Табу сөзге айналсын!
Зұбадылда Айсұлу
9 сынып, Төле би атындағы орта мектеп,
Жамбыл облысы Шу ауданы
Жетекшісі: Мақашева Нұрзия Сағындыққызы
9 сынып, Төле би атындағы орта мектеп,
Жамбыл облысы Шу ауданы
Жетекшісі: Мақашева Нұрзия Сағындыққызы
Тыныш түндер ылғи да табылса еді,
Айдың нұры бөлмеңе ағылса еді.
Жаман дауыс бұзбасын тәтті ұйқыңды,
Жаңбыр әні оятсын, жаным сені. Күләш Ахметова
Осындай аналардың тілеуімен елімізде 71 жылдан бері тыныш таңдар атып келеді. Сол қарғыс атқан жылдардан бері менің отбасымда бейбіт өмірдің бағында ғұмыр кешіп келе жатқан мен үшінші ұрпақ екенмін. Мен де болашақта өз балаларымның түндерінің тыныш, таңдарының арайлы болғанын қалаймын. Бұл тек менің қалауым емес, жер бетіндегі ана біткеннің асқақ арманы деп ойлаймын. Әлемдегі әйел заты бұл кесапатқа түбегейлі қарсы болса, бәле ер адамдардан келе ме? Сонда әйел қауымының қолынан ештеңе келмей ме? Жоқ, ерлерді де дүниеге әкеліп, тәрбиелейтін аналар. Ендеше әр ана өз баласына барынша мейірімін төгіп, дұрыс тәрбие беріп, бақытқа бөлей білсе, жер бетінде Гитлер сияқты қанқұмар адамдар болмас еді.
Әжем айтушы еді: «Қорқыныш тудыратын жаман заттардың атын да атама, келіп қалады». Кейін мектепте мұндай сөздердің «табу» деп аталатынын білдім. Сол сияқты бұл тажалдың атын атаудың өзі қорқынышты. Өз басым адам баласына тек қорқыныш, орны толмас қайғықасірет әкелетін бұл сөзді «табу» қатарына қосу керек дер едім. Мен бірінші болып өз шығармамда осы сөзді қолданбай көрейін. Әрине, бұл сол жылдар туралы мүлде ештеңе айтылмай ұмыт болсын деген сөз емес. Керісінше, адам баласы неден қорқу керек екенін жақсы білуі керек. 1418 қанды күн мен түннен, 27 миллиондай адамды, соның ішінде Қазақстаннан аттанған 600 мыңдай қазақ боздақтарын, жалмаған тажалдан қорқу керек. Бірақ осы «барса келмеске» өз еріктерімен аттанған азаматтар алдында тізе бүгіп, тағзым етуге міндеттіміз.
«Өмірде не тәтті дегенде- жан тәті», -деген шешендеріміз қателесті ме екен? Ел басына күн туғанда ажал аузына тіке аттанған 20 мыңдай қазаққа «жанынан» артта қалған жері, анасы, баласы, жары, «тәтті» болғаны ғой. Олай болса бүгінгі күннің әр адамы осы батырларымыздың шын мәнінде мақтанарлық ерлік істерін біліп қана қоймай, үлгі-өнеге етіп, Отанымызды сүюді, еліміздің, жеріміздің адал патриоттары болуды «жанынан арын артық көрген» қаһармандарымыздан үйренуіміз керек.
Батыстан жау шапқанда Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жерін қорғады. Соның ішінде қазақ халқы Отанының абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті. Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттерін көрсете білді.
Төсін оққа төсеген батыр аталарымыз Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллин, Н.Әбдіров, Қ Қайсенов, Р.Амангелдиев, С.Баймағамбетов, Д.Шыныбеков, С.Жылқышев, Т.Мырзаевтың есімдерін, қос жұлдызы - Әлия мен Мәншүк ерлігін, Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаевты, 28 панфиловшылардың сапында болған Н.Есболатов, Ә. Қосаев, А.Қожабергенов, М.Сеңгірбаев сынды қазақ жауынгерлерінің қаһармандығын, атақты қолбасшысы Б.Момышұлының ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.
Осындай сұрапыл жылдарда алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен майданға аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектері, жеңіске қосқан үлесі зор болды. Қанша қиындықты бастан кешірсе де сағы сынбады, жігері жасымады. Қонақжай, адал ниетті, ақкөңіл, меймандос халқымыз ізгілік сипатын, адами қасиеттерін жоғалтып қоймады. Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан, басқа да республикалардан келген баспанасыз миллиондаған адамдар мен жетімжесірлерді халқымыз құшақ жая қарсы алып, шын жүректен бауырына басты. Босқындармен өз баспанасын да, қолындағы соңғы тілім нанын да бөлісіп жеді. Әрине, мұның бәрі де мақтан тұтарлық әрекеттер, Жеңіске жетуіміздің бірден-бір себебі.
Қазақ ұлты ұландарының ерлігі мен мәрттігі, жанкештілігі мен төзімділігі туралы Бауыржан Момышұлы мен Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Әбдіжәміл Нүрпейісов, Әзілхан Нұршайықов, Мұзафар Әлімбаев, Қалмұқан Исабаев бастаған жазушылар мен ақындардың шығармашылығынан оқып біле аламыз. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - демекші ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерлік істерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымздың тарих төрінен алатын орны ерекше. Ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз.
Бүгінгі таңда ол жылдар туралы аз айтылып жатқан жоқ, сол майданнан қайтпаған ерлердің есімдерін ел есінде қалдыруға арналған шаралар да тізбегі толастар емес. Ардагерлерімізге деген қадыр-құрмет те жасалып жатыр. Ол қанқұйлы кезең туралы бұрыннан да әжемнен, ата-анамнан, ұстаздарымнан естіген-білгенім, оқығаным көп еді. Жақында ғаламтордан жантүршігерлік көп нерселерге кезіктім, мен үшін ең сорақысы концлагерлерде болған жайытттар болды. Қазіргі триллер сюжеттері, көріністері оның жанында ертегі болып қалады екен. Майданда ажал да, ерлік те, сатқындық та болған шығар. Ол жерде көп ойлануға, белгілі бір шешім қабылдауға уқыт та бола қоймайды ғой. Ал концлагерлерде фашистердің саналы түрде адам баласына жасаған жантүршігерлік қиянаттары, деревня тұрғындарын түгелдей қораға қамап өртеп жіберулері миға қонымсыз әрекеттер. Адамдық беп-бейнесінен айрылған аюандардың істері деп бағалаймын. Әжемнен маған қалғаны осы шығар, бір Алла Тағаладан сұрану: «Бұл бәлені құдай бізге қайта көрсетпесін!». Аты да, заты да «табу» ретінде тек тарихта қалсын. Білейік, ұмытпайық!
Қазақ қазақ болғалы ең бақытты ұрпақ өкілі біз шығармыз. Өйткені соңғы 25 жылдың таңдары біздің ел үшін ерекше арайлы, тәуелсіздік таңы атқанына биыл ширек ғасыр толып отыр. «Ұзағынан сүйіндірсін!»- дейік.
Менің маңдайыма егемен елдің бақытты баласы болуды жазған екен. Ендеше өзіме де, замандастарыма да: «Егемендік пен бейбіт өмірдің қадіріне жете білейік» -дегім келеді.
-Оқы, білім ал, еңбек ет, өмірде өз орныңды таба біл. Ең бастысы өз еліңді, жеріңді, Отаныңды жан-тәніңмнен сүйе біл!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Табу сөзге айналсын! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Табу созге айналсын! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Табу сөзге айналсын!