Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Құтыдағы – хош жұпар.Бұл мақал қыз-келіншектердің аузынан шыққан хош иісті жұпарға бағалағандағана айтылады.
© Түркі халықтары
Иесіз затқа ие болмас.Бұл мақал өз затыңа берік бол деген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары
Момын кісінің сөзі даңқты болмас.Бұл мақал кісілерді жақсы атанып, ел құрметіне бөлену үшін ұқыпты, мұқиятболуға үндеп айтылады.
© Түркі халықтары
Көк сөгетке құс қонар,Көрікті кісіге сөз келер (ерер).Бұл мақал ұқыпты болуға үндеп айтылады.
© Түркі халықтары
Жауды елемесе, басқа шығар.Бұл мақал əрқашан да сақ болуға, дұшпаныңды өзіңнен кем санамауға үйретеді.
© Түркі халықтары
Қарыз кешіксе, қадам бітер.Бұл мақал қарыз кешіксе, иесі табанынан таусылады деп ескертеді. Демек, əрқандайісте сақ болған жөн.
© Түркі халықтары
Иегін еркелетіп (сипалап), сақалын ұқсатар.Бұл мақал арам ниетін айла-тəсілмен іске асырмақшы болып, жылмаңдаған сұрқияжандарға арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Бір тойынның басы ауырса,Барлық тойынның басы ауырмас.(Тойын – кəпірлердің дінбасы)Бұл мақал достары бір жұмыс істеп жатса, яки қабылдап, азықтанып..
© Түркі халықтары
Қарға қазға еліктесе, бұты (сирағы) сынар.Бұл мақал əркім өз əліне қарай іс-əрекет жасау керектігін ескертеді.
© Түркі халықтары
Жағасындағы жалаймын деп қолындағысынан айырылар.Бұлмақал бір затқа құмартқанадамға қолындағыбарынсақтаудыесіненшығармауғашақырып айтылады.
© Түркі халықтары
Кешқұрым бұлт қызарса –Қатыны ұл тапқандай болар.Таңертең бұлт қызарса –Үйге жауы кіргендей болар.Түріктер осы екі жағдайдың соңғысын жақсылыққа..
© Түркі халықтары
Сынамаса алданар,Сақтанбаса ұтқызар.Бұл мақал əрқандай істі алдын ала сынап көруге, бақылап алуға үндейді.
© Түркі халықтары
Шалбары бүтін (жан) қалаған жеріне отырар.Бұл мақал жаны таза, ісі адал адамға ешқандай қиыншылық тосқауыл бола алмайдыдеген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары
Жуаспенен ұрыс,Ұятсызбен ұстаспа.Жуас ауырыңды көтереді. Арсыз сені масқара етеді деп ескертеді бұл мақал.
© Түркі халықтары
Су ішкізбеске сүт бер.Бұл мақал жамандық жасаған адамға жақсылық жасауды насихаттайды.
© Түркі халықтары
Құралын ұмытса, тұтқын болар.Бұл мақал əрқандай іске дайын болуға үндейді.
© Түркі халықтары
Мақтаншақ дамбалын былғар.Бұл мақал мақтаншақтықтан аулақ болуға шақырады.
© Түркі халықтары
Қураған ағаш иілмес,Қураған шыбық түйілмес.Бұл мақал көп қолданылып, ескірген зат орнына қайтып келмейді деген мағынада қолданылады.
© Түркі халықтары