Алыс туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 37
Ақын өлеңдері жинағы: 49
Қанатты сөздер жинағы: 8
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 4

Алыстың хабарын керуен келтірер.
Алыстан көрсең алдырмайсың,
Досыңды жауға қалдырмайсың.
Жаманды мақтансын десең алысқа жібер.
Көрінгеннің алысы жоқ,
Көтергеннің ауыры жоқ.
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.
Жамандық жақын, жақсылық алыс.
Алыстан арбалағанша,
Жақыннан дорбала.
Қарыстың алыстығы бар,
Сүйемнің жақындығы бар.
Барар жердің алыстығы жоқ,
Керек тастың ауырлығы жоқ.
Көпті көрген біледі,
Алысты жүрген біледі.
Алыстағыңа сыйын,
Жақындағыңа сүйен.
Өлім деген - ұзақ жолдың алысы.