Педагогика | ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ
Мазмұны
КІРІСПЕ
І. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДА ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
1.1 Халық педагогикасында тәрбие мәселесі............................................
1.2 Жастардың дүниетанымын қалыптастыруда қолданылатын халық
педагогикасы элементтерінің түрлері, ұлттық дәстүрлері
1.3 Педагогика тарихында жастар тәрбиесінің маңызы
ІІ. ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Жастардың дүниетанымын дамытуда халық педагогикасының
элементтерін пайдалану әдістемесі
2. 2 Жастарымызды халық педагогикасының элементтері арқылы
тәрбиелеу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДЫЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І. КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден жастар тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасындағы және жоғарғы оқу қабырғасындағы жастарымыздың білімі мен тәрбиесіндегі халықтық педагогиканы қолдануда жастардың дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ қазіргі жастар тәрбиесіндегі халықтың әдет – ғұрпын, салт – санасын қалыптастыру әдістемесін жасау.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер Шеберлігін мал бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.
Зерттеудің міндеттері:
- Жас балаларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы қолданудың ғылыми - теориялық негіздерін анықтау;
- Қазіргі жастардың тәрбиесінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
- Мектеп жасындағы және жоғарғы оқу орындарында жүрген жастарымыздың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау.
Зерттеудің теориялық мәні: Жастардың білім білік дағдылары, тестілеу тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда жастардың білім, білік жағдысы артады. Осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар халықтық педагогиканы оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.
Міне, баланың жан тәрбиесі, оның құрамындағы 12 арна (түйсік, ұят, сүю, зерде, қабілет, жігер, мінез) осы кездерден бастап қалыптаса бастайды да, одан кейін барып сыртқы бес мінез қосылады. Ал егер адамда жоғарыдағы жеті арнаның бірі болмаса тәрбие кетік болып қалады.
Өмірге ұрпақ әкелуге алдын-ала дайындық жасамаған, сондай дайындықтан өтпеген адамдар өмірге дертті ұрпақ әкеледі. Бұл дегеніңіз кешірілмейтін күнә болмақ.
Жастарды тәрбиелеуге ұлтық дәстүрлердің қажеттілігіне тоқталар болсақ, ата-бабамыз салған дәстүрлерді ұрпақ арқылы әрі қарай жалғастыру, адамгершілікке, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу. Халық даналығы "Адам ұрпағымен мың жасайды" деген екен. Ендеше, осынша ұзақ жасағысы келген ұлыс атаулы өзінің орман-сулы Отанын, отбасындағы думанды күйлі ошағын, атадан балаға ауысатын қара-шаңырағын көшзінің қарашығындай қорғап, олардың үздіксіз өркендеуін үнемі қадағалап отыруы керек.
Осы ұлағатты тәрбие ісін салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындардың қосар мүмкіндігін қарастырсақ, көрегенді халқымыздың жастар тәрбиесіне ол дүниеге келмес бұрын өз ынтасын аударып, арнайы іс-әрекеттер жасағанын көреміз.
2. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДА ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІ
2.1 Халық педагогикасында тәрбие мәселесі
"Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене еңбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек пен ғылымның ұштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық — ой еңбегі мен дене енбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ жемісі.
Ақыл-ой тәрбиесі, көріп-білу, жүрекпен терең сезіну — біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Қөрген-білгенді ой еаегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу ынта-жігерді, күшті қажыр-қайратпен талапты керек етеді. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»— деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп, өнерлі азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, ерекше қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пас қойған, шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған.
Орыс ғалымы И. П. Павлов: «Фактілер — ғылымның ауасы» десе, ғұлама ғалымдардың осынау ой-пікірлеріндей тұжырымдарды өзі өмір-тәжірибесіне сүйеніп, ой топшылаған ата-бабаларымыз: «Тәрбие негізі — ғылым, даналық негізі — білім» деп қорытынды жасаған. Ал сол ғылымды меңгеру, даналық ойға ие бблу оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты деп" дұрыс түсінген қазақ халқы.
Жастарды ойланғыштыққа, тапқырлыкка тәрбиелеуде дидактикалық ұлт ойындарының да өзіндік орны бар. Мысалы, бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусактардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру секілді санамақ ойыны немесе ортаға шыққан адамның жаңылмай, шапшаң он ақынның, он өзеннің, он қыздың атын атауы сияқты күлдіргі ойындар да жасеспірімнің ақыл-ойын кеңейтуде тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде қолданылған.
Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынаеынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойын жастайынан мінез-құлық ережесі етіп калыптастыру тәрбиеге байланысты.Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа-, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған: Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап, сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендер,се жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жадына «сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адаэддықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді»; «Құдай деген құр қалмайды» деген кағидаларды үнемі уағыздаған. Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының, қоғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, кыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-кұлқының сай болуын қадағалаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде, кылығы түзде», «Қысыла, қысыла қыз болдым» деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. «Қыз өссе — елдің көркі» деу арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді мензейді.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі — қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сынарындай қатар салыстыра суреттеген.
Еңбек пен өнер тәрбиесі.
Еңбек өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі.Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады.Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық:«Еңбек — адамның екінші анасы», «Еңбек түбі — береке», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Еңбексіз өмір — сөнген көмір», «Еңбегі қаттының ембегі тәтті» деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық — кісінің соры жаман әдет, жат мінез екендігің жас буынға тәптіштеп түсіндірген.
Осы жәйтті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара белісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қолөнер шеберлігіне, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тон пішу, өрмек тоқу, ою-өрнек сияқты отбасынын ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттері-не қалдырған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ұйытқысы деп түсінген халкымыз оның еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнеріне икемі жоқ қыздарды: «Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер» деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен төсек жинаудың өзі үлкен сын болған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін «Қыздың жиған жүгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған.
Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну «Аяз би» ертегісіндегі Аяз бидің, «Керқұла атты Кендебай» ертегісіңдегі Кендебайдың, «Күн астындағы Күнікей кыз» өртеуісіндегі қарапайым қойшы баланың бейнелері арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару-жарақ асынып, ел-жұртын мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа адамдарының адал еңбегі арқасында қиындық біткенді жеңіп шығып, мұратына жетуін баяндау арқылы халық «еңбекпен ер көгереді», мұратына жетеді» деп, жастарға үлгі-өнеге-етіп ұсынады.

Қорыта айтқанда халықтық педагогиканың әр түрлі жақтарын сөз еткенімізде, алдымен дене тәрбиесін бірінші орынға қоюдың өзіндік себеп, дәлелдері бар. Өйткені адам баласы алғаш дүниеге келген күнінен бастап дене тәрбиесі қолға алынады, содан кейін біртіндеп еңбекке, ойынға үйрету тәрбиесі жүргізіледі. Ақыл-ой сол еңбектің нәтижесінде қалыптасып дамиды. Ал адамгершілік тәрбиесі баланың сана-сезімі оянған кезде жүргізілетін тәрбиенің жиынтығы іспеттес.
2.2 Жастардың дүниетанымын қалыптастыруда қолданылатын халық педагогикасы элементтерінің түрлері, ұлттық дәстүрлері
Бүгінгі күні жан-жақты өзгерістерге дейін "Совет адамын" қалыптастыру жолында көптеген азаматтық қасиеттер тыс қалып әр ұлттың өз өмір салты феодалдық, капиталистік қалдық деп ұғындырылды. Ұлттық сана сезім рухына өмірді, тіршілік саласын өзгерту қажеттілігін туғызып отыр. Бүкіл ел болып өткен тарихында шындық таразысынан өткізу. Бұл шынайы азаматтық санаға ауысқандықты аңғартса керек.
Оның ішінде ең негізгі бағдары адам баланы өзін-өзі терең танып қана қоймай, оған жеткізер қуаты мол тәрбиелік әдістерді жетік пайдалануды қарастыруда. Сойтіп, адамның іштей түлеп, рухани жетілуін түбегейлі өзгерту тәрбие жұмысындағы басты мақсаттың бірі болмақ.
Өміріндегі кездесетін неше алуан қиындықтарды тек адамшылық негізінде шешкенде ғана, қисынсыз қателіктерге ұрынбауға болады. Оның бәрі ұлттық қасиетпен тығыз байланысты. Бұл тұжырым қоғамымыздың бүгінгі таңдағы ең үлкен мақсаты.

Осы ұлағатты тәрбие ісін салт-дәстүрлер мен ұлттық ойындардың қосар мүмкіндігін қарастырсақ, көрегенді халқымыздың бала тәрбиесіне ол дүниеге келмес бұрын өз ынтасын аударып, арнайы іс-әрекеттер жасағанын көреміз.
Біріншіден балалар бой жетіп, ер жеткенше өзінен кішілерге қамқорлық жасап, оларға білетіндерін үйретіп жуыиныру, киіндіру, тамақтандыру, ойнатуды мойнына алып, бала тәрбиесіне ата-ана, әже-атасымен қатар араласып, ұстаздықты табиғи жағдайда үйреніп бойына сіңіреді. Сонымен балаға түсінік, сезім, қажеттілік өзі бала кезінен бастап тәрбиеленеді.
Жас нәрестс дүниеге келмес бұрын оның дене тазалығын, жан тыныштығын қалыптастыратын іс шара халықтың педагогикасының жазылмаған заңдылықтары барына көзіміз жетті. Бұл бала тәрбиесінің екінші шарты десе де болады.
Қамқор ене әдетте келін түскен кезде — ақ ұл немересі болу үшін оған ырымдап алаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді. Ал жүкті әйел болса, біреудің үйіне өз дастарханына апарған дәмді "Қыз тауып қоямын" деп жемейді. Егер жас келіншектің асқа тәбеті шаппай жиі лоқсып, құсып жүргенін байқаса, оны қазақтар "Жерік болу" деп атайды. Осы кезде оның әлдебір асқа тәбеті ерекше ауады да турады. Енесі ауыл әйелдерін шақыртып қонақ етеді. Осы кішігірім той "құрсақ шашу" делінеді. Бұл томалаққа жиналған аналар өз үйінен бір-бір дәм пісірім әкеледі. Оның себебі келіннің жерік асын тауып беру. Егер асы тапсырмаса, яғни "жерігі қанбаса" өзі босанғанша ішкен тамағын қуса береді, тамағы бойына сіңбейді.
Мұны халық "ит жерік болу" дейді. Ит жерік болып дүниеге келген сәбидің ес жиғанша ауызынан сілекейі ақкыш болады. Аяғы ауыр келінді түнде өзін далаға шығармау, жалғыз жатқызбау болған.
Баланың жан дүниесін тыныштықта сақтау үшін, келінді корқыныштан сақтау керек болған. Ол үшін, құрсақ шашу кезінде оң босағасына ақ шүберек байлап, кірген адамға айғай-шусыз жүруін байкатқан.
Жолбарыстан жүрегіне, аюдың өтіне, бүркіттің миына жерік болған әйелдерден болашақ алып батырлар, ерен ойшылдар туатындығы туралы көптеген аңыздар ел ішіндс әлі күнге дейін сақталған.
Енесі аяғы ауырған әйелдің мезгілімен тамақтануына баса көңіл бөліп, оған көбінесе ақтан жасалған тамақтарын береді. Жазды күні келіннің тәбетін ашу үшін ит жуасын береді. "Іштегі бала шымыр болсын" деген ниетпен құм сағыз таңталады. Мүмкіндіктері болса, тауда өсетін рауғаш, қымыздық теріп әкеп береді.
Рауғаштан жесе сәбидің көзі көреген, естігіш болады, ал қымыздық баланың тәбетін ашады.
Болашақ сәби еңбектей бастағаи кезде жар жағалап, бор жалап кесек жейтіні белгілі. Бүл сәби организмінде белгілі бір мөлшерде минералдардың жетіспеуінен болатындығы бүгінгі таңда ғылыми тұрғыдан да дәлелденген. Мұны аңғарған халқымыз ежелден сәби құрсақта жатқанда-ақ алдын-ала қам жасаған. Сондықтан судың бұрын иірім болған орнын тауып, осы жерден саздың иісі шығатын қайырым топырағын үйге қонды да, "баланың сүйегінің қалыптасуына керек, кейін бөтен бор іздемейді", деп мөлшерлеп жезігіп отырады.
Құрсақты әйелге көбіне жас сорпа ішкізіп, қызыл ірімшік жегізеді. Халық түсінігі бойынша ақ ірімшік жеген әйелді баласынын сүйнгі бос, ал қызыл ірімшік жеген ананың сәбиінің сүйегі берік болады.
Әйелдің жүкті кезінді ескертетін халықтық түсінікке негізделген мынадай ырымдар бар. Итке "кет" деуге болмайды, бұл толғақты ауырлатуы мүмкін, арқан есуге болмайды; әйелдер босанар үстіндс бала кіндігіне оралып қалуы мүмкін, тең буын қаптың аузын жабуға рұсат етілмейді, керіснше жаулы заттарды ашуға, буулы нәрселерді шешуге болады; түйе етін жеуге болмайды, бұлай етсе, жүкті келіншек баласын тоғыз ай емес, он екі ай көтеруі мүмкін. Тәжірибелі өнерлер алдын ала түсікті бодырмас үшін келіннің етегін бүріп қояды, шошынбас үшін түнде ешқашан жалғыз шығармайды. Келіннің мезгілі жақындаған кезде мейірбан анасы оған қара жерді басқызып, "Кеудесі түкті жер — Ана, күш бер, қуат бер!" деп жалаң аяқ жүргізеді.
Соныменн бірге сл ішінде жас келінді аға-апасы жетелеп апарып, жеті бұлақтың көзін аштыру, бұлаққа май құйып, тенге тастау, бастаудың басындағы әулиғ ағашқа ақ шүберек байлау секілді сенімдер де бар. Қариялар осындай іс-әрекеттер арқылы "сенің ата-бабаң осы жерден су ішкен, толғатқан кезде сені демеп, жебеп отырады" деп келіннің күпті көңілін орнына түсіреді.
Міне бұл тәрбиелік іс-әрскеттер ғасырлар бойы халық тәжірибесіне негізделумен қатар, адамның тыс құдіреті бар деп, ол құдіреттің бірі табиғат болып саналған. Сондықтан Жер, Күн, Ай, аң-жануарлар сезім күшіне айналып, өмірде қиындықты болдырмау, жеңу үшін табынып отырған. Халық сенімінің беріктігін бүгінге дейін сақталып келген наным сенімдерден байқауға болады.
Аталып өткен дәстүрлер бала тәрбиесіне алдын ала жөн салып, қалыптастыру кезеңі болса, бала дүниеге келерде қолданылып сақталатын көптеген ырымдар мен рәсімдері нәрестенің дүниеге келер кезін жеңілдетіп, алғашғы сәтінен аялауға арналған. Жарыс қазан, кебеже, қан сандықтардың аузын ашу, күмісті су әзірлеу — бұлардың бәрі де болашақтың алдып алу әрекеттері. Тағы да халық көрегендігінің дәделі.
Қазіргі медицина әрекеттерінің көбі халық тәжірибесінде өзінше сақталған. Ол әрекеттер жас нәрестенің дене тазалығы, ширақтылығы, жан тыныштығына қамқорлық жасауға арналған.
Тұзды суға, күмісті суға шомылдырып, мойнының уақтылы қатуын қадағалап, ырымын жасап, ауызданып, тамақтанып, құрғақ жатуын қадағалап – сәбидің физиологиялық заңдарын түсініп, біліп, өзіндік ерекше амалдар табуына әкелген.
Әрбір ескі қазақ ауылында екі қабат әйелдерді босандыруды машық қылған қолы жеңіл кемпірлер болған. Олардың ел ішінде "аққол ана" (яки қазіргі акушер) деп атайды. Аққол аналар кез келген келіншектің қай күні босанатынын басынан біліп отырған.
Бала дүниеге келісімен дауысты шығу үшін құйрығынан шарт еткізіп ұрады да кіндігін кеседі. Сәбидің кіндігін кескен әйел "кіндік шешс" аталады. Жарық дүниеге келген сәбмиі емізбестен бұрын, қайнатылған таза суға салынған қасқырдың немесе сыртының жүнінмен ауыздандырады. Көне түріктер өздерін қасқырдан жаралғанбыз деп, көк бөріні киелі санағаны белгілі.
"Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі тек туған ата-анасының ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі, Міне осы күндері "шілдехана", "шілде күзет", "шілдехана күзет" өткізіледі....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар