Әдебиет | Асқар Тоқмағамбетов шығармаларының ерекшелігі
Мазмұны
КІРІСПЕ
I ТАРАУ
1.1 А.Тоқмағамбетов лирикасының тақырыптары
1.2 А.Тоқмағамбетов лирикасының тақырыптық-идеялық ерекшеліктері.
II ТАРАУ
2.1 А.Тоқмағамбетов – сатирик ақын.
2.2 “Әке мен бала” романының ерекшелігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кiрiспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: “А. Тоқмағамбетов шығармаларының ерекшелігі”
Мәселенiң өзектiлiгi: Асқар Тоқмағамбетов қазақ даласындағы социализм идеясын, бүгінгі заман тақырыбын жырлады. Теңдік алған кедейлердің азат өмірі, байларға қарсы таптық күресі, әйелдердің теңдік алуы, халық ішіндегі оқу-ағарту мәселесі, кедейлердің ұжымдық шаруашылыққа бірігуі – ақынның алғашқы өлеңдерінің өзекті тақырыптары бола отырып, жаңа идеяны насихаттаушы ақын ретінде танытты. Ақын өлеңдерiнiң өзектi мәселесiне үңiлiп, оның даралығы мен талантын танудың өзi талмай зерттеудi талап етедi.
Зерттеу обьектiсiне А.Тоқмағамбетовтің алғашқы өлеңдер жинағын, сатиралық шығармаларын, “Әке мен бала” романын арқау еттік.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ әдебиетiнде өзiндiк орны бар А.Тоқмағамбетов поэзиясының жалпы қазақ поэзиясындағы орнын, лирикасының тақырыптық ерекшелігін, сатирлық шығармаларының тілін, “Әке мен бала” романының тақырыбын ашу.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдiстер: талдау, жинақтау, жүйелеу, салыстыру т.б.
А.Тоқмағамбетовтің өмірі мен жазушылық қызметі.
А.Тоқмағамбетов 1905 жылы қазіргі Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында кедей отбасында туған. Ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таниды. Алғаш ауылдық мектеп оқыған ол 1924 жылы Ташкентке барып, сол кездегі белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратпаевтың көмегімен паштехникалық техникумның арригация бөліміне оқуға түседі. 1931-1933 жылдары Мәскеудегі редакция-баспа қызметкерлерін дайындайтын институтта оқыды.
Жазушылық жұмысына араласа бастағаннан бері Асқар көптеген республикалық газет-журнал редакцияларында (“Лениншіл жас”, “Социалистік Қазақстан”, “Ленин жолы”, “Қазақ әдебиеті”, “Ара” т.б.), Қазақстан жазушылар Одағында басшылық және журналистік қызметтер атқарады.
¤лең-жырға жастайынан әуес ол ел ақындарының үлгісімен айтысқа түсіп, ойын-тойларда әзіл-қалжың шумақтар шығарған. Оған Сыр бойы ақындарының дәстүрі зор әсер еткен. Асқар 1923 жылдардан жаза бастайды. Бірақ өлеңдерінің басыла бастауы – 1926 жылдан, содан бергі уақыт ішінде ақынның 40-тан астам кітабы жарық көрді. Олардың ішінде “Еңбек жыры”(1928), “Еңбек жинағы” (1929), “Күлкі-сықақ өлеңдер” (1929), “Құрылыс” (1930), “Хат” (1930), “¦лы майданда” (1932), “Бақыт кілті” (1933), “Қаскелең” (1934), “Күзетте” (1934), “Уборница” (1935), “¤мір” (1935), “Советтік маршрут” (1937), “Маршалдар шықты майданға” (1941),“Мұнай бер” (1943), “Ажалды жеңген алыптар” (1944), “Шыңға” (1949), “Қарындаш” (1950), “Аграном көктемі” (1955), “Фельетон жинағы” (1958), “Дария сыры” (1960), “Сайрайды бұлбұл” (1961), “Тырналар, сұлу тырналар” (1965), “¤мір өлмейді” (1968) сияқты өлең-поэмалар, фельетон-мысалдарының жинақтары бар.
Поэзиялық шығармаларымен қатар Асқар проза, драматургия, балалар әдебиеті саласында да елеулі қызмет еткен. Оның әр кезде газет, журнал беттерінде басылған очертері, әңгімелері мен пьесалары кездеседі. 1940 жылы жазушы “Төрт жыл я төрт сағат” атты повесть жазды. Соғыс алдында баспасөз бетінде Асқардың “Шәуілдір” атты романының үзінділері жарияланып жүрді. Кезінде аяқтамай үзіліп қалған бұл шығармасын автор “Әке мен бала” деген атпен бітіріп, 1961 жылы бастырып шығарды. ¦лы Отан соғысынан кейінгі жылдары Асқардың “Сыр диханы” (1957), “Асыл азамат” (1959) атты документтік повестері жарық көрді. *(5.15.)
Драматургия саласындағы Асқар еңбегі 1928 жылы басылған әйел теңдігі мәселесіне арналған “Екі заң” атты пьесадан басталады. 1933жылы кәмпескеге ұшыраған байлардың колхоз құрылысына қастандығын суреттейтін “Семафор ашық” деген пьесасы басылды. Одан кейін бір актілі шағын пьесалармен қатар “Әзірет Сұлтан” (1937) атты көлемді драмасын жариялады. 1961жылы ол “Маржан” атты киносценарий жазды.
Асқар балалар үшін де көп шығармалар жазған. Оның бұл саладағы еңбектері “Тазалық - тәрбие” (1929), “Балалар досы” (1930), “Алыптар туралы аңыз” (1948), “Балаларға базарлық”(1958) атты кітаптарында жинақталған.
Асқар шығармалары бірнеше рет жиналып, таңдамалылар күйінде (1939, 1945, 1953, 1957, 1962) басылды.
Асқар 1931 жылдан КПСС мүшесі, үш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. 1965 жылы республика жұртшылығы ақынның 60 жылдық мерейтойын өткізді. Асқардың творчестволық жолын тұтас алып, қарағанда, оның суреткерлік талантын еркін танытқан жанры поэзия екенін көреміз. Әсіресе ақын саяси лирика мен сатиралық өлеңдер, мысал саласында елеулі еңбек етті. Дәуір шындығына үн қоса отырып көптеген поэмалар жариялады.
Асқар Тоқмағамбетовтің басты өлеңдер жинақтары мен поэма, сатиралары ондаған рет басылып шығады. “Еңбек жыры” (1928ж.), “Еңбек жинағы” (1929ж.), “Құрылыс” (1931ж.), “Хат” (1932ж.), “¦лы майданда” (1932ж.), “Күзетте” (1934ж.), “Шыңға” (1950ж.), “Қарындаш” (1950ж.)
Асқар 1947 жылдан бастап мысал жанрымен айналыса бастады. Содан бері ол “Шырмауық пен алма ағаш”, “Мысық пен шыбын”, “Әупілден пен күмпілдек”, “Тоқылдақ пен тиын”, “Қой мен ешкі”, “Төбет пен мысық”, “Қарға мен бұлбыл”, “Тырна мен көгершін” тәрізді көптеген мысалдар жазды. Асқар бұдан тыс көптеген өлеңдерін балаларға арнады. Бірнеше шығармалары дер кезінде жеке кітап болып та басылып шықты. Ақын “Екі Заң” атты комедия, “Әзірет Сұлтан” деген екі актілі пьесалар жазды.
1.1 А.Тоқмағамбетов лирикасының тақырыптары.
Асқардың жырлаған тақырыбы, жанрлық ерекшеліктері, көркемдік стилі жағынан әр алуан. Оның бер жағында Асқар творчествосы, оның өзіндік ерекшеліктері, көркемдігі мен идеясы жайлы жазылған зерттеу сын мақалалары аз емес. Ақын туралы сын мақалаларға көз жіберер болсақ, оның әр кезде жазған жеке-жеке шығармаларындағы сәтті, сәтсіз жайлар кезінде көрсетілді, жазылды. С.Мұқановтың, Ә.Тәжібаевтың әдебиеттің дамуына байланысты Асқар творчествосы жөнінде айтқан пікірлері мен сындарынан басқа, оның поэзиясына айрықша тоқталып, талдау жасап, түйінді пікірлер айтқан талантты жазушы С.Ерубаев болды. Ақын шығармалары туралы І.Жансүгіров, Қ.Бекқожин, Т.Нұртазин, Е.Исмайылов, С.Төлешев, Ә.Тәжібаев, Т.Әлімқұлов, С.Қирабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Р.Бердібаев және М.Бәйділдаев тағы басқа да ақын-жазушылар ақын Асқар творчествосына пікір айтудан шет қалған жоқ.
Асқар творчествосы туралы ең алғаш жазылған сындардың ішіндегі көлемді де мазмұндысы С.Ерубаевтың сыны болғандықтан, соның төңірегінде сөз қозғасақ, С.Ерубаев ақын поэзиясының күделікті өмір тынысымен тығыз байланысып жататынын жоғары бағалады.
“Асқар пролетариат әдебиетіне қандай жолмен келді? Асқар коммунистер партиясы бастап отырған пролетариаттың социалистік құрылысына қалай қатынасты? Асқар пролетариат ақыны ма?”-деген сұраулар қойылып, соларға өзінше жауап береді.
“Қазан революциясы болғанда завод, фабрика қожайындары мен жұмысшылар тартыста болып, аштық, өлім, апат болды. Орыс пролетариаты басқа ұлттық бауырластарымен бірігіп бостандық алды. Осы төмен құлдыраған шаруашылықты кемеліне келтіру дәуірінде Қазақстан пролетариат жазушыларының екінші буыны болып Асқар туды. Асқар басынан екі дәуірді өткізді. Ол әдебиет майданында комсомол ортасынан тәрбиеленіп, шынығып келіп кірісті. Ол әдбиеттің әр түрінде (өлең, әңгіме, очерк, сықақ, фельетон) жазды. Тап майданында өзінің өткір қаламын тап дұшпандарына, жат адамдарға, тап жауына түйрей білді. Оларды ұлы тілімен сықақтап, бет пердесін аша білді. Жаңа өсіп келе жатқан пролетариат кадрын, завод тұрмысын, құрылыстың шегесін, тетігін шамасы келгенше суреттеуге кірісті. ¤мірдің түйінді мәселелерін, дәуірдің кезеңді жылдарындағы саяси істерімізді көре, көрсете білді”.
Асқар қазақ даласындағы социализм идеясын, бүгінгі заман тақырыбын жырлады. Теңдік алған кедейлердің азат өмірі, байларға қарсы таптық күресі, әйелдердің теңдік алуы, халық ішіндегі оқу-ағарту мәселесі, кедейлердің коллективтік шаруашылыққа бірігуі – ақынның алғашқы өлеңдерінің өзекті тақырыптары бола отырып, жаңа идеяны насихаттаушы ақын ретінде танытты.
Жаңа заман тақырыбын игеру Асқар лирикасында Қазан төңкерісінің маңызын, ол әкелген бостандықты, революция көсемі Ленинді жырлаудан басталды (“Мәңгі таң”, “Ленин ескерткішіне”, “¤зі өлді, жолы тірі”, “Он үш жыл”).
“Егінші”, “Мойын қос”, “Бізде алайық трактор”, “Наурыз” өлеңдерінен жаңа өмірге қадам басқан шаруалардың зор талабын, “Мұғалім”, “Жас дәрігер”, “Біздің әскер”, “Шойынқараның ойын қара” өлеңдерінен ізденіп, өсіп келе жатқан жаңа адамдардың бейнесін танимыз.
Бұл жылдардағы Асқар лирикасының басты тақырыптарының бірі –әйел теңдігі мәселесі. “Азаттық күн”, “Фатиманың хаты”, “Ағасының жауабы”, “Сәуле”, “Ажаркүл” атты өлеңдері азат әйелдердің өмір жолын бейнелейді. Асқар поэзиясының өмірмен байланысты сырларын С.Ерубаев міне осылайша сипаттады. Сыншы Асқар өлеңдерінің алуан тақырыпты, кең тынысты патриоттық пафосқа толы сыр-сипатын дұрыс ашып, көрсете білді. Осындай жетістікті жақтарын көрсетумен қатар сыншы Асқар творчествосындағы кемшіліктерге де тоқталып өтті. Асқар өмір туғызып отырған өзгерістердің мәнін түгелдей дұрыс түсініп, сезіне алмады. “Былтырғы көктем”, “Биылғы көктем”, “Маяк” өлеңдерінде Асқар мазмұнына қарамай, ұйқасты қуып кеткен-деді сыншы.*
Саттар қазақ поэзиясына және Асқар поэзиясына мынадай талаптар қойды: Жазушы жазам деп алған тақырыбын жете түсінуі керек. Күндегі ұранды жаттап алып, оны құрғақ тақпақтап қоймай, диалектика жолымен мәселенің шын маңызын түсіну, жұртқа түсіндіру керек.
1934 жылы және 1937 жылы жарық көрген Ғ.Тоғжановтың, Қ.Бекқожиннің сын мақалаларында Асқардың поэмаларындағы кемшіліктері баса айтылады.
З.Шашкиннің, Қ.¤теповтің, Б.Кенжебаевтің, Е.Исмайыловтың сол тұста жазған сын мақалаларында да Асқардың күнделікті өмір тақырыбын игерудегі табыстары мен кемшіліктері сөз болды. Профессор Е.Исмайылов “Сен мен шығарма” деген еңбегінде Асқардың шығармаларын үш салаға бөледі: лирика, поэма, сатира.
Егер XX ғасырдың басындағы және қазақ әдебиетінің алғашқы дәуіріндегі поэзиямызда фельетон, сатиралық өлеңдер жазуда С.Дөнентаевтың алатын орны ерекше десек, Асқар қазақ әдебиетінде бұл дәстүрді әлдеқайда дамытып тереңдете түсті. Асқардың сатиралық поэзияны дамытуына сөз жоқ орыстың классикалық әдебиеті, әсіресе В,Маяковский, Д.Бедный тағы басқа солар сияқты орыстың көрнекті ақындарының сатиралық поэзиясы үнемі әсер етіп отырғандығы даусыз.
Қазақ әдебиетінде әлі дамып жетілмеген сатиралық поэзияның әр алуан үлгілерін (фельетон, эпиграмма, мысал т.б.) дамыту жолында Асқар жемісті еңбек етті. Асқар қазақ әдебиетінде фельетон, сықақ, мысал жанрын дамытушы, әрі осы жанр арқылы кейінгі жастарға үлгі көсетуші десек қателеспейміз.

Асқардың қазақ әдебиетінде алар орны, ақындық ерекшелігі, өмірі мен творчествосы туралы алғашқы мәлімет 1942 жылы Е.Исмайылов редакциясымен басылып шыққан оқулықта берілген екен. Одан соң бірнеше мақалалар соғыстан кейінгі дәуірде жазылды. Бұл ретте Ғ.Мүсіреповтің С.Мұқановтың, А.Нұрқатовтың, Ә.Тәжібаевтің, С.Төлешевтің мақалаларын атауға болады. Бұл мақалалардың бәрінде де Асқар товрчествосының өмірмен тығыз байланыстылығы, лирикасы мен сатирасын маңызын айрықша атап көрсетеді.
Асқардың ақындық шеберлігі жөніндегі жән үгіт сарындағы өлең-жырларды жазудағы табысымен қатар кемшіліктерін де көрнекті жазушы, сыншыларымыз көрсетіп отырды. С.Мұқанов: “¤леңдерінің сыртқы көрінісін, яғни түрін, көбінесе қызықты суреттейтін Асқардың бояулары кейде қалың жағылмай, жұқа сүртіліп, ілгері басқан заманының ауа райын көтермей өтіп кетеді”,-дейді.
Ғ.Мүсірепов: “Асқар… творчествосы газетпен астасып жатқандықтан, ол көбіне өлеңді газет қарызын өтеу үшін жазады. Сол себепті Асқарда кең талғам жоқ”, -дейді. Әрине бұл Асқар поэзиясы туралы әділ сындар. Асқардың өлеңдерінде қайталаулар кезедесіп жатады.
Асқар творчествосы туралы осындай әр түрлі мақалалар бола тұрса да, ақынның поэзиялық шығармалары жөнінде әлі жан-жақты зерттеулер болмаған.
Асқар туралы бұрын жазылған мақаланың бәрінде де ақынның лирикалары әрбір тарихи дәуірге байланысты алына бермейді. Мысалы, ақынның 1928 жылы жазылған өлеңдері мен одан бергі еңбектері бір дәрежеде емес, ақындық шеберлігі жағынан толып жатқан жетістіктері бар. Ақын туралы мақала жазғандар оның поэмасын бастан-аяқ сынап шығады. Ия, Асқар поэма жазуда сәтсіздікке ұшырады. Бірақ, ол сәтсіздіктер бір Асқарға ғана тән емес.
Ақын творчествосы туралы жалпы айтуды қойып, ақын поэзиясына көшейік. Ақын өміріміздің аса маңызды сан алуан тақырыптарын жырлаған . Сонда Асқар лирикасы қандай?
Жиырмасыншы жылдардың ортасынан бастап қалам ұстаған ақын содан бергі уақыттың ішінде халыққа кең тарап, өмірден тұрақты орын алған, өзіндік өзгешелігі зор аса көп поэзиялық шығармалардың авторы болды. Сонымен қатар ол жұртшылыққа көрнекті прозаик, драматург ретінде де танылып келді.
Асқардың творчествосындағы басты тақырып – жасампаз еңбек адамын жыр ету. Заманымыздың ең маңызды мәселелеріне ақын өз творчествосымен қызу үн қосып отырған. Оның шығармаларының ең алдымен баспасөз беттерінде жарқ етіп шыға келетіндігі де кездейсоқ емес еді. Бұл ақынның творчестволық адымы халықтың күнделікті өмірімен сай түсіп отыратындығын дәлелдейді. Асқардың творчествосы тақырыбы жағынан болсын, жанрлық жағын,ан болсын көп салалы, алуан түрлі аса күрделі болып келеді. Ол өзінің ақындық талантын лирика жағынан бастады. Оның лирикасын сөз еткенде, заманымыздың актуальді мәселелерін қамтитын саяси лириканың басым екенін атап айтуымыз керек. Ақындық таланты, әсіресе осы салада яғни саяси лирикада ерекше көзге түседі.
Автор кешегі қой соңында жүрген Шойынқараның көңіл-күй, арманын, оның көксеген, арман еткен арманы көп, ол малы көп бай, би, Сырымбай сияқты молда немесе Қордабай сияқты ұры болсам ба екен деп бұлардың бәрін де өзіне лайықты көрмейді. Соңында Шойынқара бәрін қорытып, оқу оқып маман иесі болуды, білім алуды арман етеді. Ол:
Байқасам азық та сол, дәулет те сол,
Лайық адамдыққа сәлет те сол.
¦мтылып ілім-білім жемісінен,
Созатын дер кезім-ау нәубетке қол.
Аттанды қуанышпен Шойынқара,
Ауылға қайырып сап қойын ғана.
Жасынан бай үйінде қойшы болған,
Жетімнің Шойынқара ойын қара,-деп автор кешегі қорлықта жүрген Шойынқараның сана сезімі өсіп, қайырлы қадам басып, мектеп іздеп келешекке ұмтылған, үміт болашақ оқыған жастарға екендігін түсінген Шойынқараны ақын нанымды да сенімді көрсетеді.
Ақын творчествосынан біздің көретініміз еңбек адамының ойы мен арманын, заманымыздың сезімі мен жүрек сырларын шебер суреттейді. Оның шығармаларының көпшілігі ауыл кедейлерінің ой-арманының, тыныс мен тіршілігінің, бүкіл өмірінің көрінісі сияқты. Яғни ақынның лирикалық кейіпкері – ең алдымен еңбек адамы, жаңа өмірдің, жаңа тұрмыстың белсенді күрескері.
Қоғамдық жаңа құбылыстар, елді индустрияландыру тақырыбы Асқар поэзиясының жаңа идеялық мазмұны болды. Егер ол бұрын көбінесе ауыл өмірін жырлап келген болса, бертін келе жаңа техника туралы жазған, поэзиялық тамаша образ жасау арқылы, сол жаңа техниканың халық өміріндегі маңызын жырлайды. Оны “Түрксиб түйіскенде” деген өлеңінен аңғаруға болады:
Қырдан асып, белді басып,
Жолды салған қандай ер?
- ол қайратты, ол қажырлы,
Қайтпас қайсар – жұмыскер.
Ал, ендеше Қазақстан,
Түйіскенде Түрксиб.
Қалың қайрат ер еңбекпен,
Қаһарлана қайта шық!
Ақын өз творчествосымен адамзаттың Отанға деген сүйсіпеншілігі, ел патриоттарының ерлік образдарын жасайды, олар табиғатты өзгертіп, өлкемізді гүлдендіріп жатқан қаһармандық еңбегінің даңқын көтереді.
Ол шынында да сол дәуірдегі ерекше маңызы бар саяси әлеуметтік мәселе – әйел теңдігін де өз жырларына қосты. Әдебиет тұрғысынан асақ, осы кездегі жаңа өмір үшін күресуші, ұнамды кейіпкердің образын жасауды керек ететін үлкен тақырып болатын. Бұл тақырыпқа Асқар Тоқмағамбетов те өзінің әсерлі шығармаларын әйел теңдігі үшін белсене күресу, қызды қалың малға сатудың озбырлық мәнін ашып көрсетті. Ол кеңес үкіметі азат еткен қазақ әйелдерін саяси-қоғамдық өмірге белсене араласуға, сауат ашып, білім алуға, өз тағдырының қожасы болуға шақырады. Оны осы кезде жазған “Бәтиманың хаты”, “Ағасының жауабы” деген өлеңдерінен байқауға болады.
Қабағым қатулы,
Жанға дерт батулы.
Ата-анам аямай,
Тек білді сатуды.
. . .
Оқиын, білейін,
Ойнайын күлейін.
Қор болмай тоқал боп,
Теңімен жүрейін – деп кешегі қазақ әйелінің басында болған ауыр халды шынайы да ұтымды суреттейді. Бұл шығарма сол кездегі саяси әлеуметтік өмірдің шын пердесін тауып айтқан көкейкесті күй болды. “Бәтиманың хаты” өлеңінде адамдар арасындағы асыл қасиетті нәзік те қарапайым тілмен әдемі жеткізген, бұл сол жылдары бүкіл қазақ қыздарының басындағы ауыр қасірет болатын. Сондай-ақ “Біздің Сәуле” деген өлеңінде ақын күндіктен құтылып, теңдік алған, сауатын ашып, жаңа өмір орнатудың қатардағы қайраткері дәрежесіне жеткен қазақ қызын мақтанышпен жыр етеді. “Сәуле”, “Жас жауынгер” сияқты өлеңдерінде ақын қазақтың халықтық өлеңдерінің үлгісіне, кейін орыс әндерінің өлеңдік дәстүріне сүйенеді.
Асқар әнге арнап өлең жазған алғашқы қазақ ақындарының бірі және ол қазақ өлеңінің ырғақтық құрылысын жаңарту жөнінде де көп жұмыс жасаған. Әсіресе соғыс жылдарында әнге арнап өлең жазумен көбірек шұғылданады.
А.Тоқмағамбетов жазған толғаулар мен поэмалар да аз емес. “Қаскелең” (1934), “Бақыт кілті” (1934), “¤мір жолы” (1940) сияқты поэмаларымен қоса “Қуаныш жыры”, “Қады жазу”, “Мұнай бер” т.б. бірнеше толғаулары бар. Бұл шығармаларында автор колхоз өмірін шебер бейнелеп, егін даласындағы еңбек ерлерінің образдарын суреттейді. Бұл шығармалардан біз колхозшылардың ұнамды және ұнамсыз кейіпте бейнеленген әр алуан образдарды кезедестіреміз. Мәселен колхоз шаруашылығын жаңа ғылыми негізде өркендетуге бар күшін жұмсап жүрген агроном Әлібектің образын ақынның “Агроном көктемі” поэмасынан байқаймыз.
Асқар поэзиясының мәнділігі оның күделікті өмір талабына сайма-сай келіп отырғандығында. Еңбек майданындағы халықтық қозғалыстар оның творчествосынан кең орын алған. Ол күнделікті өмір талабына өткір саяси лирикамен шапшаң жауап беріп отыратын ақын.
Отызыншы жылдар біздің халқымыз үшін дүниежүзілік рекордтар мен тамаша жетістіктің жылдары болды. Ол жылдары атақты челюскиншілердің бүкіл әлемді таңқалдырған жорығы жасалды. Чкалов сияқты ержүрек ұшқыштар Солтүстік полюстен ұшып өтіп, елімізде көптеген қаһармандық оқиғалар болып жатты. Кеңес адамдарының дүлей табиғатты игеру жолындағы ерлік істерін бейнелеу кеңес әдебиетінің негізгі тақырыбына айналды. Бұған сол кездегі қазақтың ақын-жазушылары белсене ат салысты. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов сияқты көрнекті жазушыларымыз осы тақырыпқа арнап: С.Мұқанов өзінің “Ақ аю”, Т.Жароков “Күн тіл қатты”, І.Жансүгіров “Жорық”, Ж.Саин “Пилот сыры”, А.Тоқмағамбетов “Советтік маршрут” сияқты шығармалар халықты патриотизмге, Отанға деген шексіз сүйіспеншілікке тәрбиеледі.
Соғыс жылдарында фашистік агрессорларды әшкерелемеген, кеңес адамдарының жауға қарсы ерлік күресін жырламаған ақын болған жоқ: Жамбылдың “Ленинградтық өренім”, Байғариннің “Батыр туралы жыр”, Қ.Аманжоловтың “Абдолла”, А.Тоқмағамбетовтың “Ажалды жеңген алыптар” сияқты шығармаларда ерлік дәуірдің екпініне сай үндер басым болды. Міне, осы кезде ақын Асқар соғыс кезінде көптеген шығармалар жазды. Оның тақырыбы – майдан мен тылдың бірлігі, халықтар достығы, соғыс өртін тұтандырушыларға қарсы күресі. Ақын халықаралық тақырыпқа арнап “Берлин көшесінде”, “Испания”, “Қараңғы түнде”, “Рейн жағасында” сияқты бірнеше шығармалар әкелді. “Берлин көшесінде” - ақын көркемдік теңеулер арқылы екі дүниенің суреттерін береді. Поэмадағы ананың балаға деген .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык А Тоқмағамбетов шығармаларының ерекшелігі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Адебиет курстық жұмыстар, А Тоқмағамбетов шығармаларының ерекшелігі