Жел туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 35
Жұмбақтар жинағы: 25
Балаларға арналған тақпақтар: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 209
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 8
Әңгімелер жинағы: 8
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 1
Аңыздар жинағы: 1

Жақсы – көлмен тең, суы тәтті,Жаман – шөлмен тең желі қатты
©  Самет Оқанұлы
Жақсының шарапаты көпке тиер,Желдің самалы бетке тиер
©  Самет Оқанұлы
Жел өтпеске сөз өтеді, жер көтергенді ой көтереді. 
Үлкен ағаш қатты желді жақсы көреді.
Үлкен желкендерді тек қатты жел ғана үрлей алады.
Желкенді жел тұрғанда көтереді.
Әлсіз жел дұрыс бағытта соғып тұрса-бірнеше күшті ескектерге қарағанда жақсы.
Сөздер мен қауырсындар желдің меншігінде жасалады.
Жел болмаса, ағаштар тербелмейді
Жерінен айрылған жидеЖелге ұшар. 
Жел дауыл шақырады,Бұлт жауын шақырады. 
Жермен келген — жермен кетеді.Желмен келген — желмен кетеді. 
Жел-жетпіс аурудың басы.
Желді тормен ұстай алмайсың.
Ағаш басына жел тиер,
Көрікті кісіге сөз тиер.
Ағаш біткенді жүкті қылатын—жел.
Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда,
Қарызыңнан құтылмайсың.
Жеткен желке жұдырықтар,
Жетпеген жел жұдырықтар.
Жел болмаса, шөп басы қимылдамас.
Жел екпіндеп соққанмен,
Таң мезгілсіз атпайды.
Желден – шаншу жаман,
Сөзден – қаңқу жаман.
Желмен жарыспа, көлеңкені қума.
Ат міндім деп желікпе,
Желге мініп, желіп көр.
Жел еспей,
Бұлт көшпес.
Керіспейінше, ашу басылмайды.
Жел тұрмайынша, күн ашылмайды.