Дипломдық жұмыстар

Дипломдық жұмыстар санатында қазақ тілінде жасалған жобаларды қарап, сатып алу емес тегін жүктей аласыз. Қазақ тілі, математика, информатика, бағдарламалау, қазақ әдебиеті, топырақтану, қаржы, педагогика, дене шынықтыру, құқықтану, география, психология, есеп және аудит, биотехнoлогия және тағы басқа пәндер бойынша дайын дипломдық жұмыстар жарияланған!!!

Психология | Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру

КІРІСПЕ
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет алғашқы кезде балалар үйінде және жетімдерге арналған мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалрға психологиялық көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмағандықтан оларда эмоционалдык депривация кеңінен орын алады. Балаларды осы жетімсіреу жағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Сондықтан психологиялық қызметті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде балалар үйлерінде қызмет аткаратын психологтар даярлауға үлкен көңіл бөлінді. Осындай тәрбие орындарында балаларға психологиялық қызмет көрсетудің максаты мен мазмұнын анықтаған ғалымдар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, А.В.Забрамная, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд, У.В.Ульенкова т.б. Осы мекемелерде өсіп, оқитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер мектеп-интернаттардың оқу-тәрбие жұмыстарына тән ерекшеліктерін көрсеткен. Сонымен қатар психокоррекция отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты, кәсіби қызмет атқаратын жерлерге адаптациядан өту т.с.с. мәселелерді шешуге ықпал жасау құралы ретінде де пайдаланылады.
Психологияны адамдар өмір тәжірибесіне енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін пайдаланып адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері тек балалар үйінде ғана емес, барлық білім беру мекемелерінде кеңінен пайдаланылатын қызмет болып келе жатыр. Психологиялык кеңес беру терминін пайдалану және кеңес беру тәжірибесін ұйымдастыру формалары алуан түрлі болғандықтан, психологиялық қызметтің бұл түрін қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сонымен, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру психологиялық қызметті ұйымдастыру формаларының бірі ретінде қолданады.
Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А.А.Бодалев, А.В.Забрамная психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер үлгілерін жинақтаған. Сонымен қатар И.В.Дубровинана мен Л.И.Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбектерінде жалпы білім беретін мектепте психикасы және әлеуметтік жағдайы нормадағы балалармен жүргізетін псхологиялық кеңес беру және интеллектуалдық қабілетін жоғарылату үшін психокоррекцияны ұйымдастыру жолдарын көрсеткен.
Мектеп психологиялық қызметі арқылы балалардың психологиялық проблемаларын шешу жолдарының бірі – психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны ұйымдастыру болғандықтан осы мәселені жан-жақты зерттеу үшін дипломдық зерттеу тақырыбын: «Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні: мектеп психологиялық қызметінің мазмұны.
Зерттеу мақсаты: мектеп психологі жұмысындағы кеңес беру мен түзету-дамыту жұмыстарының ерекшеліктеріне сүйене отырып оны жүргізу әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдарын анықтау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағалау | Жер бақылау мен жерді бағалау жолдары

Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%- ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2-ін теңізбен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтанда ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.
Ұлттық экономиканың ең ірі саласы болып табылатынг Қазақстанның ауыл шаруашылығы мемлекеттің әлеуметтікэкономикалық саласында маңызды орын алады. Соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2 іргелі мемлекеттік бағдарламаны: 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік Агро азық-түлік бағдарламасы және 2010 жылға дейін мемлекеттік ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын бекіткенмен айтсақта жеткілікті.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га оның ішінде ауылшаруашылық жерлері 222,3 млн. га жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, куроттар, қорықтар, тарихи және мәдениет болып бөлінеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Информатика | Компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалану

Кіріспе
Қазіргі таңда ғылыми, экономикалық және инженерлік есептеулер жүргізу үшін, электрондық кесте де, қалыптасқан программалау тілі де көп қолданылмай, керісінше арнайы математикалық пакет немесе МatLab, Maple, MathCAD, Mathematical тәрізді және тағы да басқа бағдарламалар пайдаланылып жүр. Математикалық бағдарлама, соның ішінде MathCAD – кең тараған бағдарлама. Мамандар үшін арнайы ғылыми техникалық есептеулерде, арнайы программалау тілін (FORTRAN, C++, Pascal, BASIC т.б.). жетік білмеген күнде де, математикалық моделдеп, компьютермен жұмысты өте тез жүргізуге болады.
Компьютерлік математика – ғылым мен техникадағы жаңа бағыт. Ол классикалық математика мен информатиканың түйісумен туындайды. Компьютерлік математиканың маңыздылығы оның программалық жүйемен қамтамасыз етілуінде және кез-келген математикалық есептерді шешу қабілетінде. Компьютерлік математика жүйесі батыстың Mathsoft, Mathwors, Maple, Wolsrom секілді фирмаларда жасалған. Mathcad ғылым мен білімнің және техниканың әр түрлі аймақтарын автоматтандыру үшін математикалық есептеулеге арналған. Жүйенің аталуы екі сөзден құралған, яғни MATHematica (математика) және САD (Computer Aided Desing –автоматты жобалау жүйесі немесе АЖЖ). Сондықтан MATHCAD-ты математикалық автоматты жобалау жүйесі деп атайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Суицид - әлеуметтік қатер ретінде

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазіргі әлемді үрей билеп тұр. СПИД ауруына ем таба алмай басы қатқан адамзат атом бомбасын шығаруға ақылын аямай жұмсағаны анық. Ол адам қолы жасады дегенге сенбейтін әрекеттерге барып жатыр. Адамды қалыптастырған қоғам да, қоғамды құрған адам да қатыгездіктің шегіне жетті. Бір сөзбен айтқанда адамзат арыла алмайтын індет көп. Соның бірі – суицид. Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, қай кезде болмасын өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті. Менің бұл адам шошырлық мәселені алғандағы себебімнің бірі, ол – осы суицид мәселесінің біздің қасіретімізге айналып бара жатқандығында.
Суицидке ұшыраушы адамдар әдетте, рухани күйзелістен зардап шеккен және стрестік күй-жайда болған, өз мәселесін шеше алмаған адамдар тобы. Олар жиі психикалық аурудан зардап шегеді, әсіресе депрессиялық күйде ұзақ болады және болашақтан өз үмітін кешеді [7]. Суицид бүкіл әлемде өлімге алып келетін жетекші себеп болып табылады, сондықтан ол қоғамдағы өзекті мәселенің бірі деп есептелінеді. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, суицидтің ресми статистикасы оның нағыз санын бағаламайды.
Өзіне-өзі қол жұмсау – глобалды геополитикалық құбылыстарға қарағанда маңызсыз құбылыс болып есептелінеді. Ал шындығына келгенде ол қоғамда болып жатқан жағдайларға белгілі бір баға береді және сол қоғамның нағыз келбетін сипаттайтын құбылыс.
Адам баласы бір үмітпен өмір сүреді. Ол бір мақсат, бір арманның жолына түссе, болашақтан үміті болса ғана адамша ғұмыр кешеді. Қандай қиыншылықтар кездессе де, үмітінен көз жазбауға тырысады. Алданышы бар адам күресе де, жұбана да алады. Ал мақсат-мұратсыз адамның көрінгеннің жетегінде кететіні айтпаса да түсінікті. Ондай адамдардың баз кешіп, бағдарынан адасуы да оңай. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне сенсек, суицид құрбандарының түгелге жуығы тіршілік қиындықтарының әртүрлі себептерінің кесірінен өледі екен. Бірақ өтпелі кезеңде кім қиыншылық көрмеді. Замана жүгі талай адамның еңсесін түсірді емес пе. Егер солардың барлығы қиыншылық көрдім деп өле берсе, қанша пенденің мерт боларын кім білсін?! Сондықтан кішкентай ауыртпалыққа шыдамай өзіне қол салғандардың көбісі психикалық ауытқуларға ұшырағандар болып табылады. Зардап шеккен адам ең алғаш өлу жайында ойлана бастағанда оның санасында сол арам ойына қарсы тұрарлық иммунитеттік түйсік тірілуі қажет. Сонымен қатар сыртқы ортадан да психикасына да әсер етіп, өлімнен бас тартқыза аларлық көмек керек. Егер олай болмаған күнде адам санасында о баста ноқаттай ғана болып енген «қара ойдың» вирусы ұлғая келе сананы толықтай меңдеп, ақыры алып тынады.
Сонымен қатар, суицидтің зерттеу пәнінің кең және жан-жақты статистикалық мәліметтерінің бар болуы Батыс әлеуметтанушыларына нағыз табысты тапсырады. Осыған қарамастан, өзіне-өзі қол жұмсауды зерттеудің маңыздылығын да ұмытпаған жөн. Өйткені, өзіне-өзі қол жұмсау санының әлеуметтік өлшемі жалпы өлім өлшемінен тұрақты тұрақтылығымен және арта түсуімен сипатталады, сондықтан оны зерттеуде ең алғашқы орынды өзіне-өзі қол жұмсаудың жалпы көрсеткіштері – қоғамда болып жатқан тоқыраулардың жауабы ретінде қарастырылады. Қоғамда болып жатқан әрқилы жағдайларды әрбір адам өзінше қабылдайды. Мен бұл жұмысымда тек объективті фактілерге және олардың қазақ қоғамына қалай әсер еткендігін, әлеуметтанушылардың мәліметтер жинағы мен олардың анализдеріне сүйене отырып жүргіземін.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Аударма ісі | Медициналық құжаттар және нұсқаулықтар аудармасы

Аударма – қиын да күрделі, жауапты да маңызды, шығармашылық өнердің ең биігі. Талантты аудармашы әрі аударма зерттеушісі К. Чуковский аударманы “биік өнер” деп бағалаған. Өйткені неміс халқының классигі И. Гете пайымдауында “аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді”. Шын мәнінде аударма қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін адамзаттың арасындағы рухани, мәдени құндылықтарды бір-біріне жеткізуші, халықтар арасындағы байланысты дамытушы, жалғастырушы болып отыр.
Аударма – сан қырлы, дүние, ол – өнер, мамандық, ғылым, шығармашылық іс. Тіл өнері жетіліп, өркендеген сайын аударма да үздіксіз өсе береді. Әр дәуір аударманы жаңа сапалық биікке көтереді, немесе, К.Чуковскийше айтсақ “дәл аударманың қалай жасалғандығы туралы түсінік қалыптасады”. Аудармашыны актерге теңеу бекер емес. Аударма – шығармашылық іс әрі өнер, ол “бәсекелестіктің жоғары түрі, орындаушылықтың бір түрі” (В. Россельс). Чех әдебиет тарихын зерттеушісі әрі аудармашы О. Фишер ХХ ғасырдың басында аударма ғылым мен өнер дәнекерлестігінде қызмет екенін айтады. Олай болса, аудармашы – құрметті мамандық. Өйткені, ол өз ұлтының көркем әдеби шығармаларын екінші бір халықтың рухани игілігіне айналдырумен бірге, сол халықтың үздік туындыларын өз елінің қазынасына қосады. Ағылшын жазушысы әрі сыншысы Илэр Бэлокк “аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс” деп орынды айтқан. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Филология | Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: менің бұл тақырыпты таңдап алған себебім, шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай түрлендіріп, өткізу және оны ұйымдастырудың жолдарын қарастыру. Қазіргі кездің өзінде мұғалімдердің көпшілігі шетел тілі сабағында бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолдануда, сол әдіс-тәсілдердің негізінде шетел тілі сабағын осы заманның талап-тілектеріне сай өткізу керек.
Сабақ- бұл практикалық бөлімнің іске асуындағы, білім берудегі, тәрбиелік және дамытушылық тапсырмалардағы, қорытынды бөлім кезіндегі мақсатқа жетудегі оқу үрдісін ұйымдастыратын негізгі бөлім. Сол себепті мектептегі білім беруді реформалау және шығармашылық дағдыларының дамуына әкелетін маңызды алғышарт болып табылады. Оқушылардың өзіндік жан-жақты, мәдени және шығармашылық дағдыларын дамытуда шетел тілін оқу пәні ретінде көптеген мүмікндіктерге ие. Е.Полаттың ойынша шетел тілі сабағын жаңа, қазіргі талаптарға сай жүргізудің артықшылықтары көп. Бұл дегеніміз шетел тілін оқыту кезінде, білім берудің тиімді жақтарын қалыптастыруға, коммуникативтік және тәрбиелік мақсаттың іске асуын, оқылып отырған пәннің дамытушылық және білімдік мақсаттардың іске асуына мүмкіндік береді.
Шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай ұйымдастыру оқушының шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда ұтымды жол болып табылады. Сонымен қатар шетел тілі сабағын қазіргі заманғы талаптарға сай өткізу оқушыларды жаңа ойларды тудыра білуге, жан-жақты, бір ғана салада емес, әр саладан білім, ақпарат ала білуге, мәселелердің түйінін бір ғана жолмен шешіп қана қоймай, бірнеше жолмен таба білуге, сол қабылданған шешімнің салдарын алдын-ала болжай білуге көп ықпалын тигізеді. Тағы да сабақты ұйымдастыру үшін мақсаттарын алдын-ала белгілеп алмай тұрып, дұрыс ұйымдастырылған сабақты өткізу мүмкін емес. Оқытушы мақсаттарды белгілей отырып, сол сабақта немесе бірнеше сабақ барысында оқушылардың шетел тіліндегі білімі, іскерліктері мен дағдыларын дамытуды көздейді. Шетел тілі сабағын ұйымдастыруды және оны жүргізу үшін сабақ жоспарларындағы мақсаттарды жүзеге асыруға, сабақты негізінен оқушылардың жан-жақты дамытушылығына бағыттай отырып оқыту міндеттерін шешеді.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Орта мектептегі шетел тілі сабағы .
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Орта мектептегі шетел тілі сабағын ұйымдастыру.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
- шетел тілі сабағына қойылатын талаптарға талдау жасай отырып, шетел тілі сабағын ұйымдастырудың мәселелерін анықтау;
- шетел тілі сабағына қойылатын әдістемелік нұсқауларды көрсету;
- шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың рөлі

Зертеудің өзектілігі. Жас жеткіншектердің дене тәрбиесі Қазақстан Республикасы мемлекеті мен үкіметінің қашанда маңызды міндеттерінің бірі болып келеді. Республика Президенті мен үкіметтің жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіруге арналған қамқорлығы (оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, материалдық-техникалық базаларды нығайту, педагогикалық мамандардың кәсіпкерлігін арттыру) бірқатар шешімдер мен қаулыларда өзінің жарқын көрінісін тапты.
Қазақстан Республикасы барлық тарихи кезеңде ұлттық саясатты өрбітуге және де оны жетілдіру мен қалыптастыруға әрдайым көңіл бөліп отырды.
Қазақстан Республикасында олимпиадалық ойындар бағдарламасын құрайтын және де жалпы халықтық байлықтың мүддесіне айналған дене күші жаттығулары көп.
"Президенттік сынама" Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан барлық ұлт өкілдерінің, жалпы халықтың маңызына ие болып отыр.
Жалпы халықтық және ұлттық мәдениет сәйкестігі мен олардың өзара байлық бірлестігі осылардың кеңінен дамуына жол ашуды құрайды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

География | Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары

Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты мен қазіргі кезде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаның негізгі қорытындысы табиғатты тиімді пайдалану мен оны пайдаланудың тегін түрінен төлемді түріне өту болып табылады. Қазіргі кезде бұл өтпелі жағдайға келудің өзі әкімшілдік-әміршілдік әдістің экономиканы басқарудағы тегін табиғатты пайдалану теориясының табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қанағаттандыра алмауы салдарынан болды.
Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушыны табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын. Табиғат пайдаланушы негізгі және айналымды өндірістік қорлар сияқты төлемді қажет ететін өндірістік ресурстарды үнемдеуге қызығатын, яғни, ең жақсы экономикалық жоспарлық-есеп беру нәтижесіне тырысу мақсатымен тегін беріліп тұрған табиғи ресурстарды жұмыс күшін аз пайдалана, шектеусіз түрде таңдай отырып пайдаланды.
Табиғатты тегін пайдалану принциптерін қолданудың көпжылдық тәжірибесі тек қана әкімшілік-әміршілдік әдіспен оны реттеудің жеткіліксіздігіне, көз жеткізді және оларды экономикалық әдіспен алмастыру қажеттілігі, яғни табиғатты төлемді түрде пайдалану әдісімен алмастыру мәселесін талап етті. Мысалы, біздің еліміз, табиғатты пайдалануда әкімшілік-әміршілдік жүйесіндегі елдер сияқты табиғи ресурстарды тек жалпы экономикалық жағынан тиімді пайдалануы бойынша ғана емес, сонымен бірге өндірістің материалмен қамтамасыз етілуі жағынан да дүние жүзінде артта қалғандардың бірі болып шықты. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ахмет Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдары

Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Ахмет Байтұрсынұлы түркі тіл білімі тарихында грамматиканың барлық саласында ғылыми жол бастаушы және негізін қалаушы ғалым екендігін салыстырудың қорытындылары бойынша дәлелдеу

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы, қазақ тіл лингвистикасының көш бастаушысы, рухани – мәдени тарихымыздың көрнекті өкілі, белгілі ғалым – педагог, қазақ теориясы мен сынының негізін салушы, ақын, аудармашы ,филолог, еңбек сіңірген ғылыми қызметкер.
Бұл жұмыстар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ (түркі) тілтанымдық мұрасы ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі әлем тілтаныммен сабақтас екендігін көрсету болып табылады. Ахмет Байтұрсынұлы тіл біліміндегі мәселелердің негізін қалаушы ғалым екендігін салыстырудың нәтижесіндегі қорытындылар бойынша айқындаймыз.

Жұмыста қолданылған әдістер: Сипаттамалы, ғылыми-зерттеу әдісі, салыстырмалы ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды

Жұмыстың өзектілігі: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы негізінде ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдар өздерінің тілтанымдық концепциясын жасады деген тұжырымды дәлелдеу

Пайдаланылған дерек көздері: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері және оған арналған зерттеу мақалалар, сондай-ақ Н.Ф. Яковлев, Е.Д. Поливанов, И.А. Бодуэн де Куртенэ, В.В. Виноградов, А.М. Кононов, П.М. Мелиоранский, А.Н. Самойлович, Л.Р. Зиндер және т.б. ғалымдардың тілтанымдық еңбектері қарастырылды

Тірек сөздер: термин, тұжырым, дыбыстық жүйе, қорытынды, қазақ тілі грамматикасы, тіл білімінің теориясы, тіл материалдары, практикалық жетістіктер, тіл категориясы, әдіс, орфографиялық норма

КІРІСПЕ

А. Байтұрсынұлы – ғұлама жазушы, энциклопедиялық білім иесі, рухани дүниесі биік ғұлама. Ахмет Байтұрсынұлының өзі және творчестволық мұрасы төрт рет репрессияға ұшырады. Бұл тарихи шындық. Көп жылдар бойы зерттемелері “құлыптаулы” қамал ішінде сақталды. Ахмет Байтұрсынұлы жер шарының алты бөлшегінің бір ұшын қамтыған мемлекеттің тарихында жиі кездесетін көп ақтаңдақтардың біреуі. Ахмет Байтұрсынұлы КСРО-да репрессияланған болса да, Қытай да, Монғолстанда, Түркияда, Германия мен АҚШ ғалымдарының еңбектерінде, А.А. Реформатскийдің, А.Н. Кононовтың және басқалардың зерттемелерінде ХХ ғасырдың ғұлама тілшілердің бірі ретінде танылды.
Бүгінгі таңда, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері терең зерттеле бастады. Бұл зерттемелер, мақалалар, естеліктер мен деректі кинофильмдер және тағы басқалар аз да болса, Ахмет атамыздың жазушылық, қоғамдық-мемлекеттік, педогогикалық қызметін сипаттайды.
Енді қысқаша өмірбаянына тоқталып кетсек, Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 28 (15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші ауылында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлының әкесі (Байтұрсын Шошақұлы) ауылға інісі Ақтасты іздеп келіп, ойран салған патша әскерлерінің полковнигіне қарсылық көрсеткені үшін әскери соттың шешімімен інісі екеуі 15 жылға сотталып, Сібірдің каторгасына айдалды.
Жетім қалған А. Байтұрсынов немере ағасы Ерғазының қолында тәрбиеленді. Ахмет ауылдағы молданың мектебінде (ислам дінінің негіздері, оқу, жазу, Шығыс әдебиеті, ауызекі халық әдебиеті (фольклор), түркі шежіресі, қазақ шежіресі, тағы басқа) сапалы діни білім алады. 1891 жылы Торғай қаласында екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіреді. 1895 жылы Орынбор қаласында, кезінде Ы. Алтынсарин негізін қалаған “Мұғалімдер мектебін” бітіреді. 1895-1905 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уезінде және екі кластық орыс-қазақ училищесінде мұғалім болып істейді. 1907 жылы Ресейдің отаршылық саясатына қарсы күреске қатысқаны үшін тұтқындалып, Қарқаралы қаласының абақтысына қамалды, одан Семей қаласының абақтысына өткізіледі, 1913 жылдың наурыз айынан 1917 жылдың соңына дейін Орынбор қаласында “Қазақ” газетінің бас редакторы болып жұмыс істейді. 1917 жылдың соңынан 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясы жүйесінде және “Алашорда” атты уақытша Халық кеңесінің оқулықтар жазу Комиссиясының құрамында қызмет етеді. 1919 жылы наурыз айында Ахмет Байтұрсынұлы Совет үкііметін қабылдап, сол үкіметтің жүйесінде мемлекеттік істерде қызмет атқарады: 1920-1923 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариатының комиссары; 1921-1922 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми Әдеби комиссияның төрағасы; 1921-1926 жылдары – Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтының мұғалімі; 1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика (тәлім-тәрбие) институтының мұғалімі; 1928-1929 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, 1929 жылы колхоздастыру және конфискация жасау кезіндегі асыра сілтеушілерге ашық қарсы үгіт жүргізгені үшін тұтқынға алынып, Архангельск облысына жер аударылады. Дүниежүзілік Қызыл Кіреске М. Горькийдің жұбайы Е. П. Пешкованың жолдаған өтінішімен А. Байтұрсынұлы 1934 жылы мерзімінен бұрын айдаудан босатылады. 1936-1937 жылдары қайтадан тұтқынға алынады. 1937 жылы желтоқсан айының 8 күні атылады. 1988 жылы қараша-желтоқсан айларында ақталады /7, 13/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілі

КІРІСПЕ
Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі, өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу, коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті қарастырады. Стилистика көптеген ғылыми-практикалық мәселелерді қамтиды. Ол тілдегі стилистикалық амал-тәсілдерді ғана қарастырмайды, стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, сондай-ақ ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтап, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларды шешеді [1,6].
Қазіргі стилистика ғылымының проблемалары өте кең: тілдік пәндері кешенді түрде зерттеуді қажет етеді. Тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдерін үйретеді әрі стилистикалық тәсілдерді коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негізгі меже етіп алады. Адамдық фактордың сөзді саналы түрде ұйымдастыруын есепке алып отырады, тілдік емес ситуациялар мен контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Стилистика – тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ғана ретке келтіріп қоймайды, прагматикалық әлеуметтік ықпалы ерекше стилистикалық әсер ететін тілдік бірліктердің қызметін толық есепке ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық және басқа факторлармен бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын тіл ғылымының күрделі саласы.
Қазіргі стилистиканың жалпы филологиялық, тілдік немесе әдебиеттік тұрғыдан бөлінуі де оның мазмұны мен бағыттарының әр түрлілігін көрсетеді. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі өте маңызды орын алады. Олардың қатарына функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Жалпы тіл ғылымында стилистиканың даму бағыттарының жоғарыдай түрлерінің пайда болуы, стилистика мәселесінің өте күрделі ғылым саласы екенін көрсетеді. Жалпы тіл ғылымында функционалдық стильдерді былайша топтастырады:
– ауызекі сөйлеу тілі;
– ғылыми стиль;
– ресми стиль;
– публицистикалық стиль;
– көркем әдебиет стилі [2,8].
Стилистикалық фигуралар жоғарыда аталған функционалдық стильдердің барлығында бірдей қолданыла бермейді. Стилистикалық фигуралар көркем әдебиет стиліне тән стилистикалық тәсілдер болып табылады.
Ұлт тілінде көркем әдебиет тілінің алатын орны ерекше. Көркем әдебиет тілінде сол тілдің барлық байлығы еркін қолданылады. Көркем әдебиет стилі – стилистикада әдеби шығарманың көркемдік формасын құрайтын ерекше стиль түрі. Көркем әдебиет стилінің сыртқы құрылымдық жағы туралы әдебиетшілер мен тілшілер арасында ортақ пікірлер бар, сондай-ақ тілдік-стильдік тұрғыдан бөлектенетін тұстары да бар. Көркем әдебиет стилі тіл аясының негізін құрайды. Жалпы алғанда олардың арақатынасы ортақ болғанмен, соған қарамастан „көркем әдебиет тілі” бір-біріне ұқсас емес. Көркем әдебиет стилі өзінің әдеби тілмен ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективті шындығын ешуақытта жоғалтпайды, керісінше қазақ ұлттық әдеби тілінің барлық тілдік-стильдік ерекшеліктері көркем әдебиет стилінде көрсетіліп отырады [3,36].
Көркем әдебиет стиліне әдеби тілдің нормасы да кіреді, сондықтан көркем әдебиет тілі арқылы әдеби тілге қатысты ізденістен көркемдік-эстетикалық топпен бірге стилистикалық категориялары өрбіп шығады. Көркем әдеби стилі жалпы әдеби тілдің ұлттық нормаларына, көркем сөздің нормаларына иек артады. Жалпы халықтық тілден, ауызша әдеби тілден, ауызекі сөйлеу тілінен, ұлттық әдеби тілден негізі қаланған көркем әдебиет стилі көркемдік, құрылымдық, эстетикалық өрісін беруде өзгеше стильдік мәнер түзе алады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық