Ерлікке тағзым

Ерлікке тағзым жасау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Жылма - жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18 - 19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан - жазықсыз құрбан болды.
Ауған соғысы - КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. 1978ж Ауғанстанда сәуір айында билікке таласқандар арасында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды.
Аса құпия қаулымен бекітілген шешімнің салдарынан......
Шығармалар
Толық

Жасөспірімдер өз ауылындағы жағдайдың қала тұрмысымен бірдей болғандығын қалайды!

Мен, қарапайым, кішкентай ауылдың тұрғынымын! Өз ауылымның көркейіп, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің жақсы болғанын қалаймын. Ауылдан жыраққа шыққан жағдайда, яғни қала орталығына бара қалсаң, өзіңе қажетті нәрселердің бәріне қол жеткізесің. Ал, мен ән айтып, би билегенді, қоғамдық ортада пікір тастап, ғылыми жұмыспен айналысқанды қатты ұнатамын. Бірақ, біздің мектепте ән сабағы болғанымен, нағыз маманның болмағандығы қынжылтады, сонымен қатар би үйрететін биші де жоқ.......
Шығармалар
Толық

Нағашы әже.

Мен қолыма мектеп оқушылары арасында өтетін байқау туралы ережені алып, оқып танысқанымда есіме бірден нағашы әжем жайлы жазсам ғой деп ойладым. Білмедім, дұрыс па, бұрыс па әже деген сөзге анықтама берейін десем қиындау сияқты. Ал тереңірек ойлансам ол асыл анамның – асыл анасы. Анамның анасы болғандықтан әрине, маған нағашы әже. Мен ес біліп, есейгелі қандай жағдайда болсын яғни, қуанышымыз, тойымыз немесе менің анам перзентті болып жатқанда бірінші жетіп, қуанышы қойнына сыймай жүретін де осы әжем. Әжем, әжем деп айта беріппін, бұл кісінің өзімен сіздерді де таныстырып қояйын.......
Шығармалар
Толық

Қазақстан – ұлы отаным

Отан. Бұл сөзді естігенде, ойға алғанда әрбір адам баласының жүрегі езіліп, ден бойы шымырлауы анық. Себебі, әрбір қазақ деп, халық деп соққан кеудедегі жүрек болған соң және нағыз патриот жандар болғандықтан. «Отан отбасынан басталады». Бұл мақалдан не түсінеміз? Әрине, бұдан түсінетініміз әрбір адам баласы ең алдымен өз әке – шешесін, бауырларын , яғни өз отбасын сүйеді ,бағалайды және сыйлайды. Осылайша өз отбасын құрметтеген адам өз Отанын да дәл осылай сезімдермен қабылдай алады. Отан – туып өскен жерің, кіндік қаның тамған, тай құлындай ойнап өскен өлкең. ......
Шығармалар
Толық

Киелі менің Созағым!

Менің бүгінгі таңдап отырған тақырыбым- өзімнің қазіргі өмір сүріп жүрген сан ғасырлық тарихы бар сырлы Созағым жайлы болмақшы. Бұл өлкені қай жағынан алып қарасам да, қалай жырлап жазсам да сөз жетпесін білемін. Созақ жері Қазақстанның Оңтүстігінде, Теріскейде орналасқан .Тарихи мұра мен қазба байлықтарына бай бұл өлке кезінде «Теріскей» деп те аталған екен. Халық арасында айтылып жүрген аңыз әңгімелерге сенер болсақ, «Суы зәк» деген сөз тіркесінің қазіргі кезде «Созақ» атауына айналған деп те естиміз.......
Шығармалар
Толық

Қазақстан-бейбіт өмір мекені

Менің туып-өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп -мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар тіршілік етеді . Сол жерде біздің ата-батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық-нағыз жоқтық» -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау-әрбір азаматтың бірінші міндеті.......
Шығармалар
Толық

Мен журналист болғым келеді

« Журналистика – ар-ұждан
Мен қоғамның айнасы»
Ия , неткен өтіп бара жатқан уақыт десеңізші?! Мен тоғызыншы сынып оқушысымын , бірақ қазірден ой үстіндемін, мен журналист болғым келеді. Уақыт шіркін тез өтуде адамдар бір – біріне қарамастан арпалысуда әркімнің өз тіршілігі, өз өмірі. Біз өмірге адам болып туылғасын осы Отанымызға, ата – анамызға пайдалы азамат болуымыз керек. Ал журналист ең алдымен, өмір көрінісін беретін , халыққа қызмет көрсететін қоғамға өте пайдалы адам. Бүкіл әлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа ұғымды, жаңаша ойлауды қажет етеді. Уақыт өткен сайын ішкі – сыртқы саясат баспасөз,......
Шығармалар
Толық

Мен Қазақпын!

Қазақ халқы -ежелден еркіндік аңсаған халық. Тәуелсіздік – қазақ жұртына оңай келген жоқ. Сан ғасырлардан бері дербес ел болуды көксеген халқымыз еркіндік пен азаттық жолында талай асудан асты. Түркі халқының ата-бабалары, яғни сақтар, ғұндар өз жері мен елінің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін сыртқы жаумен күрескен Томирис, Зарина сынды сақ патшалары өздері мекендеген жерді көздің қарашығындай сақтап, ата-бабаларынан қалған ұлан-ғайыр жерді өзге жұрт өкілдері таптап кетпес үшін қасық қаны қалғанша күресті. Сондықтан да біздің арғы түп ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан кең байтақ жерді, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлан-ғайыр өлкемізді қорғау біздің басты міндетіміз болуы тиіс.......

Шығармалар
Толық

Айбынымызды асқақтатар, рухымызды биіктетер - ел рәміздері

Мемлекеттік рәміздер-белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының бастауы да тым әріде жатыр.Мемлекеттік нышандар тарихы да ел тарихының ажырамас бөлігі. Ол да халық тағдыры туралы сыр шертеді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!......
Шығармалар
Толық

Бірлігі жарасқан Қасиетті мекенім

Қазақ елі - Еуразияның жүрегінде орналасқан, тарихы бай үлкен мемлекет. Қазақ халқы жүзі жайдарлы, пейілі кең, қонақжай халық екені бүкіл әлем жұртшылығы үшін аян шығар.Барша халыққа тарихымен де, ерлігімен де, мәдениетімен де, салт-дәстүрімен де үлгі болатын тұғыры биік алып мемлекет. Қазақ жерінде туып -өскен әрбір қазақ баласы- біреуде болса біреуде болмайтын үлкен бақыт иесі. Құс ұясыз болмайтын сияқты, адам отанынсыз болмайды. Каспий теңізінен Алтай өңіріне дейін созылып жатқан қасиетті өлке – қазақ жері.......

Шығармалар
Толық