Сырбай Мәуленов (Тосын жазы)

Па, шіркін, құм Тосынның жазы қандай,
Ауру жан сырқатынан жазылғандай.
Көтерген көк орманы қарқарасын,
Жан сүйген жар секілді жазық маңдай.
Бұрқырап бұлақ ойнап құм төсінде,
Ұқсайды табиғаттың еркесіне.
Бұралған қыз беліндей қызыл жыңғыл,
Таласа біткен шоқы.....
Өлеңдер
Толық

Сырбай Мәуленов (Дауыл күнгі дария)

Тұнып жатқан көкке атып толқындарын,
Дауыл бұрқап дарияның соқты жарын.
Нажағайдың жарқ еткен сәулесінен,
Айдынында ойнайды отты жалын.
Көбік қайнап сапырып дарияны,
Салып қиқу сақылдап жарға ұрады.
Шұлғи тартқан сулығын.....
Өлеңдер
Толық

Сырбай Мәуленов (Солдат)

Майданда сонау жыл
Бізбенен бір жүрді.
Ер жүрек солдат бір
Мінезі күлдіргі.
Сөйлеп шын қызғанда
Сөзді тым тапқыш-ақ,
Қол боста қыздарға
Жазатын хат....
Өлеңдер
Толық

Сырбай Мәуленов (Теке діңі)

Көрінген бір қиырдан Теке діңі,
Шаншылған бұлтқа бойлап асқар шыңы.
Айналған ұшар басын шаңқай түсте,
Қалықтап дүниенің алтын күні.
Жүзі ыстық ерте кезден таныс жандай,
Далада шөгіп жатқан......
Өлеңдер
Толық