Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын, немерелер, ата-ана, ата-әже, балалар, немерелер, бірлесіп әлеуметтік өмір сүретін адамдар тобы. Отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды, демек некелік-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихы, әлеуметтік және праволық мәні бар.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым-қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға немесе әпке басқарады.
Қазақ халқы балалар жасын кезеңдерге былай бөлген:
І.Нәрестелік жас - 7 ай бесік, 12-ай еңбектеу.
2. Бөбек - 1-3 жас
3. Сәби - 3-7 жас.
4. Жеткіншек - 8-11 жас
5. Бозбала - 12-15 жас.
6. Үлкендер - 15 жастан жоғары.
Отбасы қоғамдағы алғашқы ұйымдардың бірі. Оның өзіндік міндеттері болады, ол үшке бөлінеді:
1. Репродуктивтік. Мұның мәні — баланың өмірге келуі, өмірдің, ұрпақтың жалғасын табуы.
2. Шаруашылық-экономикалық. Мұның мәні-материалдық жағдайды қамтамасыз ету, үй және жеке меншік шаруашылығын жүргізу, отбасының қор-қаражат жинау, оны сақтау.
3. Бос уақьттты ұйымдастыру, яғни бала, ұрпақ тәрбиесімен айналысу.
Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық, тәрбиемен ұштасып жатады. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы адамдарының белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.
Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құрса, ал рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Адамгершілік тұғырға көтерер ең маңызды ұлағаттар, адамгершілік қатынастар отбасынан басталады.
Зерттеуші ғалым Ш.Ахметовтың айтуынша "Бала тәрбиесі негізінен басты-басты сегіз түрлі мәселені қамтыған".
- Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдістемелікке үйретуді кездеген.
- Екіншіден, мейірімді болуға тәрбиелеген.
- Үшіншіден. тіл алғыш, елгезек бол деп үйреткен.
- Төртіншіден, адалдық пен шындыққа баулуды көздеген.
- Бесіншіден, білгір бол, ұстаз бен ғалымның, көпті көрген данышпан қарияның сөзін тыңда, ақпа-құлақ болма, құйма-құлақ бол дегенді бойларына сіңіре берген.
- Алтыншыдан, үлкенді, ата-ананы сыйлауға үйретуді басты міндет етіп қойған.
- Жетіншіден, кісі айыбын бетіне баспа дейді халық тәрбиесі. Бұл кемшілікті айтпа деген сөз емес, ғаріп-кісілердің табиғи кемдігін /мұрны пұшық, көзі қисық, аяғы ақсақ деген сияқты/ көрсетпе деген сөз.
- Сегізіншіден, ел қорғаны батыр бол, халық алдында қызмет ет, бар өнеріңді соған жұмса дегенді үйретеді.
Қазақ отбасында тәрбиенің бұл бағыттары толығымен қамтылған. Бала тәрбиесіне байланысты әр ата-ананың қалыптасып, ұрпактан-ұрпаққа жазылмаған заң тәрізді ауызша жалғасып отырған.
Ата-ананы, үлкенді сыйлауға, халықтың салты мен дәстүрін қадірлеуге, ел тарихы, туған жер, ата-баба шежіресін қанығуға, бесік жырынан бастап халық ән-күйіне сусындауға үйрету. Бұл-отбасы тәрбиесінің мақсаты болып табылады.
ІІ. Жанұя тәрбиесіндегі ана мен әкенің ролі.
Қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері баланың дүниеге келуімен байланысты туған.
Отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі — бала.
"Бесіксіз үйде береке жоқ".
"Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар".
"Көп баласы бардың маздап жанған шамы бар"
"Бала — адамның бауыр еті".
Баланың өмірге келуіне байланысты көптеген әдет-ғұрыптар бар.
1. Сүйінші жас нәресте дүниеге келген кезде үйден алыста жүрген отбасы ағайындардан қуанышты хабарды тез жеткізу үшін атқа мініп, түзде жүрген атасының немесе әкенің сүйіншіге хабаршы не сұраса соны берген. Сүйінші сұрай барған адам ұл бала болса "ат ұстатар", қыз бала болса "қырық жеті" деп хабарлаған.
2. Балаға ат қою көбінесе молданы әкеп, азан шақырып ат қойғызған. "Қырықтың бірі-қыдыр" деп, құдайы қонаққа да "дуалы ауыз" деп ауылдың үлкеніне немесе отбасы мен әжесіне қойғызған.
3. Бесікке бөлеу — бесік гигиеналық жағынан бала тәрбиесіне қолайлы. Біріншіден, көші-қон кезіңде түйеге артуға қолайлы, екіншіден баланы емізгенде, үшіншіден, бала жылы, әрі құрғақ жатады.
4. Бесік тойы — бала қырқынан шыққан соң ауыл-аймақты жинап, атасы мен өжесі немесе екесі мен шешесі баланың бесікке салу тойын жасайды. Бесікке салу үрім-бұтағы өскен беделді қариялардың біріне тапсырылады.
5. Тұсау кесу — бала қыз тұрып тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5м ала жіп немесе қойдың тоқ ішегі, қайшы немесе пышақ. Тұсауды ақылды, елгезек, шаруаға икемді, пысық әйелдердің біріне кестіреді.
6. Атқа мінгізу тойы. Бала 4-5 жасқа келгенше әке-шешесі арнайы ат, ер тоқым даярлайды.
Ерді қайыңнан безінен шаптырып жатады. Мұны "ашамай ер" деп атайды. Ердің тебінгі, құйысқан, үзеңгілерін киіз бен былғарыдан, қайыстан, күмістетіп жасатады. Атқа мінгізу тойы жаз айларында болады.
7. Сүндет тойы. Сүндетке отырғызу 7-8 ғасырларға араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына тараған. Ол мұсылмандықтың белгісі болып саналған. Ер баланы 5-7 немесе 9 жасында отырғызған.
8. Шежіре үйрету. Балаға 7-3 жасынан бастап, ағайын-туысын, жеті атасын, руын, тегін, ел-жұртын үйретугс ерекше көңіл бөлген. "Жеті атасын білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар".
9. Құда түсу. Қазақ халқының қоғамдық қарым-қатынастары қыз алысып, қыз берісіп, құда болу арқылы нығайтылып отырған. "Бесік құда", "Қарсы құда" т.б. Сізде лашын бар, бізде сұңқар бар. Сол лашынды сұңқарға құда түсейін деп келдім.
10. Ұрын келу. ілу тойы - бұл күйеу жігіттің қымбат кәделер мен жанына әнші, күйші, палуан, сал-сері жігіттер ертіп, қайын жұртына келуіне арналған той.
11. Қыз ұзату. Қыз ұзату тойы 3-4 күнге созылып, ат-жарыс, күрес, қыз қуу және т.б. ұлттық ойын сауықтар өткізіледі.
12. Келін түсіру. Ауыл әйелдері ұзатылып келе жатқан жас келіннің алдынан шығып, шашу шашады.
Үйлену тойының ең жауапты кезеңі - қыз бен - жігіттің некесін қию.
Дәстүрлі үйлену тойының сын сағаты шешуші сәті "ақ неке түні" деп аталады...
"Шөлмек мың күнде сынбас, бір күнде сынады"
"Төсектің тарлығы — тарлық,
Көңілдің тарлығы - қорлық".
"Тәні сұлу — сұлу емес,
Жаны сұлу - сұлу".
Отбасы — бұл әке мен ананың үлгілі өнегесі негізінде қалыптасады. Осы меселе Г.Н.Волковтың еңбегінде әке мен ана педагогакасы тұрғысында былайша сипатталады.
"Әкенің миында — стратегия, ананың жүрегінде -тактика ".
"Әкенің қолында — болат қашау, ананың қолында-күміс жонғыш".
"Әкеде-тіс, шешеде-ерін".
Ана - ұсақ жұмыстарда таптырмайтын жан, ол — жұмыс тек - ананікі. Сол істерден отбасының өмірі құралады, балалардың тағдыры да. Ананың даналығы - әкені ұсақ түйекке араластырмауы, оның зейінін тек ірі, ең басты, өмірлік қажет проблемаларға аударып отыруы. Парасатты ана әкені ұсақтыққа жібермейді. Ер жүректі бола тұра ана әкенің ролін төмендетпей, оны "жерлемей" - көтермелеп, қолпаштап отырады, оны ысырып тастап, ауыстырып алмайды.
Ана — отбасының жүрегі, отбасының педагогикалық даналығының өзегі. Ол әкені де әлпештейді. Сонымен қатар, ол баланы, "әкең айтты" деп сендіреді.
Әке баласына бір мезгіл өте байсалды ғибрат әңгіме айтуды елеусіз қалдырмауы керек. Алдына қарсы отырып, ұзақ уақыт өмір туралы, өзін-өзі қалай ұстау керек екендігі туралы әңгімелесуі қажет.
Сонымен, қазақ халқында өмір беріп, өнеге көрсеткен әке, ақ сүтін беріп, тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында сақтап, құрсақ тәрбиесінен бастап, әлпештеп, аялап өсірген ана алдындағы қарыз сезімі әр адамның адамгершілік деңгейінің өлшемі болып табылады.
Қорыта келе "Қазақстан республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында" тәрбиенің негізгі қағидаларының бірі ретінде әке-ананың отбасындағы ролін қарастырған. Онда:
- Біріншіден, баланы кішкене кезінен анасының сүт ақысын өтеуге баулу, бүкіл қоғамда әйелге, анаға ерекше ілтипат қалыптастыру.
- Екіншіден, бала тәрбиесіндегі әкенің жауапкершілігіи, тәрбиешілік мүмкіндіктерін арттыру. Отағасы шаңырақтың қорғаны, асыраушысы, ақылшысы. Сондықтан қазақ әулетінің ер-азаматты бағалау, пір тұту дәстүрін одан әрі жалғастыру — деп жанұядағы ата-ана тәрбиесінің маңыздылығын айқындайды.
ІІІ. Отбасындағы ер бала тәрбиесі
Қазақ халқы ұл мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. "Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын" демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға - "жігіт сыны" деп аталады.
Ер жігіт қандай болуы керектігі туралы халықтың талғамына сай ұлттық түсініктер. М.Қозыбековтың еңбегінде былай бейнеленеді:
• Кескін келбеті: "Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы, торсық шекелі, қыр мұрынды, кең иықты, апай төсті, өткір тісті, жуан білекті, қынай белді, қапсағай денелі, от ауызды, шешен тілді, темірдей саусақты, жау жүректі".
• Қадір қасиеті: "Қырандай алғыр, сұңқардай әр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, қобыландай сұсты, нардай төзімді, құландай алып, сауысқандай сақ, және аталған қасиеттеріне сәйкес: "Жігіт қыраны, жігіттің сұңқары, жігіттің арыстаны, жігіттің қобыланы, жігіттің жампозы, жігіттің сұлтаны" — деп айтады.
• Қабілет икемі: "Көсем жігіт" — ел басқаратын жігіт. "Шешен жігіт" — дау шешетін тұлға. "Батыр жігіт" — еліне қамқор, жауына алаберен жігіт. "Сері жігіт" — аттың жүйрігін, иттің алғырын ертіп, қыранның қырағысын баптап, ат құлағында ойнап, ер қаруы - бес қаруды сайлап, мың құбылтып ән салып, күмбірлете күй тартатын өнерлі жігіт, "Жомарт жігіт" — дастарханы берекелі, пейілі кең, өзі жайдары, "Палуан жігіт" — мойыны жуан, жауырыны қақпақтай, бұлшықтың еті темірдей, қимылы шапшаң, иненің көзінен өтердей епті, алып күш иесі.
"Үй жігіті" — үй шаруасымен айналысады. /ел танымай, үй танып/. "Түз жігіт" - тұз жұмысына мінсіз, үй жұмысына қырсыз.
Сонымен қатар, бабаларымыз ер жігіггің басынан "6 асыл қасиет", "3 асыл мінез" және "ажырамас 3 серік" табылуын талап еткен.
Алты асыл қасиеті:
1. Зерде зейіні болсын / тылсым сырды ұғатын/.
2. Өнер өрісі болсын /өмірден әперер сыбағасын/.
3. Тапқырлық, талап, ерлігі болсын /дұшпанға найза сұға алатын/.
4. Қайрат-қаруы болсын /қиындықта сыналатын/.
5. Білімі болсын /биікке бастап шыға алатын/.
6. Жігер күші болсын /аяқтан шалғанда жыға алатын/.
Үш асыл мінезі:
1. Туған еліне, дос жарандарына адал болуы /адам болсаң аңқылдақ, ізгілікке құмарсың/.
2. Қара қылды қақ жарған әділетті болу/ әділ болсаң ақ жарма, жақсы іске билік қыларсың/.
3. Қаймықпастан турасын айтар, шыншыл болу /шыншыл болсаң қол жетпес, шыңда өскен шынарсың/.
Үш серігі:
1. Астыңа мінген тұлпарың болсын /сапарың оң болар ұдайы/.
2. Шыңдалған ақыл-айлаң болсын /шымырлап тұрса шынайы/.
3. Айнымас адал жұбайың болсын - қаймықпай өтем десең өмірден. Сонымен қатар ер жігіттің жолына, басына дұшпан қасиеттері-жігіттің тоғыз жауы.
1. Басты жауы-жалқаулық, сорлататын жаныңды.
2. Осалдығың- аңқаулық, соқтыратын санынды.
3. Жасқаншақ - болсаң ұры алар, қоралап қойған малыңды.
4. Жалатқызбас жасықтық, аузыңдағы балыңды.
5. Өтірік айтсаң өңмеңдеп, жоғалтарсың арынды.
6. Өсек терсең телмендеп, суға кетірер салыңды.
7. Көпірме босқа мақтан ғып, түкке тұрмас барыңды.
8. Көрінгенге жалтақтап, бола алмайсың жағымды.
9. Біреуді алдап арбаумен, аша алмайсың бағыңды.
Бір жігіт бар - құр жан.
Бір жігіт бар — тірі жан.
Бір жігіт бар — жігіт жан.
Құр жігіт дейтін - жігіт кеудесіңде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді.
Тірі жан дейтін - бар тапқанын киіммен асқа сатар, жақын көрген досын жатқа сатар.
Қызыл белбеу, шоңқима етік, үкі тағып әркімді бір сықақ қылар.
Жігіт жан дейтін — сегіз қырлы бір сырлы болар.
ІҮ. Отбасындаіы қыз бала тәрбиесі
Көнеден желісі үзілмеген халық ауыз әдебиеті мен жазба нұсқаларда бойжеткен қыздың келбеті -"сұңғақ бойлы, сыңғырлаған дауысты, оймақ ауыз, күлім көзді, жайдары мінезді, алма мойын, ақша бетті, ақ тамақ, аршын төсті, тал шыбықтай бұралған бұраң белді, сүмбіл шашты, ұзын кірткті, ақ білек, маржан тісті, қыр мұрынды" - деп суреттеген.
Әр замандарда:
"Жақсы болсын тегі, заты, тұқымы, пәк, ұятты болсын жанның тұйығы" деген тілек білдірген.
Қыз аларда оның қасиеттерін былайша сынаған:
1. Қыздың тектілігін әртүрлі жолдармен тексеру.
Мысалы: Бойжеткеннің көшкен жұртына зер салып қарауы мүмкін. Егер үйдің орны түсу, түспеуді ойласады. Немесе, қыз көруге келгенде сол шаңырақтың көсеуіне көңіл аударады, егер көсеудің екі жағымен от көселке, онда "шешесі салақ" - деп бойжеткенді көрмей-ақ жүре беретін көрінеді.
2. Қалыңдықтың ақылдылығына аса назар аударған:
"Ақылды әйел ізде, - іздесең сен есті болса,
Төрт құбылаң теңкелер".
/Баласағүн/.

"Жасаулы деп, малды деп байдан алма,
Кедей қызы арзан деп құмарланба.
Ары бар, ақылы бар, ұяты бар.
Ата-ананың қызынан ғапыл қалма".
/Абай/
Сыншылар әртүрлі сыйлық ұсыну арқылы бойжеткеннің дүние мүлікке көзқарасын тексерген, жұмбақ шешкізіп, зейін зердесін байқаған, аға-інілері құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасына қарай бауырмалдығы мен қайырымдылығын екшеген. Киген киімі, істеген ісі, сөйлеген сөзіне қарап, оның ұқыптылығы, іскерлігі және мінез-құлқынан мағлұмат ала білген.
3. Бойжеткеннің тал бойынан табылуын тиісті тағы бір қасиет — сымбаты мен көркі.
4. Болашақ ошақ иесіне қояр талаптың ең мәндісі — іскерлік. Халық "Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без" -деген. Әр әйелдің ерін күте білуі-басты міндеті болса тауып өсіру-ананың борышы.
Әйел ажары хақындағы мына бір анықтамаларға назар аударған дұрыс сияқты: "Бет пішіні, дене мүсіні келіскен, өзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терен ойлы қыз-ару. Жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз-әсем. Сөзі өткір, өзі пысық, өрескелдікті сүймейтін, болмашыға күйіп-піспейтін келбетті қыз-сұлу. Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз-көрікті. Баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын қыз-әдемі. Дене бітісі жинақты - тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты қыз - ажарлы. Көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр қыз-шырайлы.
"Болмасаң да, ұқсап бақ, бір жақсыны көрсеңіз"-деп ұлы Абай айтқандай қыз балалар осындай қасиеттерді меңгеруге талпынуы керек. Әлбетте, мұндай қасиеттер тәрбиенің негізінде қалыптасатыны сөзсіз.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында тәрбиенің мақсаты мен міндеттерінің бірі ретінде - қыз баланы тәрбиелеу басты мәселе етіп қойылған. Онда: "Қыздарды ұлдардың алдында иба сақтауға, оларды келешекте отбасының береке құтын сақтайтын әйел, келін, ана ретінде имандылыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке, жан сұлулығы мен тән сұлулығын жарасымды қасиеттеріне жастайынан бейімдеу, отбасына қажетті әйел өнеріне /ас пісіру, іс тігу, кесте тоқу, үй-ішін, өзін-өзі таза ұстау, үнемдеу, бала тәрбиелеу/ т.б. үйрету" — деп көрсеткен. Бұдан қыз өссе елдің көркі, гүл өссе — жердің көркі"-дегендей қоғамға қыз баланы тәрбиелеп шығару — отбасының қоғамдық ұйымдардың және мектеп оқу-тәрбие процесінің біріккен жұмысының жемісі болып табылады ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру