Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Шөліркеген (жанға) сағымның бəрі су көрінер.Бұл мақал аса қажетті əр нəрседен өзқажетін үмітпен күте береді деген мағынадақолданылады.
© Түркі халықтары
Екі бура үйкенісер,Ортасында сона жаншылар.Бұл мақал екі бек ұрысса, арасындағы адам жапа шегеді деген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары
Отты жалынмен өшірмес.Бұл мақал арамзалықты пасықтықпен емес, ақылмен аяқтау керектігіне арналады.
© Түркі халықтары
Күміс күнге қонса,Алтын (өз) аяғымен келер.Бұл мақал негізгі мақсатқа жетуүшін мал мен ақшаны жұмсау қажеттігіннасихаттайды.
© Түркі халықтары
Тасты қозғауға болмаса, сүю керек.Бұл мақал адам ойлаған мақсатына жету үшін кішіпейіл,инабатты болу керек депнасихаттайды.
© Түркі халықтары
Бала емізетін қатын ашқарақ болар.Сондықтан оған қалаған тамағын беру керек дейді мақал.
© Түркі халықтары
Батыр жігітті қорлама,Сəйгүліктің арқасын жауыр қылма.Осы мақалмен ақсақалдар бектерге ақыл-кеңес айтады.
© Түркі халықтары
Жылан өзінің иірлігін білмес,Түйенің мойнын иір дер.Бұл мақал өзінің кемшілігін білмей, басқа кісінің бойындағы мінге күлетінғайбаткерді тəмсіл етіп..
© Түркі халықтары
Арпасыз ат (қыр) аса алмас,Арқасыз батыр əскер басқара алмас.(Арпасыз – жемсіз. Арқасыз – жəрдемсіз).Бұл мақал ағайын-туғандардың бір-біріне..
© Түркі халықтары
Ұмайға табынса, ұлды болар.(Ұмай – жас нəрестенің өмірге келердегі жолдасы).Кімде-кім екі қабат қатынның босануына көмектесіп, қызмет етсе, ол да..
© Түркі халықтары
Бойдақ елу кез кездемеден дамбал тіге алмас.Өйткені жат адам (тігінші) оны аямайды, өзі күйінбейді. Сондықтан бұл мақал тезүйленуге шақырады.
© Түркі халықтары
Итке ұят бітсе, өлексе жемес.Бұл мақал ұятты, ізетті болуға үндеп, адамдарды жаман қасиеттерден қашықболуға шақырады.
© Түркі халықтары
Андыз болса, ат өлмес. (Андыз – емдік тамыр).Кептірілген тамырды ұнтақтап, ауру аттың тұмсығына сепсе, жазылып кетеді. Бұлмақал жолаушыларды жолға..
© Түркі халықтары
Əдептің басы – тіл.Бұл мақал əдепті, əсем, сыпайы сөйлеген адам əрқашан да абырой мен құрметкебөленетінін насихаттайды.
© Түркі халықтары