Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 127 ответов (Результаты запроса 1 - 50) :

Қазақ мақал мәтелдері

 Қазақ мақал-мәтелдері2ҚАЗАҚ МаҚАЛ- МӘТЕЛДЕРІАлматы«БАЛАУСА»баспасы 2013Қазақ мақал-мәтелдеріУДК 821.512.122ББК 84 Қаз-7Қ 17 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару...
Word құжаттары
Толық

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)

 Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылдық округінің Қараой деген жерінде жерленген Жарсуат ауылынан 45 шақырым жерде жерленген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де....

Шығармалар
Толық

«Жылдық айналымымыз 300 миллион теңгеге жетеді»

Көпшілік табысқа жету қаржысы көп саланы таңдауға байланысты деп ойлайтыны өтірік емес. Ал компаниясының жылдық айналымын биыл 300 миллион теңгеге жеткізуді жоспарлап отырған тәжірибелі зергер әрі кәсіпкер Самат Ажибеков бизнесті дұрыс жүргізе білсе, ақша барлық салада бар деп есептейді. Еліміздегі үздік зергерлік шеберхананың негізін қалаған ол Dauletten.kz сайтына берген сұхбатында қызығушылығын осы кәсіпке қалай айналдырғаны туралы баяндап, кәсіп ашу, команданы басқару, даму жөніндегі білім-тәжірибесімен бөлісті.  

Бизнес және қаржы
Толық

Бір ғасырлық күрес

 Бәрі де «Зұлмат» фильмін көргеннен кейін басталды. Бұл қысқаметражды фильм бір үйдің алты баласын анасының көз алдында атып тастауы арқылы 1930 жылы болған «Созақ көтерілісінің» себебін түсіндіріп берді. 1925-1933 жылдары Қазақстанды басқарған Ф. Голощекиннің геноцидтік саясатына қарсы әртүрлі аймақтарда 300-дей көтерілістер болғанын, оның «Кіші қазан» науқанын жүргізуінің нәтижесінде алапат аштық апатынан 6 миллион қазақтың 3 миллиондайы қырғынға ұшырағанын білгенде денем мұздап кетті.

Бұл фильм мені ХХ ғасырдың 20-30- жылдарының тарихын оқып- білуге құштарлығымды оятты. Сонымен, Бибі әжемнің үйіндегі кітапханадан «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» ғылыми-зерттеу жобасы аясында жарық көрген үш кітаптан тұратын бірінші том- «Тама» атты кітабын тауып алдым. Онда біздің еліміздің бастауларын, ұлттың қалыптасу тамырларын ғылыми-зерттеу арқылы көрсетіп, ерте ортағасырлардан ХХ-ғасырдың 30-жылдарына дейінгі Кіші жүздің Жетіру тайпалар бірлестігіндегі Тама тайпасының тарихы баяндалған екен. Әртүрлі деректер мен нақты зерттеулерді талдау негізінде Тамалардың Түрік қағанаты тұсында, Алтын Орда құрамында, Қазақ хандығы тұсындағы ұлт-азаттық қозғалыстары, Тамалар бастаған 1930 жылғы «Созақ көтерілісі» туралы көптеген тың, соны мәселелерге қанықтым .

Сөйтіп, менің тарихқа деген қызығушылығым күн санап артты. «Зұлмат» фильмі мені қазақ халқының ұлт болып қалыптасуын білуге жетеледі, қызығушылығымды шыңдады ....... 

Шығармалар
Толық

Үй жануарлары

Мақсаты: 1. Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың төлдерін бір - бірінен ажырата білуге, зейін қойып тыңдауға үйрету. Олардың бізге тигізетін пайдасы туралы айту.
Ашық сабақтар
Толық

Шежіре: Орта жүз - Арғын руы

Орта жүздің Арғын тайпасы ірі-ірі екі рулық бірлестіктен: Мейрам және Момын бірлестіктерінен тұрады. Арғын тайпасының таңбасы көз:
Шежіре: Орта жүз - Арғын руы

ұраны «Ақжол».
Жалпы, осы кітапта шежіре-кестелердің бір-бір нұсқасы, үлгісі ғана келтіріліп отыр. Сондықтан да шежіре-кестелерді ақиқат үлгі деп қабылдамай, оларды көп үлгінің бірі ретінде салыстыру қажет.
Шәкерім Құдайбердіұлының халық аңыздары мен қазақ шежіресіне негізделген дастандарынан жоңғар шапқыпшылығы кезіндегі қазақ тайпаларының көшу жолдарын біршама аңғаруға болады.
Қалқаман мен Мамырдың махаббаты туралы қайғылы хикаясын Ш. Құдайбердіұлы қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі жағдайында өрбітіп, халықтың жадында қалған адамдардың есімдерін....
kz
Толық

Тәуелсіздіктің бақытты балалары

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халық бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар! Нұрсұлтан Назарбаев Халықтың тілеуі бабалар арманы орындалған, Тәуелсіздігіміздің 25 жылы құтты болсын»,-деген құрбымның хаты мені ерекше жылулық нұрымен өзіне тарта түсті.Әрбір Ұлы Даланың перзенттері бұл мерекені жүрегімен сезіне және мақтана білу керек... Одан әрі досым ойын жалғастыра түсіп:
- Бәйтерек –Астананың сондай-ақ менің мәңгілік мақтанышым. Мұнда өзге ұлт өкілдерінің балаларымен бірге сабақ оқимыз және ойнаймыз. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті тұрамыз. Біздің өзгелерден ерекшелігіміз осында,- депті. Хатты оқып шығып, мен де бір сәт ой құшағына бөлендім: - Мен Тәуелсіз еліміздің бақытты ұрпағымын. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді» деген Елбасы сөзі менің келешегімнің жарқын болатынына сенім ұялатады,- дедім құрбыма жазған хатымның алғашқы сөйлемінде.
Естеміс, Бумын, Ер Түрік,
Сөз сөйле содан келтіріп.
Білге қаған, Елтеріс, Жеңіске жеткен жең түріп
Күлтегін, Тоныкөк тегіміз, Ежелгі түрік еліміз.
Алтайдан Альпыға дейін
Созылып жатқан жеріміз.
- Құрбым, қарашы біздің Тәуелсіз жеріміз қандай кең, бабаларымыз «Мәңгілік Ұлы даланың» тарихын атының тұяғымен жазған дегені осы емес пе?. Көк айдынды Каспийден – кенді Алтайға, қарт Оралдан – ақ басты Алатауға дейінгі аралықты алып жатқан кең байтақ қазақ жеріне - тұтас алғанда: 40 Израиль, 10 Швейцария, 2 франция, 6 Албания, 5 Белгия, қос Германия сыйып кетеді екен. Қазақтың осы ұланғайыр маң даласын Қоңыраттан шыққан Алпамыс батыр, Қарақыпшақ Қобыланды, Қамбар батыр мен Ер Тарғын, Қабанбай мен Бөгенбай, Бұқарбай мен Ағыбай, үш жүздің басын қосқан Абылай, Кенесары мен Наурызбай, Жалаңтөс пен Жанқожа батырлар қоғап келді, қорған болды. Иә, бұл – Үлы Даланың тарихы.. Енді, міне, сол Тәуелсіздігімізге 25 жыл. Көне тарих халықтары өзінің ерік-жігерін, ақыл-парасатын, қажыры мен қайратын биік мұрат жолындағы жасампаздық істерге жұмылдырған кезеңдерде небір қиындықтарды еңсеріп, дамудың ғажайып асқар биігіне көтерілгенін көрсететін жарқын мысалдары көп. .....
Шығармалар
Толық

XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6.3 А XIII – XV ғасырдың І жартысындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: XIII – XV ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.1 – күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау
Сабақ мақсаттары: Шығармалардың мазмұны мен негізгі идеяларын талдау арқылы, күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дерек ретінде маңызына баға беру.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Өмір мен өлім айқасы

Арпалысып жүріп алған абырой - өмірдің ең шырын рақаты.
Б. Момышұлы
Арпалыс. 1941 жылы бастау алған сұрапыл соғыс, шынында да, ұлы арпалыспен өткен еді. Бірақ, ол кезде соғыста жанын қиғандардың ешбірі абырой үшін, атақ үшін жан қиған жоқ, керісінше «Отан үшін», «ел үшін» деп, қарша бораған оққа көкірегін тосып, өлсе де оған өкінбей, Отан үшін өмірін қиып тұрып алған абыройын өмірдің ең шырын рақаты деп білді.
Қазақтың аты аңызға айналған ғазиз ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы тағы бірде:
Ежелден ер тілегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі, – дейді.
Соғыс жылдарында ерлік көрсеткен азаматтарымыздың ел тілегін тілеген, елге тірек бола білген, адал ұл болғанына ешкім күмән келтірмес.
Біздің елдің өзінен ғана жиырма миллион адам қаза тапқан Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да жетпіс жыл толып отыр. Бомбалар мен снарядтар қопарып, окоптар айғыздаған жер жарасы жазылғалы қашан. Содан бері жомарт табиғат жер бетіне жетпіс рет жасыл кілемін жайната жауып, жетпіс рет жинап алды. Жеңіс жылы туған баланың өзі жігіт ағасының жасына жетіп, самайын қырау шалды. Сол алапат соғысқа қатысып, от пен оқ өтінде жүріп, солдат етігімен Берлинге жеткендер қазір ат төбеліндей ғана. Қаһармандар қатары селдіреп барады. Емші уақыт талай қаралы көңіл мен жаралы жүрек дертіне дәру болып, қайғы-қасірет ұмытылып бара ма, қалай?.......
Шығармалар
Толық

Аты – аңызға, сөзі – нақылға айналған ата

Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі орын алатын күн. Бұл - біздің елімізге төнген үлкен қауіп әрі сын еді! Отанымызды қорғауға еңбектеген жас та, еңкейген кәрі де аттанды. Соның бірі – Бауыржан Момышұлы. Қазақ халқының «Ақын – елдің еркесі, Батыр - елдің серкесі» деп ақын мен батырды айрықша қастерлейтін дәстүрі бар. Бауыржан атамызда осы екі ұлы қасиеттің екеуі де бар.
Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Мәскеу түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігі мен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, Бауыржан дүниеге келгенде:
- О, Момыш баланың бауы берік болсын»
- Ақменттей бабасындай батыр болсын!
- Бәйдібек батырдың аруағы қолдасын!
- Домалақ анамыз жар болсын! десіпті ел – жұрт. Арты шілдехана тойға ұласыпты. Той соңында Имаш ата былай деп бата берген екен:
Алатаудың қыраны мол еді
- Қырағы болсын, құлыным.
Қойнауы суға мол еді......
Шығармалар
Толық

Ұлы Отан соғысы

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының бірлігінің дәлелі. Бұл соғыстың азабын таартпаған қазақ жоқ шығар. Қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген миллиондаған отандастарымыздың Баликов Умар да бар еді 1945 жылы әлем үшін қуаныштыда, естен кетпес күн, яғни бұл күндері біздің ер жүрек ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз барлықтарына өздерінің жерлері үшін Отаны үшін қандарын төкті, азап шекті, қыстың анау ызғырына шыдап бағып төске өрледі. Жүректерінде «біз жеңеміз» деген ой өрледі. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышымен дәлелдеді. Жауға қарсы шайқастар алыстағы ауыл мен кең байтақ далаларда да жүріп жатты. Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісі, еңбегімен соққан еңбекшінің ерлігі ұмытылмайды.
Батырлық – жеке адамға тән патриоттық қасиет. Батырлардың ерлігі қазақ ауыз әдебиетінде ежелден жырланып келеді. Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбар батырлар қалмақ, монғол басқыншыларына қарсы күрестегі ерлігімен көзге түсті. Бұлар халықты жауға қарсы жұмылдырды, елдің еңсесін көтеріп, есін жиғызды, кек алуға шақырды. Ұлы Отан соғысының (1941-1945) қаһарман батырлары арасында 500-ге жуық қазақстандық болды. Олардың қатарында Шығыстың қаһарман қыздары Әлия Молдағүлова мен Мәншүк Маметова да бар........
Шығармалар
Толық

Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: 2.2. Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қояды және жауабын шығармадан таба алады, бөліктерге бөліп, жоспар құра алады
Көптеген оқушылар:қойылған сұрақтардың жауабын шығармадан тауып, себептерін түсіндіре алады
Кейбір оқушылар: жоспар құруда шығармадан негізгі ұғымдарды анықтап, құрай алады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қанатты достарың Жүсіпбек Аймауытов Қараторғай (3 сынып, I токсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Қанатты достарың. Жүсіпбек Аймауытов. Қараторғай
Оқу мақсаты: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру;
3.1.4. 2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:. мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды, мәтін бөліктеріне тақырып қояды;
Көптеген оқушылар: мәтіннен нақты ақпаратты табады және сызба түрінде көрсетеді,
Кейбір оқушылар: әңгімелеу барысында иллюстрациялар/суреттер қолданады, жоспар құрады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Қ әрпі бойынша ат қою)

ҚАБАЙ - көне түркі тілінен келген - бесік.

ҚАБИ - араб тілінен алынған хаби — күшті, мықты.

ҚАБИБ - араб тілінен алынған хабиб — дос, жолдас, ашына.

ҚАБЛЕТ - араб тілінен алынған қабиллят — ептілік, икемділік, бейімділік, қабілеттілік.

ҚАБЫЛ - араб тілінен — қабыл алушы, қарсы алушы; келешек, болашақ.

ҚАДЫР - араб тілінен алынған хадр — күшті, кұдіретті; қабілетті, икемді, бейімді; дәреже, құрмет.
Есімдер мағынасы
Толық

Қадыр Мырза Али (Теріс тірлік)

Тауысып барлық амалды,
Күрсініп ғалым дем алды.
Мақалдың кебі сотталды,
Эпостың көбі қамалды.
Күресіп өлген хандармен,
Хандарға жақын жандармен...
Қалдық та бардық Бір ғана
Қарақасқа атты Қамбармен!
Сақалын сипап шалдарым,
Колхозға берді малдарын. .....
Өлеңдер
Толық

Күләш Ахметова (Ғасыр қасіреті)

Қай заманда тимеген жанға сүргін?
Тыртығы мен тарихтың таңбасы — ырғын.
Қайсар халық қаншалық күрессе де,
Қасіреті қалмаған әр ғасырдың.
Қарап тұрсаң дамудың мәңгі заңын,
Адам жолы — қиямет, зарлы жалын.
Ғасырлардың иығы — қызылала...
Мен айтпай-ақ қояйын арғы жағын.
Мен бармай-ақ қояйын ар жағына,
Мың-мың жылдың дауына, жанжалына.......
Өлеңдер
Толық

Халық педагогикасының асыл арналары

Қазақ халқының ауыз әдебиеті өлшеусіз бай. Батырлық дастандар мен лирикалық поэмалар, толғаулар мен жырлар, мақалдар мен мәтелдер, ертегілер мен аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, айтыс өнері - халықтық педагогикадан бастау алатын атадан-балаға, ауыздан-ауызға беріліп келе жатқан мұралар.
Халық ауыз әдебиетінің негізгі түрлері:
а/ Тұрмыс-салт жырлары;
ә/ мақал-мәтелдер;
б/ ертегілер;
в/ эпостық жырлар;
г/ лиро-эпостық жырлар;
д/ айтыс өлеңдер;
ж/ тарихи жырлар.
Қазақ халқы шығыс халықтарының ішінде ауыз әдебиетіне ерекше бай, өзіндік ерекшелігі бар халық. Мысалы, басқа шығыс халқында кездеспейтін ауыз әдебиетінің үлгілері - айтыс өнері, терме, тұрмыс-салт өлеңдері, шешендік сөздер.
"Қазығұрттың басында кеме калған, Ол әулие болмаса неге қалған". Бұл рухани мұраларда тәрбиелік, өнегелік мәні аса ауқымды небір ойлар мен тұжырымдар жинақталған. Халқымыз халықтық педагогика негізінде діннің қоғамдық өмірге қатысын, халық психологиясы мен мінез-құлқын немесе, сонымен қатар өз тарихын, тәрбие жүйесің рухани дәстүрін білдіреді. Ертеде қазақ халқының жазу-сызуы болмаған кезде педагогикалық идеялар ұрпақтан-ұрпаққа тек қана халық ауыз әдебиетінің үлгілері арқылы таралған болатын.
XIX ғасырға дейін жазуы кенже дамыған қазақ халқы үшін өмірде көркем өдебиетте, білім де-ауыз әдебиеті болды. Халықтың бүкіл тіршілігі әлеуметтік экономикалық өмірі - ауыз әдебиетінен мол көрініс тапты.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті- сан ғасырдың жемісі. Оның түп-төркіні сонау патриархалдық-рулық заманнан басталады.
Ауыз әдебиетінің барлық жанры тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, эпостық, лиро-эпостық жырлар, негізінен сол заманнан келеді.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері: ертегі, жыр, аңыз, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш айтыс түрлері және т.б.
Ауыз әдебиеті - талай ғасыр жемісі халық жырлары, жыраулары, жыршылары, ертекшілері сонау ықылым заманнан өзінін асыл қазынасы ретінде сабақтасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің дәуірімізге жеткен.
Әдебиеттік жағынан алғанда қазақтың әдебиеті әр алуан, Өркениетті мәдениетгі елдердегідей мектеп, халық ағарту жүйесі, институт, университет, баспасөз болмаған, дамымаған кездері ата бабаларымыз жас ұрпаққа ұсынар тағылымын бір буыннан екінші буынға толқындай ауыстырып, мирас еткен аса бай ауыз әдебиетіне шоғырландырылған.
Ал енді біз қазақ ауыз әдебиетінің: бесік жыры, жаңылтпаш және жұмбақтардың этно-педагогикалық мәнін қарастырайық.....
Рефераттар
Толық

Жылқы, ат

Жылқының пірі - Қамбар ата.

Жылқы - малдың патшасы,
Түйе - малдың қасқасы.

Жылқы күнде мінілсе - есек,
Айына мінілсе - ат,
Жылына мінілсе - тұлпар.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жылқы - малдың патшасы

Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі,айырылмас досы болған.

Менің атам жылқышы болған. Мен де жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам:

Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді....
Шығармалар
Толық

Қобыланды батыр

Қазақ халқының эпосында батырлар жыры – ең бір мол сала. Бұл дастандар көбінесе сонау бір бағы заманда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар бастан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері – Қобыланды, Қамбар, Тарғын сияқты аға батырлар мен Алпамыс, Сайын тәрізді іні батырлардың есімдері тарихи оқиғаларға.....
Рефераттар
Толық

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)

Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің....

Рефераттар
Толық

Таңғажайып жеті 7 саны

Ғылыми Жобаның мазмұны
Кіріспе. ..................................................................3
1. Негізгі бөлім. .......................................................
1. 1. Сандардың шығу тарихы. ...............................5
1. 2. 7 саны – қасиетті сан. .....................................7
1. 3. 7 санына байланысты Қазақ аспаптары. ..........11
Қорытынды. ..........................................................16
Пайдаланылған әдебиеттер.....................................17
Ғылыми жобалар
Толық

Батырлар жыры

Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты....
Шығармалар
Толық

Ат - ер қанаты

Жылқыға қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер өте көп. «Ат - ер қанаты», «Жылқы - малдың патшасы», басқа да даналық нақылдарда жылқының қадір-қасиеті айтылған. Адамгершілігі мол, сабырлы да салмақты адамды «жылқы мінезді» деп дәріптеуінде үлкен мән бар.
Ерте заманда тарпан мен түзат қазақ даласында кездескен. Қазақтың тарихи дастан....
Шығармалар
Толық

Қамбар батыр

«Қамбар батыр» эпосы да қазақ халқына көптен мәлім, мейлінше кең тараған. Қазақстанның қай түпкірінде болсын, ел сүйсіне тыңдап, сүйіп оқитын шығармасының бірі.
«Қамбар батыр» туралы аңыз ел аузынан жазылып, алғашқы рет 1865 ж. басылады. Бұдан кейін 1868 ж. «Қисса Қамбар», 1903 ж. «Тоқсан үйлі тобыр» деген аттармен Қазанда басылып, ең толығырақ түрі «Қамбар батыр» деген атпен 1922 ж. Ташкентте шығады. «Қамбар батырдың» бұл вариантын баспаға даярлаған А.Диваев. Бізше, Диваев варианты тек толығы ғана емес, ең көркемі, ең жақсы варианты. Диваевтың 1922 жылы бастырған «Қамбар батырын» Сәкен Сейфуллин (1933 ж.), Сәбит Мұқанов (1939 ж.) жолдастар шығарған батырлар жинағында өзгертілмей, қайта басылды. Ең соңғы рет басылуы - 1957 ж. Мұнда «Тоқсан үйлі тобыр», «Қамбар батыр» екі вариант қатар берілген. Бұл баспасында «Қамбардың» басылу тарихы, версия, варианттары жайлы....
Шығармалар
Толық

Қазақ хандығына 550 жыл

Жоспар

Кіріспе
1. Қазақ хандығының құрылуы

Негізгі бөлім

1. Қазақ хандығының алғашқы басшылары (хандары)
2. Қазақ хандығына 550 жыл!
3. Қазақ хандығынан кейінгі қазіргі Қазақстан

Қорытынды


Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына.....
Шығармалар
Толық

Музыка | МУЗЫКА ӨНЕРІ

Халықтың музыкалық творчествосы. Қазақ халқының тұрмысы мен қоғамдық өмірі және еңбек әрекетімен біте қайнасқан рухани мәдениетінің етене саласы музыка болды. Дәстүрлі орындаушылық — жеке ән салу мен аспапты жеке тарту — кең тараған, әнді қосылып айту сирегірек; шығармалардың негізгі түрлері ән мен күй болған.
20-дан аса әр түрлі музыкалық аспаптар болған, олардың бір сарынды ғана дыбыс шығаратын кейбіреулері — шертер, жетіген, саз сырнай, кепшік, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ және басқалары — профессионалдық талаптарға сай келмей, біртіндеп құри берген. ....
Рефераттар
Толық

Тілендіұлы Нұрғиса

Тілендіұлы Нұрғиса (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Тілендіұлы Нұрғиса қазақтың музыкалық мәдениетіне композитор, дирижер, орындаушы ретінде өшпес із қалдырған суреткер. Ол 500-ден астам муызкалық төл туындылардың авторы. Осынау мол мұраның жанрлық аясы да қайран қалдырады: ән, күй, романс, увертюра, поэма, контата, опера, балет т.б. Сүйікті шығармаларынан «Достық жолымен» (1958), «Менің Қазақстаным» контатасын (1959), Қ.Қожамяровпен бірлесіп жазған «Алтын таулар» операсын (1961), «Ата толғауы» және оркестр үшін жазылған шығармаларын (1962), «Халық қуанышы» (1963), «Қайрат» (1964), «Жеңіс солдаты» (1975) сияқты увертюраларын атауға болады. Оның «Аққу», «Аңсау», «Арман», «Ата толғауы», «Әлқисса», «Қорқыт туралы аңыз», «Көш керуені», «Махамбет», «Фараби сазы» сияқты күйлері мен «Саржайлау», «Алатау», «Ақжайық», «Ақ құсым», «Өз елім» сияқты ондаған әндері халықтық бояу нақышының қанықтығымен, өзіндік қолтаңбасының айқындығымен жұртшылықтың сүйіп тыңдайтын рухани қазынасын айналған. Мұның сыртында қырықтан астам пьесаға және жиырмадан астам фильмге музыка жазған. ....
Рефераттар
Толық

Ықылас Дүкенұлы

Қазақстанда ысқылы қылқобыз аспаптарда орындау дәстүрі өнері ұлттық бастау алды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында аспаптық музыканың даму кезеңі - майталман қобызшы Ықылас Дүкенұлының шығармашылығымен тікелей байланысты.
Ықылас жеті атасынан қобызшылар әулиеті атанған Дүкен қобызшының отбасында 1843 жылы дүниеге келді. Оның туып өскен жері казіргі Жаңарқа мен Сарсу ауданына қарасты жерлер. Ықыластың аталары қара қобыздың қасиеті мен сиқырлы – мистикалық үніне қатты сенген.
Олар өз ұрпағының аман - саулығын, өсіп - өрбуін сол құдіретті күшпен байланыстырып, жамандық пен зұлымдылық аталудан сақтап қалушы да қара қобыз деп санаған. Ықыластың күйшілік феноменінің өмірге келгенін негізгі шарттарын дәйектегенімізде, оның түрлі бұлақтан нәр алатындығын анықталды. Ықыластың атақты күйші болуына әкесі Дүкен көп ықпал еткен. Оның тартқан қобызының үні баласының құлағына жас кезінен есте қалған. Демек, Ықыластың арғы тегінде күйші - қобызшы, домбырашы, өнерпаздар көп болған. Жезқазған облысының жерінде Қызылтаудың батыс шалғайына Дүкенұлы Ықыластың ата-қонысы орналасқан екен. Осы Қызылтау сілемінен шыққан күйшілер шоғырының ұлттық мәдениетімізге қосқан үлесі айрықша болып табылады. Бұл өңірдің қүйшілік дәстүрі өзінің бастау тегін тым көнеден бастаған. Бұл дәстүрдегі күйлер, тыңдаушыларға ерекше әсер береді. Күйші ретінде ғажайып дәстүрді Ықылас қобыз тілімен өте әсерлі дамытқан. Осы жерде тұлға ретінде ол рухани тарихымыздың төрінен көрінеді.
Ықылас екі жасынан - ақ ескі қобыздарды сүйретіп, ойыншық қылып ойнаған екен. Үш-төрт жасында от басында қариялар әңгімесінің үстінде атасы, не әкесі қобыз тартса көн шанаққа кішкене алақанын басып, тың тыңдап, зыңылдап шыққан үнге қап жүрген. Ол ел аузындағы «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян-сұлу», «Қамбар батыр», «Мұңылық - Зарлық» жырларына ұйып өскен деген деректер бар. «Сарысуда ұлан жаз бойы жатып алып жырлайтын жыршы Шөже жиі - жиі келген. Шөженің сай сүйікті сырқыратқан шерлі үніне боздаған қобыз үні қосылғанда, бес - алты жастағы Ықылас оны жылап отырып тыңдаған екен.
Кейін есейе келе сол әсердің күші болды ма екен, бір күйін «Қамбар» деп, екінші күйін «Мұңылық - Зарлық» деп тартқан болатын. «Қамбарда» - эпикалық кесек ой бар, «Мұңылық - Зарлық»-тәтті мұңға тұнған лирика» - деп жазады И. Жақанов. ....
Рефераттар
Толық

Су мәселесі

Қанша қиюластырғың келгенімен, әу бастан қиюы қашқан нәрсенің икемге келіп, иліге кетуі екіталай. Ал икемге келтіру үшін амал-тәсілдің сан түрін ойластырып, мәселеге жан-жақты байыппен қарағанда ғана бұрыннан түйіні шешілмей жүрген түйткілді дүниенің түйіні тарқап, күрмеуі біраз да болса шешілер еді. Әйтпесе...

Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және саяси мәселе сипатына көшетін сыңайы бар.

Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда. ....
Рефераттар
Толық

Сөз және оның контексте қолданылуы

Сөз мағынасынан әр тілдің өзіңдік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты болады. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Әсіресе, сөздің мағынасының өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп косылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарымен өзара қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жақты болуы мумкін. Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен мағыналарға қандай әсері болса, байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да соңдай әсер етуі ықтимал.
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады.
Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық және синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын талқылау, қарау, табыс, жарыс, мүше, құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т.б. — бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер. Мысалы, талқылау бұрын «теріні талқыға салып жұмсарту» мәнінде қолданылса, кейін оған қоса «мәселені жан-жақты тексеріп, пікір алысу» мәнінде айтылатын болды. Байланыс — бұрынғы «қарым-қатынас, аралас» мәнінің үстіне кейін «хат-хабар, телефон, телеграф арқылы қатынас жасау орны, мекеме» мәніне ие болды. Күн - бұрын «кісі өлтіргені үшін айыпкердің не оның руының мал басымен беретін төлемі»
мәніңде болса, қазір саяси экономиканың термин ретінде қолданылады. Халық тілінде ежелден белгілі айдар сөзінің («адамның төбесіне қойылатын бір шоқ шаш») мағынасы кеңейіп, қазір газет-журналдарда «бір тақырып төңірегінде ұдайы берілетін материалдардың жалпы атауын» білдіретін болды.
Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы, көне түркі тілінде тон, тары деген атаулар кең мағынасыңда қолданылған. Тон — тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, «жалпы киім» атаулыны, тары — тек «дәнді дақылдардың бір түрін» емес, «егін, астық» атаулыны білдірген. Қол — «адамның дене мүшесі» ұғымымен бірге, тарихи, «әскер, жасак» ұғымында да қолданылған. Қарындас — көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде, қазіргі кейбір түркі тілдерінде «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасын», болмаса «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен-саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған: міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.....
Рефераттар
Толық

Музыка | Қазақтың күй өнері

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі «дөпбұра», «дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқалы жасалған. Бұл белгілі бір логикаға бағындырылған қызғылықты жорамал. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікірінше «том» деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяңданып « домға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағына береді-мыс. Яғни домбыра сөзі «қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту» деген мағына береді.
Кейбір деректерде «домбыра» сөзі арабтың « дунбаһи бурра» тіркесінен, яғни «қозы құйрық» деген сөзінен қалыптасқан деген долбар әңгіме бар. Бұлай дегенде шамасы домбыраның шанағының сүйірленіп барып, қозы құйыршықтанып бітетіндігін негізге алған болуы керек.
Құдайберген Жұбановтың еңбегінде «күй» сөзіне мынадай пікірін білдіреді: « Қазақта «күй» түрінде айтылатын шағатай, ұйғыр тілдерінде, анатоль түрік тілінде «көк» болып айтылуы тиіс. Қазақтың «и» дыбысының бір қатары шағатай тілінде, ескі ұйғыр тілінде, түркімен, әзірбайжан, анатоль түріктерінің тілінде к, г-ге айналады. Қазақша «байламақ» деген сөз оларша «бағламақ» болады; қазақша «тимек» деген сөз оларша «текмек» болады ... сондықтан «күй» деген сөз оларда «көк» болуы табиғи нәрсе», - дейді. Сондай-ақ Ақселеу Сейдімбек те осы пікір жайлы « Күй деп басталатын қай сөздің де сезіммен астасып жатыр. Сол сөз көшпенділердің ең киелі сезімі – тәңірлік наным сеніммен ұштасып жатады. Демек, «күй» деген сөз әу баста Тәңірлік құбылысты білдірген. Тәңірдің дыбысы деген сенімдегі мағынамен шендес болғаны аңғарылады», - деп Құдайберген Жұбановтың пікіріне қосылған.
«Күй» сөзі түрік тілдерінің деректерінде XI ғасырдан бері белгілі.Махмұд Қашқаридің әйгілі еңбегі «Дивани лұғат ит түрік» атты сөздігіндегі «көк» (қазақта күй болып айтылады) деген атау аспапты музыканы да , әнді де білдіреді. Осы күнгі татар тілінде де «күй» сөзі аспапты музыка мен вокалдық музыкаға ортақ қолданылады. . ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Мәлік Ғабдуллин

Көрнекті қоғам қайраткері, ғалым-педагог, жазушы-публицист Мәлік Ғабдуллиннің бүкіл ғылыми шығармашылық қызметі негізінен қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиетін зерттеуге арналған.
Мәлік Ғабдуллин 1916 жылдың 15 қарашасында Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған деген мекенде дүниеге келген. 1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірген.
М.Ғабдуллин дарынды очеркші, жалынды публицист ретінде қазақ әдебиетіне өте зор үлес қосты. Сондай-ақ туған әдебиеттің тарихы мен сынына, оқу-тәрбие жұмыстарына қатысты еңбектері де елеулі.
1938 жылдан бастап қазақ фольклорының мәселелерін терең зерттеген ғалым. 1947 жылы “Қобыланды батыр” жырын ғылыми зерттеудің проблемалары” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” деген (1958) монографиясында халқымыздың лиро-эпосы, батырлық жырлары, ертегі-аңыздары, тұрмыс-салт өлеңдері, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, айтыс өнері туралы ғылыми таладулар мен терең қорытындылар жасады.
“Қобыланды батыр” жыры Мәлік Ғабдуллиннің негізгі тақырыбы болды. Бұл оған отыз жыл бойы әлденеше рет оралды. 1972 жылы “Қазақ халқының батырлық жыры” монографиясын жариялады. Мұнда жырдың айтушылары, зерттеушілері жөнінде кеңінен тоқталып, ертеден мәлім болған нұсқаларды салыстырады. Жырдың идеялық сарыны, көркемдік тәсілдері, композициялық құрылымы, ондағы эволюциялық өзгерістер, даму сатылары жан-жақты сөз болады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Махамбет Өтемісұлы әйгілі ақын

Өтемісұлы Махамбет-қазақтың әйгілі ақыны, күйші-композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша 12 ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректерде Құлиәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылайдан- 3 ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен 17 немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.
Халықтың азатығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, өр рухты ақын. Бекетай елді мекенінде (Бөкей ордасы, Орал облысы, Жөнібек ауданы) дүниеге келді.
Махамбет ақын жастайынан ақындық өнерге кұмартып өсті. Асқан дарындылығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел кұрметіне бөленген жоқ, сонымен бірге, өзінің батырлығы, даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді. Ол халық арасында болып жататын келеңсіз кұбылыстар мен келелі істерді өлеңдеріне арқау еткен. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақ хандары

Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар. Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік — зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам ресей және шетел зерттеушілері болған. 1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын[1] жасайды. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).
Бос жатқан [1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады:
Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын.
Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қажымұқан Мұңайтпасұлы Күш атасы Қажымұқан

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді.

Өмірі

Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1883 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған. Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді:

Атандым Мұқан палуан, бала жастан.
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан

Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол «Ваня ағай» деген атақты алғашқы кәсіби Санкт-Петербордағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Кенесары Қасымұлы

Атақты Шыңғыс ханның 27-інші ұрпағы, Абылай ханның немересі, қазақ халқының соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы 1802 жылы Көкшетау өңірінде дүниеге келіп, 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік - Сеңгір аңғарында шәйіт болды. XIX ғасырдың 30-40 жылдарындағы Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық қозғалысы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейінгі бабаларымыздың елі мен жерінің біртұтастығын қорғап қалудағы қатты наразылығы, қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы оқиға болды.
Ғұлама ғалым Шоқан Уәлихановтың жазып қалдыруынша (шығармалар жинағы, III том, 486 бет), Абылай хан он екі әйелінен қырық қыз, отыз ұл сүйген. Ұлдарының бізге белгілері: Сағындық - Шуақбай атты Қарақалпак бегінің қызы - Сайман ханымнан: Уәли, Шыңғыс, Әділ, Есім; Қашғар бегі Кенже Сарттың қызы - Бабақ ханымнан: Шеген, Рүстем, Оспан, Сыздық, Әбі-тай, Әбділда; Қалмақ ханы Қалдан - Сереннің туысы - Хошу мерген ноянның қызы Топыш ханымнан: Қамбар мен Қасым; Сырғалдақ қожаның қарындасынан: Тоқ, Қасым, Арық; Атығай - Қарауылдың қызы Тоқта ханымнан: Сығай, Тоғай, Сүйік, Әли, Құлан, Тоғым; Орыс сұлудан (тұтқын): Шама; басқа әйелдерінен: Ғұмыр, Байыр, Жәңгір, Сыпатай. Кенесары Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен: Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай мен бірге 6 алты ағайынды болып туған. Ал Кенесарының інісі Наурызбай Қасым сұлтанның екінші әйелінен өмірге келген.
Абылай хан 1781 жылы 69 жасында қайтыс болғаннан кейін оның ең үлкен ұлы Уәли (1738-1819 ж.ж.) әкесінің орнына хан болып сайланады. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі өзінің шырқау шегіне жеткен кезде Уәли 1774 жылғы 2 маусымда Орынбордың генерал-губернаторы Рейнсдропқа былай деп хат жазады: «Сізге дұғай сәлем жолдай отырып айтатыным төменгідей: Жоғары мәртебелі Сіздің Шыныят мырза арқылы жіберген хатыңызды алдық, тек әкем Абылай хан болмады, ол қалың қолмен сырттағы жауға аттанған еді, жауымыздың тас-талқанын шығарғандығы жайлы хабар алып отырмыз. Ал, мұнда елді оның орнына мен басқарып отырмын. Сіздер де қандыбалақ қарақшыны ұстапсыздар, бұл хабарды естіп мен қуанып қалдым. Себебі ұлы мәртебелі императордың біз жауына жау, досына доспыз ғой!» (А.И.Дмитриев-Мамонов. Орал мен Сібірдегі Пугачев көтерілісі. Санкт-Петербург. 1907, 139-140 бб.). Орыс бақылаушысы Чучаловтың айтуынша, «Уәли әкесі Абылай сияқты өркөкірек, алған бағытынан қайтпайтын қайсар, әрі құбылмалы» жан болған (ХVIII-ХІХ ғ.ғ. қазақ-орыс қатынасы. Алматы, 1964, 106 б.). 1782 жылғы 25 ақпанда Ресей патшасы II Екатерина Уәли ханды Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы әмір еткен грамотаға қол қояды. Петропавл бекінісінде Уфа мен Симбирск генерал-губернаторы генерал-поручик Якобийдің қатысуымен Уәлидің хан болып таққа отыруының және ант беруінің рәсімі өткізіледі.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қорқыт

Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII—IX ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың қыпшак нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек.
«Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды»,— дейді В. В. Бартольд. Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы, Қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Оның күйлерінде айқын байқалатын стилдік тұтастық, өмірді бейнелеу тәсілінің тұрақтылығы, әуен-сазындағы бақсы сарындарымен үндес қарапайым көнелік, сөз жоқ, дара тұлғаның қолтаңбасын айқын аңғартады. Бұл орайда, Қорқыт туралы аңыз-әңгімеден де бұрын, Қорқыттың бейітінен де бұрын, тіптен, «Қорқыт ата кітабынан» да бұрын, оның тарихта болған нақтылы тұлға екеніне музыкалық мұралары дәлел.
Қорқыт күйлері: «Қорқыт» (үш нұсқасы бар), «Аққу», «Әупбай», «Башпай», «Желмая», «Елім-ай, халқым-ай», «Сарын» (екі нүскасы бар) «Тарғыл тана». ....
Рефераттар
Толық

Жылқы, ат

Жоспар
Кіріспе
• 1 Жылқыны қолға үйрету тарихы
o 1.1 Қазақстандағы тарихы
 1.1.1 Арийлер кезеңі
 1.1.2 Сақтар кезеңі
• 2 Биологиясы
o 2.1 Өмір мерзімі және кезеңдері
o 2.2 Сипаттамасы
 2.2.1 Түсі
• 3 Түрлері
• 4 Қазақ халқындағы жылқы маңызы
• 5 Пайдаланылған әдебиет









Үй жануары
Ғылыми топтастыруы

Дүниесі: Жануарлар

Жамағаты: Хордалылар

Табы: Сүтқоректілер

Кіші табы: Нағыз аңдар

Ықшам табы: Ұрықжолдастылар

Сабы: Тақтұяқтылар

Тұқымдасы: Жылқылар

Тегі: Жылқы
Түрі: Жабайы жылқы

Кіші түрі: Үй жылқысы


Жылқы (лат. Еқұұс ферұс цабаллұс) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (Е. цабаллұс) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.
Қолға үйрету тарихы
Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасы есек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан (немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткен Тарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір, Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған. Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақ хандығы

Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)

Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар. Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік — зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам ресей және шетел зерттеушілері болған. 1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын[1] жасайды. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).
Бос жатқан [1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады:
Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын.
Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Ерік туралы жалпы түсінік

“Ерік – орыс тіліндегі “воля” сөзінің дәл аудармасы. Төл тілімізде “ерік-жігер”,”қажыр-қайрат” ұғымдарымен астарлас сөз “Қайрат” сөзін Абай жиі қолданғанған, Ж.Аймауытов еңбектерінде “ерікті”,”қайрат” деп атаған.
Ерік кең мағынада да, тар мағынада да жүретін сөз. Соқыр сезімге байлаулы серпілу болсын, қайта-қайта істелгендіктен әдетке айналып санасыз етілетін, амал болсын.
Ерік – адамның өз мінез –құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен бағыттайтын нәрсе – мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймай, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа,іс-әрекетке түсіп отырады.Адамда қимыл-қозғалыс есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін-еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар :мәселен , көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін еріктік қозғалыстар деп атайды. Мәселен: жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу, қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез-келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әр қилы кедергілермен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алайда адам алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті әрекетімен жеңуге ұмтылады.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңуден көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік 91 деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз –адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. “Қайрат дегеніміз-өмір жолында кездесетін екіталай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу ”. (Ж.Аймауытов)
Адамның мақсатты қалауы , әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда ниеттерінің жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл-адамның бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекетіне, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да , мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайдың өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ӘУЕНІМЕН ӘЙГІЛІ ӘБІЛҚАЙЫР ӘУЛЕТІ

Көне кептің байыбына салсақ, көмейіне Жошы хан қорғасын құйғызған домбыра қайтып үн қатпастай тұншықпақ еді. Алайда, ғасырлар өткенде басқа емес – нақ осы әміршінің өзінен өрбіген жұлдызды шоғыр азалы да жазалы аспаптың құдіретіне дүниені қайта табындырды. Жошы заманы тым жырақ – әңгімеміз адасар. Арғы атасы әз-Жәнібек – бұл да бағзы белесі. Бергідегі Әбілқайыр бабаларына алдияр дейік. Иә, әңгіме баһадүр хан ұрпағының тұқымнан тақ тоздырған тегеуріні емес, әулеттен ән оздырған тектілігі хақында болмақ. Әбілқайырдың тікелей мұрагері Нұралының отыз ұлы ішінде, әсіресе, Бөкей, Шығай, Қаратай тарихта аты қалған тұлғалар. Осы үшеуінен басындағы бақты тақтан емес, күмбірлі күй мен әуелеген ән-жырдан тапқан ұрпақ қаншама. Айталық, төре күйдің тәңірі Дәулеткерей, әншілігімен Жайықтың сырнайы атанған Мұхит сал, “Шалқыманың” жаршысы Жантөре хан – дарынымен дара тұрар есімдер!
Бір ғана Бөкейдің балалары – Жәңгір хан, Тәуке, Әділ, Меңдігерей сұлтандар сарайынан күй керуендете шыққан салтанатты топ ше? Тәукеден – Махамбет, Ғабдолхакім, Хабир күйшілер, Әділден – Науша күйші, Жәңгірден – шабытты ақын, шебер домбырашы Шәңгерей тарайды. Меңдігерей де өзімен бір анадан туған інісі Дәулеткерейді тек дәулет пен билікке баулымапты.
Ұлттық мәдениеттің тағы бір көрікті тобы – Қаратаевтар мен Мұхитовтар. Бұлардың көшбасшысы – әнші Мұхит. Мұхиттың атасы да, әкесі Мерәлі – Мерғали Еркінғалиев те рулы ел басқарған бел­сенділер. Мерәлінің Пангерей, Шәңгерей, Мырзагерей, Мұхаметкерей (Мұхит), Сақыпкерей, Жанша (Ақжан) және Жүсіп деген ұлдары болды. Сақып, Жанша, Жүсіптер бірінен-бірі асқан домбырашы болса, Шәңгерей скрипканы сызылта ойнады. Әйтсе де, ағайынды жетеуден оза шауып, “Оралдан ән оздырғаны” Мұхит сал.
Әйгілі аталарының туын жықпай жиырмасыншы ғасырға бұлардың бәрі Қаратаев тегімен жеткен еді. Ұлт азаттық көтерілістің көсемі Қаратай сұлтанның күресі кеңестік тарихнамада әуелі дәріп­теліп, кейіннен есімі қайта көмескіленді. Сірә, Ресей Думасының депутаты, алғашқы үкімет – Қазревкомның мүшесі Бақытжан Қаратаевтың Голощекин саясатын айыптап, қыр көрсете компартиядан шығуынан туған көзқарас салқыны болса керек.
Содан ба, Затаевичтің “1000 әніне” Қаратаев болып кірген Мұхит Жұбановтың “Замана бұлбұлдарынан” Мерәлиев болып шықты. Тап күресі ушығып тұрған заманда Ахаңдай жанашырдың Мұхит мұрасы мен оның кейінгі ұрпағының тағдыры үшін ойлаған сақтығы еді. Сөйтіп, Мұхиттың өзінен тарайтын өнер саңлақтары оның атымен – Мұхитовтар болып жалғасты.
Немере інісі Бақытжан Қаратаевтың айтуынша, ақжарқын, әңгімешіл Мұхит қай төрдің де күткен мейманы болған. Жасында көркіне сұлулар сұқтанған әнші қартайған шағында кең пейілді, келбетіне парасат ұялаған абызға айналып, елдің құрметіне бөленген. Сөйтіп, жас шағында “Күнде той, күнде жиын жүрген жерім” деуі де, егде тартқанда “Мен кепіл өткен жастың келмесіне” дегені де шындықтан шалғай емес. Өмірінің соңында сезім әндерін шырқауды доғарып, Құранның сөзін әуезелейтін ғажайып араби сарынды сопыдай қайталаумен өткен дейді.
“Айдай” мен “Қыпшақ”, “Алуаш” пен “Қилым”, “Айнамкөз” бен “Паңкөйлек”, “Дүния” мен “Зәуреш” әндері Мұхит есімін мәңгілік етті. Мұхит әншілігімен қоса Боғданың, Тазбаланың, Абылдың, Сәулебайдың күйлерін нақышына келтіре орындаған. ....
Рефераттар
Толық