Абдулмахмуд пошатаев туралы Ақын өлеңдері жинағы ✍️


Ақын өлеңдері жинағы: 579
Әңгімелер жинағы: 14
Поэмалар: 3
Аңыздар жинағы: 2

Айналдым гүл ұсынған жүрегіңнен
Айналдым гүл ұсынған жүрегіңнен.Сыйға сый, сыраға бал, білемін мен.Достарды жақсы көрем, қош келдіңіз,Бір орын берейінші жүрегімнен.
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Гүл сезім
Гүл сезім,Қалтырайды тоңады әлі.Әсем гүл, отқа неге оранады?!Сүйгеніңнің гүлдерін отқа таста,Ол саған қарғыс болып оралады.
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Қара сөзге неге жұртым тойынды?!
Қара сөзге неге жұртым тойынды?!Бұрмады ма енжар болып, мойынды.Сәйгүлігін жаяуларға мінгізіп,Сойғыздырып қорадағы қойыңды.Содан бәлкім, өзге жұртың..
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Қайда біздің түйсігіміз, өреміз
Қайда біздің түйсігіміз, өреміз.Қатын айтса, бала айтса көнеміз.«Атасы басқа аттан түс»- деп кетпейміз,Ағайын мен жанұяны бөлеміз.
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Әрбір жанда бар шығар қанатты арман
Әрбір жанда бар шығар қанатты арман.Жастар біздің болашақ талаптанған.Әр қазақтың ұл-қызы өсіп-өніп,Өркендесін сұраймын жаратқаннан. 
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Қасыма жақсы жанды ерте берем
Қасыма жақсы жанды ерте берем.Жүрек назын бұл ағам шерте ме екен?!Сезімі тұнық екен аппақ қардай,Жырыңнан айналайын, еркелеген. 
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Сағыныштың самалы есіп бірге
Сағыныштың самалы есіп бірге.Бірге туып жүрмедік өсіп бірге.Сіз жассыз,Сізді сүйер жан табылар,Өмір өтіп барады, кешіктірме! 
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Заңғар көк
Заңғар көк, заңғар тауым, заңғар далам.Көкке қолын созады арманды адам.Алла сені алдыңнан жарылқасын,Арманына жетеді армандаған.
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Түнді сүйем, түн дегенің тыныштық
Түнді сүйем, түн дегенің тыныштық.Ұйықтасайшы- дейді әйелім, ұрыстық.Құшағыңда отқа еріп кетпейін,Маған деген шын сезімің, тым ыстық.
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Бермей кетіп жүрмеші, береріңді
Бермей кетіп жүрмеші, береріңді.Әй досым, білесің бе өлеріңді.Әр түнде тажал саған үңіледі,«Алла»- ғана шешеді, көреріңді.Аллам ғана шешеді, шешіп..
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Жан дүниеме қуат беріп, өлеңі
Жан дүниеме қуат беріп, өлеңі.Бауырым деп мені жақсы көреді.Дүниеде, тілектес жан бар кезде,Өмір сүргің келеді.Жақсы жандар көп болса екен, менде..
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Ініге, бауырына жанашыр жан
Ініге, бауырына жанашыр жан.«Сезімді қайтем»- дейді аласұрған.Жанына жылу іздеп жүргендей ме,Қалың өскен, ақ қайың арасынан!
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Ойым ерек, өзім әлі баламын
Ойым ерек, өзім әлі баламын.Сене берме, сене берме қарағым.Ішімдегі от жалынды білмейсің,Байқамастан жалынға орап алармын.
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Тұрып кеткен жандар бар
Тұрып кеткен жандар бар,сүрініп те, құлап та.Ортамызда жүрсің сен,жүрген жоқсың жырақта.Бақытыңды тапсаң да,Ақын туын құлатпа,Ана болу бір..
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Гүл ғұмыр
Жетелеп келіп жалынды жасты күзгі арман.Қыз ғана силар, түсіне білсең ізгі арман.Әкені баурап, қуаныш қана силайтын.Айналдым тегі, балапан жүрек..
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Сөзінен емес, танимын жанды ісінен
Сөзінен емес, танимын жанды ісінен.Жанары менен жүзіне қарап, түсінен.Фотоңды көрсек көз өтіп сірә кетпейді,– Иманды жан – деп өзіңді сірә түсінем.
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Сезінсең жаным өзіңді оның ұқпасын
Сезінсең жаным өзіңді оның ұқпасын,Даңғаза сөйлеп, басыңа сенің шықпасын.– Сау бол – деп қана, кешіре салғын пендені,Ағыта салғын телефоныңның..
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Уәде етеміз, серт беріп ұмытпасқа
Уәде етеміз, серт беріп ұмытпасқа.Дұрыс шешім, – Сендегі үміт басқа-.Қайтесің қадіріңді түсінбесе,Жүрегіңнің түбінен сызып таста.
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Жүрегімді мазалайды күзде мұң
Жүрегімді мазалайды күзде мұң,Қайда жүрсің мен өзіңді іздедім.Аппақ қар жоқ, жапырақтар арасы,Көрінбейді іздерің.
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Ақынның жаны нәзік қой оны білемін
Ақынның жаны нәзік қой оны білемін,Сезімің суып, шайлығып қапты жүрегің.Қас сұлу ерге, сызылып сыртын бермейді,Тапсайшы оның бір емін.
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Кім не десе, ол десін Ақылесім
Кім не десе, ол десін Ақылесім.Ақылес маған қатты жақын есім.Әкем қойған кенжеме бұл есімді,Көресіңдер, ел билер Ақылесім! 
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Ортаншы ұлым, әкесінің тірегі
Ортаншы ұлым, әкесінің тірегі,Әке жанын түсінеді, біледі.Сен ұсынған алмаңды алып, таң қалдым,Алманың да бар екен ғой жүрегі. 
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Өмірдің қызықтырған несі мені?!
Өмірдің қызықтырған несі мені?!Санасы төмен жандар, есіреді.Жаныңды таптап кетсе, кешіре сал,Сол үшін Алла сені кешіреді.
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Жандар бір көп қой өмірде
Жандар бір көп қой өмірде,Жасқа бір толған етегі.Жаманға қимас досың бар,Көрсоқыр адам жетеді.Көре алмай жүрген пенде бар,Тап сондай жандар..
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Күз мұңды емес
Күз мұңды емес,Күз мезгіл жақсы көрем.Кездестірген, жайсаңмен жақсыменен.Өлеңім өмірімнің шарайнасы,Бағалаған халқым бар, бақ тілеген.Әр адамға..
©  Абдулмахмуд Пошатаев