meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жер жаһан адам санының көптігінен емес, адам болып қалмауынан жойылады.
©  Еврей халқы
Жақсы сөйлегеннен үндемей қалу қиын.
©  Еврей халқы
Әйелдер аз сөйлесе, ерлер көп нәрсе тыңдырушы еді.
©  Еврей халқы
Әке-шеше баласын сөйлеуге үйретсе, баласы әке-шешесін жұмған аузын ашпауға үйретеді.
©  Еврей халқы
Алыстан  көрген адамның бәрі бірдей.
©  Еврей халқы
Білім адамға ешқашан артық етпеген.
©  Еврей халқы
Адам ең құрмағанда қызығушылық үшін өмір сүруі қажет.
©  Еврей халқы
Ақтан ішсең ағынан жарыласың.
©  Еврей халқы
Егер проблеманы ақшаға шешу керек болса, ол проблема емес, ол – қып-қызыл шығын.
©  Еврей халқы
Барлығына сыпайы болыңыз. Он екі алқабилердің қатарына кім кіретіні ешқашан белгісіз.
Бармен - сізді әйеліңізден жақсы түсінетін адам.
Ақылды күйеу шашты қалыңдықты алады
Кімнің ақшасы бар, сұлтанның қызы-қалыңдық болады
Ең үздік келін – пәк қыз!
Егер сіз ит шақырсаңыз, қолыңызда таяқ ұстамаңыз.
Ағаш тамырымен,адам досымен мықты.
Еріншек жігіт шалмен тең, зейінсіз жігіт малмен тең.
©  Естеу ЖҮНІС
Білімдіде ашу жоқ, үнсізғана пілдің жүгін көтереді.Білімсізде ашу көп, жынның жүгін көтереді.
©  Естеу ЖҮНІС
Уақыт ұмтылғанның ырысы, бойкүйездің ажалы.
©  Естеу ЖҮНІС
Гүл түймесін жел ашар, жер пердесін ел ашар.
©  Естеу ЖҮНІС
Туысым бар деп мақтанба қайыр-қылары жоқ болса.Жұртына тастап кетеді өзінің қарны тоқ болса.
©  Естеу ЖҮНІС
Балам бар деп мақтанба іштен туып боқ болса.
©  Естеу ЖҮНІС
Ең зор табыс----тәжірибе сабақ.
©  Естеу ЖҮНІС
Ең зор қайғы---надандық, нәрсіздік.
©  Естеу ЖҮНІС
Ең зор байлық-----Білім мен уақыт.
©  Естеу ЖҮНІС