Адамгершілік туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 38
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Ақын өлеңдері жинағы: 7
Қанатты сөздер жинағы: 49
Әңгімелер жинағы: 1
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 4
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Эсселер жинағы: 2

Жолдасыңның жоғын қарас:
Табылса жоғына жақсы,
Табылмаса көңіліне жақсы.
Екі жасты қосқанның сауабы бар,
Дос арасын ашқанның обалы бар.
Адалдық — ардың ісі.
Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.
Құлан өз қағынан өзі жерімес.
Ала жіпті аттамағанның абыройы биік.
Асылдың бірі — адалдық.
Арқанды ат қазығына оралар.
Жүз сом ақшаң болғанша,
Жүз жолдасың болсын.
Адамгершілікке арналған
Үш сауап бар:
Шөлге құдық қазған,
Өзенге көпір салған,
Жолға ағаш еккен.
Адамды тарлық
Шынықтырады.
Адамгершілікті барлық
Ұмыттырады.
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Арақпен достастым дегенше, адамгершілікпен қоштастым де.