Қаңтар оқиғасы 2022 туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 7
Ақын өлеңдері жинағы: 10

Мұңға батты бұл қазағым (қаңтар, 2022ж)
Мұңға батып бұл қазағым,Жабырқаулы күйге енді. Қаңтар айы ызғарымен,Жұлып кетті гүлдерді.
©  Жібек Ысқақова
Ауырады жүрек, ауырады (қаңтар, 2022ж)
Ауырады жүрегім ауырады,Қаңтар айы қара бұлтын төндірген.Қарақшылар, бұзақылар үн қатар,Әр қаланы еш аяусыз бүлдірген.
©  Жібек Ысқақова
Қаралы күн, азалы үн (2022ж, қаңтар)
Қаралы күн, қайғылы, Жанымызға батады.Әкімшілік өртенген, Біздерге үн қатады.
©  Жібек Ысқақова
Жүрегіміз ауырады, жабырқап. (2022ж, қаңтар)
Жүрегіміз ауырады, жабырқап,Бұл қаңтардың дүрбелеңін еске алсақ.Жанардан жас ағылады бір демде,Қалалардың жай-күйіне көз салсақ.
©  Жібек Ысқақова
Есте мәңгі сол күндер (2022ж, қаңтар)
Есте мәңгі сол күндер,Алаулы отқа жандырған.Оқ жаудырған сол түндер,Иттер ұлып, қаңғырған.
©  Жібек Ысқақова
Қаңтар айы жылатты (2022ж)
Қаңтар айы жылатты,Ызғарына тоңдырып.Түн ұйқыны ұрлатты,Әскерді атқа қондырып.
©  Жібек Ысқақова
Қаңтар айы, дүрбелең (2022ж)
Қаңтар айы, дүрбелең,Қасіреті үндеген.Бұзақылар басқан күн,Аяушылық білмеген.
©  Жібек Ысқақова