Бас туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 5
Мақал-мәтелдер жинағы: 82
Жұмбақтар жинағы: 11
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 88
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 11
Әңгімелер жинағы: 8
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 2
Шығармалар жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1

Бас сау болса, басқа бөрік табылар.
Басқа келген пәледен
Бастан құлақ садаға.
Басқа пәле қайдан-ды?
Басқа пәле тілден-ді.
Басты балта бұзар,
Істі сайтан бұзар.
Бақыршының басы болғанша,
Алтыншының аяғы бол.
Бағынбаған патшаның басы кетеді.
Әр айып сайын бас кесілсе,
Дүниеде тірі жан қалмас.
Әркім өзі күтеді өз басын,
Жаман кемітеді жолдасын.
Әкімнің мойны қылшадай, басы таудай.
Аяққа тартсаң, басқа жоқ,
Басқа тартсаң, аяққа жоқ.
Аяқтың астында жатсаң,
Басың аман қалады.
Аттың басын ноқталап байла.
Атадан жақсы туған ұл
Атаның есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман туған ұл
Атаның төрдегі басын есікке апарар.
Ақылдыға жақындас,
Ақылсыздан өз басыңды алып қаш.
Ақыл бастан шығады,
Асыл тастан шығады.
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.
Айтар сөзге тұшынғаның—
Ноқтаға басты ұсынғаның.
Адамның басы—Алланың добы.
Басы ауырмағанның құдаймен ісі жоқ.
Басына тартса – аяғына жетпейді,
Аяғына тартса – басына жетпейді.
Басыңа тау құласа да,
Шыбын шаққандай шіміркпе.
Бас – ақыл үшін,
Ақылды – ел үшін.
Асым аз болса да,
Басым тыныш болсын.
Не басын тасқа соқсын,
Не тасын басқа соқсын.
Біреу басқа,
Біреу шашқа құрмет көрсетеді.