Жасөспірімдер өз ауылындағы жағдайдың қала тұрмысымен бірдей болғандығын қалайды!

 Жасөспірімдер өз ауылындағы жағдайдың қала тұрмысымен бірдей болғандығын қалайды!

Нағашбек Көркем
8 сынып, Кемелұлы атындағы орта мектебі
Созақ ауданы, Жартытөбе ауылы
Жетекшісі: Жакенова Л.

Мен, қарапайым, кішкентай ауылдың тұрғынымын! Өз ауылымның көркейіп, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің жақсы болғанын қалаймын. Ауылдан жыраққа шыққан жағдайда, яғни қала орталығына бара қалсаң, өзіңе қажетті нәрселердің бәріне қол жеткізесің. Ал, мен ән айтып, би билегенді, қоғамдық ортада пікір тастап, ғылыми жұмыспен айналысқанды қатты ұнатамын. Бірақ, біздің мектепте ән сабағы болғанымен, нағыз маманның болмағандығы қынжылтады, сонымен қатар би үйрететін биші де жоқ. Ауылымыздан неге балалар мен жасөспірімдер орталығы ашылмайды екен, егер ол орталық болған жағдайда түрлі өзіміз ұнататын үйірмелерге қатысып, өз өнерімізді биік белестерге танытар едік деп армандаймын. Біздің қаланың баласынан неміз кем?
Ауылдан шыққан көп балалар қаладағы дарынды балаларға арналған лицей, гимназияларға оқуға кетеді . Өйткені, қалада барлық оқушыларға жағдай жасалып қойған. Сондықтан озат оқушылар өздерінің армандарына қол жеткізу үшін қала мектептеріне оқуға кетеді . Ауылдың барлық дарынды балаларын жинап алған зияткерлік мектептер сапалы білім көрсеткішін көрсетіп, көптеген жетістіктерге жетіп жатады. Ал, жағдайы төмен, оқуға ынтасы жоқ оқушылар мен үлгермейтін орташа деңгейлі оқушылар ауыл мектебінің сапасын төмендетіп, жұмыс жүргізбейтін мектепке айнала салады. Барлық бала бірдей, бірақ қабілеті мен ерекше қасиеті бар бала сирек екені белгілі ғой. Осыны әділеттілік деп айта аласыз ба? Әрине, әр оқушыны-өз әлемі бар ерекше тұлға деп есептейміз. Алдында отырған шәкірттерінің зердесін зерделеп, мінез-құлқындағы кішкене қасиеттерін ұштап, биік белестерді бағындырар тәрбие мен білім беріп отырған ұстаз екендігі бәрімізге аян!
Осы ұлағатты ұстаздардың ұшан-теңіз еңбектерімен сусындап өскен ауыл балалары қалаға барғаннан кейін, өздері біліп туылғандай болып, мұрындарын шүйіріп шыға келеді. Қалаға барған соң, әріп үйреткен ұстаздарын ұмытып, дарынды балаларға арналған мектеп мұғалімдерін мақтап ала жөнеледі. Өйткені, ол бала ауыл мұғалімінен білім мен тағылым алғандығын ұмытты. Ішің ашиды екен, неге су ішкен құдығына түкіреді, ол балалар! Түсінбеймін, түсінгім де келмейді-ау, бірақ.... Сондықтан, ең бірінші ауыл балаларының қызығушылығын көтеріп, қоғаммен байланысы жақсы болсын десеңіз, зияткерлік жасөспірімдер орталығы болар мекеме ашып берсе екен деп тілеймін.
Дарынды да, зерделі ауыл баласы,
Ақылы кең, ойы зерек, данасы
Ауылдан шығар ұлы, дара тұлғалар,
Ойға түйгін әрбір қазақ баласы!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру