Қазақстан-бейбіт өмір мекені

 Қазақстан-бейбіт өмір мекені

Құрман А.
9 сынып, Ғ.Мұратбаев орта мектебі
Отырар ауданы, Қостерек ауылы
Жетекшісі: Омарова Р.Т.

Менің туып-өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп -мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар тіршілік етеді . Сол жерде біздің ата-батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық-нағыз жоқтық» -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау-әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да барын , да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Туған жер
Беу, туған жер!
Сен ыстықсың біздерге.
Мың-мың дастан жатыр,
Халқым басқан іздерге.
Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай,
Даналықтың жырын жастар іздер ме?
Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып,
Жырды шашу болды оған бір арман.
Сен үшін от боп маздаймын,
Жыр қылып сені толғаймын.
Отанға деген сезімді,
Шын жүректен жолдаймын.
Тірегі болам өлкемнің
Төсіңде өскен еркеңмін,- деп менің де туған ел деп соққан жүрегім, еліме деген тілегім, Отаныма деген сезімім, көңілім бәрі-бәрі саған арналады.
Менің Отаныма деген сыр сандығым қашан да ашық...Міне, менің анам бесігіне тербеп, аялап өсірер –Отаным! Топырағына құт дарыған осындай өлкеде дүниеге келгеніме өте бақыттымын. Туған жер-алтын бесік. Әлдилейді, тербетеді . Әлемде менің елімдей ел жоқ деп айқайлап айтқым келеді. Мұның сыры туған жерге деген ыстық махаббат та сияқты. Қасиетті Отаным-Қазақстан бағзы замандардан бері ата мекенім, бүгінгі біздің, кешегі бабаларымыздың құт мекені. Сонымен бірге бесіктен бастап, аялы алақанына салып, ер жетіп есейгенде біздің азаматтығымызға баға беретін ұлы анамыз.
Қазақ халқы ертеден-ақ, үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен ғой. Олар-туған ел, жер , ана тілі. Осы жолда қайсар халқым атқа қонып, қолына найза ұстап, қаншама қиын жолдарды басынан өткерді?! Олар білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған кең байтақ қазақ жері-біздерге қалдырған мұрасы , тапсырған аманаты. Бабалар аманатына адал болу-ортақ міндетіміз. Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Еліміз күннен күнге көркейіп өсуде. Тәуелсіздік алғаннан бері атқан таңымыз арайлы , алдағы өміріміз сансыз қиялдарға толы. Алда ұзақ , үлкен асулар бар. Оған тек жүрек пен білім, талап пен талант керек.
Төрткүл дүниеге Аристотельден кейінгі адамзат баласының ақыл-ойының ғажайып құбылысы – әл-Фарабидің қазақ жерінде, Отырарда дүниеге келуі. Білімді Араб халифатынан алуы. Араб, парсы, грек тілдерін аса жетік білген полиглот екені. Ғылымның барлық салаларынан хабардар болып барлық саласына ғажайып 100-ден артық еңбек қалдырған әулие екендігі. Философия, жаратылыстану, математика, музыка, поэзия саласында ірі зерттеулер қалдырған энциклопедиялық білім иесі болғандығы туралы хабар беру. Ұлы ғалым әл-Фараби «Ғаламның көрінісі-оның иесіне байланысты» демекші, біз, жас ұрпақ болашақ қазақ елінің иесіміз, сондықтан да елдің ынтымағын, бірлігін, татулығы мен достығын, жері мен тілін берік ұстау, келесі ұрпаққа жеткізу-біздің міндетіміз. Ата-бабамыз армандап кеткен тәуелсіздігіміздің құнын жоғалтпау, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу-біздің парызымыз. Заман тек білімдінің қолында. Олай болса , қазіргі ақпарат ғасырында қазақ жастары да еш елден кем қалмай еңбектену керек.
Мен де болашақта теңізге тамған тамшыдай өз еңбегімді Тәуелсіз Қазақстаныма арнағым келеді. Көп оқып, ізденіп, қандай қиындық болса да қанатымды қайырмай білім алып, халқыма адал қызмет етсем деймін. Егер адам шын ниеттенсе, қолынан көп іс келеді. Қазақ халқында «Алынбайтын асу жоқ»,-деген қанатты сөз бар. Бұл қанатты сөздің астарында ізгі ниет, адал ой ойлап, талаптанып , еңбек еткен адамның жетпейтін жетістігі, алмайтын асуы жоқ деген ой бар. Өмірде әркім өзінің жолын табуға талпынып, жетістікке жетуді армандайды. Бірақ барлығы бірден біз ойлағандай тез болмайды. Олар еңбекқорлықпен, асқан табандылықпен, үлкен адамгершілікпен келеді.
Қойған мақсатыңа, аңсаған арманыңа жету үшін ең алдымен мақсатың өзіңе және өзгелерге пайдалы, ізгі іске бағытталуы керек. Қойылған мақсат тиянақты түрде ойластырылуы және өз мүмкіндігіңе сәйкес болуы тиіс. Ең бастысы адамның жан-жақты ізденіп, білім алуы, адал, тынымсыз еңбектенуі және өзіне деген ішкі сенімінің берік болуы табысқа жетудің кілті болып табылады.
Мектеп қабырғасынан алған білімімді тиянақты да сапалы ету өз қолымда екенін де білемін. Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Менің жаным өзіңе деген мақтанышқа бөленген, туған жер!Мен тәуелсіз елімнің гүлденіп, көркейе беруіне өз үлесімді қосамын. Халқымның жарқын болашағына сенемін. Қазақстан даласы өте әсем. Ұшы-қиыры жоқ шексіз даланы неше алуан шөп басып, үлбіреген нәп -нәзік гүлдер бейне бір жасыл дастарқандай болып жайылады. Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Амудария сияқты өзендері бар. Жерінің асты пайдалы қазбаларға бай. «Жері байдың-елі бай» дегендей, құнарлы өлкеміздің байтақ төсі байлық пен берекенің, бақыт пен қуаныштың ұйытқысы еді. Қазақ елі ұлттық рухы берік, саяси жүйесі тұрақты, экономикасы мықты, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор мемлекет құрды . Ата Заңы, көгілдір байрағы, Елтаңбасы, әнұраны, өз теңгесі, бүкіл халық болып сайлаған Елбасы, Парламенті бар құдіретті елміз. Біздің құдіреттілігіміз халықтың бірлігінде, елімізде тұратын түрлі ұлттардың татулығында. Осы 22 жыл ішінде біз сан түрлі кедергілерді жеңіп, тірлігімізді түзедік, ел өмірі айтарлықтай өзгерді.
Қазақстанның 22 жылдағы бар жетістігі-біздің жарқын болашағымыздың темірқазығы. Көреген басшы Нұрсұлтан атамыздың іскерлігімен елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық , береке мен бірлік болып, Қазақстанымыздың гүлдене беретіндігі, 50 елдің алдыңғы қатарынан орын алатындығы сөзсіз. Осынау береке мен байлығы шалқыған елдің халқы тату-тәтті өмір сүріп, өзге мемлекет болатындығына сенімдімін!
Мен осындай еркін, азат елдің ұланы екендігімді мақтан етемін! Күн дидарлы Қазақстанның болашағы үшін аянбай еңбек етіп, кірпіш болып қаланатындығыма, келешек үшін жоба тауып, жол көрсететіндігіме уәде беремін, себебі тәуелсіздіктің туын биік ұстау-перзенттік парызымыз, бабалар алдындағы мәңгілік қарызымыз!
Ал енді өзімнің туған өлкем Қостерек елді мекенінде бой көтерген «Ғ.Мұратбаевтың» атына берілген мектебім жайлы айта кетсем.Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғ.Мұратбаевтың өмір жолы. Әрбір тарихи кезең өзіне сай көсемдері, шешендері, батырлары, бастаушыларды іріктейді. Олар қоғамдық өмірдің «Тар жол, тайғақ кешулерін» табандылықпен бастан өткізіп, жалындай жанып , жұлдыздай жарқырап, келешек мәселелерін , елінің, жерінің, туған халқының мәңгілік мүдделерімен байланыстыра біледі.
Отан болашағы алдындағы жан-жақты жауапкершілік , адамгершілік, ақыл, парасат, қажырлы қайрат, шебер ұйымдастырушылық қабілет таныта білген тұлғалар тарих төрінде, тарихи өшпес мұра болып қала береді. Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге әйгілі... Ол өз басына дарыған жігер күшпен ақыл-парасат иесі. Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғ.Мұратбаев Қазалының қасиетті топырағында, қазіргі өзінің атымен аталатын ауылда Мұратбай болыс шаңырағында 1902 жылы 3 маусымда дүниеге келген. Ғани өз заманына сай, уақыт толқынына ілесе білген асқақ ойлы, ер кеуделі өрен еді. Елдің жоғын жоқтады , халқымен бірге мұңайды, бірақ болашаққа сенді. Халқымыздың ардақты да, абзал азаматы, аққан жұлдыздай аз жасап, артына мол мұра қалдырғанү. Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшісі, көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы-демократ Ғани Мұратбаевтың ел мүддесі үшін жасаған жанқиярлық еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Мұндай қоғамдағы үлкен рөлі бар дара тұлғаны ұмытпас үшін, ел кісінің атына көптеген көшелер, мемлекеттік мекемелер берілуде. Соның бірі біздің ауылымыздағы Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі. Бұл оқу орнының біз үшін орны бөлек. Себебі, маған білімге апарар бақытты көрсеткен осы мектебім екеніне сенімдімін.1999 жылы 7 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы Қостерек елді мекенінде дүниеге келдім.
Ал қазір мен осы мектептің 9 сыныбында оқимын. Дәл қазірге дейін барлық сыныптарды мақтау қағазымен аяқтадым. Осы тоғызыншы сыныпты да ойдағыдай аяқтағым келеді. Бұл уақытқа дейін көптеген қоғамдық, мектепшілік олимпиадаларға қатыстым, аудандық конкурстардан да алған орындарым болды. Жалпы өзімнің жақсы көретін сабақтарым: әдебиет, сызу, физика, алгебра және тағы басқа. Мектептегі көптеген үйірмелерге қатыстым. Жалпы өзім волейвол, баскетбол, теннис ойнағанды ұнатамын. Алға қойған мақсаттарым өте көп. Көптеген жетістіктерге жеткім келеді, әрине білім саласында. Жоғарғы оқу орнына түсіп, білімімді әлі де жетілдіргім келеді. Қоғамда өз орны бар, мемлекетке пайдасы тиетін жұмыс жасағым келеді. Менің армандарым өте көп. Ол армандарыма жету үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.
Қазақ халқының абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы тәуелсіздігіміздің намысын қорғайтын , қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезіну керекпіз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру