Сырбай Мәуленов (Біз ол кезде жас едік)
Біз ол кезде жас едік
Білмейтұғын майданды.
Сырдария үстінде
Салушы едік сайранды.
Көк буалдыр, жер тұман,
Майдан жолы шартарап.
Шеру тартып жөнелдік
Халық кегін арқалап.
Жеңіс оңай түскен жоқ,
Құрбан болды талай жан.
Талай қимас құрбыны
Қалды алып қан майдан.
Түгел емес тобымыз
Ортамызда жоқ достар.
Құрметі үшін солардың
Тұрыңыздар жолдастар.
Білмейтұғын майданды.
Сырдария үстінде
Салушы едік сайранды.
Көк буалдыр, жер тұман,
Майдан жолы шартарап.
Шеру тартып жөнелдік
Халық кегін арқалап.
Жеңіс оңай түскен жоқ,
Құрбан болды талай жан.
Талай қимас құрбыны
Қалды алып қан майдан.
Түгел емес тобымыз
Ортамызда жоқ достар.
Құрметі үшін солардың
Тұрыңыздар жолдастар.
1946.Қызылорда
Қызыл жыңғыл бойында
Күзді гүні туыппын.
Буырқана бұрыпты
Қара жаңбыр құйып күн.
Киіз үйдің ішінде
Желпілдепті жөргегім.
Жел үрлепті даланың
Бетегелі белдерін.
Бал көмейлі әншілер
Ағызыпты ән бұлағын.
Азанымен өлеңнің
Ашылыпты құлағым.
Осынау байтақ далаға,
Өрнек салып өлеңмен —
Содан бері жыр шырқап,
Өмірді өрлеп келем мен.
Күзді гүні туыппын.
Буырқана бұрыпты
Қара жаңбыр құйып күн.
Киіз үйдің ішінде
Желпілдепті жөргегім.
Жел үрлепті даланың
Бетегелі белдерін.
Бал көмейлі әншілер
Ағызыпты ән бұлағын.
Азанымен өлеңнің
Ашылыпты құлағым.
Осынау байтақ далаға,
Өрнек салып өлеңмен —
Содан бері жыр шырқап,
Өмірді өрлеп келем мен.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сырбай мауленов Біз ол кезде жас едік өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Біз ол кезде жас едік