Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістер мен жариялықтар білім беру саясатына жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында «білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру мен дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалу қажет» деп көрсетілген. Жеке адамды дамытудың басты бағыты – жаңа адамгершілік құндылықтарды орнықтыру екендігі белгілі. Мұндай ауқымы кең міндетті шешуде көркем шығармалардың алтын орны ерекше. Көркем туынды да халықтың тарихи жүріп өткен жолдары, өмір белестері, елдік – ерлік дәстүрлері, тұрмыс – салты, психологиясы жинақталған, табиғаты кескінделген, адамгершілік ұғым түсінігі көрініс табады. Осындай талғамы биік оқушы жүрегіне жол табатын шығармалар қатарына Абай туындылары жатады. Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, ағартушы-демократ, шешен, аудармашы, тәрбиеші-ұстаз Абай тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, оның асыл мұрасын оқытудың өзекті мәселелері ұстаздар қауымының алдына қазіргі кезеңдердегідей ерекше жауапты, аса қиын да күрделі сұрақтарды қоймас еді. ....
Абай тілін зерттеу- бүгінде қазақ филология ғылымының ауқымды саласы болып қалыптасып отырған абайтанудың өз алдына маңызды, зор тармағы.Абай тілін танып-таныту саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін, сондай- ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, бір алуан еңбектер ұсынғанымен, арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз. Абай тілі- кең, ауқымды тіл. Оның көркемдік тұрғысы, тілдік- стильдік арнасы да сан салалы. Бұл жұмысымызда Абай шығармашылығының лексикалық қабатын қамтуды басты нысан етіп отырмыз. Ақын поэзиясында, прозасында лексикалық қабаттардың әрқалай, әртұрғыда қолданғанын зерттеушілердің жұмыстары дәлелдеп отыр .Мемлекеттік ұлттық әдеби жазба тілдің негізін салушы Абай тәрізді қаламгердің тілін бірнеше аспектіден қарастырғанымыз жөн . Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда негізінен үш қабаттан тұрады деп қарастырамыз. Абай тілінде кездесетін араб-парсы қабытының үлкен тобы –тек ақын шығармашылығында кездесетін, бірақ қазіргі қазақ тіліне енбеген сөздер. Абай шығармашылығы арқылы қазақ әдебиетінің тарихына еніп, лексикалық тұрғыдан зерттелініп те жатқан араб- парсы сөздерінің де маңыздылығын атап өткен жөн.....
Қазақ поэзиясының, қазақ жазба әдебиетінің түп тамыры қадым замандарға барып тіреледі. Дәуіріне сай дамыған мәдениеті, төл жазуы болған бабаларымыз ілкі орта ғасырлардың өзінде (V-VII ғас) мәңгі өлмес мұралар жатады. Ғылымда «Орхон-Енисей жазулары» аталатын , түрік тайпаларының байырғы қоныс-мекендерінде көне түрік жазуымен тасқа қашалып қалдырылғанбұл тамаша ескерткіштер қазіргі адамзат мәдениетінің даму тарихындағы ең елеулі мұралардың бірі болып саналады. Түрік қағанаттары құлағаннан (XVIII ғас.) соңғы жерде түрік әлеміндегі әдеби өмір орталығы тікелей қазіргі Қазақстан жеріне-Жетісу мен Сыр бойына ауысады. Өзіндік сыпатқа ие дала мәдениетімен қоса қала мәдениетіде өркендиді.Осы кезеңде бірталай түркі тайпаларының ислам дінін қабылдауына байланысты,бұған дейін кеңінен қолданылып келген руна жазуын және ғылымда шартты түрде ұйғыр жазуы деп аталатын екінші бір көне түрік жазуын араб жазуы алмастыра бастайды. Өлкенің әкімшілік,эканомикалық және мәдени орталықтарына айналған ірі қалаларда маңына оқымыстылар,діндар ғұламамалар топтасқан үлкен мешітте салынады,мектептер,медреселер ашылады.Дәл осы кезде қәзіргі қазақ жерінен мұсылман әлемінде «мұғалім әс-сани»-мәшһүр Аристотельден соңғы екінші ұстаз атанған Әбунасыр әл-Фарабидің өсіп шығуы кездейсоқ еместі.Және Отрардан қанаттанған ұлы ғалым жапнда өнген жалғыз бәйтерек болып қалған жоқ.Сол көне күндерде жасаған,шығыста кеңінен танылған астроном әрі математик Аббас Жауһари,филолог Ысқақ әл-Фараби, географ Жанақ әл-Қимақи сияқтыоқымыстылар отандық білім мен мәдениеттің биік өресін танытады. : Бұл дәуірде жасалған әдеби мұралардың дені өлкеде ешқашан толастамаған қырғын соғыстар кезінде жойылады,енді біразы уақыт шаңы астында із-түзсізжоғалады.Ал біздің заманымызға жеткен үлгілердің ішіндегі ең көнесі,әрі көлемдісі-1069 жылы жазылған ат ақты дидактикалық шығарма- «Құтадғу білік»-.Поэма авторы Юосуф Хас ХадживШу алқабындағы Баласағұн қаласының тұрғыны еді.Екінші бір елеулі ескерткіш-Түркістан қаласынан шыққан софы ақын Хожа Ахмет Яссауидің «Диуан хикмат» атты өлеңдер жинағы .Қыпшақ диалектісінде жазылған Яссауи өлеңдері өз кезінде сақарадағы көшпенділер арасына кеңінен тарады. Бұдан соңғы ғасырларда жасаған,қазақ әдебиеті тарихына белгілі мөлшерде қатысы бар ақын-жазушылардың ішінен Хакім-Ата, Дүрбек пен Сейф Қашғари жазған түркі тілдерінің сөздігі «Диуани лұғатта-түрік» және қыпшақ тілінің сөздігі «Кодекс куманикус»сияқты ескерткіштер де көне дәуірдегі қазақ поэзиясы, қазақ фольклоры туралы мол мағлұмат ,құнды деректер береді.....
КІРІСПЕ Қандай халық болмасын өзінің азаматтық тарихына енжар қарай алмаса керек. Әдебиет тарихы – халықтың азаматтық тарихымен сабақтас құбылыс. Адамның тынымсыз еңбегімен, зерек ақыл, ыстық жүректің жылуымен бірлікте ғана жасауы мүмкін таланттың қыр-сырына арнайы үңілу бұл жұмыстың мақсаты емес. Алайда шығармашылық және зерттеушілік болмысын талант пен еңбектің бірлігінен тыс түсіндіруге болмайтын, табиғатында талантты, ғұмырында еңбекқор, қазақ әдебиеттану ғылымының қазіргі белді өкілі, көрнекті сыншы, филология ғылымының докторы, профессор Құлбек Ергөбектің терең еңбек жолы, терең шығармашылық келбеті, терең ғылыми ізденістері туралы сөз бола қалған жағдайда алдымен талантты өз ғұмырында шығармашылықтың қиындығы мен қызығына бірдей жұмсап үлгерген Құлбек Ергөбек қазақ әдебиеттану ғылымының қыр сырына қанық бұл жолға таланты мен күш қайратын бірдей жаныған ғалым. Әлеуметтік, танымдық-мазмұндық тұрғыдан алғанда да, эстетикалық, әдеби-көркемдік тұрғыдан алғанда да аса маңызды зерттеу еңбектерінің атына заты сай болуын қамтамасыз ететін принциптері. Мұның өзі зерттеушіге зор жауапкершілік нардың жүгін арқалатқан міндеттер. Іс жүзінде зерттей білу де – талант. Теңіздің түбінен інжу теріп алғандай көп оқып, ізденудің кірпияз талғампаздық жемісі. Сәбит Мұқанов жайлы көптеген сыни мақалалар, зерттеу еңбектері шын мәнінде де көп еңбек етіп, талғампаздық пен мұқияттылық танытқан. Құлбек Ергөбек әдеби-ғылыми мәселелерді мөлдіретіп жазған, Тіл оралымы бай, сөз саптасы шешен. Алайда ол татусыз тамсану, дәмсіз су сорудың жетегіне ешқашан ерген емес. Не айтса да деректермен, нақтылы пайымдаулармен, ұстамды ой-пікірлермен көрінді. Құлбек зерттеулерінде сарыла ізденген нәр бар, еленіп екшеленген ой бар. Осыдан болар Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «... Сіздің ұлттық әдебиеттануыңыз бен әдебиет тарихының заманға лайық жаңа методологиясын жасақтау академиялық орнықтылығы мен кемелділігін қамтамасыз ету жолындағы тыңғылықты ізденістеріңізгн сүйсінемін», - деп пікір білдіруі кездейсоқ емес. Иә, академиялық орнықтылық ... Бұл қасиет қателеспесем Құлбекке кезінде біреу де болса бірегей болған Қазақтың Ұлттық Мемлекеттік университетінің ұстаздарынан дарыған деп ой түюге болады. Алайда сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбек шығармаларының кейінгі толқынға, артынан ерген ізбасарларына беймәлім қырлары бары анық. Диплом жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті: Қазақ әдебиетінің жарқын бейнелерінің бірі Сәбит Мұқанов шығармашылығын зерттеп, бүтін бір шеберханаға айналдырған сыншы, зерттеуші Құлбек Ергөбектің еңбегін тану арқылы оны қазақ әдебиетінің құнды беттеріне айналдыру. Жазылған шығарманы оқу бар да, оны кәсіби тұрғыдан тану бар. Осы ретте Құлбек Ергөбектің Сәбит Мұқанов туралы зерттеу еңбектерінің кейінгі әдебиеттанушылар үшін танымдық маңызы зор. Осы тақырыпты зерттеудегі біздіңі мақсатымыз да осы арнаға саяды. Сондықтан Диплом жұмысымызды Қ.Ергөбек шығармашылығына, оның ішінде заманының заңғар жазушысы, әдебиетіміздің марқасқасы С.Мұқанов шығармашылығын зерттеген еңбектеріне арнағанды жөн көрдік. Әрине, бүкіл әдебиеттің жаңа бағытына айналған зерттеулердің бір Диплом жұмысының ауқымына сыйғызу мүмкін емес. Дегенмен сыншы, зерттеуші Қ.Ергөбек зеттеулерін ғылыми түрде қарастырып, талдап таразылаудың уақыты жеткен сияқты. Әрине біздікі тек тың соқпаққа сүре салу ғана. Қалай болғанда да, диплом жұмысымызға арқау болып отырған ауқымды еңбектер әдеби ортада өз бағасын алғанымен, ғылыми түрде сараланбағаны ақиқат. Осыны негізге ала отырып Диплом жұмысының мақсатын айқындап, саралай зерттеуді міндетімізге алдық. Диплом жұмысының өзектілігі: Бізде сыншылар аз емес. Бірақ соның ішінде әдебиетке белсене араласатыны некен саяқ. Солардың бірі – сөз жоқ Құлбек Ергөбек. «Сыншы атану, сыншы міндетін сезіну - өз буыныңның жетістігін өзіңдікі санау, кемшілігін өз кемшілігің санау, сөйтіп жетістік – кемшілікті өз мойныңа көтеріп алудан басталған» дейді Құлбек Ергөбек. Б Майлин, Ж.Аймауытов, Б.Кенжебаев, Б.Соқпақбаев, Д.Исабеков, А.Сейдімбек, Ө.Нұрғалиев, Б.Қанатбаев, Қ.Түменбаев сияқты сыншыларымыздың пікірі, ой-толғамдары таразылауы қандай мәдениетті, қандай өтімді, тұщымды. Жазушыны жер бауырлататын сын бар, жазушыны көтермелейтін сын бар. Мұның екеуі де еренсіздің ісі. Сынның төресі – жазушыға көмектесетін сын. Әдебиетті көтеретін де осы сын. Құлбек Ергөбектің сыны да дәл осындай жазушыға көмектесетін әдеби сынның беделін өсіретін өміршең сын. Ұлы ақын А.С.Пушкин «Сын тарихы – ел тарихы» екенін айтқан. Демек, шығармашылығынғылыми зерттеумен байланыстырған біздің кейіпкеріміздің сыншылық көзқарасы бір әңгіме тарауы. Әрине, шығармада жәй оқырман байқай бермес бұрылыс-қалтарыстарды әдебиетші көзімен зерттегенде сынның қатар жүретіні заңды құбылыс. Сондықтан, бүгінгі әңгімеміздің өзектілігі деп Құлбек Ергөбектің сыншылық қырын алуымыз жайдан жай емес. Диплом жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, үш тараудан, қортындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Алғашқы тарауды Құлбек Ергөбек қазақ әдебиетіндегі сыншы, зерттеуші деп алып, онда Қ.Ергөбектің сыншылық жолға келуі, жалпы әдебиетке бет бұруына ықпал еткен алдынғы буын ағаларының, ұстаздарының атап айтқанда Б.Кенжебаев пен Т.Кәкішевтердің берген бағыт-бағдары негізге алынады. Сонымен қатар, құлбек Ергөбектің шығармашылығының шыңына айналған Сәбит Мұқанов тақырыбына келу жолдары сараланады. Екінші тарауда Құлбек Ергөбек «Адасқандар» романын – романнан повестке деп атап, бұл тарауда сыншының Сәбит Мұқановтың «Адасқандар» романын негізге ала отырып, түпнұсқадан алыс кетпей, нақтылықты ұстандық. Айтулы шығарманың астарына иерең үңілуге тырыстық. Соңғы тарау, бүкіл бір дәуірдің бет-бейнесін ашатын Сәбит Мұқанов шығармашылығын тағы бір қырына арналады. Оның халық ауыз әдебиетін зерттеудегі еңбектері сыншы Құлбек Ергөбектің назарынан тыс қалмаған. Сәбит Мұқановты жаңа заманның жазушысы деп тану арқылы жеке зерттеу жұмыстары сараланады.....
КІРІСПЕ Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Aуыз әдебиет халықтың тарихи және рухани тіршілігімен бірге жасасып келе жатқан қоғамдық елеулі құбылыстың бірі.Халықтың басынан кешкен кезеңдері осы ауыз әдебиетінде бейнеленген, халық феодалдық, патшалық заман жағдайында қандайлық азапта болса да, өзінің өлең¬¬- жырын, ән-күйлерін шығарудан ешуақытта тынбаған. Байлар-бектер билеген дәуірде халық ортасынан шыққан талант иелері үнемі үстем тап өкілдерінің қуғындауында болып, қанатын еркін жая алмады. Ұлы Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда халық ақындарының шығармашылығы жақсы дамыды. Қазақ поэзиясындағы айрықша орын алатын басты тұлға Жамбылдың және даналықпен, көркем жырланған халық поэзиясы қазақ әдебиеті көлемінде айрықша маңызды орын алады. Халық әдебиетінің асыл қазыналарын ақындық өнерлерін сақтап келген Жамбыл халық поэзиясның сол жақсы дәстүрлерін, өмір шындығын жырлауда тың дәстүр қалдырды. Жамбылдың сол жаңа дәстүрін ұстап, онан үлгі алып ілгері дамытушы шәкірттерінің бірі- Қуат Терібаев. Қуат Терібаевтың өмірі мен шығармашылығы, аудармалары қаралып зерттелді. Диплом жұмысының өзектілігі. Қуат Терібаевтың ақындығы мен шығармашылығы негізінен жеке тақырып ретінде зерттелмеген. Десек те, тек Есмағамбет Исмайловтың «Ақындар» атты еңбегінде аудармасына байланысты мәліметтер бар, сондай-ақ «Қазақ әдебиеті тарихы» жинағының бірінші том, үшінші кітабында өмірі мен ақындығына байланысты аздаған мәліметтер айтылған. Бұл тақырып жеке арнайы зерттелмегендіктен, жинақтап осы Диплом жұмысын жазуға өзек болып отыр. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты Қуаттың ақындығын, өлең жазу ерекшелігін ашып көрсету. Осыған байланысты мынадай міндеттерді шешу көзделді: –– ақынның өлеңдерін талдау; — айтыстағы суырып-салмалығын анықтау; — аударма жазудағы ерекшелігін салыстыру; Диплом жұмысының әдістері мен дерек көздері. Диплом жұмысын зерттеуде семантикалық талдау әдісі мен салыстырмалы әдіс қолданылды. Шығармалары ақынның «Өмір жыры» атты шығармасынан алынды. Жұмысты жазу барысында Е.Ысмайлов, М. Дүйсенов, А. Берқайдар, Ғ.Мүсрепов, М. Әуезов және т.б. ғалымдардың ақындық өнер туралы еңбектеріндегі теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды. Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мына төмендегі нәтижелер негізінде көрініс табады: — аұынның өлең жазу ерекшелігі анықталды; — айтыстары мағынасы жағынан талданды; — аудармалары салыстырылып зерттелінді; — ақынның тілдік құралдарды пайдаланудағы даралығы дәйектелді; Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1. ҚУАТ ТЕРІБАЕВТІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ Қазақ ұғымында ақын деген сөздің ауқымы кең, мағынасы терең. Оның туу төркіні туралы әр түрлі байлау-болжамдар бар. В.Радловтың, М.Әуезовтің топшылауларына жүгінсек, «ақынның» арғы тегі ағын, ағылудан таралған секілді. Шаршы топ, «асау той, тентек жиын» үстінде үздік өнерімен бұлақтай бұлқынып, жыр төккенде тыңдаушысын өзінің ағынды да әсерлі өлеңімен еліктіріп баурай білгенді ғана шын ақын деп тануға болады дейді В.Радлов. Ал қырғыз тілі мен әдебиетінің білгірі профессор К.К.Юдахин ақын деген сөздің өзі ұйғырдың ақылгөй, құрметті адам мағынасындағы атаудан қырғызға, қазаққа ауыспады ма екен деп тұспал болжам жасайды. К.Юдахин бұл мәселені ақындық дәстүр тұрғысынан емес, тілдік этимологиялық тұрғыдан қарап тексергісі келеді. Шығысты зерттеуші ғалымдардың дені ақын деген сөздің ата-тегін фарсының, арабтың, яки бараба татарларының ахон деген атауынан іздемек болады. Бұлар да дәлел айтып, дәйекті қорыту жасамайды.....
Кіріспе. Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі қазақ әдебиетінің күрделі мәселелерінің бірі – жазушының шығармашылық лабораториясын зерттеу болып табылады. Ұлттық әдебиетімізде бұл сала ХХ ғасырдың 30 – 40 жылдарынан бастап қолға алынды. Ақын - жазушылардың шығармаларында ел өмірі, оның қоғамдық құрылымдағы болмысын суреттеуі әрі қарызы, әрі парызы саналады. Көркем әдебиетте халықтың озық дәстүрінің ұлттық қасиетінің, мәдениетінің сипатталуы – қалың оқырман үшін рухани азық. Бұған көңіл бөліп отыру қаламгерлердің басты мұраты. Сондықтан да елбасымыз Н.Ә.назарбаев биылғы жылғы жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», - [1: 3] деп, азаматтық борышымызды нақтылап көрсетіп берді. Ширек ғасыр ішінде, тап осы мәселені зерттеген іргелі еңбектер өмірге келді. Осындай еңбектерді өмірге әкелген: М.Әуезов, С.Мұқановтар соны соқпақ салған, бұл дәстүр қазіргі әдебиетімізде де, жан – жақты жанданып, аз ғана уақыт ішінде сыншылардың қатары бой көтерді. Бұған дәлел ретінде, Ш.Елеукенов, З.Серікқалиев, Б.Майтанов, С.Жұмабеков, Ж.Дәдебаевтың т.с.с. ақын – жазушылардың еңбектерін атауға болады. Әлі де, әдебиетімізде зерттеуді қажет ететін, өзіндік айтары бар ғылыми жүйеге объекті болатындай талантты жазушылардың бірі – М.Байғұт шығармашылығы болып табылады. М.Байғұт қысқа жазудың шебері дейміз. Ал, «Шеберлік» дегеніміздің өзі – тар шеңберде алғанда, адам бейнесі, табиғат көрінісі, қимыл, іс - әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдар жасау үшін қажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу [2: 36]. Жазушы шеберлігі сол, екі бетке жүк болатын оқиғаны екі ауыз сөзбен көз алдыңа алып келеді. Оның әңгімесі болсын, повестері болсын оқыған сайын, оқығың келе береді. Қаламгеріміздің идеясы мен эстетикалық тұғыры ересектер мен балалар әлемінің бір тұтастығы мен өзара қатынасы, бірі – бірінсіз өз бетінше өмір сүруінің мүмкін еместігін айтады. Жазушының қай шығармасын алсақ та, көркемдік жағынан өзіндік бір мінезі, тақырыбы бар. Біз бұл тұжырымды оның «Доланай шахтасы», «Интернаттың баласы», «Жанымайдың жотасы», «Ақ орамалды қыз», «Жемелек» әңгімелерінен айқын сезінеміз. Қаламгеріміздің өзге жазушылардан ерекшелігі өзіндік өрнегі – қосымша ат қою шеберлігі. Кез – келген шығармасын оқи қалсаңсыз, кейіпкерлердің қазіргі тілмен айтқанда, «кличкасына» кездесесіз. Өмірдегі әзілқой жазушының бұл да бір өзіне тән мінезі болса керек. Мәселен, қатын – дұшпан, Жезбалақ – Тілеміс, Светлана – Сәуле, Штирлиц – Кеуіртбек, Миссис Майра, Мистер Мамыр т.с.с. Тәуелсіз елдің жаңа адамын, жаңа күрескерін, жаңа қайраткерін, жиырма сегіз жастағы жас мұғалімнің ұстаздық еңбегіндегі бәйшешек жаңалықты, елдік мақсаттағы бүршік атқан бәйшешек тіршіліктің трагедиясын, барша сырымен, барша арманымен, барша мұратымен, барша өкінішімен суреттеп шыққан. Қазақ халқының мақтанышы мен ыстық махаббатына бөленіп жүрген қаламгеріміз, екі дүркін республикалық «Жалын» баспасының сыйлығына ие болды. 1996 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған. Қоғам қайраткеріміз, Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газетінде, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде көп жылдар бойы әдеби қызметкер, мәдениет, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды, облыстық партия комитетінде қызметтер атқарды. Қазіргі таңда, 2005 жылдан бері тілді дамыту басқармасының бастығы қызметін атқарып келеді. «Тіл төңірегіндегі таза тіршіліктің түйесі мен биесі, ығай – сығай иесі болмаса да, киесі бар. Тіл бастыққанды емес, бас тіккенді тілейді» деп суреткердің өзі айтқандай, тілге табынып, елге жағынып еңбек еткенге не жетсін [3: 2].....
КІРІСПЕ Қазақ халқы ұлы уақыт бедерінде талай танымал тұлғаларды тудырған. Солардың бірі - Олжас Омарұлы Сүлейменов. Ол - бүкіл әлем таныған арқалы ақын, өз ұлтының шынайы патриоты, қоғам қайраткері. Сондықтан да ол туралы жылы лебіз білдіру - әркімнің азаматтық парызы. Ол - ақын, түрік-славян тілдерін, мәдениеті мен тарихын зерттеуші-жазушы, ойшыл, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының негізін салып, Семей, Невада, Жаңа жер, Моруроа аймағында мораторий жариялауға қол жеткізген батыл адам. Олжас Сүлейменов саясаттың адамы, ол «Қазақстанның халық конгресі» партиясын құрды. Шетелдік әріптестерінің Олжас Сүлейменовты «ойлау қабілеті мен игі істері жөнінде XX ғасырдың аяғындағы «пайғамбар» деуінде ұлкен мән бар. О.Сүлейменов шығармашылығының қырлары жоғары оқу орындарында оқытылуда, бұл жөнінде кандидаттық, докторлық диссертациялар жазылып жатыр. КСРО кезінде 70-ші жылдары шыққан «Аз и Я» кітабы түрік және славян халықтарының тарихын, тілі мен мәдениетін терең зерттеген ғылыми еңбектің жарқын ұлгісі болды. Ежелгі орыс ескерткіші - «Игорь полкы туралы сөзге» жан-жақты объективті талдау жасалды. Кезінде тарих пен филологияға қосылған қомақты еңбекті әділ бағалап, авторына ғылыми атақ беру керек еді. Бұл кітаптың авторы қазақ патриотизмінің туын көтерді, славян халықтарының тарихы мен мәдениетіндегі түріктердің көрнекті ролін көрсетті. Өкінішке орай, КОКП идеологиясындағы «сусловтық» кезең, ұлыдержавалық көңіл-күй Олжас Сүлейменовтың аяғынан шалып, «Қазақ ұлтшылы» деген жаман атты жапсырып жіберді. Әлемдік өркениетке ұмтылған ақын бұған мойымады, әділ көзқарасынан, адал жолынан таймады. Азамат-ақын, патриот қазақ халқының мұң-мүддесін көздеп, жан айқайына құлақ түріп отырды. Түрік мәдениеті мен тілінің жанашыры болды. Бұдан 25-30 жыл бұрын қазақ мектептері жаппай жабыла бастағанда Олжас Сүлейменов бұған қарсы көтерілді. Ол саясатта екіжүзділікке салынбайтын ер азамат. Қазіргі уақытта еліміздің ақиық ақыны - Олжас Сүлейменов 70 жаста. Қашан да ақын тағдыры тауқыметке толы. Оның үстіне «мың өліп, мың тірілген» қасиетті халқының шерлі мүддесін арқалаған Олжастай - ойшыл ұлдардың өмір жүгі жеңіл болып көрген емес. Мыңмен жалғыз алысқан Абай «Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей. Мен келмеске кетермін түк өндірмей» деп қоршаған ортасынан түңілген екен. «Заманына қарай адамы» дегендей, жүзден жүйрік шығып, жерінің мұңын айтып, халқының сөзін сөйлейтін әр кезеңнің өз дүлділі бар. Елі мен жері үшін, кешегісі мен бүгінгісі үшін басын бәйгеге тігіп, небір сын сағатта, көзсіз ерлік, ұлағатты азаматтық танытқан бүгінгі заманның бір қазағы Олжас. Олжас Сүлейменовтың шығармалары - тарихи дерек көзі болып табылады. Жазушының тарихи және әдеби зертеу еңбектері: «Жетісудың көне жазбалары. (Алтын киімді адамның қабірінен табылған күміс ожаудың түбіндегі жазу туралы)»; «Мың бір сөз. (Әдебиет тарихы және лингвистика туралы)»; «Таңбалар тарихынан. (Әртүрлі мағыналы сөздерді таңбалармен белгілеу жайында)»; «Тюркологияның кейбір мәселелері немесе қате қағидалар»; «Жазу тілі» және т.б. бар.....
Кіріспе Әдебиет және жазушы Кез-келген адамзаттың өмірінде терең әрі көлемді орын алатын мәдениет — өнер мәдениеті. Фидияның мүсіні, Рафаэльдің суреті, Шекспирдің трагедиясы, Бетховеннің симфониясы, Пушкиннің лирикасы, Әуезовтің роман — эссесі, Қастеевтің суреті, Абайдың лирикасы ғасыр бойы өмір сүріп келеді әлі де сүрмек. Бұл әлемдік өнердің біртумалары адамзат мәдениетіне қаншама үлкен әсер еткенін өлшеу қиын. Адамның игерген осындай көптеген өнерінің ішінде айрықша орын алатыны, ол — сөз өнері. Қазақтың академигі З. Қабдоловша айтсақ, “Әдебиет су да емес, от та емес. Әдебиет— өнер. Әдебиет— сөз өнері. Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі — көркем әдебиет.” /1.9./ Әдебиет — кез-келген өнер сияқты өзінің алдында шындықтың шығармашылық тұрғыда басқаша өзгеруі.. Шындығында болған нәрсе өз бетінше өнерді құра алмайды. Орыстың жазушысы М. Горький бұл тұрғыда “Ақиқат — ол әлі шындық емес, ол тек өнердің нағыз шындығын құрастырып, жапыстыратын шикізат қана. Тауықты қауырсынымен қуыруға болмайды. Бізде кездейсоқтық пен жеңіл-желпі мардымсызды араластырып шындықты таба алмайды. Ақиқаттың жеңіл-желпі мардымсыз қауырсынын жұлып, ақиқаттан мән-мағына жасап шығару керек.” /2.11/ Ал, Гончаровтың айтуынша “өнер шығармасындағы өмірден алынған оқиға ақиқаттың шындығын жоғалтып алады да, көркем шындық бола алмайды. Суреткер табиғат пен өмірден тікелей алып жазбайды, шындыққа ұқсас қылып жазады. Сол үшін көркем шығармашылықта “жалаңаш” шындықты таппай , соған ұқсастықты табуымыз жөн /2.11/ Әдеби шығарма — өмір шындығынан туады. Өмір шындығынан өнер туындысын, көркем әдебиет үлгісін жасау — инемен құдық қазғандай қиын, тіпті азапты еңбек./3.3/ Әдеби шығарма әдебиетпен келеді. Ал, “әдебиет —ықшамдалған әлем” (Салтыков-Шедрин), бұл әлемге бәрі сияды, өмірдегі құбылыс та, адам тағдыры да. Ал, әдеби шығарма — сол нұрлы дүниенің сырлы бөлігі.. Ол — өмірдің өзі секілді күрделі, бұралаңы көп, қия-қалтарысы мол шытырман шындық.. Әдебиет оқушыны аспандағы қиялмен өмір сүргізбей, тіршілікпен бетпе-бет келтіртіп, қоян-қолтық араластырып өмір сүруге үйретуші. “Әдебиет — үлкен процесс. Жазушының өзі қоян-қолтық араласып, бетпе-бет келіп жүрген жайларын көркемдік қазынаға салып, нәр-сөлі, тұз-дәмі татып шыққан рухани азыққа айналдыру оңай шаруа емес. Сезіну, түйсіну, іздену, тер төгу , т.б. толып жатқан процесстің өзі де шынайы талант күшінсіз бейшара күйде қалары мәлім.”/4.89/ Қазақ әдебиеті.. “Осы сөзді ауызға алғанда ең алдымен көз алдымызға үркердей бөлек топ жұлдаздары елестейді. Алдында Абай, жанында Жамбыл бар, сахарадағы салқар көшбастаушылардай соңында ілескен сарабдал сарбаздары бар, киелі Әуезов елестейді.” /5.94./ Елес қана емес, нақтылы көрінісіне ішің жылыйды, көңіл түндігі желпілдеп, жүректі мақтаныш пен қуаныш сезімі керіп кетеді....
Кіріспе Сыншы жауапкершілігі хақында ой толғаған бір мақаласында Серік Қирабаевтың былай деп жазғаны бар: «Қөркем әдебиет табиғатын таныр сезімталдық сыншы үшін жеткіліксіз. Оның үстіне, ол жазушы қаламынан туған образдарды өмір құбылыстарымен салыстыра алатын, көркемдік бейнелеудің сырларын түсінетін әдеби білімдар адам болуға тиіс. Сыншы жазушыдан сәл де болса ілгері отыруы қажет.) Өйткені сыншы, белгілі дәрежеде, қалың оқырманның эстетикалық үғымдарын қалыптастырушы, оның тәрбиешісі. Жазушыға ақыл-кеңес беріп, шығармалары жайлы пікір айтып отыратын қаламдас дос». Әдемі айтылған сөз. Және бұл — сыншы ретінде ең алдымен өзіне қойған биік талабы. Сыншы парызы тек сынау емес. Жазушының кітабын қолына алғанда, ол оны, бір нәр іздеп, игі үмітпен оқымағы анық. Шығармадан тек жақсыны дәметіп, алдымен шұғылаға көзі түспек. Шын өнерді көргенде жаны сүй-сініп қуанбақ. Кейде оның қолына нәрсіз кітап та түсіп қалар. Сонда да шығармадағы жарық көмескі тартып, алыстан өлеусірей жылтыраған шырақтай әзер-әзер көрініп тұрса да„ оның көзі әуелі сол сәулені байқамақ. Қалтыраған әлсіз шырақтан, кейін өрши жанып, жарығы молаятындай белгі көріне ме? Әлде бар куаты осы ғана ма? Сыншы абайлап қарамақ. Абырой-атақ қамы үшін емес, алдымен туған әдебиет мүддесін ойлаған, көркемөнерге шын жаны ашыған сыншыға осы қасиеттер тән болмақ керек. Қазіргі қазақ әдебиет сыны мен әдебиет зерттеу ғылымының көрнекті ірі өкілі Серік Қирабаевтың бүкіл жазған әдеби еңбектерінен біз осы талап үдесінде белсенді қызмет атқарып келе жатқан кең тынысты қаламгер тұлғасын көреміз. Тақырыптың өзектілігі: Әр дәуір әдебиетте өз тынысын, өз суретін қалды-рады. Өз заманының шындығын шығармасына арқау ете алмаған қаламгер тарих үшін де татымды нәрсе жасай алмайды, өз замандастарына да қадірлі бола алмайды». Міне, сыншының өз өлшемі. Бұл жерде көркем шы-ғарманың қоғамдық мәні жоғары болуы айрықша айтылып отыр. Ол сапа| шығарманың шындыққа қатысынан танылмақ. Және одан жазушының өмір тану дәрежесі мен позициясы да көрінбек. Сыншы сондықтан да көркем шығармада шындықтың дұрыс бейнелеуі мәселесін әр-дайым партиялық принцип талабымен ұштастырады. Сонымен қатар, шығарманың қоғамдық маңызын оның көркемдік сапасының биік дәрежеде болуына нық байланыстырып айқындайды. Серіктің әдеби-сын еңбектерінде қаламгер табысына баға берілгенде, ұлттық әдебиетіміздің даму ерекшеліктері мен жетістіктері көрсетілгенде, әдеби өсудің айғағы боларлық туындының мазмүн тереңдігі мен көркемдік биіктігі тығыз бірлікте алынып сипатталады. Серіктің сын-зерттеу еңбектерінің дені қазақ әдебиеті мәселелеріне арналған Сыншының бұл еңбектерінде ұлттық әдебиетіміздің іргетасы қаланған алғашқы жасаң дәуірінен бастап, бүгінгі биіктеп ескен шағына дейінгі өсу кезеңдерінің сан-сала жайына қатысты келелі пікір өрбиді. С.Қирабаевтың шығармашылығына жасалған алғашқы қадам болса да, соншама ауқымды тың мәселелерді көтеруі тақырыптың актуальдылығын тағы бір атап көрсеткендей.....
Кіріспе Тақырыптың өзектілігі: Жамбыл облысы қай кездерден – ақ өнерге бай өлке. Арыға бармағанның өзінде кешегі жыр алыбы Жамбылдың кіндік қаны тамған, кең алқабын Кенендер әнмен тербеткен, Қылышбай қылыш тілмен өлең өрген, Сауытбек Ақбөпесін «аңсап» өткен өңірде жырдың бесігі тербелмей қалған күн болған емес. Өнердің жасаушысы халық болғандықтан елдің іші қашан да кемел дарындардан кенде емес. Әр кезең өз тұлғасын тудырады, әр өнер иесі өз заманының жемісі. Бүгінде тамырын тереңге жайған текті Тараздың өнер өлкесіндегі тегеуірінді дарындардың бірі – ақын Серік Мақұлбекұлы Қалиев. Есімі Республика жұртшылығына кеңінен таралып үлгерген осы жерлесіміздің шығармашылығы бүгінде құнарлы топыраққа түскен дәндей тереңнен нәр алып, жапырағын кеңге жайып жайқалған бәйтеректей кемелденіп, жыл санап толыға, молыға түсті. Ақын осы күндері ірілі – ұсақты жеті – сегізге тарта кітаптардың авторы. “Шын мәніндегі өлең қандай болу керек?” деген сұраққа Серіктің жырлары толықтай жауап бере алады. Қазіргі күн поэзиясында өзіндік орны бар, қолтаңбасы қалыптасқан, ешкімге еліктемейтін, көкейінде тұрған, санасына тұнған ойды өзінше қорытып, өзіне ғана нақышты өрнектерімен оюлап бере алатын дара дарын. Ақынның мұндай дәрежеге жетуіне ізденімпаздықпен өткен ұзақ жылдар, шақша басты шарадай етердей жанға тыныштық бермеген шабытты шақтар, күрсінулер, қуанулар, жадыраулар, мұңайулар, бәрі – бәрі тиісті мөлшерде өз ықпалын тигізіп өткен еді. «Өлең деген тумайды жайшылықта, өлең деген тумайды қайшылықта» - деп Мұқағали ақын айтып кеткендей - өлең өмірдегі құбылыстардың сөзбен өрілген көркем суреті. Бүгінгі кезеңнің көркем әдебиетінің дамуына елеулі ықпал етіп, әдебиетке өз ерекшелігімен келген Серік шығармашылығы еленуге тұрарлық. Ешкім де тектен – текке еңбек етпесе керек. Қандай да бір бейнеттің түптің – түбінде берер зейнеті бар. Сол сияқты халық үшін атқарылған игі іс, халық үшін жазылған текті жыр ел алдынан ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір бағасын алу керек. Басқа емес, арнайы Серік Қалиев шығармашылығын таңдауымыздың негізгі осыда жатыр. Тақырыптың мақсаты мен міндеті: Тақырыптың мақсаты - наным – сенім жағынан «қырық пышақ» болып жатқан қазіргі қоғамдық ахуалға Серік ақынның шығармашылығын негізге ала отырып, сол арқылы жауап беру, шешімін таппай жатқан түрлі рухани мәселелерге қатысты ақын жүрегінің күйн сезіну. Өз ұғым – түсінігіміздің деңгейін ақынның көзқарасымен салыстыру. Діни тақырыптардан өзге де өлеңдеріне жаңа қырларынан талдаулар жасау. Тақырыптың міндеті – жергілікті қаламгерлердің арасында да шашасына шаң жұқырмас жыр жүйріктері бар екенін, оның бірі диплом жұмысына арқау болғалы отырған Серік ақын екенін дәлелдеп беру. Сол арқылы ақынның әдебиеттегі өзіндік болмыс – тұлғасын даралау. Сан қатпардан құралған «шығармашылық еңбек» атты әлемнің көзге көріне бермейтін елеусіздеу тұстарын аттап өтіп кетпей, оның ой – қырына тиянақты түрде үңілу. Шындығында поэзия қалай көрсең сол қалпында ғана қалып, астарлылық дегеннен ада сипатта көзге ұрып тұратын бір қалыпты дүние емес. Бұл туралы Үнді халқының даналығы: «Поэзия туралы пікір айту үш соқырдың піл туралы әңгімелесуі сияқты» - дейді. Сондықтан өлең атты ұлылықты тек өзіміз көрген, өзіміз түсінген тұстарынан ғана қарай салмай, ол туралы танымымызды тереңдете түсудің мәні зор. Өлең – тірі организм, онда да мінез болады. Оның да шама – шарқына қарай ғұмыр кешу кезеңі болады. Сүйегі нашар, бітімі жаман өлеңдер ұзақ жасай алмайды. Ал, поэзияның бар талабына жауп беруге лайқты, ойлы да терең, мәнді де мағыналы өлеңдер өмір барда адамзат баласымен мәңгі бірге жасаса береді.....