Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі пәнінде дамыта оқыту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру

Кіріспе
Диплом жұмысының көкейтестілігі.
Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім-білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты талабы.
Қазақстан Республикасының «Білім Заңында» (8 бап) білім беру жүйесінің міндеттері бөлімінде: « Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға дәне кәсіби шыңдауға бағыттылған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Және де Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді деңгейлері мен мазмұны нақты көрсетілген: « бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» делінген. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген (18). ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Бастауыш мектеп кезеңінде шығармашылық қабілеттің дамуын зерттеу

Кіріспе
Тәуелсіз мемлекетіміздің саяси – экономикалық, әлеуметтік даму жағдайының ерекшеліктеріне қарай бұл күнде халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырауда. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамдарда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да, білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Сонымен қатар жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін дамыту болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педгогика | Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың ұжымдық шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру әдістемесі

1. Ұжымдық шығармашылық іс - әрекеттің мәні.
Диалектиканың қарма – қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез – келген нәрсені,құбылыс,процесс қарма – қарсы,бірін – бірі жоққа шығару және бір мезгілде өзара қарым – қатынаста болатын қарама – қарсы жақтардың қарама – қайшылықтың бірлігі болып табылады.Оқушылардың танымдық іс - әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама – қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама – қайшылықтарымен сипатталады.Әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу – тәрбие процесінде жүзеге асырылады.Микро жүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама – қайшылықтарында кездесіп отырады.Оқу – тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама – қайшылықтарын оқушыларды оқу – танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды,кедергілерді жою үшін оқушыларға мұғалім көмегі мен құрбыларымен қарым – қатынас жасау қажет болғандықтан мұғалімнің өз оқушыларымен,ал оқушылар бір – бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Бердібек Соқпақбаев шығармаларының аударылуы


КІРІСПЕ. Қазақ елі сан-салалы өзгерістер дәуірінде тіршілік кешкен тұста шетел халықтары әдебиетінің үлгілерін қазақшаға тәржімалау және қазақшадан өзге тілдерге аудару ісін орыс тілін араға салмай-ақ жүзеге асыру өмірге еніп отыр. Бұған қарап ғылым мен әдебиеттегі, жалпы мәдениеттегі орыс елі мен қазақ елі, орыс тілі мен қазақ тілі, осы екі елдің әдебиеттері арасындағы байланыс деңгейі төмендеген екен деп ойлауға болмайды. Керісінше, бұл байланыстарды нығайта түсуді уақыт, заман талап етуде. Сан алуан мәдениет кеңістігі қалыптасқан, көп ұлтты Қазақстан жағдайында бұл байланыстардың маңызы күн санап арта түспек. Осы орайда көркем аударма мәселесі көкейтесті мәселелердің бірі ретінде көрінуде. ....
Курстық жұмыстар
Толық

ПМНО | Оқушыларды дамытуға арналған шығармашылық жұмыстар

Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды. Мектеп түлектерінің дайындық деңгейі Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім ұйымдарының алға қойған мақсаттарға жетуінің куәсі болып табылады. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі: міндетті (минимум) және базалық.
Жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының дайындығына қойылатын міндетті деңгей оқушылар дайындығының минимум денгейін анықтайды. Минимум деңгейге жету-оқушылардың міндеті болып табылады.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат - бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылығын тәрбиелеу.
Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту ерекшеліктері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда «тұлғаға бағытталған» білімнің құнды негізі ретінде бала орын алады және де өзекті мақсат ретінде еркін, рухани, шығармашыл, адамгершіл тұлғаны - яғни мәдениет адамын қарастырады. Тұлғаның бойындағы басты мәселе - болашаққа ұмтылыс, өз мүмкіндіктерін еркін жетілдіре білу, өз-өзіне сенімділігін арттыру және идеалды «Мен құрамына қол жеткізу мүмкіндіктері».
Жаңа әлеуметтік мәдени ортада гуманистік парадигма психологиялық-педагогикалық ойлаудың басты идеясы болып табылады. Ол үшін тұлға бұл адамға ғана тән өзін-өзі өзектендіре білу мүмкіндігін болжайтын бірден-бір құнды жүйе. Адамның шығармашылық бостандығын мойындау қоғамның басты байлығы. Ал тұлға болса табылады да, өзінің ерік күші, қиялы, шығармашылығы мен бірбеткейлігінің арқасында өзін-өзі ұйымдастырудың әлсіз механизмдерін қолдап отырады [1].
А.Е.Леоньтев ойлауды зерттеуде фундаментальды мәселелерді жалпы психология іс-әрекет теориясымен байланыстырды. С.Л. Рубинштейн еңбектерінде ойлау процесін зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдарын бөліп, ойлау операцияларының негізін көрсетті.
П.Я. Гальперин ойлау даму кезеңдері мен түрлерін қарастырды. Сонымен қатар қазіргі психологиядағы ой сапасы мен түрлерін кең көлемде зерттей отырып психологиялық термин ерекшеліктерін ұсынғандар: А.Р.Лурия, Е. Блейлер, Г. Майер, Б.М. Теплов тб.
Б.М.Теплов ойлаудың интеллектуалдық ерекшеліктерін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекеттерде көрінетініне тоқталды. Л.С.Выготский «Ойлау мен сөйлеу» атты еңбегінде онтонегездегі сөз бен ойға қатысты сын ерекшелігін айтты.
Жалпы ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Адам кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң ереже ұғымдарды пайдаланып отырады.
Ойлаудың ерекшеліктеріне: оның сөзге деген қатысы, ойлаудың мәселелігі, ойдың жалпыламалығы мен жанамалылығы. Ойлаудың сөзге деген қатысын түрліше психологиялық мектептер мен ағымдардың өкілдері түрліше қарастырып келді және әлі де солай қарастыруда. Өткен дәуірде идеалистік ойлау сөйлеуг етәуелсіз, ол сөз ойлауға бағыншсыз деп есептеді .Бұл тұжырымды олар былай дәлелдеді: адам іштей ойлана отырып, біреумен сөйлесе және дәл сол сәтте басқа бір нәрселер ойлай береді. Ой алуан түрде айтылады, демек ойлау мен сөйлеу бір-біріне тәуелсіз бола беретін тәрізді.
Психологияның мінез-құлықтық ағымының өкілдері керісінше ойлау мен сөйлеуді ұқсас құбылыс деп есептеді, бихевиористер былай деді: біз іштей отырғанның өзінде сөйлеу аппаратының жасырын жұмыстары жүріп жатады. Ойлау дегеніміз дыбыссыз сөйлеу, ал сөйлеу дыбыстап ойлау.
Ал қазіргі кезде ойлау мен сөйлеу біірлікте деген қағида қуатталады; яғни олар бір-біріне ұқсас та емес, бөлек те емес [2].
Екінші жүйе сигналдарының ерекшеліктерін зерттей отырып (И.П.Павлов) зерттеушілер сөзбен тітіркендіргенде байланыстың 1–ші сигналдық байланыстарға қарағанда тезірек жасалатынын және әлдеқайда берік болатынын ашып көрсетті.
Ойлаудың мәселелігі- ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып бір нәрсені білгісі, сырын ашып түсінгісі келеді. Бір жасар баланың өзі жаңа әдеттегіден тыс затқа кезіксе таңданады. Бұл И. П. Павловтың айтуы бойынша “Бұл не?” рефлексіне негізделеді. Ойлаудың мәселе шешуге бағытталуы, оған мәселелік, ізденгіштік сипат береді. Бұл ойлау процесінің ең елеулі белгісі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері

Кіріспе
Әдебиеттің зерттеу нысаны адам яғни адамтану екенін ескерсек, әрбір адам өзінше бір дүние, ашылмаған зерттелмеген қазына емес пе? Барлық нәрсенің өлшемі болып табылатын - Адам болмысының табиғи, биологиялық, физикалық , психологиялық ерекшеліктерін әр ғылым саласы өз тұрғысынан зерттеп зерделейді.
«Адам психикасы оның құпиясы мол табиғаты, есті және ессіздік т.б. секілді психологиялық үдерістер философия, психология және әдебиеттану ғылымдарына жан талдау тәсілін тудырып, адам
мәселесін терендей зерттеуге зейін қоя бастады» (1,3) деген пікірге ден қойсақ, көркем әдебиеттің ерекшелігінің өзі сонда, ол адам жанының құпия қалтарыстарын, күйініш – сүйініштерін бір сөзбен айтқанда, адамды психологиялық барша болмысымен толық ашып беретіндігімен тікелей байланысты.
Көркем шығарма табиғатын психологиялық тұрғыдан талдау ,
жалпы прозадағы психологизм, лиризм, сондай – ақ көркемдік тәсілдің түрлері ретінде «ішкі – монолог» «ой ағыны» т.б. мәселелер де көптеп сөз болып жүр. Психологиялық талдау дәстүрі кімнен басталып қазақ әдебиетіне қайдан келді. Алғашқы үлгілері қай жазушылардың творчествасында көрініс берді.
Психологиялық талдау дәст үрлі әлем әдебиетіндегі жаңалық
ретінде негізінен XIX ғасырдың екінші жартысында ғана
дүниеге келгені мәлім. Алғаш рет австралиялық дәрігер - психолог З. Фрейд(1856 – 1939) ашқан психологиялық талдау тәсілі бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық термин болып қалыптасқанымен бертін келе адам психикасын зерттеу аумағы кеңейіп, өзге де өнер салаларында, соның ішінде әдебиетте көркемдік тәсіл ретінде қолданыла бастайды.
Ал, орыс әдебиетінің сынында «психологиялық талдау» деген терминді алғаш Н. Г. Чернышевский, Л.Н. Толстой шығармаларын талдау барысында қолданған екен. Бұл термин басқа да әдебиетші, сыншылар тарапынан қызу қолдау тауып реалистік әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементі ретінде қолданылады.
Психологиялық талдаудың алғашқы үлгісі Л. Н. Толстой туындыларында көрініс берсе, Ф. Достаевский творчествосында ол шын мәніндегі дәстүрге айналып одан кейін А. П. Чехов,
И.А. Бунин, М. Горкий, А. И. Куприн шығармаларында тамырын
тереңге жайды. Орыс әдебиетінде Л. Толстой мен Ф. Достаевский
Қазан төңкерісінен кейін Кеңес әдебиетінде М. Шолохов,
Л.Леонов, К. Федин, А. Толстой, А. Фадеев, Л.Собольев сияқты белгілі жазушылардың шығармаларында жемісті жалғасын тапты.
Біріншіден, қазіргі қазақ әдебиетінің қай жанырына көз салмайық, оның профессионалдық деңгейінің өскендігіне, өмірлік шындықты өнерлік мұрат деңгейіне көтеруге де жазушыларымыздың ізденіс үстінде екеніне көз жеткіземіз. Мәселен, ХХ ғасырдың басында дүниеге келген бір ғана роман жанрының өзі бүгінде қандай биік деңгейге, кемелдікке жетті.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Ахмет БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН САБАҚ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-техникалық жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық-патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда.
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасында «мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғастығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүдесі мен бірлігінің тоғысуына негіздеулі керек. Мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс», деп өте орынды айтылған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Асқар Тоқмағамбетов шығармаларының ерекшелігі

Асқардың жырлаған тақырыбы, жанрлық ерекшеліктері, көркемдік стилі жағынан әр алуан. Оның бер жағында Асқар творчествосы, оның өзіндік ерекшеліктері, көркемдігі мен идеясы жайлы жазылған зерттеу сын мақалалары аз емес. Ақын туралы сын мақалаларға көз жіберер болсақ, оның әр кезде жазған жеке-жеке шығармаларындағы сәтті, сәтсіз жайлар кезінде көрсетілді, жазылды. С.Мұқановтың, Ә.Тәжібаевтың әдебиеттің дамуына байланысты Асқар творчествосы жөнінде айтқан пікірлері мен сындарынан басқа, оның поэзиясына айрықша тоқталып, талдау жасап, түйінді пікірлер айтқан талантты жазушы С.Ерубаев болды. Ақын шығармалары туралы І.Жансүгіров, Қ.Бекқожин, Т.Нұртазин, Е.Исмайылов, С.Төлешев, Ә.Тәжібаев, Т.Әлімқұлов, С.Қирабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Р.Бердібаев және М.Бәйділдаев тағы басқа да ақын-жазушылар ақын Асқар творчествосына пікір айтудан шет қалған жоқ.
Асқар творчествосы туралы ең алғаш жазылған сындардың ішіндегі көлемді де мазмұндысы С.Ерубаевтың сыны болғандықтан, соның төңірегінде сөз қозғасақ, С.Ерубаев ақын поэзиясының күделікті өмір тынысымен тығыз байланысып жататынын жоғары бағалады ....
Курстық жұмыстар
Толық