Мен журналист болғым келеді
Құлшықова Бақытжамал
9 сынып, А Пушкин атындағы ЖОМ
Мақтарал ауданы, Мырзакент кенті.
Жетекшісі: Касымова Д.Е.
9 сынып, А Пушкин атындағы ЖОМ
Мақтарал ауданы, Мырзакент кенті.
Жетекшісі: Касымова Д.Е.
« Журналистика – ар-ұждан
Мен қоғамның айнасы»
Ия , неткен өтіп бара жатқан уақыт десеңізші?! Мен тоғызыншы сынып оқушысымын , бірақ қазірден ой үстіндемін, мен журналист болғым келеді. Уақыт шіркін тез өтуде адамдар бір – біріне қарамастан арпалысуда әркімнің өз тіршілігі, өз өмірі. Біз өмірге адам болып туылғасын осы Отанымызға, ата – анамызға пайдалы азамат болуымыз керек. Ал журналист ең алдымен, өмір көрінісін беретін , халыққа қызмет көрсететін қоғамға өте пайдалы адам. Бүкіл әлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа ұғымды, жаңаша ойлауды қажет етеді. Уақыт өткен сайын ішкі – сыртқы саясат баспасөз, радио мен журналистиканың алдында тың міндеттер қояды, ондай міндеттерді орындау үшін жан – жақты дамыған, саясаттан көп хабары бар тұлға болу керек. Сондықтан мен көп ізденемін , оқимын , баспасөзе шыққан материалдарды көзден таса қылмауға тырысамын үнемі оқып, ой түйіп жүремін. Алаш елінің ардақтысы А.Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда: « Газет – халықтың көзі, құлағы, hәм тіліне айналды» Жалпы алғанда журналистика өте қиын мамандық және қауіпті.
Журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз, еңбегі арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен
телевидениенің жұмысын атқарып, творчестволық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші — ұйымдастырушылық, екінші -әдеби өңдеу, үшінші шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет.
Журналистер бір тыным таппайтын жандар, үнемі іздену үстінде жүреді тіпті ұйқы кезінде де сол бір ізденген тақырыбын ойлап жататын тұлғалар. Яғни олар халықтың мұң- мұқтажына араласып, қоғамда болып жатқан оқиғаларды шынайы түрде жеткізіп отыратын адамдар.
Әрбір мамандық білім мен күш , қабілет талап етеді. Мен де өзімнің арманыма жетіп , қоғамға қызмет еткім келеді. Менің арманым адамдар арасында жүріп , олармен тіл табысу, қандай да бір мәселелерге ой қосу, шешімін табу.
Сондықтан өз жұмысымды ертеңгі таңда жақсы атқару үшін өз қабілетімді одан әрі дамытып отырғым келеді. Ақыл -ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек.
Сондай-ақ журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Журналист мәселені терең білуі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай деп ойлаймын. Бұған қоса журналист кең пейілді , жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос , қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені жөн. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса тіпті жақсы. Осы өз арманыма жету үшін мен барынша тырысып жүрмін , журналистерге тән қасиеттерді қазіргі уақыттан бастап өзімнің бойыма сіңірудемін бірақ оған көп күш , қайрат , табандылық қажет екен. Және айтып өтетін бір жайт ол осы өзімнің таңдаған мамандығым арқылы өз ана тілімді дәріптесем , яғни өзге ұлт өкілдеріне ана тіліміздің кеңдігін , байлығын , ұғындырсам әрі қызықтырсам деймін.
Қорыта айтқанда халық сөзін , халық назын жүректен жүрекке жеткізу, адам баласының жүрегіне қуаныш сезімін ұялату, халықтың үні жетпей жатқан жерлерге дауысын жеткізу менің келешектегі міндетім деп ойлаймын!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Мен журналист болғым келеді туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение Мен журналист болғым келеді на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар жинағы жоспарымен, казакша эссе шыгарма жоспар, Мен журналист болғым келеді