meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Күліп қабылдады,
Күмілжіп шығарып салды.
Жақсылық еткен кісінің
Есігінен Қыдыр кетпейді.
Жалғыз өзі – жарғақ құлағы.
Тиын беріп, бұйым алмақшы.
Жат мінезді адамнан
Жаныңдағы ит артық.
Ақша ақшаны қимайды,
Дән дәнді жинайды.
Білікті адамның сөзі - таза гүл.
Өзіңді біліктінің қасында ұста.
Жердің сәні егін, ердің сәні білім.
Көктемгі әрекет, күзгі берекет.
Мал баққандікі, жер жыртқандікі.
Жер тойынбай, ел тойынбайды.
Хан азарында қарашысымен қас болады,
Би азарында қайырымы жоқ баймен дос болады.
Диханшылық түбі кеңіс,
Саудагерлік түбі борыш.
Малым - жанымның садақасы,
Жаным - арымның садақасы.
Кезекке кірмей, есепке кірмейсің.
Өшкен келмейді, өлген тірілмейді.
Ежелгі жау ел болмас,
Ескі мақта жіп болмас.
Жаяудың жұлдызы болмас,
Қалың құлан жаусыз болмас.
Қаратаудай мал жиса да кісі көзі тоймайды.
Өзіңнен тумай ұл болмас.
Жер қадірін ел біледі,
Ел қадірін ер біледі.
Жас өседі, жарлы байиды.
Ат - биеден, аруана - түйеден.