13.05.2021
254
Айықпаған кезім еді ол – көңіл мас...
Айықпаған кезім еді ол – көңіл мас,
амандасуға созған қолыңды ұстап «қош!» дедім.
Сөндіргенше үмітіңді сенің жас,
өзім неге сол арада өшпедім!..
Кешір, қалқам! Қешірерсің – білемін,
табарсың сен үкімін де шешімін.
Бірақ сендік менің мына жүрегім,
Жүрегімнен ала алмаспын кешірім!