meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Инабатты қонақ үй иесін құрметтер.Бұл мақал əсілінде қонақты құрметтеуге арнап айтылады.
©  Түркі халықтары
Ізгілік болса, ер өлмес (арымас),Іштік болса, ат жауыр болмас.Бұл мақал əрбір істің алдынала жай-жапсарын жан-жақты ойластырып алуғашақырады.
©  Түркі халықтары
Еркекқұмар (жезөкше) күйеуге тимес,Алаңғасар (желөкпе) үйіне жетпес.Күйеуге тиюге асыққан бұзық əйелдің əрқашан да жолы болмайды. Өйткені ол..
©  Түркі халықтары
Қаз ұшса (кетсе), көлді үйрек иемденер.Бұл мақал халық арасындағы білімдар данышпан адам өмірден кетсе немесе басқажаққа ауысса, оның орнына ақылсыз..
©  Түркі халықтары
Тауды арқанмен имес,Теңізді қайықпен бөгемес.Бұл мақал үлкен істі кішкентай затпен қайтаруға болмайтынын түсіндіреді.
©  Түркі халықтары
Ортақ адамнан артық алмас.Бұл мақал ынсапты болуға шақырады.
©  Түркі халықтары
Бөтен кісінің малы – мал саналмас.Өйткені ол өз малын қайтсе де қайтарып алады.
©  Түркі халықтары
Қашық жердің хабарын керуен келтірер.
©  Түркі халықтары
Сөзі көптің іспен шаруасы жоқ, ісі көптің сөзбен шаруасы жоқавтор ғалымжан әбілқайыр
©  Әбілқайыр Ғалымжан
Серкештің еті ем болар,Ешкінің еті жел болар.
©  Түркі халықтары
Көзең кішкентай болса, саптаяқтың үлкенін қой.Бұл мақал көпшіліктің алдында кішкентай нəрсені үлкейтіп көрсетуді айтады.
©  Түркі халықтары
Белгі болса, жолдан адаспас,Білімді болса, сөзден жаңылмас.Белгі болса, жолаушы жолдан адаспайды.Білімді кісі ешқашан сөзден жаңылмайды. Бұл мақал..
©  Түркі халықтары
Адам аласы ішінде,Жылқы аласы сыртында.Бұл өзі жағымды көрініп, жан дүниесіндегі жамандық пен арамдықты жасыратынсұрқия жандарға бағышталады.
©  Түркі халықтары
Жанжал шықса, ағайын ақылдасар,Жау келсе, ел тебіренер.Бұл мақал əрбір іске сергек қарап, қай кезде де ұйымшыл болуға үндейді.
©  Түркі халықтары
Толған айды қолмен ымдамас (көрсетпес).Толған айды көзі бар адамның барлығы көреді. Сол сияқты бұл мақал барлықмəшһүр нəрсеге мысал етіп айтылады.
©  Түркі халықтары
Айламен арыстан ұстар,Күшпен құрт та ұстай алмас.Бұл мақал күші жетпеген іске айла мен тəсілді барынша қолдану керек екендігінескертеді.
©  Түркі халықтары
Аурудың өсиеті ізгілік болар.Бұл ауру адамды өсиет айтуға уағыздайтын мақал.
©  Түркі халықтары
Аш не жемес,Тоқ не демес.Аш адам алдына келген астың барлығын таңдамай жей береді. Тоқ адамаузына келгенді көпіріп айта береді. Бұл мақал осы жаман..
©  Түркі халықтары
Есендікте асығыс жоқ.Дені сау адам əсте асықпайды. Бұл мақал əрқандай істе асығыстық жасамауға,сабырлы болуға шақырады.
©  Түркі халықтары
Атанның жүгі ас болса (да),Аш (адамға) аз көрінер.
©  Түркі халықтары
Алушы – арыстан,Беруші – тышқан.Қарызын талап етуші адам құдды арыстанға, ал төлем төлеуші кембағал қорыққанынан тышқанға ұқсап кетеді. Бұл мақал дəл..
©  Түркі халықтары
Еңбекқордың еріні майлы,Жалқаудың басы қанды.Бұл мақал жалқаулықты қойып, жалықпайтын еңбекқор болуға үгіттейді.
©  Түркі халықтары
Күнде жырық (сызат) жоқ,Бекте қайту жоқ.Бұл мақал бектердің айтқан сөздері мен ойына алған істерін орындамай қоймайтынмінездерін марапаттап айтылады.
©  Түркі халықтары
Барын ортаға салса (қойса), жоққа саналмас.
©  Түркі халықтары
Үлкеннің ауырлығы кішіге қалар.Аттың арқасындағы (шоқтығындағы) жауыр əсте тез жазыла қоймайды. Ұзаққасозылады. Сөйтіп, ол бірте-бірте ұлғая беретіні..
©  Түркі халықтары