Әке туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 55
Жұмбақтар жинағы: 8
Балаларға арналған тақпақтар: 56
Ақын өлеңдері жинағы: 416
Қанатты сөздер жинағы: 31
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 48
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 97
Ертегілер жинағы: 4
Поэмалар: 6
Шығармалар жинағы: 6
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 10
Аңыздар жинағы: 7
Эсселер жинағы: 15

Әкешім сен аман жүр
Әкешім сен аман жүр, Күлім қағып жүздерің. Жаратқаным жар болсын, Сәтті өтіп күндерің...
©  Әкелер күні
Құтты болсын Әкешім
Құтты болсын Әкешім, Бүгін шаттық, мереке. Әкелердің күні бұл, Берсін үйге береке.
©  Әкелер күні
Жақсы көрем, Әкешім
Жақсы көрем, Әкешім, Әрқашанда өзіңді. Жақсы көрем, Әкешім, Баурап алар сөзіңді. Әкелердің күнінен, Құттықтаймын мен сені. Амандықта жүрші Әке, Биік..
©  Әкелер күні
Әкешім сен бақытым
Құтты болсын мерекең, Әкешім сен бақытым. Саулығыңыз мықты боп, Қызықты өтсін уақытың.
©  Әкелер күні
Әке деген асылдар
Әке деген Асылдар, Бар жақсыны беретін. Аман болшы Әкелер, Бізді жақсы көретін...
©  Әкелер күні
Әке біздің күніміз
Әке біздің күніміз, Жылуымен барайтын. Әке біздің үніміз, Бар үмітті жалғайтын.
©  Әкелер күні
Әке деген асыл жан
Әке деген асыл жан, Таудай бақыт беретін. Қулай қалсақ сүрініп, Қасымызға келетін.
©  Әкелер күні
Асқар таудай әкелер
Асқар таудай Әкелер, Қуанышың көп болсын! Орындалып арманың, Уайымыңыз жоқ болсын!
©  Әкелер күні
Саулығыңыз мықты боп
Әкелерім ардағым, Орындалсын арманың. Саулығыңыз мықты боп, Сәтті атсын таңдарың.
©  Әкелер күні
Әкелердің күнінде
Қуана түс Әкелер, шаттана түс, Әкелердің күнінде бүгінгі бұл. Әрбір сәттен Әкелер бақ таба түс, Жан дүниеңді тербелеп ән менен жыр.
©  Әкелер күні
Әкелердің күнімен
Құттықтаймын бүгінгі, Әкелердің күнімен. Аман болсын Әкелер, Күлкі кетпей жүзінен.
©  Әкелер күні
Рахмет Әке, анашым
Бізді ойлап жүретін, Сыйлықтарын беретін. Мерекеде бүгінгі, Бізге көңіл бөлетін. Рахмет Әке, анашым, Бізді жақсы көретін.
©  Халықаралық балалар күні
Әке
Ержетуді ойлап ертерек,Шаттанып, шалқып жүріппін.Келеді мені жетелеп,Бір сенің аппақ үмітің.Самғатқан көңілін көкөрім,Ұлыңның асқақ арманы.Әнімнің..
©  Ермахан Шайхыұлы
Әкеме алғыс!
5 «Ә» сынып оқушысыҰл болсын деп тілеген Ер Түрігімдей.Өмірімде бөрідей болуға баулыпҚойынына басатын бөлтірігіндей.Бақытым болар жырымды жария..
©  Алғыс айту күні
Папа, туған күніңмен!
Папа, туған күніңмен!Жарқырашы жырыңмен!Күндей нұрлы болыңыз,Жүз жасқа сіз толыңыз.Әкеге қарап ұл өсер,Анаға қарап қыз өсер,Ер жетейік есейіп,Сіздей..
©  Баян Тіленшина
АСҚАР ТАУЫМ,ТІРЕГІМ
Әкешім -жүрегімАрналады тілегімРиза болып әкемеӘр қашанда жүремінБарлық айтқан тілегін
Жетеледің біздерді
Асқар тауым, әкешім, Біздерге дем беретін. Еркелетіп әрқашан, Маржан сөзін теретін.Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Тәрбиелеп өсірдің
Тәрбиелеп өсірдің, Әкетайым, асқарым. Атып таңың арайлы, Ашық болсын аспаның. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Отбасының жүрегі
Отбасының жүрегі, Бір өзіңіз әкешім. Қорғаны сіз, тірегі, Ардақты жан әкешім! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешімсіз қолдайтын
Әкешімсіз қолдайтын, Жамандықтан қорғайтын. Ұл-қызына әспеттеп, Бар жақсысын жолдайтын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Көңіліміз сізбенен
Көңіліміз сізбенен, Шаттық әуен орнайды. Басымызға жүздеген, Жақсылықтар орнайды. Асқар таудай әкешім, Сізбенен күн балдайды. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім деп....
«Әкешім» деп— ән саламыз, «Әкешім» деп — жыр жазамыз. Сізге қарап бойды түзеп, Өзіңізбен мақтанамыз. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Күніміз сіз сөнбейтін
Күніміз сіз сөнбейтін, Көкжиектен шығатын. Әніміз сіз тербейтін, Жанымызды ұғатын. Әкетайым, асылым, Біздерді ойлап тұратын. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Сіз бар кезде...
Сіз бар кезде әкешім, Арайлы боп таң атар. Күн күлімдеп біздерге, Қуанышпен үн қатар. Ортамызда жүрші аман, Әніміз боп жырлатар! Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар
Әкешім-ау, әкешім!
Әкешім-ау, әкешім, Алла жар боп болшы аман. Жүрегің мәңгі соқсын деп, Жаратқаннан сұранам. Жібек Искакова
©  Балабақша балаларға арналған тақпақтар