Сырбай Мәуленов (Туған ел)
Туған ел, өскен жер,
Ыстықсың жаныма.
Күн нұры, жаз лебі
Тараған қаныма.
Тамаша тарихтың
Бәріне куәсің.
Ерліктің, даңқтың
Сақтадың мұрасын.
Ғажайып ертегі,
Ертеңгі күндерің.
Арқаң ғой өзіңнің,
Алшаңдап жүргенім.
Ыстықсың жаныма.
Күн нұры, жаз лебі
Тараған қаныма.
Тамаша тарихтың
Бәріне куәсің.
Ерліктің, даңқтың
Сақтадың мұрасын.
Ғажайып ертегі,
Ертеңгі күндерің.
Арқаң ғой өзіңнің,
Алшаңдап жүргенім.
Дауысы күзгі күннің күркіріндей,
Аршындап алған беттен бір мүдірмей.
Барады егін орып комбайндар,
Сүңгіген көк теңізге сүңгуірдей.
Тынбайды қызу еңбек түніменен,
Секілді тау өзені гүрілдеген.
Ортада жалтыраған қызыл қырман,
Үстінде ай сәулесі дірілдеген.
Аршындап алған беттен бір мүдірмей.
Барады егін орып комбайндар,
Сүңгіген көк теңізге сүңгуірдей.
Тынбайды қызу еңбек түніменен,
Секілді тау өзені гүрілдеген.
Ортада жалтыраған қызыл қырман,
Үстінде ай сәулесі дірілдеген.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сырбай мауленов Туған ел өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Туған ел, туған ел туралы өлеңдер, туган ел туралы олен жолдары