Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Политология | Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістері

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жаһандану - қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоятын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үдерісті жан – жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор.
Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және дүниетанымдық факторлармен анықталады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Мектептегі денсаулығы әлсіз оқушыларға дене тәрбиесі сабағын жүргізу

Зерттеудің көкейтестілігі. Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты - өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері қарастырылған 1. Сондай-ақ, Елбасымыздың «Болашақтың іргесін бірге қалайық!» атты халыққа жолдауындағы еліміздің «2020 – Саламатты Қазақстан» даму бағдарламасында да аталмыш мәселелер онан ары нақтылана түсті 2.
Еліміздің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ болса, денсаулығы зор, білім нәрімен терең сусындаған жастар келешегінен қоғамымыз зор үміт күтеді. Міне осындай болашағынан үміт күттірген талантты да дарынды жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап білімді, денсаулығы мықты әрі жан-жақтылы етіп тәрбиелеу кезек күттірмес мәселе екені бәрімізге аян. Ал, осындай жауапты, ауыр міндетті арқалауда дене тәрбиесінің алатын орны ерекше екені бәрімізге де түсінікті. Дене тәрбиесін жүйелі де ғылыми өткізу арқылы дені сау оқушылардың денсаулығын онан ары нығайтумен қатар, денсаулығы әлсіз балалардың ауру азабынан ертерек құтылуына, ағзасының, дене мүшелерінің уақытша жоғалтқан немесе әлсіреген қызметтік мүмкіншіліктерін қалпына тезірек келіп, басқа балалармен бірдей асыр салып ойнауына көмегін тигізе алатын тамаша мүмкіндікті қолдан шығармау керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Футбол спортшысының жұмыс қабілетін инновациялық технологияларды қолдана отырып оқу жаттығу сабақтарын өткізуді ұйымдастыру

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының негізгі құрамасы, олимпиадалық және жастар құрамаларының сәтті ойын көрсетуінің басты шарты барлық оқыту-машықтандыру процесін футболшылардың арнайы дене сапаларын жетілдіруге арналған тиімді құралдар мен әдістерді қолдана отырып жетілдіру.
Көпжылғы өткізіліп келген барлық педагогикалық эксперименттік байқаулар футболшылардың жалпы дене дайындығы мен техникалық-тактикалық шеберліктерінің нашарлауын көрсетіп келген.
Осыған орай, бұл мәселелер ғылыми дәрежеде, әсіресе жасөспірім кезеңдегі футболшылардың дене қабілеттерін тәрбиелеуде педагогикалық тәсілдерді пайдалануды зерттеу жұмысы барысында айқындалуы тиіс. Олай болатын себебі футболшылардың дене қабілеттері мен спорттық шеберлігінің қарқынды өсуі дәл осы сатыда, яғни олардың жасөспірім кезеңінде байқалады. Дене қасиеттерін тәрбиелеудің маңыздылығы - футболшылардың жаттығу тәсілдерін дұрыс өңдеп, қабылдай алу қабілеттілігінде, яғни мағлұматтарды өңдеу арқылы олар өз дене қабілеттері мен спорттық шеберліктерін шыңдай алады.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қамти отырып, ғылыми зерттеу жұмысы
жасөспірімдердің жылдамдық-күш қабілеттерін педагогикалық тұрғыдан
қарай отырып, олардың дене қабілеттері мен спорт шеберліктерінің артуына
септігін тигізбек.
Футбол – тұрғындардың кең көлемдегі денсаулығын нығайтып және дамытатын дене тәрбиесінің көпшілік қолданылатын құралдарының бірі. Футболмен қазірігі кезде 3 миллионға жуық адам айналысады. Бұл шындығында да халақтық ойын, онымен ересектер, жасөспірімдер және балалар да шұғылданады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Күләш Ахметова шығармаларындағы махаббат тақырыбы

Күләш Ахметова шығармаларындағы махаббат тақырыбыЖоспарКіріспеК.Ахметованың шығармашылық өмірбаяны.........................ІІ Негізгі бөлім1 – тарау. К.Ахметова поэзиясының ерекшелігі............................2 – тарау. К.Ахметова поэзиясындағы махаббат тақырыбы......Қорытынды...........
Дипломдық жұмыстар
Толық

Информатика | Компьютер көмегімен есеп шығару технологиясы

Кіріспе
Ел Президентінің соңғы жылдардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары өзінің мазмұнының тереңдігі, алға қойған мақсатының өміршеңдігі арқылы халықтың шын мәніндегі ниеті мен ыстық ықыласынан туып, алдағы 10 жылдың айтулы бағдарламасына айналып отыр. Жолдаулардағы басым бағыттардың бірі де, бірегейі – білім саласы. Отандық білім мен ғылымды жоғары халықаралық деңгейге көтеру, қазіргі заман талабына сай олардың сапасын арттыру – бүгінгі өмір талабы. Бұл туралы Елбасы былай деген еді: «Ұлттық жоғары мектептің алдындағы маңызды да жауапты міндеттердің бірі – халықаралық талапқа сай білім беріп, мамандар даярлау». Ал енді, осындай жоғары талапқа сай мамандарды дайындау оқу үрдісінде ақпараттық-инновациялық оқыту технологияларын белсенді түрде пайдаланбайынша мүмкін емес.
Ақпараттық бірліктердің білімге айналуы, әлемнің жүйелік ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздеуі, адамның дүниетанымының құрамды бөлігі болып табылатын интеллектуалдық дамуын қалыптастырудағы қажетті жағдай. Олай болса, бұл мәселені оң шешудің бүгінгі күнгі негізгі құралдарының бірі – математика және информатика пәндерін, оның ішінде әсіресе алгоритмдеу және программалау тарауларын оқытудың сапасын арттыру қажеттілігі туындайды. Өйткені, математика және информатика пәндері және ғылымдары бүгінгі күні барлық нақты пәндермен және ғылым салаларымен тығыз байланысқан. Математика және информатика басқа нақты пәндерді оқытудың тиімділігін жақсартуға, сапасын арттыруға және ғылым салаларын тиімді дамытуға, былайша айтқанда, жалпы білім алу сапасын жақсартуға зор мүмкіндіктерді беріп отыр. Ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың маңыздылығы және көкейтестілігі осында болса керек.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | ЖОО да оқу жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері

Зерттеудің өзектілігі. Дене тәрбиесі оқу пәні ретінде бұрынғы КСРО-ның жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1929 жылдан бастап енгізілді. Осы бір ұйымдастырылуы жағыннан күрделі пәнді бағдарламалық-әдістемелік жағынан қамту сол кезден қолға алынды.Оның құрылымы мен мазмұны тек 1937 жылы барлық жоғары орындары үшін біріңғай оқу бағдарламасы мен белгіленді. Алайда, Ұлы Отан соғысы, одан кейінгі Жапониямен соғыс оның қалыптасуы мен дамуын ұзақ уақытқа кідіртті, тек жеңістен кейін ғана жалғасын тапты.
Дене тәрбиесі бойынша соғыстан кейінгі алғашқы оқу бағдарламасы 1951жылы дайындалып, қабылданды, бірақ ЖОО-ның ерекшелігі мен әртүрлі мамандануына сәйкес негізгі қолдануға ие бола алмайды.Одан кейін 1955,1963,1957 жылдарда «Жоғары оқу орындарындағы студенттер дене тәрбиесін ұйымдастыру – педагогикалық негіздері»тақырыбынағы кандидаттық диссертацияда талдау жасалынды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Солтүстік Қазақстанның санаторлық курорттық потенциалын анықтау

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі сферасына айналып жатыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға таңдалмалығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды. Соңғысы ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен демалыс мақсаттары үшін территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің маңызды бөлігін құрайды.
Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.«Рекреация» сөзінің мағынасы – «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді.
Емдік-сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының мазмұнын құрау. Соған орай Солтүстік Қазақстанда емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында – денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу;
Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты; ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жеңіл атлетика секциясына балаларды іріктеудің әдістемелік ерекшеліктері

Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Бірыңғай мүшелі сөйлемдер

КІРІСПЕ
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен олардың қызметі жай сөйлем синтаксисінің обьектісі болып табылады. Жұмысымызда бірыңғай мүшелер туралы түсінік, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірыңғай мүше болуындағы ерекшеліктері, мүмкіншіліктері, жай сөйлем құрамында бірыңғай мүшелердің байланысу түрлері мен оларды байланыстыратын жалғаулықтар, интонация, орын тәртібі және бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылатын жалпылауыш сөздер кеңінен қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі.
Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда sintaksis – қоспа, біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз о баста сөзбен сөздің бірігу, қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік ұғымға ие болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада.
Синтаксис ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, граматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен құралады: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3. құрмалас сөйлемнің синтаксисі.
Синтаксис ғылымының зерттейтін обьектілері – тілдің синтаксистік құрылысы. Синтаксистік құрылыс сөздердің әр алуан тұлғаларда жұмсалуы арқылы өз ара тіркесіп барып. Сөйлем құрауының жүйелі ережелері мен заңдарының жиынтығы болып табылады.
Синтаксис – сөз тіркесінің, жай және құрмалас сөйлемдердің сыр – сипатын, қалыптасқан ережелері мен жұмсалу заңдылықтарын айқындайтын ғылым. Синтаксис сөз тіркестерін, сөйлемдерді, олардың бөлшектері мен әр алуан синтаксистік категорияларын кісінің ойын білдірудің грамматикалық амалдары ретінде, оларды өз ара және морфологиямен байланыста қарастырады.
Синтаксистің басты арнаулы обьектісі екеу: бірі – сөз тіркесі, екіншісі – сөйлем. Сөз тіркесі мен сөйлем екі бөлек синтаксистік единиуалар: сөйлем қарым – қатынас жасауды пікір алысуды қамтамасыз етудің – ал сөз тіркесі сөйлем құралдың шоғырланған материалы болу. Сол үшін сөздер өзара тіркесіп, белгілі синтаксистік қарым – қатынасқа түсіп, сөйлем құрамында жұмсалады.
Тілдің ең басты ,бір тұтас ұйысқан бөлшегі –сөйлем. Сөйлем- тілдің қоғамдық қызметі. Пікір алысудың ойды білдірудің, негізгі тұлғасы. Ол қашанан бері синтаксистик зертеудің басты объектісі болып есептеледі. Сөйлем кісінің ойын айту мақсатына лайық құралатындықтан, сөз, сөз тіркестері ойдың бөлшекті элеметтері есебінде сөйлем құрамына енеді. Олар сөйлем құраудың синтаксистік материалы болатындықтан, синтаксис зерттеудің де басты объектісінің бірі болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Кеңес дәуірі және қазіргі қазақ әңгімелерінің жанрлық ерекшіліктері

Кіріспе
Әдебиеттану ғылымында әдеби жанр мәселесі жан-жақты зерттелініп келеді. Әдеби жанр (французша genre – тек, түр) термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманың түрлері – әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.
Әдебиеттанушы Г.Н.Поспелов жанр мәселесі туралы: „Термин жанр употребляется в нашей науке в двух разных смыслах. Жанрами нередко называют то что издавно было принято называть „родами” литературы – эпос, лирику, драму. Но это нарушает давно сложившуюся традицию называть словом „жанр” не роды литературы, а те более частные ее образования, которые существует в пределах различных ее родов такие как например: эпопея, роман, рассказ, новелла, ода, очерк, трагедия” [1;230], – дейді.
Байқап отырғанымыздай, жанр мәселесінің маңында шартты пікірлер көп. Әдебиет теориясы жайлы жазылған кітаптардың көбінде әдебиеттің тегі – жанр, әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге – очерк, әңгімені т.б. жатқызамыз.
„Литературные жанры обладают структурными, формальными свойствами, имеющими разную меру определенности. На более ранних этапах на первой план выдвигались и осознавались как доминирующие именно формальные аспекты жанров. Жанрообразующими началами становились и стиховые размеры и строфическая организация и ориентация на те или иные речевые конструкции и принципы построения,” [2;372] – деген В.Е.Хализовтың пікірінше әрбір жанрлық туындының жанр түзуші белгісі болады.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, біздің бітіру жұмысымыздың нысаны „...шағын көлемді эпикалық жанр әңгімеде өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мұндай шығарманың көлемі де шағын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан, дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы шығарма сыртында – баяндаудан да, суреттеуден де тыс. Авторлық материал – нағыз қажетті детальдар мен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақ желілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған келте суреттер түрінде тізбектеледі, композициясы да – жинақы, үйірімді, ширақ келеді,” [3;290]– дейді белгілі әдебиеттанушы ғалым З.Қабдолов.
Шағын көлемді эпикалық түр әңгіменің жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Қазақтан шыққан тұңғыш әдебиеттанушы-ғалым А.Байтұрсынұлы 1926 жылы жарық көрген мәні мен маңызы өте терең, сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап түсіндірген „Әдебиет танытқыш” атты еңбегінде жазба әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін айта келіп, оны: 1) әуезе, яки әңгіме 2) толғау тобына қарайтын сөздер, 3) айтыс-тартыс тобына қарайтын сөздер деп үш түрге бөліп қарастырады.
Осы топтағы әуезе немесе әңгімеге анықтама бере келіп, А.Байтұрсынұлы:
„Бұл топқа кіретін сөздер толып жатыр. Оның бәрін түгендеудің қажеті жоқ. Басты-басты түрлерін алғанда, олары мынау болады:
1. Ертегі жыр 2. Тарихи жыр. 3. Әуезе жыр. 4. Ұлы әңгіме (роман). 5. Ұзақ сөз. 6. Аңыз өлең немесе әңгіме. 7. Көңілді сөз. 8. Мысал.
9. Ұсақ әңгімелер” [4,32], – дейді.
А.Байтұрсынұлы ұлы әңгіме, яғни романға жанрлық жағынан сипаттама бере келіп, „ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі „Ұзақ әңгіме”, ал одан шағындау түрі „Ұсақ әңгіме” деп аталады”, – деп нақтылай түседі. Одан әрі: „Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәр-бәрінде де бір, айтылу аудандарында айырма бар: ұлы әңгіме сөзі алыстан айдаған аттар сынды жайыла бастайды, ұзақ әңгіме жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды, ұсақ әңгіме мүше алып, оралып келе қоятын аттарша бастайды”, – деп „әуезе түрлерін” одан әрі қарай жіктеп, жүйелеп береді.
А.Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқышындағы” „ұлы әңгіме” деп отырғаны – роман, „ұзақ әңгіме” деп отырғаны – әңгіме жанры екені түсінікті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық