Сырбай Мәуленов (Теке діңі)
Көрінген бір қиырдан Теке діңі,
Шаншылған бұлтқа бойлап асқар шыңы.
Айналған ұшар басын шаңқай түсте,
Қалықтап дүниенің алтын күні.
Жүзі ыстық ерте кезден таныс жандай,
Далада шөгіп жатқан арыстандай.
Қалмайды қапталыннан қатарласып,
Сенімен бәске түсіп жарысқандай.
Аспанға биік екен бойлаған шың,
Бір жүріп осылай деп ойлаған кім.
Қызығып келбетіне қарай бердім,
Басында бала кезде ойнағансын.
Шаншылған бұлтқа бойлап асқар шыңы.
Айналған ұшар басын шаңқай түсте,
Қалықтап дүниенің алтын күні.
Жүзі ыстық ерте кезден таныс жандай,
Далада шөгіп жатқан арыстандай.
Қалмайды қапталыннан қатарласып,
Сенімен бәске түсіп жарысқандай.
Аспанға биік екен бойлаған шың,
Бір жүріп осылай деп ойлаған кім.
Қызығып келбетіне қарай бердім,
Басында бала кезде ойнағансын.
1947
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сырбай мауленов Теке діңі өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Теке діңі