Бөлім: «Ақын өлеңдері жинағы»
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.
Ойға түстім, толғандым
Ойға түстім, толғандым,Өз мінімді қолға алдым.Мінезіме көз салдым,Тексеруге ойландым.Өзіме өзім жақпадым,Енді қайда сыя алдым?Қалап алған көп..
© Абай Құнанбаев
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен
Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен,Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілмен,Жазғытүрым жасырып жердің бетін,Жасыл шөппен, бой жеткен егінмен тең.Сонан..
© Абай Құнанбаев
Назарға
Мынау келген Назар ма?Ақсақалды ауыл азар ма?Сұрағаның бір-ақ тай,Бермейді деп сазарма!
© Абай Құнанбаев
Мәз болады болысың
Мәз болады болысың,Арқаға ұлық қаққанға,Шелтірейтіп орысың,Шенді шекпен жапқанға.Күнде жақсы бола ма,Бір қылығы жаққанға?Оқалы тон тола ма,Ар-ұятын..
© Абай Құнанбаев
Мен сәлем жазамын
Мен сәлем жазамын,Қарағым қалқама.Қайғыңнан азамын,Барушы айта ма?Күн бойы күтемінКелер деп хабарың.Қайғырмай не етемін,Бізде жоқ назарың.Көңілге..
© Абай Құнанбаев
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.Көкірегі сезімді, тілі орамды,Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.Бұл сөзді тасыр ұқпас..
© Абай Құнанбаев
Мен боламын демеңдер
Мен боламын демеңдер,Аяқты алшаң басқанға.Екі көзің аларып,Құр қарайсың аспанға.Бір ғылымнан басқаның,Бәрі де кесел асқанға.Өйткен адам..
© Абай Құнанбаев
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа
Малға достың мұңы жоқ малдан басқа,Аларында шара жоқ алдамасқа.Табысына табынып, қалтаң қағып,Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.Мал жияды мақтанын..
© Абай Құнанбаев
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,Алдамаған кім қалды тірі жанда?Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.Пайда үшін..
© Абай Құнанбаев
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,Адам ойы түрленіп ауған шақта.Салған ән — көлеңкесі сол көңілдің,Тактысына билесін ол құлаққа.Шырқап, қалқып..
© Абай Құнанбаев
Көлеңке басын ұзартып
Көлеңке басын ұзартып,Алысты көзден жасырса;Күнді уақыт қызартып,Көк жиектен асырса;Күңгірт көңілім сырласарСұрғылт тартқан бейуаққа,Төмен қарап..
© Абай Құнанбаев
Көкбайға
Сорлы Көкбай жылайды,Жылайды да жырлайды.Ол жыламай қайтіп тұрады,Мынау азған қу заманҚалыбында тұрмайды.Біреу малды ұрлайды,Біреу басты қорлайды,.....
© Абай Құнанбаев
Көкбайға
Бұралып тұрып,Буыны құрып,Қисайта тартып мұрынын.Әсемсіп, сәнсіп,Білгенсіп, бәлсіп,Әр нәрсенің орынын.Керенау, кердең, бір керім,Жақпайды маған сол..
© Абай Құнанбаев
Көк тұман — алдыңдағы келер заман
Көк тұман — алдыңдағы келер заман,Үмітті сәуле етіп көз көп қадалған.Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.Ол..
© Абай Құнанбаев
Көк ала бұлт сөгіліп
Көк ала бұлт сөгіліп,Күн жауады кей шақта.Өне бойы егіліп,Жас ағады аулақта.Жауған күнмен жаңғырып,Жер көгеріп күш алар.Аққан жасқа қаңғырып,Бас..
© Абай Құнанбаев
Көзінен басқа ойы жоқ
Көзінен басқа ойы жоқ,Адамның надан әуресі.Сонда да көңілі тым-ақ тоқ,Жайқаң-қайқаң әр несі.Білмейсің десе, жел өкпе,Дейді дағы – тәңірі ісі.Бірінен..
© Абай Құнанбаев
Көзімнің қарасы
Көзімнің қарасы,Көңілімнің санасы,Бітпейді ішімде,Ғашықтың жарасы.Қазақтың данасы,Жасы үлкен ағасы.Бар демес сендей бірАдамның баласы.Жылайын..
© Абай Құнанбаев
Көжекбайға
Жамантайдың баласы Көжек деген,Әркімге өсек тасып безектеген.Досын келіп досына жамандайды,Шіркінде ес болсайшы сезед деген.
© Абай Құнанбаев
Күшік асырап, ит еттім
Күшік асырап, ит еттім,Ол балтырымды қанатты.Біреуге мылтық үйреттім,Ол мерген болды, мені атты.
© Абай Құнанбаев
Күн артынан күн туар
Күн артынан күн туар,Бір күн дамыл еткізбес.Ой артынан ой туар,Желге мәнсең жеткізбес.
© Абай Құнанбаев
Күлембайға
Уағалайкүмүссәләм,Болыс, мал-жан аман ба?Мынадайға кез болдың,Аума-төкпе заманда.Ел билеген адам жоқ,Ата менен бабаңда.Болыстықтан пайда..
© Абай Құнанбаев
Күйісбайға
Дұғай сәлем жазамын Күйісбайға,Бермек болған айғырдың көзі қайда?Көзді көрсең бересің, тайсаң танып,Алдамшы атанғанның несі пайда?
© Абай Құнанбаев
Келдік талай жерге енді
Келдік талай жерге енді,Кіруге-ақ қалдық көрге енді.Қызыл тілім буынсыз,Сөзімде жаз бар шыбынсыз,Тыңдаушымды ұғымсызҚылып тәңірім берген-ді.Осы жасқа..
© Абай Құнанбаев
Кейде есер көңіл құрғырың
Кейде есер көңіл құрғырың,Махаббат іздеп талпынар.Ішем деп бейнет сусынын,Асау жүрек алқынар.Тартқан бейнет, өткен жас,Жүректің отын..
© Абай Құнанбаев
Кім екен деп келіп ем түйе қуған
Кім екен деп келіп ем түйе қуған,Қатын ғой күлдәрімен белін буған.Төркініңнің бергені жауыр айғыр,Бауырыңды... бірге туған.
© Абай Құнанбаев