Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Үй салайық бірігіп
Кел, балалар тұрайық,Қызық ойын қылайық.Жеңімізді түрініп,Үй салайық бірігіп.Иықтарды қосайық,Қабырғасын жасайық.Міне, есігі – алдында,Терезесі бар..
© Қуат Адис
Әкем — асқар тауым
Төбесінде бұлт аунар,Жер бетінде тұр таулар.Бірақ, мына мен үшін,Бәрінен биік бір тау бар.Кім десе егер сенерің,Әкем менің дер едім.Сол биікке күн..
© Қуат Адис
Әжемнің өзі бір мектеп
Жүзіне бүгін түсті әжім,Ал, менің өңім тұр көктеп.Алғашқы менің ұстазым –Әжемнің өзі – бір мектеп.Жүрегі жұмсақ, алайдаСөзінің өткір қияғы.Әбестік..
© Қуат Адис
Атасының ақылы
Басқалар да байқасын –Өсті десем Өркенім…Ауырлығын айтасың,Арқаңдағы сөмкенің.Жеу үшін де талқанды,Еңбек етіп терлейсің.Жауыр қылмай..
© Қуат Адис
Мұңға батты бұл қазағым (қаңтар, 2022ж)
Мұңға батып бұл қазағым,Жабырқаулы күйге енді. Қаңтар айы ызғарымен,Жұлып кетті гүлдерді.
© Жібек Ысқақова
Ауырады жүрек, ауырады (қаңтар, 2022ж)
Ауырады жүрегім ауырады,Қаңтар айы қара бұлтын төндірген.Қарақшылар, бұзақылар үн қатар,Әр қаланы еш аяусыз бүлдірген.
© Жібек Ысқақова
Қазағымның азабы-ай! (2022ж, қаңтар)
Қазағымның азабы-ай,Жаңа жылмен бір келген.Тынышы елдің бұзылып,Күйі кетті тербелген!
© Жібек Ысқақова
Қаралы күн, азалы үн (2022ж, қаңтар)
Қаралы күн, қайғылы, Жанымызға батады.Әкімшілік өртенген, Біздерге үн қатады.
© Жібек Ысқақова
Жүрегіміз ауырады, жабырқап. (2022ж, қаңтар)
Жүрегіміз ауырады, жабырқап,Бұл қаңтардың дүрбелеңін еске алсақ.Жанардан жас ағылады бір демде,Қалалардың жай-күйіне көз салсақ.
© Жібек Ысқақова
Есте мәңгі сол күндер (2022ж, қаңтар)
Есте мәңгі сол күндер,Алаулы отқа жандырған.Оқ жаудырған сол түндер,Иттер ұлып, қаңғырған.
© Жібек Ысқақова
Ызғарын-ай қаңтардың (2022ж)
Ызғарын-ай қаңтардың,Былығына батырған.Әскерлері елімнің,Ұйқысыз таң атырған.
© Жібек Ысқақова
Қаңтар айы жылатты (2022ж)
Қаңтар айы жылатты,Ызғарына тоңдырып.Түн ұйқыны ұрлатты,Әскерді атқа қондырып.
© Жібек Ысқақова
Жүрек сыздап, жылайды (2022ж)
Барыс жылы келгенде, Бұзақы ашты есігін.Ойрандады, қиратты,Қазағымның бесігін.
© Жібек Ысқақова
Азапты күн, азалы (2022ж)
Азапты күн, азалы,Қара түнек бойлаған.Қаралы күн, азалы,Боздақтарды ойға алам.
© Жібек Ысқақова
Қаңтар айы, дүрбелең (2022ж)
Қаңтар айы, дүрбелең,Қасіреті үндеген.Бұзақылар басқан күн,Аяушылық білмеген.
© Жібек Ысқақова
Жаңа жылдың азабы-ай (2022ж)
Жаңа жылдың азабы-ай,Жаңа күннің мазағы-ай.Дүрбелеңді өткерген,Бұл қазағым, азалы-ай!
© Жібек Ысқақова
Тасбақаның сауыты
Бір топ бала тасбақаБір төбеге жиылды.Құтқаршы деп сауыттан,Жаратқанға сыйынды.– Жаз да шығып келеді,Үсіп өле қоймаспыз.Құрбақамен жарысып,Ойынға бір..
© Ауыт Мұқибекұлы
Бозторғай әні
Тау мен дала, қырқаныКүн аймалап тұр тағы.Көкте қалқып бозторғай,Құбылтып ән шырқады.Мың құбылды қырдағыӘннің әсем ырғағы –Күміс қанат бозторғайКүнді..
© Әдібай Табылды
Бөбегіме
Құлдыр-құлдыр, бөбегім,Қуанышқа бөледің.Ал мін, бөпем, арқама,Атың болып желемін.«Шабандозбын» деп сен де,Мен «шапқанда» сескенбе...Бірақ әке..
© Әдібай Табылды
Бәйшешек
Еріді де соңғы қар,Өзен тасып, су ақты.Ойпаңдағы омбы қарҚыс белгісі сияқты.Көктем лебі тұр есіп,Жапты жаңа гүл қырды:Қар астынан дүр..
© Әдібай Табылды
Тәтті қыс
Ау, балалар, балалар!Айналаға қараңдар!Биыл тәтті қыс болды,Бұл бір сәтті іс болды.Ақ бұлт бүркеп аспанды,Шекер жауа бастады.Сүтке салсақ, сәл..
© Әдібай Табылды
Мақтаныш
Таудай үлкен талабы,Күнде «бестік» алады –«Білгіш» дейміз мектептеМақан деген баланы.Қастерлейді ананы,Қадірлейді ағаны –«Ізетті» деп жақтаймызМақан..
© Әдібай Табылды