meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Бірінші көргенде, безін сыйлайды,
Танысқаннан кейін өзін сыйлайды.
Жеке тауыққа да жем керек.
Әйелі жақсы болса,
Ері де керім.
Жаман бұқа өз басына шөп үйеді.
Дос өкпелесе, қалағанын алады.
Бойдақта байлық болмайды.
Жаңа жардың жалыны күшті.
Қатын алсаң дардай,
Ұл туады – нардай:
Басыңа тау құласа да,
Шыбын шаққандай шіміркпе.
Жақсы болса қатының,
Тасылмайды ақылың.
Біреудің қатыны біреуге қыз көрінер.
Бұқада қайын жоқ,
Сиырда төркін жоқ.
Екі жынды бір кетті,
Есен барып, сау қайтсын.
Бір тиын беріп айттыра алмайды,
Мың тиын беріп қойдыра алмайды.
Еріккен қойшы – есі кеткен жолаушы.
Көшсе – артта,
Қонса – сыртта.
Балалы үй – гүлстан,
Баласыз үй – көрстан.
Жарлының қалтасына ақша түссе,
Тырна болып сұңқылдайды.
Өтірікшінің шын сөзі жалғанға айналады.
Жақсыдан жаман туса – шығыс,
Жаманнан жақсы туса – кіріс.
Қарным үшін емес,
Арым үшін жылаймын.
Көшкеннен отын қалады,
Өшкеннен қатын қалады.
Көп тимеске, мол тиіпті,
Табақ-табақ нан тиіпті.
Білек – бір, бармақ – басқа.
Арамзаны аңдыған алады.