meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Қылыш тәнді жаралайды,
Өсек жанды жаралайды.
Досың мың болса аз,
Дұшпаның біреу болса көп.
Жылыда жинақталмаған,
Суықта қымтала алмайды.
Қорқақ тірідей өледі,
Жолдастары күнде көмеді.
Қорқып өмір сүргенің құрсын,
Қатарда босқа жүргенің құрсын.
Жауға жарақсыз барма,
Қаруыңды күтпей қапы қалма.
Қаруың қалпында болса,
Қапыда қалмайсың.
Бесатар белдескенде не керек.
Алыстан жаумен тілдескенде де керек.
Пулемет қонысын талғайды,
Автомат адамын талғайды.
Жаудыра атсаң жауға жақындайсың.
Зеңбірек зіркілдесе,
Жаяу солдат еркіндейді.
Алдырмайтын бекініс жоқ,
Майдан жолының өкініші жоқ.
Алыстан көрсең алдырмайсың,
Досыңды жауға қалдырмайсың.
Қараңғы түнде құлағыңды түр,
Аңдысқан жаудыбұрын біл.
Шалғыншы болсаң, болжай біл,
Арбасқан жауды алдай біл.
Күн райын тоққа санама,
Жасырын жауды жоққа санама.
Шалғыншың шалдырмаса,
Жауға алдырмайсың.
Үргедек жайшылықта тыным таппайды,
Қанды айқаста орын таппайды.
Үргедек өзіне сенбейді,
Барлауда болса, көзіне сенбейді.
Үргедекпен оттас болсаң,
Сөзіне сенбе,
Жан алқымда өзіне сенбе.
Қорқақ қол бастамас.
Ер екі өлмейді, бір өледі,
Қорқақ шіркін күнде өледі.
Қорқақтың сылтау қойнында,
Басын сақтау ойында.
Бір қорқақтың кесірі мыңға тиер,
Жолдас болсаң қорқақпен - жаның күйер.
Арсыз адам қорқақ келеді,
Барлауға да шорқақ келеді.