meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Бұтаға қорғалған торғай да қалады– "Бұтаға қорғалаған торғай да қалады" деген сөз бар еді.("Абылай хан туралы аңыздар". Бабалар сөзі. 86-том. 157-б...
Ханның ақылы баланың шөметейімен бір бәс- "Ханның ақылы баланың шөметейімен бір бәс" деген осы екен-ау!("Абылай хан туралы аңыздар". Бабалар сөзі...
Аң алмайтын жаман құс – ат еңбегі, Абылайдан басқа төре – ет еңбегіҚазақ жұртында мақал болып қалды: "Аң алмайтын жаман құс – ат еңбегі, Абылайдан..
Қой асығы деме, қолайыңа жақсы сақа қойБұрынғының сөзі бар еді "қой асығы деме, қолайыңа жақса сақа қой" деп еді. Кел, осыны хан көтерелік! – деп әу..
Ер жігіт үйде туып, түзде өлер- "Ер жігіт үйде туып, түзде өлер" деген емес пе, ата, мықтаса, бір оқтық шығармын, сынап неге көрмейсіз? - дейді..
Көрген жерде көке бар"Көрген жерде көке бар" дегендей Қоңтәжінің ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан..
Тауындағы түлкіні бабындағы тазы алар, тозғындаған аққуды топтанған қарға алар"Тауындағы түлкіні бабындағы тазы алар, тозғындаған аққуды топтанған..
Қадірлі сөз қамал бұзар"Сөз тапқанға қолқа жоқ" деген, "Қадірлі сөз қамал бұзар" деген қадірлі қариялардан қалған сөз" деседі.("Билер туралы..
Тіс сынса, ауыз ішінде, қол сынса, жең ішіндеҚалайша "тіс сынса, ауыз ішінде, қол сынса, жең ішінде" кете бермек? Біз жаманымызды жасырмайтын..
Таудағы түлкіні табындағы тазы алар, тозғындаған аққуды шалғындаған қаз алар"Таудағы түлкіні табындағы тазы алар, тозғындаған аққуды шалғындаған қаз..
Күндестің күлі де күндесҚазақтың "күндестің күлі де күндес" деген сөз бар. Әкең барда ол білінбейтін.("Билер туралы аңыздар". Бабалар сөзі. 86-том...
Мың күнгі жаманшылықтан бір күнгі тірлік артық"Мың күнгі жаманшылықтан бір күнгі тірлік артық" деген. Біз арымызды арлаймыз, кегімізді жоқтаймыз деп..
Салмай жортқан ерден салмай құлындаған бие артық табады"Салмай жортқан ерден салмай құлындаған бие артық табады" деген. Таза, адал еңбек істесеңдер..
Зорлық, зорлық түбі – қорлық"Зорлық, зорлық түбі – қорлық" деген. Жетім мен жесірге, жалғыз-жарымға жасаған зорлықтарың бүгін мойындарыңа түсіп..
Ғұмыр – біреу, кезек – екеу- "Ғұмыр – біреу, кезек – екеу" деген. Сендерге өлім керек пе, өмір керек пе?("Билер туралы аңыздар". Бабалар сөзі...
Ер сыйлаған есікте қалмас"Ер сыйлаған есікте қалмас" деген. Әлі-ақ бәріміз де бір-бір үйдің иесі боламыз. Шарапат, жақсылығы тиер, үлкен кісілердің..
Би бол, би болмасаң, би түсетін үй бол"Би бол, би болмасаң, би түсетін үй бол" деген. Би түскендей үй болу — әйелден.("Билер туралы аңыздар". Бабалар..
Асыл пышақ қап түбінде жатпайды "Асыл пышақ қап түбінде жатпайды" деген. Келінім ақылды болса, балам дана болады. Ердің бақыты – әйел деген.("Билер..
Ажал – құдайдан, себеп – адамнан   Сен де күпірлік жасағансың. "Ажал – Құдайдан, себеп – адамнан" дегенді білмегенің – күнә.("Билер туралы аңыздар"...
Жазым болса, балшықтан тіс сынады  Қазақта "жазым болса, балшықтан тіс сынады" деген мәтел босқа айтылған емес.("Билер туралы аңыздар". Бабалар сөзі...
Ажал есірткен  "Ажал есірткен" сөз деген тағы да бар,Анамызды есірткен ажал ма әлде?!Он сегізден айрылған ана байқұсБармақ шайнап қалды екен қандай..
Өзі зордың сөзі құп  Ұрқы екен өзбектің Шаһнияз, Бойында Алатаудың құрған сиаз. Қазақ біздің ұрқымыз десе керек, "Өзі зордың сөзі құп" деген..
Тасыған төгіледі, ісіген басылады  Қалдырады босағадан аз ғана ашық Мұнысы не дегендей таңырқатып. Бұл дағы қариялардан қалған нақыл Нақылдың қас..
Надан адам ырымшыл болар, жаман жылқы арыншыл болар  – Менің әкем: "Надан адам ырымшыл болар, жаман жылқы арыншыл болар" деуші еді.("Қазақ мифтері"...
Байға тай мінсе де жарасады  "Байға тай мінсе де жарасады" демекші, тақсыр, сізге қандай түсті киім кисеңіз де, хандығыңызға ұнасып тұрады деп айтар..