Психология | Ерік туралы жалпы түсінік

Психология | Ерік туралы жалпы түсінік

Еріктік амалдардың даму кезеңдері.

Ерікті әрекеттер мен амалдар – мәнісі мен құрылысы жағынан өте күрделі процесс. Немесе ерікті амал , бұл-мазмұны тұрғысынан өте күрделі психологиялық әрекет.
Ерік қимылы адам даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс екендігін төмендегі структурасынан да жақсы көруге болады.

Ерікті амал кезеңдері бұл мәселенің мәнін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Әрбір ерікті әрекетте белгілі мақсат бар. Адам қандай да болмасын белгілі бір істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді.
Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мәселен орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік, оқушының бұл мақсатты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы түрткі (мотив) болады. Кез-келген адамнан “ сен не үшін оқисың ? ” деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті.
Адам осылай өзінің келешекте белгілі бір бағытқа істейтін ісінің мәнін жоспарлай белгілейді. Мұны еріктік амалдың бастамасы –тілек немесе ниет деп атайды. Тілек-келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Мәселен, “газетке мақала жазсам”,” өзенге барып шомылсам” т.б. деген сөйлемдерде адамның түрлі тілегі бейнеленген. Бұларда белгілі бір қахетті өтеу көзделген, бірақ оны орындау жолдары әліде болса көмескі, яғни оның жоспары сызылмаған.
Дегенмен, осы секілді тілектерді еріктік амалға тән талғамалылық сипат 270 тоқтамға келу бар. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де, қажеттілерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал, айла, әдіс қарастырады. “Тілектің алды-артын тексеріп үйренген адам балалықта ебедейсіз, еркеліктен, қияңқылықтан, есейгенде есерліктен аман болмақшы.” (М.Жұмабаев). Соңғы жағдай ғана адамның тілегін нақтылы кесімді түрде келтіреді. “Жақсы ниет жарым ырыс” деп халық тегін айтпаған.
Адамның алдындағы мақсаты осылайша айқындалғаннан кейін,әрекеттің орындалу жолын қарастырады, оны жоспарлайды. Егер адам мақсат қояр кезде өзіне “не істеу керек ?” , “қандай жолдармен мақсатқа жетуге болады ? ” деген сұрақтар болады. Осы арада адам мақсатқа жетудің ыңғайлы жолын іздестіреді, айналасына көз тастап, алда тұрған қиыншылықтардың сыр-сипатын, оны жеңудің жолдарын белгілейді. Мәселен, біреудің стол жасап алғысы келді дейік. Ол алдымен бұған қандай материалдың жарайтынын , оны қайдан алуға болатынын , қандай құрал сайман керектігін , жұмыстың көлемін т.б. топшылап алады. Қандай болмасын іс-әрекеттің жоспарын жасау-күрделі процесс. Ол адамдардың белгілі білімін, өмір тәжірибесін, ойының орамдылығын қажет етеді. Бұл ерікті әрекеттің интеллектуалдық кезеңі.
Мақсатқа жетудің жолдары белгіленіп, жоспар жасалғаннан кейін адамның тілегі оның нақтылық қалауына көшеді. Қалау - мақсаттың айқындығы, оған жеткізетін тиісті жоспарлардың жасалынуы, ойдың бекемдігі. Дегенмен тілек те, қалау да өздігінен адамның ерік жігерін толық көрсете алмайды. Өйткені бұлар кейде бір-біріне үйлесе алмай, қпайшы келіп отырады. Мәселен, орта мектепті бітірген оқушы бірде педагогикалық институтқа түсіп, мұғалім болып шыққысы келеді. Ол сондай-ақ өзінің ауыл шаруашылығы маманы болғанын да жақсы көреді. Бұл арада оған осы екі мамандықтың бірін қалау қажет. Ал осы мамандықтар жөнінде толық түсінігі болмаса ол өзінің ойының тайқақтайды, бұлардың қайсысын қалауын білмей, әуре-сарсанға түседі. Міне осындай жағдайда тілек пен қалаудың арасында үйлеспеушілік туады. Мұны психологияда түрткілер күресі деп атайды. Мұндай түрлі мотивтердің ішінен ақылға қонымдысы -нақты жағдайға тура келетін біреуі жеңеді, тек содан кейін ғана адам бір тоқтамға келе алады.
Мотивтер күресін Н.В.Гоголь ” Үйлену ” комедиясында жақсы көрсеткен. Некесі қиылайын деп жатқан надворный советник Полколесин аяқ астында үйленудің тиімді-тиімсіздігін ойлап басы қатады. “Үйленбей жүрген жұрттың шетінен есуас екеніне көзім тек енді ғана жетіп отыр. Қыруар жұрттың көрер көхге адасып жүргені-ай десейші. Алда-жалда бір елге патша бола қалдым ғой, қол астымда жалғыз бойдақ қоймай, жұрттың бәрі түп-түгел үйленсін деп әмір берер едім”.Ол осы арада ойланып, ақылға салып үйленген жөн шығар, өмір бойы бойдақ болу ақылсыздық болар деген ойға келеді. Бұл оның үйлену жөніндегі бірінші мотиві, ал екінші мотиві - семья бақыты.” Шынында ойлап тұрсам, мінеки, әне-міне дегенше, әйелді болып шыға келгелі тұрмын. Сөйтіп енді тілмен айтып жеткізе алмайтын, тіпті айтуға лайықты сөз де табылмайтын ертегідей бір шырын-шәрбат ләззарттың дәмін татқалы тұрмын”. Кенеттен оның басында қарама-қайшы мотив туа кетті: “Әйтсе де, бажайлап қабырғама кеңесе кетсем-ақ болды тұла бойым түршігіп сала береді. Өмір бойы, мәңгі бақи қол-аяғыңа күрмеу түсіп. Қайтып енді тырп ете алмай аузыңды ашып, жазып ем, жаңылып ем деуге шамаң келмесе шаруаңның біржола біткені ғой”. Сөйтіп Подколесин әуре-сарсаңға түседі де, ашық тұрған терезеден қарғып кетеді.
Белгілі көзқарасы мен сенімі қалыптасқан адамдарда мотивтер күресі онша байқалмайды. Олар, көбінесе жеке бастың мотивінен гөрі қоғамдық мәні бар мотивтерді (борыш сенімі, нәесенің қоғамға қажеттіліктерін түсіну) басшылыққа алып отырады.
Сондықтан адам өз алдына мақсат қойған кезде, оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін айқындап, қол жететін мақсаттарды ғана алға қоюымыз қажет.
Сөйтіп, мақсат қою, тілек, қалау, мотивтср күресі, тоқтамға келу –бәрі жиналып еріктік қимылдьщ «даярлык кезегі» деп аталады. Еріктік амалдың ең нсгізіі ксзеңі - қандай болмасын тоқтамды орындау стадиясы. Озінің қандай болмасып тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады. Талай жақсы тоқтамдардыц жүзеге аспай, орындалмай қалатындары да кездссіп отырады. Бұлай болудың себебі орындалуы қиын мақсатты алға қоюдан, мақсаттың айқын болмауынан, әлі де болса өмірге дұрыс көзқарастың қалыптаспауынан, өз ісіне сенімсіздіктен, мақсат еткен нәрсеңді жан-тәніңмен сүймеуден т. б. себептерден болады. Сондықтан адам өзінің алдына шамасы келетін күші жететін, орындай алатын мақсаттарды қойып, осы жолда түрлі қиынгшылықтарды жеңіп отыруы тиіс. Белгілі мінез-құлықтық принцииі бар, оз ісінің дұрыстығына көзі женткен адам ғана нақтылы тоқтамға келе алатын, ОНЫ Қалай да орындаудың тиімді жолдарын таба алады, бұл жолда орынсыз солқылдақтық табансыздық көрсетпейді. Кейбір адамдар өзінің алдына көмескі, бұлдыр мақсат қояды да , ой таразысына жақсылап салмайды, сөйтіп оньі орындай алмай шығады. Ерекше ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсатты алға қою да адамның еркін енжар, әлсіз етіп жіберуі мүмкін. Сондықтан белгілі ерік күшін талап ететін, тиісті жұмыстар істеу нәтижесінде қол жететін мақсаттарды ғана алға қоюьмыз қажет.
Ерік сапалары
Адамның ерік-жігер қасиеттсрі сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттің нақтылы жағдайларьпна, орындау тәсілне қарай бірнеше сапалары бар: Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедсргілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық шыдамдылық т. б.), екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылының сапаларына жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары),үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады (инициатива, иринциптілік, тәртіптілік, жинақылық т.б.) бөлінеді.
Тоқтамға кеягіштік- дегеніміз адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы. Тез тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. Бұл әрбір істі ой таразысына салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, тежей алу, қателерді көре білу, тәуекелге бел байлап алушылық тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер. Адамның кемшіліктерін көре білуі оның ақыл-ой парасатымен байланысына жатады. Біреу тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді, ал екінші біреу көптеген қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әуре-сарсаңға түседі, ал үшінші бір адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз мақсаттар қояды. Бірақ оларды, көбінесе, орындай алмайды. Ақырында мұның барлығы оның ерік-жігерін жегідей жеп муалтады.
Табандылық - адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді. Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мүндай адамның ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. Алматы облысының Шелек ауданының тұрғыны Тұрсын Мыңбаев Ұлы Отан соғысында екі қолынан бірдей айрылды да, жарымжан болып қалды. Бірақ ол қиыншылыққа мойымады. Ол сергектікпен өмір сүріп, халқына пайда кслтіру жағын ойлады. Ауруханада жатқанда оның «қолынан» Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романы түспеді. Островскийдің өмір сүруге деген тамаша ынтызарлығы Тұрсьнға адам өмірінің бағасын танытып, оның күрес жолына сабақ болды. Ол сол ауруханада жатқан кезінде-ақ қалам сұрап алып, бақайымен жазу жазды. Қаламды аузымен тістеп сурет салуға да машықтанды. Бір күндері Лениннің портретін айнытпай салып шықты. Бұл оның мақсатьна жету жолын бір табан жақьндатқандай болды. Көп қажыр-қайрат жұмсап, талмай жаттығу нәтижесінде жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп шалғымен шөп те шапқан, жеміс бағын да өсірген. Үш айлық шоферлер курсьн бітіріп, машина жүргізуді де үйренген. Совхозда бухгалтер болып істеген. Осындай жауапты қызметте жүріп бір жағынан жазушылық жұмыспен де айналысқан. Өз басынан өткен жайларды қағаз бетіне түсіріп, «Өліммен беттескенде» деген кітап жазған. Бұл кітапта өзінің ерекше еңбек сүйгіштігінің, табандылығының арқасында өмір қызығын татып отырған қарапайым еңбек адамьның ерлік ісі тамаша жырланған. Бұл мысалдан табандылық, тепсе темір үзетін, қол-аяғы балғадай, жеті мүшесі сау адамдарда ғана кездесетін қасиет емес, қандай жағдайда да еңбек ете, еңбекті жан-тәнімен сүйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады. Сөйтіп, табандылық кісі таңдамайды, тілесе, кім болсын, тек еңбекті сүйе білген, осы жолда ерекше жігер көрсетіп, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамдардың бойына даритын қасиет.
Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуде мұғалім мына шараларды жүзеге асырып отырады:
1. Баланы жас кезінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып,
оның қолынан іс келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет;
2. Оқушы дербес әрекет жасауға, әз бетімен қиыншы-
лықтармен күресе білуге үйретілсін. Қажет жерінде тәрбиешінің
өзі өнеге көрсетіп отырса тіптен жақсы;
3. Баланы ұжымдіағы ортақ мүдде үшін күресе білуге баулу, көп-
шілік алдындағы борышьн, жауапкершілігін өтеуге жұмылдыру,
оған берілген тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау —
табандылыққа тәрбиелеудің басты жолдары.
Ұстамдылық дегеніміз- адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті. Ұстамды адам әркез терең ойланып, істің тетігін аңғара отыра әрекет етеді. Ол ағат істерге бара бермейді, көрсе қызар, яғни нәпсінің құлы емес. Мұндай адам өзінің бар күш-жігсрін тек алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады. «...Нағыз зор ерік дегеніміз бірдемеге тек тілек етіп, соған қол жеткізу емес,— дейді А. С. Макаренко,— сонымен бірге керек болған жағдайда қажетсіз нәрседен) өзін бас тарта білуге мәжбүр етуі керек. Жігер дегеніміз — құр тілекпен қанағаттану емес. Бұл бір мезгілдегі тілек те, тоқталыс та, тілектен бас тарту да... Тормозсыз машина болмайды жәнс тормозсыз ешбір жігердің де болуы мүмкін емес»'94.
Осындай қасиеттерадамның түрлі қиыншылықтарды жеңе білуге машықтануы, ауыртпалыққа шыдай, төзе білуі үстінде қалыптасуы болып табылады. Орынсыз ұшқалақтық, жеңілтектік дегбірсіздік, адамның қатты жігерленіп, іске белсенді кірісуіне кедергі келтіреді. Ал ерекше күш жұмсауды - керек етпейтін жерде пәлендей ұстамдылық бар деп айтуға да болмайды. Қорқақтыққа, жалқаулық пен тартыншақтыққа, орынсыз ұшқалақтыққа жол бермеу -адамның өз бойын тежеп ұстай алуының ұстамдылығының белгісі. Өзін-өзі меңгере білу — қандай болмасын сенімді қайтксн күнде де орындауға адамдың өзін жеге алуы. Еріктің бұл сапасынсыз қарапайым жұмысты да нәтижелі орындау мүмкін емес.
Жастар шыдамдылық пен ұстамдылықтың , өзін-өзі меңгере
алудың тарихта теңдесі жоқ үлгілсрін әр уақытта да көрсетіп келеді. Осындай тамаша қасиеттің бір көрінісін А. Фадеев өзінің «Жас гвардия» романында фашистердің қолына түсксн Краснодон батыры Сергей Тюлениннің мінез-құлқы арқылы өте жақсы көрсеткен. «Сережка өзін ұрғанда да үндеген жоқ. Фенбонг жаралы қолып қайырып, басын жерге тигізгенше сытырлатқанда да үндеген жоқ. Тек Фенбодг Сережканың жарасына істікті сұғып-сұғып алғанда, Сережка тісін шықырлатты... Келесі күні таңертең Сережка мен Витька Лукьянченконы беттестірді... Сережка - үндеген жоқ. Содан кейін Витька Лукьянченконы алып кетті де бірқатар уақытган соң, камераға қасында Соликовский бар, Сережканың шешесі келіп кірді. Олар он бір баланың анасы болған кәрі әйелдің киімін қоймай шешп жалаңаштады да, қанды топчанға жығып салып, ұлының көзінше сым темірмен соға бастады. Сережка міз қақпастан шешесін ұрғандарға қарап, үнсіз тұрып қалған. Мұнан кейін, оны шешесінің көзінше қаншама азаптап соқты. Бірақ Сережка тіл қатқан жоқ. Тіпті Фенбонгтің де есі шығып кеткеңдей темір сүйменді ала салып, Сережканың сау қолын шынтағынан соғып сындырып жіберді. Сережка боп - боз болып кетті, маңцайы тершіп қоя берді. Ол: Болғаны осы ма...- деген жалғыз ғана сөз айтты »95.
Күшті ерік адамның осындай ауыртпалықты жеңіп отыруы, өзін меңгере алу үстінде де мықтап шыңдала түседі, онан сайын қатайып, беки береді, яғни М. Горький айтқандай, «тіпті азғана өзіңді жеңу адамды зор қуат иесі етеді». Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу - адамның төзімділік, шыдамдылық, батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай қасиеттердің арқасында ғана өзін нағыз ерлерше ұстай білуге үйренеді, өзін қорқу сезімін билстпсй, көңілге алған ісін қажетінше істеп шығады. Адамда осындай касиеттерді тәрбиелеу үшін адамгсршілік приициптерін саналылықпен ұғынып орындап отыруға бой ұсындыру, ұжым мүддесіне нұқсан келтіретін түрлі теріс қылықтардан бас тарта білугс жаттыктыру, дүниетанымы мен сенімін, талғамын қалылтастыру, лайықсыз сезімдсрді (босқа лепіру, даурығу, ұшқалақтық т. б.) тежей білуге үйретіп отыру қажет.
Тәртіптілік пен жинақылық дегеніміз - адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мсн тілсгін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу кябілеті. Адам неғұрлым өз қылығының мәнін жақсы ұғынса, соғұрлым зор сеніммен, белсенділікпен әрекет етіп, өзінің Отан алдындағы жауапкершілігн жақсы түсінеді. Жекешіл, ұжымнан оқшауланып жүретін адамда тәртіптілік жағы аз болады. Кісінің тәргіптілігі оның жинақылығымен, іс-әрекетінің жоспарлығымен тығыз байланысты. Адам әр уақытта бір іске кірісерде оны мұқият жоспарлап алады. Адамның төртіптілігі мен жинақылығы оның қоғамдық әрекетімен қатар жеке өмірінде де ерекше маңыз алады.
Оқушыларды тәртіп пен жинақылыққа тәрбиелеу дегеніміз - олардың оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру, әрбір кішкентай істің өзіне тиісінше мән беріп отыруға үйрету, қоғамдық істе де, жеке өмірде де қатаң тәртіп сақтау, ыждағаттылыққа, ұқыптылыққа үйрету, бір сөзбен айтқанда, осылардың барлығьн олардың қанына «сіңіріп» отыру деген сөз.
Ерлік дегепіміз - алға қойған мақсатына шсксіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет. Сонымен қатар, ерлік — батылдық пен ұстамдылық,табандылық пен тез тоқтамға келгіштіктің адамнда ойдағыдай тоғысуы. Ерлік істеген сәтте адам өзіне өлім қаупі төнсе де сасқалақтамайды, өз рухын жақсы ұстай алады, басына түскен ауыртпалықты мойымай көтереді, өз мақсатын асыл мұратьна бағыпдырып, мұны ең нсгізгі борышым деп есептейді. Ерлік көбінесе қоғамдық мөні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның өз халқына, Отанына қалайша берілгендігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Қазақ халқының тарихыңда да кір жуып, кіндік кескен жерін көздің қарашығындай сақтап, басқыншы жаудан асқан ерлікпен қорғай білген небір батыр тұлғалар көптеп ксздеседі. Мәселен, Күлтсгін, Едіге, Қарасай, Қобыланды, Ерсайын, Қамбар, Сырым, Бөгенбай, Қабанбай, Жанқожа, Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Амангелді, Бауыржан т. б. осылар секілді әр рухты, намысты қолдан бермей шыбын жанын туған жері үшін құрбан еткен қас батъірлардың бейнелері қазіргі тәуелсіз елдің жас ұрпақтарына іздесе таптырмайтын өнеге. Еріктің осындай сапасын қалайша тәрбиелеу керектігі жөнінде ұшқыш - ғарышкср Л. Николаев былай дейді: «...Бұл орайда пәлендей бір рецепт берудің өзі қиындау. Меніңше, тек адам бала кезінен бастап-ақ батылдыққа, қайсарлыққа, көздегеніне жетпей тынбайтындай өжеттікке, ұстамдылыққа үйір болып өскені жөн. Ерлік дәстүріне тәрбиелену - өмірдің өзі біздің алдымызға тартып отырған қиындықтарды жеңу дегеп сөз».
Осы айтылған ерік сапаларымен әр адам өз басын тәрбиелей алады. Бастауыш сынып оқушыларын да осыған баулу қажет. Мәселен, баланың өзіне серт беруге, міндеттеме алуға, өз ісін мақұлдап не айыптап отыруға, қажетсіз істен бас тартып, одан тежеуге үйрету өзін-өзі тәрбиелеуіне үлкен үлес тигізеді. Әрине, бұған мүғалімнің дүрыс басшылығы керек. Орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинскийдің жас кезінде өзін тәрбиелеу мақсатында жасаған жоспары көңіл аударарлықтай. Ол жоспар мына төмендегідей:
1. Ерекше сабырлылық, ең болмағанда сырттай сабырлы болу.
2. Сөз бен істе әділ болу.
3. Қимыл-қозғалыстың ақылға қонымдылығы.
4. Тоқтамға келе алу.
5. Өзің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау.
6. Уақытты мақсатсыз өтгкізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек
кеңілге алған ісіңмен ғана айналысу.
7. Қажетті, не ұнамды нәрсеге ғана бой ұсыну, көрсе қызарлық,қа
салынбау.
8. Әр кеш өзің істеген іске мұқият есеп беріп отыру.
9. Еш уақытга да өткендегі, не қазіргі, не алда болатын ісіңмен
мақтанбау.
10. Осы жоспарды ешкімге көрсетпеу. Егер бала түрлі кедергілерді, қиыншылықтарды жеңуде барлық күш-жігерін, тек өз мүддесіне, қара басына пайдаланатын болса, онда мұндайда көрінетін ерік сапаларыпың ешбір қоғамдық мәні болмайтындығы белгілі. Бұзақы адамның сотқарлығы, қоғам мүлкін тонаушы ұрының жьлпос айлакерлігі, қиқар адамның орынсыз қасарыспалығы жақсы ерік сапалары емес. Өйткені осы соңғы айтылғандар өзінің мазмүны жағынан ешбір адамгершілік қасиетке сыйыспайтын сапалар. Сондықтан да адамдарға тән жоғары ерік сапалары туралы мәселе.
Әр түрлі ерік сапалары бір-бірімен байланыспайтын оқшау жатқан қасиеттер емес, барлығы да адам бойынан табылатын, оның жеке басының бағытына, дүнистанымы мен сеніміне, мінез бітістеріне, темпераментіне, қабілетіне,тағы сондай психологиялық ерекшеліктеріне байланысты түрліше жағдайда қабысып келіп отыратын сапалар. Бір адамның басында ерік сапаларының бірнешеуі қиысып келіп отырады. Мөселен, өртеніп жатқан үйдің ішінде қалған баланы алып шыққан адамның басынан батылдықты да, тоқтамға келгіштікті де, шапшаңдықты да, өзін меңгере алушылықты да байқау осы айтылған пікірге жақсы дәлел. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру