегілеріндегі мифтік бейнелері

XX ғасырдың соңғы он жылдығында құлаш жая бастаған тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі «адам – тіл – мәдениет» үштігі негізіндегі гуманитарлық зерттеулердің пән аралық салалардың дамуын күшейтті. Олардың құрамына этнолингвистика және әлеуметтік лингвистика, лингвомәдениеттану және лингвоелтану ғылымдары кіреді.
Антропологиялық тіл білімінің түрлі бағыттары өз бастауын В. Фон Гумбольдттің, «тіл – халық рухының, оның танымы мен менталитетінің көрінісі» концепцияларынан бастау алатыны белгілі. Л.Вайсгербер тілді шындық әлем мен адамның және оның санасының арасындағы «аралық әлем» деп есептейді. Жалпы тіл білімінің маманы, ғалым Э.Бенвенист сөзімен айтсақ «Мы мыслим: мир таким, каким нам оформил его сначала наш язык. Различия в философии и духовной жизни стоят в неосознаевамой зависимости от классификации, которую осуществляет язык»[ 1.36б].
Тіл – мәдениеттің құрамдас бөлігі, оны меңгерудің негізгі құралы, ұлттық менталитеттің ерекше белгілерін сақтаушы. Солай бола тұрса да, мәдениет тілде көрініс табады, сонда өмір сүреді. Бұдан тіл мен мәдениеттің арасына теңдік белгісін қоюға болады деген ой тумаса керек.
«Мәдениеттану» терминін 1909 жылы алғаш ғылымға енгізген неміс филосифы және химигі В.Оствальт болатын. 1939 жылы Лесли А.Уайт өзінің антропологиялық зерттеулерінде аталмыш терминді ұсынады.
Белгілі ғалым Э. Бенвенистің «тіл, мәдениет және жеке адам үштігі (триада) негізінен басқа бір лингвистика тууы мүмкін»,– деген ұшқыр ойы XX ғасырдың соңында қалыптаса бастаған жеке дербес лингвистикалық мәдениеттану пәнінің пайда болуының болжамы сияқты. «Лингвокультурология» – «лингво мәдениетттану» термини соңғы үш-төрт жыл көлемінде фразеологиялық мектептің өкілдері В.В.Воробьев пен В.Н.Телияның негізгі ой желісі барысында туды.
Лингвистикалық мәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болған, халықтық мәдениеттің тілге әсер етуін зерттейтін ғылым. Тіл мен мәдениеттің өзара жиі әсері және өзара байланысын қарастыратын ғылым саласы жоғарыда көрсетілген анықтамамен берілгенмен, аталған мәселе бүгінгі күннің жаңа бағыты емес. Этностың тілі мен мәдениетінің ерекшеліктері соңғы кезде жаңаша көзқараспен, бұған дейін ғалымдар бұл мәселені психология, әлеуметтік лингвистика, этнопедагогика, этнолингвистика, т.б. пәндердің негізінде зерттеп келді.
Тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесін алғаш зерттеген ғалымдар Я.Гримм, Р.Раск, А.А.Потебня, т.б. болды. Бұл проблеманың қайнар көзі В.фон Гумбольдттің ғылыми еңбектері. Оларда ғалым мынандай ғылыми ой тұжырым жасайды:
1. материалдық және рухани мәдениет тілге әсер етеді;
2. кез келген мәдениет ұлттық нышанға ие, бұндай сипат тілдік жүйеде айқын көрінеді;
3. тіл–адам және қоршаған ортаны жалғастырушы буын;
4.халықтық рух» пен мәдениеттің белгісі – ішкі форма тілге тән.
Белгілі ғалым А.Потебня тіл халықтың мәдениеттің қайнар көзі екендігін дәлелдеп, халық ауыз әдебиетіндегі аңыз – әңгімелердің ерекшеліктерін анықтады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл - адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ» (Ахмет Байтұрсынов). Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдің жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді: «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы сар далада көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады»....
Курстық жұмыстар
Толық

Дінтану | Қазақтың ежелгі наным сенімдері

Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі

1 ТҮС КӨРУДІҢ ПРОЗАДАҒЫ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ
1.1. Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы
“Бәрі де майдан” повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі Алма кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың аузыменбаяндалады. Түс көру, көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында көрінеді.
“Құлыным-ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп, Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің жасын шылауышымен сүртті”.
Күркіреме бұлағы – ауылдағы ер-азаматтардымайданға аттандырғанда шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күрткіреме бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де осы. “Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді.” Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен – Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық болса жақсыға жорылады. Ал, тұңғиық, не лай болса жақсы емес. Азырақ қам болса керек дер”. Повесте бұл көрінген түс былайша жорылады: “Апам түс көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығыптасып жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, есен-аман келеді деп отыр”. Тасып жатқан өзен аласапыран оқиғаның, арпалыстың белгісі. Осы өзеннен аман-есен өту - өмір сүрудің нышаны. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі су деген мағынамен байланысты екенін С.Қасқабасов талдап көрсетеді. Бірі – көктегі, екіншісі – жердегі су. Бірі - өлім әлемі, екіншісі - өлім әлемі. Түсте өзеннің немесе теңіздің суына қарық болу, яғни суға кету – жамандықтың, қасіреттің нышаны. Халық нанымындағы бұл жору да оқиға барысынан көрініс береді. Анасының түсінде тасыған Бұқтырмадан өте шыққан Аққан соғыстан аман-есен оралады.
Ақанның түсі:
“Түнде кезегім бітіп, шаршапкеліп, ұйықтап кеттім. Түсіме алғаш рет Ақтайлақ пен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, өткел бермей, шанағынан асып-тасыған Бұқтырмадан өтіп барады. Осы кезде асау толқын айдаһардай ысқырып, екеуін бірдей бүктеп апарып, жалмап жұтып қояды. Жар жағасында қалған мен айғайлап сондарынан жүгіремін, дауыстап шақырамын. Жым-жырт. Бұл түс арқылы еңбек армиясында жүрген Ақан майдандағы ағасы Ақтайлақ пен інісі Бағдаттың оралмайтынын біледі.
“Екеуінен де мәңгілікке айрылғанымды жүрегім сезіп еді.
Бұқтырмадан аман-есен өткен Ақан ауылға оралады, ал сол Бұқтырманың толқыны жұтып қойған Ақтайлақ пен Бағдат майданда қаза болады. О.Бөкеев кейіпкерлерінің түсінде Бұқтырма - өмір мен өлім межесі. Және ол түске тасыған қалпымен енеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Асқар Тоқмағамбетов шығармаларының ерекшелігі

Асқардың жырлаған тақырыбы, жанрлық ерекшеліктері, көркемдік стилі жағынан әр алуан. Оның бер жағында Асқар творчествосы, оның өзіндік ерекшеліктері, көркемдігі мен идеясы жайлы жазылған зерттеу сын мақалалары аз емес. Ақын туралы сын мақалаларға көз жіберер болсақ, оның әр кезде жазған жеке-жеке шығармаларындағы сәтті, сәтсіз жайлар кезінде көрсетілді, жазылды. С.Мұқановтың, Ә.Тәжібаевтың әдебиеттің дамуына байланысты Асқар творчествосы жөнінде айтқан пікірлері мен сындарынан басқа, оның поэзиясына айрықша тоқталып, талдау жасап, түйінді пікірлер айтқан талантты жазушы С.Ерубаев болды. Ақын шығармалары туралы І.Жансүгіров, Қ.Бекқожин, Т.Нұртазин, Е.Исмайылов, С.Төлешев, Ә.Тәжібаев, Т.Әлімқұлов, С.Қирабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Р.Бердібаев және М.Бәйділдаев тағы басқа да ақын-жазушылар ақын Асқар творчествосына пікір айтудан шет қалған жоқ.
Асқар творчествосы туралы ең алғаш жазылған сындардың ішіндегі көлемді де мазмұндысы С.Ерубаевтың сыны болғандықтан, соның төңірегінде сөз қозғасақ, С.Ерубаев ақын поэзиясының күделікті өмір тынысымен тығыз байланысып жататынын жоғары бағалады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Ақыл ой тәрбиесі

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.

Зерттеудің міндеттері:
- Оқушыларды тәрбиелеуде ақыл-ойын дамыту;
- Қазіргі жастардың тәрбиесінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
- Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау.

Зерттеудің теориялық мәні: Мектептерде білім білік дағдылары, тестілеу тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда балалардың білім, білік жағдысы артады. Осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар халықтық педагогиканы оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.
Зерттеудің практикалық мәні: Осы жұмыста ұсынылып отырған балалардың білім, білік дағдысын қалыптастыру әдістемесі орта мектептерде мұғалімдерге көмекші құрал бола алады.
Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды...
Курстық жұмыстар
Толық

Журналистика | ХХ ғасыр басындағы ұлттық әйелдер баспасөзінің тарихы

Тақырыптың өзектілігі. Замана доңғалағы зыр айналып келеді. Уақыт талабы, заман сұранысы деп адамдар қолдан жасап алған өзіндік ережелер мен біржақты ұстанымдар қоғамда оңды-терісті өзгерістер орнатуда. Қалай десек те қоғам даму үстінде.
Қазақстанға Тәуелсіздік сыйлаған өткен ғасыр соңы мен еліміздің кемел келешегінен үміт күттіретін үстіміздегі ғасыр әлділердің құралына айналып отырған жаһандану, ғаламдасу сынды үрдіспен ерекшеленіп отыр. Жер шарын мекендейтін адамзат ұрпағына ортақ құндылықтар мен ортақ қызығушылықтарды меңзейтін үрдіс өзіндік оң және теріс жақтарын көрсетіп бағуда. Осы орайда ел ағаларының «Жаһандану – бірлесіп өмір сүру, қиындықтарды әлем адамдарымен бірлесе отырып жеңу» деп оның ұтымды тұстарын сөз етсе, екінші бір ағалардың «Ғаламдасу – сан ғасырғы құндылықтар мен мұралардан бас тарту, өзге, яғни бізге мүлде жат мұраларды мойындау, соған сену» деп дабыл қағып отырғаны белгілі. Әзірге, бір пікірдің толықтай мақұлданып немесе толығымен жоққа шығарылғаны жоқ. Ақиқаттың сайыс барысында пайда болатынын ескеріп, біз де ештемені кесіп айта алмаймыз. Дегенмен, тарих беттері ғаламдық үрдістің ұлттар үшін қауіпті екенін көрсетеді ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Сүлеймен Баязитов | Жарылыс

Алғыс сөз

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Сүлеймен Баязитовтің аталмыш кітабына «Жарылыс» атты романы еніп отыр.

Роман оқиғасы Павлодар, Баян өңірінде, тіпті тұтастай қазақ даласында кеңестік кезеңдегі байларды кәмпескелеу, аштық ұйымдастыру, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, Семей ядролық полигонындағы алғашқы атом сынағы, тың игеру, бір сөзбен, қазақ халқының басынан кешкен ауыр да азапты жылдар роман кейіпкерлері Әділ, Ғайша, Айтқожа, Валя, Әнуар, Адольф, т.б. тағдыры арқылы сөз болады.

Автор боямасыз өмір шындығын шама-шарқынша әділ бейнелеуде. Атомсыз әлемге жол ашқан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 - жылдың 29 - тамызындағы «Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы туралы» № 408 - Жарлығы романның толғақты түйіні ретінде ұсынылуы автордың сәтті шешімі екені деп білеміз. .....
Әңгімелер
Толық

Эдгар По | Морг көшесіндегі кісі өлімі

Сирендер шырқаған неткен ән немесе әйелдер арасында жасырын жүргенде Ахиллдың есімін қалай атады екен? — қаншама шым-шытырық сауалға толы болса да — болжам жасауға болады.

Сэр Томас Браун. Құтыға жерлеу.

Біздің ақылымыздың айырып, ажырата білу қабілетіміз талдау жасауға келгенде тым шорқақ, Біз оны тек нәтижесіне қарай бағалаймыз. Басқа да қасиеттермен бірге адам, әсіресе дарынды адам үшін талдай білу айрықша ләззат қайнары болып табылатынын біз жақсы білеміз. .....
Әңгімелер
Толық

Шыңғыс Айтматов | Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет


Охот жағалауын тұтас тұтып жатқан тастан қараңғы суық түнде құрлық пен сулықтың ұзына бойына жайлаған екі зұлмат дүниенің дамылсыз мәңгі-бақи шайқасы толастамаған. Теңіз көшкінін құрлық кескестейді, ал су сұрапылы құрлыққа шабуылдаудан бір тынбайды-ақ. Теңіз түн-түнекте жартастарға арсылдай соғып, абалай алқынады. Теңіздің соққыларына тойтарыс берген сайын қалжырап, қара тастай қатты жер уһілейді.

Күндіз - күндіз болып, түн - түн болып дүние-әлем жаралғалы бері, мәңгі-бақи күндіз де, түнде де бұл ғаламат шайқас таусылмас. Күндіз де, түнде де...

Тағы бір түн ұйыған шақ. Теңізге аттанар қарсаңдағы түн. Бұл түні ол ұйықтаған жоқ. Ғұмырында тұңғыш рет ұйықтамады, ғұмырында тұңғыш рет ұйқысы қашты. Тезірек таң атып, тезірек теңізге тартар мезгілді аңсады. Нерпа терісінің үстінде ол сонда теңіз соққысынан жердің болар-болмас діріл қаққанын, қойнауда толқындардың арсылдап, сілесі қата тынымсыз жұлқынғанын сезіп жатты. Түн сырына құлақ түрген бала осылайша ұйқы көрмеді... .....
Әңгімелер
Толық

Агата Кристи | Он қара домалақ

1

Шылым шегетіндерге арналған бірінші дәрежелі вагонның бір бұрышына жайғасқан сот Уоргрейв — ол жақында ғана жұмыстан біржола босап шыққан — сигарын түтіндетіп, "Таймстағы" саясат бөлімін шолып отырған. Ұзамай газетті былай ысырып қойып, терезеден сыртқа көз жіберді. Пойыз Сомерсеттен өтіп бара жатыр еді. Сот ойша шамалап көрді — әлі екі сағаттай жүруі керек екен.

Негр аралы жайында газеттерде жазылғанның бәрін сот қайта-қайта ой елегінен өткізумен келеді. Әуелі оны яхта десе ішкен асын жерге қоятын американ миллионері сатып алыпты, Девон жағалауына жақын жерде орналасқан осынау шағын аралда қазіргі заман үлгісіндегі керемет көркем үй тұрғызыпты. Алайда, өкінішке қарай, миллионердің үшінші әйеліне, таяуда ғана тапқан тотықұсына теңіздегі шайқалыс жақпайды екен, осы жағдай миллионерді үймен де, аралмен де қош айтысуға мәжбүр етіпті.

Сөйтіп, арал сатылатын болды, оның әсемдігін айтып тауыса алмайтын сипаттамасы бар құлақтандырулар газеттерде жиі-жиі жарық көре бастады. Одан соң аралға мистер Оним дейтін біреудің ие болғаны жөніндегі хабар жарияланды. Сол сол-ақ екен, зайырлы қауым өміріндегі жаңалықтарды жиып теретіндердің қиялы шартарапты шарлап кетті. Шын мәнінде Негр аралын голливудтық киножұлдыз мисс Габриелла Терл сатып алыпты!.. Сол жерде - репортерлер мен жарнама ырың-жырыңынан жырақта - бірнеше ай тыныш тұрғысы келетін көрінеді!.. "Бизи Би" бұл арал король отбасының жазғы резиденциясына айналатыны жайында сыпайы түрде тұспалдап жеткізді. Мистер Мерриуэдерге аралдың жас лорд Л. меншігіне көшкені - ақыры оның да Купидон құрбандығына айналып, аралда бал айын өткізуге ниет еткені турасында сыбыс жетті. "Джонас" аралды әлденендей бір айрықша құпия сынақтар өткізу мақсатында Әскери-теңіз күштерінің басқармасы сатып алғанына зәредей күмән келтірмеді. .....
Әңгімелер
Толық

Александр Пушкин | Капитан қызы

Арыңды жастан сақта
Мақал

ГВАРДИЯ СЕРЖАНТЫ

Болар еді күні ертең гвардия капитаны.
«Ол қажетсіз; армияда істесін.
Жөн айтылған сөз осы.
Қиналып көрсін түскесін».
Әкесі кім еді өзінің?
Княжнин


Менің әкем, Андрей Петрович Гринев, жасында граф Минихтың қарауында әскери қызмет істеп, 17... жылы премьер-майор боп отставкаға шыққан. Содан соң Симбирдегі өзінің туған деревнясына қайтып, сондағы бір кедейленген дворянның Авдотья Васильевна Ю. деген қызына үйленіпті. Біз тоғыз ағайынды екенбіз. Менен басқалары түгел жастай өліпті. Жақын туысымыз гвардия майоры, князь Б-ның жәрдемімен мен Семенов полкының сержанты болып жазылдым. Бірақ, оқуым біткенше мен демалыста жүрген боп саналдым. Момын мінезді, үй қызметкері Савельичтің күтуіне тапсырылдым, ол менің тәрбиешім болды. Соның қарауында жүріп, он екі жасымда орысша хат таныдым. Аңшыл иттердің қасиеттерін шешен сөйлейтін, әңгімешіл де боп алдым. Осы кезде әкем маған арнап, Москвадан Мосье Бопре деген французды тәрбиешілікке алдырып жалдады; оның өзіне бір жылға жетерлік шарап пен прован майын да қоса алдырды. Француздың келуін Савельич қатты ұнатпады.

— Аллаға шүкір, баланың бет-аузы таза, шашы мезгілімен таралып, таматын да мезгілімен ішуші еді; ақшасын қояр жер таппағандай мусьені жалдағаны несі, өз адамдары жетпеді ме екен.. - деп қоңқылдайды Савельич.

Бопре өз жұртында шаштараз екен, кейін Пруссияда солдат бопты; pous cfrc out.

.....
Әңгімелер
Толық

Александр Пушкин | Дубровский

Мұнан бірнеше жылдар бұрын өзінің ата-қоныс мекендерінің бірінде Кирила Петрович Троекуров дейтін орыстың ежелгі шонжары тұрып жатты. Байлығы, білікті ата-тегі және күшті байланыстары оны губерниядағы құдіреті зор адам етті. Көрші-қолаңдары қабағын шыттырмай, бабын тапқанына мәз болса, губерния чиновниктері атын естігенде-ақ қалтырап тұрды. Кирила Петровичтің өзі болса, бұл бас июшілікті жұрттың парызды міндеті есебінде қабыл алды. Үйі әменде қонақтарға лық толы болатын, бұлар оның көңілін аулап, у-шуы мол кейде тіпті шектен шыққан дарқан думандарын да бірге атқарысып жүрді. Оның шақырғанынан бас тартар, болмаса мерзімді күндерде Покровское селосына тағзыммен келіп, бас имейтін ешкім болмады. Ал үй тұрмысында Кирила Петрович білімсіз адамда болатын ожарлықтың бәрін де көрсете жүретін. Қоршаған қауымы өзін жаман үйретіп, еш нәрседен қағажу көрмей өскен бұл жампоз ұшқалақ мінезі мен шолақ ақылына не келсе, соны істей берді. Ересен күшті адам бола тұрса да, ол жұмасына екі рет күпті болып мешкейліктің сазайын тартатын, бірақ сонда да күн сайын ішіп көңілді жүретін. Үйінің флигельдерінің бірінде әйел жынысына тән ою ойып, кесте тігіп отыратын он алты даяшы қызы бар-ды. Қыздар тұрған флигельдің терезелерін ағаш тормен қоршап, есіктеріне құлып салып қояды, ал құлыптың кілттері Кирила Петровичтің өзінде болады. Қапастағы жас қыздарды мерзімді сағатында баққа шығарып, бой жаздырып екі кемпір бақылап жүреді. Кирила Петрович ара-тұра қыздардың кейбіреуін күйеуге береді, олардың орнына жаңадан басқа қыздар әкеп қояды. Шаруалар мен үй қызметшілерін ол, ақырып-жекіріп өте қатал ұстайтын. Солай болса да олар баринге жан-тәнімен берілген жандар еді; мырзаларының байлығы мен атағына мардамсып, күштілігіне арқа сүйеп, олар да былайғы көршілеріне озбырлық жасай жүретін......
Әңгімелер
Толық

Оноре де Бальзак | Жергілікті дәрігер

I таpay

ӨЛКЕ МЕН АДАМ

1829 жылдың жазғытұрғы бір жайдары күнінде жасы елулер шамасындағы кісі Гранд-Шартрезге таяу орналасқан үлкен елді мекенге қарай бет алып, өрлеу жолмен салт келе жатты. Бұл мекен — табаны тастақ, арнасы көбінесе құрғап қалатын шағын тау өзенінің аңғарында ұзыннан созылып жатқан, халқы тығыз кантонның орталығы. Қазірде қар суымен толысқан өзен аңғарды бойлай бұрқ-сарқ ағып жатыр, арнасы екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы ентелеп келіп беттескен қос қыраттың ортасында қысылып қалған, үстеріне жан-жақтан анталап, Савойя мен Дофиненің шыңдары төніп тұр. Екі Морьенаның тізбек-тізбек жоталары, жалпы нобайлары бір-біріне ұқсас болғандарымен, жанағы бейтаныс кісі өтіп бара жатқан өңірдегідей жердің ала-құлалығын, дәл сол тұстағыдай күн сәулесі мен көлегей көлеңкенің құбылған ойнақылығын басқа ешқайдан табуға болмас еді. Біресе аңғар алқабы далия шалқайып кетеді де, жылдың қай мезгілінде де тау бұлақтарынан сусындаған құнарлы жердің нәрлі өсімдігі жап-жасыл кілемдей болып көздің жауын алып жатады; біресе алдыңнан су күшімен жүретін тақтай зауыттары көлденеңдеп шыға келеді де, оның әр жерде жайылып жатқан жұпыны құрылыстары, қабығы аршылған шырша бөренелерінің қоймалары жалт етіп көзге шалынады; жаңағы буырқана сарқыраған өзеннен бұрып әкеліп, ауқымды тақтай науалар арқылы ағызып қойған су шыжымдары және көрінеді. Әр жерде шашыраған лашық үйлер мәуелі жеміс бақтарына көміліп, еңбекқор кедейшілік жайындағы ойға итермелейді. Ал одан әрегіректе балықтың қабыршақтары секілді бір-біріне қабаттаса жабысқан дөңгелек қышпен жабылған қызыл төбелі шағын үйлер ұзақ жылдар бойғы еңбектің берекелі нәтижесін айғақтап тұрғандай.

.....
Әңгімелер
Толық

Жұмағали Саин | Біздің заманның геройы


(Аударма. М. Ю. Лермонтовтан)

Барлық кітаптарда алғысөз әрі бірінші, әрі ең соңғы нәрсе; ол не кітаптың жазылу мақсатын түсіндіреді де, не дәлелдер айтып сынға жауап береді. Әдетте оқушылардың рухани жағында да, журналдардың сөккенінде де жұмыстары болмайды, сондықтан олар алғысөзді оқымайды да. Әсіресе бізде мұның былай болуы өте күйінішті. Біздің халқымыз сондай жас, сондай ақкөңіл ғой, мысалдың аяғынан ақыл айтқан сәуегейлікті таппаса оны ұға алмайды. Олар қалжыңды түсінбейді, мысқылды сезбейді; олар асылында қисық тәрбиеленген. Олар осы күнгі білімпаздық бұрынғыдан гөрі өткір және көзге түсе қоймайтын, мақтау пердесін жамылып отырып, қарсыласуға мұршасын келтірмей тура соғатын құрал тапқанын, сондықтан тәуір орта мен тәуір кітапта балағатқа орын болмайтынын әлі білмейді. Біздің халық біріне-бірі қарсы екі орданың төңірегіне жататын екі дипломаттың әңгімесін естігеннен кейін, е, бұлар өздерінің сыпайы достығы үшін әрқайсысы өз үкіметін алдап жүр екен ғой деген қорытындыға келетін провинциалдарға ұқсайды.

Бұл кітап жуық арада бірқатар оқушылардың, тіпті, журналдардың сөздің тікелей мағынасына сену зардабын тартты. Біздің заманның геройы тәрізді адамгершіліктен жұрдай біреуді бізге үлгі етіп тартты деп біреулер өте қатты намыстанды, ал, енді біреулер шығарушы өз портретін және өзінің таныстарының портретін суреттеген екен десті... Тым ескі, бишаралық қалжың! Шамасы, өзіндегінің бәрі жаңарып жатқанда осы бір сандырақтары жаңармайтын болған-ау, русь тегінде солайша дүниеге келген ғой. Сиқырлы әңгімелердің ішіндегі ең барып тұрған сиқырлысының өзі де бізде біреуді балағаттау үшін жазылыпты деген даудан аулақ бола қояр ма екен! .....
Әңгімелер
Толық

Асқар Алтай | Казино


І

Құдайсыз қоғамға, имансыз адамға бәрі рұқсат... ештеңе жат емес екен. Ал мұндай мұндар дүниеде өртті жүрек, дертті сана ақылға қонақ бермей, асау сезімге ғана бой алдырмақ.

Жошы “Пирамида” казиносына кіргенде алдынан еліктей елеңдеп Есілай мен құмархана иесі лақса кәрі, бірақ қытайдың өмір ұзартар “адам шөбін” үзбей қолданудың арқасында ширақ қимылдайтын, жұдырықтай ғана бұхарлық жебірей шалы жымиып қарсы алды. Төс қағысқан амандықтан соң Жошы сұңғақ та сұлу Есілайдың бетіне ернін тақап, ыстық демі балғын жүзін шарпып, аман-саулықтың мезіретін істеді. Есілай “майлы клиенттің” шынтағынан еппен ғана іліп алып, қудың қауырсынындай қалқып, “орыс рулеткасы” — орыс бәсі дейтін аты шулы үстелге әкелді. Үстел басында бұл бұрын кездестіре қоймаған ығай мен сығай қыз-жігіттер отыр екен. Бұлар әйгілі “алтын жастар” ғой.

Көң құны көтеріліп кетіпті...

Көңілі көшеден нілдей бұзылып келген Жошының жыны құрыстады да қалды. Аптаның жұмасында ғана ойнайтын, басқа күндері бас сұқса — Есілай үшін ғана... Жұмада таныстары да жолығып қалатын. Бүгін тіпті жым-жылас. Зауқы соқпаса да көңге қомақты бәйге тікті. Ойынды бірақ ұзаққа созғысы келмеді, бір айналымнан қайырып, қызыл шараптан екі тартып, Есілайды қолтықтап жоғарыға өрледі.

Екеуі де қолтықтасқан күйі темір бағанға қысыр жыландай оралған бұрама сатының шыны табанын басқан. Бұл бір ұшар басын үшкілдей қосып, үшбұрыштана біткен төрт қабырғасын қос қабат көк әйнекпен жапқан, Мысыр пирамидасы үлгісімен көтерілген көшірме ғимарат еді. Ішіндегі мүлік-мүкәммалына дейін әйнектен жасалған-ды. .....
Әңгімелер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Менің атым Қожа


БІРІНШІ ТАРАУДА

Оқушы шығарманың бас кейіпкерімен, яғни менімен танысады.

Менің атым... Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Мәселен, Мұрат, Болат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы. Айтуға да ықшам, естір құлаққа да жағымды. Әрі мағына жағынан да, қазақ тілінен сабақ беретін Майқанова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер. Мұндайлар өз атын кәдімгідей мақтаныш көріп, біреумен таныса қалса, мәнерлеп, көтеріңкі дауыспен айтады. Ал енді айтуға да, естуге де қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл, өзіңе де ұнамайды-ақ. Әттең, қолдан келсе, табанда өзгертіп, әдемі аттардың бірін иемденіп алар едің. Бірақ амалың нешік, сен қызыл шақа болып жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Өскембайдың баласына Тыңжыртар деп ат қойған секілді, өзге қызу жұрт сол арада ду қостап: «Осы болсын баланың аты, осы болсын, мұнан жақсы атты дүниені шырқ айналсақ та таппаймыз» дескен. Міне, сол күннен, сол мезеттен бастап, әлгі ат сенімен бірге туғандай маңдайыңа шапталған да қалған. Енді одан көзің тіріде қашып құтыла алмайсың. Ұнатпасаң да, мойныңа іліп жүре бересің.

Өмірде осы тәрізді әділетсіздіктер толып жатыр. Жуырда мен газеттен оқыдым: қытайлардың ат қоюы қызық болады екен. Бала бес-алты жасқа толғанша, оның тәуелді аты болмайды. «Ортаншым», «Кенжем», «Сүйіктім», «Жұпарым» деген секілді шартты атаумен атап жүреді. Ал есі кіріп, бес-алты жасқа толғаннан кейін, бала өзіне қандай есім ұнаса, соны таңдап алады. Міне, әділдік деген. Осы дұрыс емес пе?

.....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Алтын құс

Қозғалмай шалқамнан жатқаныма бір жетіден асып кетті. Көзімді ашып жан-жағыма қараймын. Аурухана бөлмесінің іші мұнтаздай тап-таза. Қабырғасы да, төсек орным да, терезеге ұстаған пердесі де — бәрі де аппақ. Аққудың үлпе жүнінде көзге жұмсақ. Осы айнадай таза ақ бөлменің сүреңіне сән бергісі келгендей ашық терезеден көгере бастаған жас қайыңның бұтақтары қарап тұр. Жасыл жапырақтары желмен ойнап әлсін-әлсін сылдыр қағады. Кенет бабына келтіре салған бұлбұл әні сұлу үнге ділгер жанымды кәнігі етеді...

Мен езу тартып күлімсіреймін. «Тәубе, тәубе! Өмірдегі ең қуанышты сол секундімде осынау шат дүниені қайта көре алмай өліп кетуім мүмкін екен-ау! Қуанышта да ажал бар деп кім ойлаған! Жасың келген соң, жар басында тұрған адам тақылеттес болады екенсің. Аяғыңды сәл мүлт бассаң, шыңырауға зымырай жөнелесің. Мен де сол қауіпке душар бола жаздаппын ғой». Иә, ажал деген қақпаннан бұ жолы да құтылып кеттім. Қақпан қанша тарс жабылғанмен, өткір жүзінің әлі жетпей қалды. Тағы да босатып жіберді. Енді мен көзімді жұмып сәл ойлана қаламын. Сол-ақ екен көз алдымда сол күнгі сурет елестей жөнелді.

Иә, сол күні мен жиырма бес жыл бойы мойныма таққан тұмардай жүрегімнің түбінде арман болып сақталып келген Ақбаянмен кездестім. Электр қоңырауын басып едім, есікті өзі ашты.

— Келдің бе? — деді үлкен бота кезін күлімдете. Сөйтті де, қынай белді сұңғақ денесін ырғалта, оқтаудай жұп-жұмыр, түп-түзу аяқтарын былқ-сылқ басып, қолымнан ұстап мені қонақ бөлмесіне қарай жетектей жөнелді. .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Алыстағы арпалыс

БІРІНШІ ТАРАУ

Өзеннің екіге бөлініп ағатын сағасынан жақында ғана кен зерттеушілер титан элементі кездесетін рутил минералын тапқан. Бұл адам айтқысыз зор байлық болатын. Бірақ кеннің негізгі желісі өзеннің тармақтанып, теңізге барып құятын оң жақ саласының астында болып шықты. Енді тек осы мол қазынаның үстіндегі суды тоқтатып, қабат болып жауып жатқан әк тасынан аршып алып, бай минералға жету ғана қалған еді.

Үкімет титанның адамзаттың келешегіне, бейбітшілік ісіне зор маңызы бар екенін ескере отырып, осы Жарқын қойнауын пайдалануға асығыс түрде кіріскен-ді. Өзеннің оң жақ саласын құрғату үшін бөгет сала бастаған. Осы бөгет қасынан жаңадан рудник ашуды ұйғарған.

Рудниктің салынып жатқан жері — сұрғылт топырақты алан. Солтүстіктен күнбатысқа қарай аттың тағасындай дөңгелене келген, бірімен-бірі жалғаса біткен құлын жалды жоталар. .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Көлеңкеңмен қорғай жүр

ЖЫР БАСЫ



Тың жерлерді игерудің

20 жылдығына

Бұлыңғыр күнде тынбай себелеген ақ жауын. Жер қара, дүние бозғылтым. Балдағын тас еденге тақылдатып Атымтай перронға тағы шықты. Жел тұрып, суық жаңбыр енді бетінен қарсылай шапалақтады. Мойнына сорғалаған жаңбыр суын елемей, ол поезд келетін батыс жаққа тесіле қарады. Келетін мезгілінен кешіккеніне үш сағаттан асып барады. Семафорға дейін ештеңе көрінбеді. Атымтай ақырын күрсінді де вокзалға қайта кірді. Әйелі Бибіғайша поездың жоғын ерінің томсарған қатыңқы реңінен байқады да, теріс бұрылып кетті. Жанында тұрған анасына таңдана, үрке қараған балдырған бөбегі Хасенді көтеріп алып, бауырына қыса, қайта-қайта бетінен, маңдайынан, тамағынан құшырлана сүйе бастады. Еріне қарағанда әйелдің бетінде қаншалық қайғы көрінсе, баласын сүйгенде оның жүзінен соншалық шаттық аңғарылады. Қайғысы, қуанышы аралас ұлан-асыр шаттық! Атымтай әйелінің мұндай түрін көруге шыдай алмай, далаға қайта шығып кетті. Әйелін, баласын осы шулы облыстық қаладан тез-ақ алып кетуге бар, әттең, поезд келмей-ақ қойды.

Рота командирі Атымтай Батыс-Теріскей майданында төрт жыл өмірін өткізді. Жеңіс күнінен бір жеті ғана бұрын аяғынан қатты жарақаттанып, ауруханаға түскен. Содан сентябрь айында ғана жазылып шықты. Кеудесі орден мен медальға толған жаралы ер соғыстан бұрын өзінің кен бұрғышысы болып жұмыс істеген руднигіне бармай, осы облыстық қалаға бірден тартқан. Оған себеп: өзі әскерге кетісімен туған бөбегін алып әйелі осы қалаға көшкен-тін. Атымтайдың бұл сапары — сол әйелі мен баласын іздеп келген беті. .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Маңғыстау майданы

БІРІНШІ БӨЛІМ

І

Әр соғыс майданындай, Маңғыстау мұнай майданының да өзінің маршал, генералдары, полковник, лейтенанттары, солдаттары болды. Ал біздің сөз еткелі тұрған кейіпкерлеріміз — оның маршал, генералдары, полковниктері де емес, қатардағы солдаттары мен ортан қолдай өндіріс командирлері. Әскери тілмен айтсақ, тікелей ұрыс тағдырын шешетін алдыңғы шептің адамдары, өндіріс тетіктері қолдарындағы жұмысшы мамандары.

Қысқасы, бұлар мұнай майданының алдыңғы қатары — жаны, жүрегі.

Әрине, Маңғыстауда ешкім қан төгіп, жау қолынан шаршы метр жер аламын деп жанталасқан емес. Бірақ Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аймағын алып жатқан, солтүстік - шығысында Үстіртке жеткен, ал оңтүстігінде Қарабұғазбен шектескен, мол сулы бір өзені жоқ тек жусан, ақселеу, бұйырғын, ебелек өскен сонау шөлейт, құмайтты, сортаң жапан даланы игеру совет адамына ешбір соғыс майданынан кем тимеген. Ұлы дала өзінің ен байлығын, әрбір шаршы метр жерін орасан қиындықпен берген. Сондықтан да бұл арада бір кезде басталған мұнай тартысын Маңғыстау майданы деп атадық.

Иә, біздің бас кейіпкерлеріміздің көбі осы Маңғыстауда туып-өскен. Ата-бабалары да осы араны көптен бері мекендеп келген. Бұған қандай дәлеліміз бар? Ғалымдар бұл өлкеде түйе бұдан мың жыл бұрын сақ - сармат заманы тұсында да болған дейді. Тіпті біздің дәуірімізден бес ғасыр бұрын, осы арадан көшпенділер бұл қос өркеш жануарды Үндіге де апарған деп жазады. .....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Алтын орда II кітап

БІРІНШІ ТАРАУ

Ордада төртеуінен басқа ешкім жоқ еді. Төрде Батуханның немересі Тоғырылшадан туған Өзбек пен Өзбекпен бес атадан қосылатын Тамғамның баласы Құтлық Темір әмір отырған. Өзбектің оң жағында Орда иесі Алтын Орда ханы Тоқтайдың үлкен ұлы Елбасмыш, ал Құтлық Темірден сәл төмендеу, оның сол жағына бас әмірші Қадақ орналасқан.

Осы Тышқан, яғни 1312 жылы Алтын Орда ханы Тоқтай дүние салған. Сонау Өргеніштен Өзбек пен Құтлық Темір көңіл айта келген. Өзбек ол кезде, қазіргідей толықпаған, сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт еді. Әдемі қоңырқай даусымен оқып отырған жаңа үйренген құранын аяқтай бергенінде ол кенет Құтлық Темірдің оқыс қозғалғанын көзі шалып қалды. Сөйткенінше болған жоқ, сол сәтте-ақ Елбасмыш пен екеуінің қарсы алдына, өткір қылыш алып түскен Қадақтың басы топ етті. Басынан айырылған дене кеңсірігінен қан бұрқырай атып, бір орнында тыпырлады да қалды. Ал Өзбектің қарсы алдына түскен Қадақтың буырыл сақалды басы бір сәт оған бірдеме айтқысы келгендей, көзі шарасынан шыға жасаурап, тілі әлденені былдырлай еріндері сәл ашылып-жабылып жатты да, кенет тына қалды. Сол мезетте Өзбектің өзінің де оң қолы сол жақтағы қынаптағы алдаспанның тұтқасын барып ұстады. Көз ілесердей уақыт өткен жоқ, жүзі ұстарадай қылшылдаған алдаспан жарқ етіп көкке бір көтерілді де, орғи сілтенді. Құран сөзін ұйып тыңдап отырған Елбасмыш Қадақтың басы келіп алдына түскенде шошып кеткен. Есін жиып ол үлгірген де жоқ, енді өз басы анандай жерге ұшып түсті. Бұның да денесі бір орнында тыпырлады да қалды. Өзбек орнынан ұшып түрегеліп, өзіне қарап тасырайып көзін алмай жатқан басынан бөлек қан-қан денесін алдаспанымен тартып-тартып жіберді.

Бассыз денесі тіріліп кетеді деді ме екен, бұнысы несі?.....
Әңгімелер
Толық

Ілияс Есенберлин | Аққу құстар қуанышы

I

Көгілдір аспан аясында жасыл орманға бөленген көгілдір қала жатыр. Қала қай жағынан қарасаң да бірдей көрінген, сан қырлы гауһар тастай жалт-жұлт етеді. Керемет көрікті. Шығыс-күнгейі мен құбыласына дейін тұтаса созылған, аспанмен тілдескен ақ сәлделі таулары қандай айбарлы, сәнді десеңдерші! Кант бастары күн сәулесімен ойнап, көздің жауын алады. Бұл көшелері, көшені қуалай жүгірген арықтары әлі асфальт пен бетонға құндақталмаған соғыстан кейінгі Алматы. Бұнда әлі алты қабат, жеті қабат үйлер жоқ. Жиырма бес қабатты «Қазақстан» мейманханасы тұрғындардың қиялына да кірмеген. Сонда да қала сандықтан алып шыққан жаннат ішіктей құлпырып тұр. Сонау аспанмен тілдескен алып таулардың қойнауларынан, шатқал, арналарынан қуалай, қаланың шығысы мен батысын ала үш өзен ағады. Шығысындағыны - Кіші Алматы өзені, батысындағыларын - Көктем мен Жаман өзен деп атайды. Шығысындағы Кіші Алматы өзені сонау тау қойнауынан сарқырай шаттана күліп, тынбай ағып, қалаға жетеді де, кіре бере екіге бөлінеді. Бір қолы тасты, құмды Кіші Алматы өзенінің арнасымен төмен қарай құлайды да, судың екінші жартысы Бас арықты беттей жүйткиді. Бас арықтан әр көшенің екі жағын ала, тарам-тарам боп, қала бойын қуалай жөнеледі. Көгал көмкерген, әлі бетон кимеген бұл арықтар, нағыз бір тау етегіндегі тас бұлақтар тәрізді көбік атып секіре, сылқ-сылқ күледі. Сулары көз жасындай мөп-мөлдір, ұрттап қалсаң, тісіңді жарардай сұп-суық. Күндіз-түні сыңғырлап жатқан ағысының жылдамдығы ұшқан құсқа пара-пар бір кереметтер.

.....
Әңгімелер
Толық