Мұхтар Шаханов (Төрт ана + видео)

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы.....

Өлеңдер
Толық

Қазақша Жұмбақ: Төрт түлік мал, жануарлар

Дүниеде ақас бар бек жайлаған,
Жанына адам барса ойбайлаған.
Ақастың адам білер мінезі бар,
Мінгесіп екі бала той тойлаған.
Түйе және оның өркеші

Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында шандыр бас.
Тасбақа

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)

Қазаққа ілгерілеу керек болса, мұны аз қалыпта қалдырмай, көбірек тұрсын, бәріне таныс жетілген жұрттардың қатарына қосу керек; олармен бірге адам баласының жеңіл күн көруіне, тегіс бақытты болуына жол табу керек, іздесіп ат салысу керек... Бізге керегі қайткенде солардың білімін тез үйреніп, қайткенде сол қатарға тез қосылу қамын қылу керек.
(Сұлтанмахмұт)


Өмірбаяны

Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта.......
Рефераттар
Толық

Биология | Микроорганизмдерге әсер ететін физикалық факторлар

Ылғалдылықтың микроорганизмдерге әсері: Табиғатта су бос және байланысқан күйінде кездеседі. Байланысқан суды ерітінде ретінде қолдануға болмайды. Сондықтан микроорганиздер ортада бос күйінде су болғанда ғана тіршілік ете алады. Мұндай суда еріген қоректік заттар микроорганизмдер ене алады. Ортада судың мөлшері неғұрлым азайған сайын, солғұрлым микроорганизмдер тіршілігі баяулай береді. Сондықтан кептіру микроорганиздер үшін аса қауіпті. Дегенмен ылғал тапшы болған жағдайда да микроорганизмдердің тірі қалатындары да бар. Бұған олардың спора түзетін қасиеті дәлел бола алады.
Ыдғалдың микроорганизмдерге әсерін анықтау мақсатында ылғалы әр түрлі ақ нанның тілімдерін алады. Кейбір тілімдерін қолдан кептіреді де осыларды Петри табақшасына салып, 20 минут бойына 1атм.қысыммен залалсыздандырады. Бір тілімнің үстіне ілмешікпен сапрофит бактерияларды «Sarcina lutea, Acheomobackter pradigiosum» жұқтырады, басқаларына зең саңырауқұлақтарының спорасын салады. Табақшаларды бөлменің ішінде немесе температурасы 25 градус террмостатта ұстайды. Келесі сабақта бактериялар мен зең саңырауқұлатардың әр түрлі ылғалда даму дәрежесін анықтайды. Сөйтіп бактерияларға қарағанда зең саңырауқұлақтарының қуаңшылыққа төзімділігі жөнінен қорытынды шығарады. Мерзімі жағынан ұзақ болғанымен осындай тәжірибені топырақтарда жасауға болады. ....
Рефераттар
Толық

Торайғыров Сұлтанмахмұт

Торайғыров Сұлтанмахмұт– қазақ ақыны, ағартушы, қоғам қайраткері, ойшыл.
Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды.
1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады.
Пән негіздерін үйреніп, білімге деген ынтасы артқан Сұлтанмахмұт одан әрі оқуын жалғастыру арманына жете алмайды. Троицк, Семей, Томск сияқты ірі қалаларда барып оқуын жалғастыруға ниеттенсе де, қамқоршысы мен қаржының жоктығынан, тұрмыстың қиыншылығынан ол мақсаты орындалмайды. Бірақ оптимист Сұлтанмахмұт өз бетімен ізденіп көп оқыды, ғылымның әралуан саласынан хабардар болды, сөйтіп заманының оқымысты жастарының біріне айналды.....
Рефераттар
Толық

Торғай облысындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық күрес

Торғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған ен табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, аграрлық мәселенің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.
Барлық жерлердегідей көтеріліске түрткі болған 1916 жылғы 25 июньдегі указ болатын. Торғайдың әскери губернаторы М.М.Эверсмин «құрметті ақсақалдармен» бірге старшындарды арнайы шақырып алдырды: олар патшалық өкімет орындарын қолдайтынын білдіріп, патша указы орындалады деп сендірді. Либералдық феодалдық-бай интелегенция патшаның отаршылдық әкімшілігінің жетегінде кетті де, патша указын орындауға шақырып ауыл-аулдарды аралап кетті. Алайда олардың әрекетінен ештеңе өнбеді. Еңбекшілердің наразылығы мен ашу-ызасы күннен-күнге ұлғая түсті.
Торғай облысының әскери губенаторы М.М.Эвераменға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрамдады, болыстарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. Оған жұрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл батысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семьясында туған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың етегінде жүріп, бала күнінен-ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді.
Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Ұшы-қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор – Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп қосылып жатты. ....
Рефераттар
Толық

Түйсiктің рефлекторлық табиғаты

Материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық процесті түйсік деп атаймыз. Түйсік тірі материяның жалпы биологиялық қасиеті – сезгіштіктің ең маңызды көрінісі.
Түйсiк арқылы заттардың түсiн, иiсiн, дәмiн, қатты-жұмсақтығын, кедiр-бұдырлығын т. б. осы секiлдi қасиеттерi ажыратылады. Сондай-ақ түйсiк денеде болып жататын түрлi өзгерiстер жөнiнде де, яғни дененiң қозғалысы мен оның кеңiстiкке орналасуын, жеке бөлiктерiнiң жұмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниенi танып-бiлу түйсiктен басталады. Ол бiлiм атаулының алғашқы көзi. Мәселен, жолдасыңнан көзiн жұмуын өтiнiп, оның алақанына белгiсiз бiр затты тигiзсең, сосын одан оның не екенiн сүрасаң, ол: “қатты, жылтыр, мұздай, жүмсақ, жылы, кедiр-бұдыр бiр нәрсе” деп жауап бередi. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлi қасиеттерiн бiлдiретiн осы сөз тiркестерi түйсiк болып табылады.
Түйсiктер заттар мен нәрселердiң тек жеке қасиеттерiн ғана мида бейнелейдi. Мәселен, адам секундтың 1/10 бөлiгiнде жалт еткен жарықты көрдiм деп айта алады, бiрақ оның қалай деп аталатынын бiлмейдi.
И. П. Павловтың жүйке қызметi туралы iлiмi түйсiктердiң пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық-физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсiндiредi. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс т. б.) үш бөлiктен құралады. Олар: бiрiншi сезiм мүшесi (рецептор). Сезiм мүшесi сырттан келген тiтiркендiргiштердi жүйкелiк қозуға айналдырып отыратын жер. Анализатордың екiншi бөлiгi — миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездiкпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлi бөлiктерiне жеткiзiп отырады. Анализатордың үшiншi компонентi (құрамы) — мидағы түрлi жүйке орталықтары. Олар тiтiркендiргiштердi айыра алуға қабiлеттi нейрондардан тұрады.
Егер осы айтылған анализатордың үш бөлiгiнiң бiрiне зақым келсе, (мәселен, көзге зақым келсе) көру түйсiгiне нұқсан келедi. Анализаторлардың мидағы ядролары тиiстi аймақтарға орналасқанмен, олар бiр-бiрiмен тығыз байланысып жатады. Анализаторлар бiрiнiң қызметiн екiншiсi атқара алуға да қабiлеттi. Мұны ми қабығының компенсаторлық функциясы деп атайды. Сезiм мүшелерiнiң мимен байланыстылығы жәйлi Шәкәрiм “Тән сезiп, көзбен көрмек, мұрын-исi, тiл — дәмнен хабар бермек. Бесеуiнен мұндағы ой хабар алып, жақсы жаман әр iстi сол тексермек”,— деп мидың жетекшi, басқарушылық рөлiн ерекше атап керсетедi.
Кейбiр философтар мен психологтар адам түйсiктерi заттардың объективтiк қасиеттерiн бейнелемейдi, олар тек осы заттардың әсерiнен сезiм мүшелерiнде пайда болатын өзгерiстердi ғана бейнелейдi дейдi. Олардың айтуынша, түйсiктердiң мазмұны сыртқы тiтiркендiргiштердiң, яғни сыртқы дүниедегi заттар мен құбылыстардың қасиеттерiне байланысты емес, түгелдей сезiм мүшелерiнiң өздерiнiң қасиеттерiмен белгiленетiн болып шығады. Осы тұрғыдан қарағанда түйсiктер сыртқы дүниедегi заттардың бейнесi емес, қайдағы бiр шартты белгiлер, символдар, иероглифтер болып шығады. Бұл түсiнiк бойынша бiз түйсiктерiмiздiң ненi бейнелейтiнiн, оларға не сәйкес келетiнiн де, заттарды қалайша танып бiлуге болатынын да түсiндiре алмаймыз. Мұндайда тiптi бiз заттардың өзiнiң қандай нәрсе екенiн де бiле алмайтын боламыз. Өйткенi белгi дегенiмiз қандай затты болса да, қандай оқиғаны болса да таңбалай алады, бiрақ оның өзi таңбалайтын затына ұқсас бола бермейдi. Түйсiк жөнiндегi осы теориялардың қай қайсысы да сезiм мүшелерiнiң көрсеткенiне сенбейдi, заттар мен құбылыстардың бiзден тыс өмiр сүретiндiгiне күдiк туғызады, егер түйсiктер заттардың объективтi қасиеттерiн бейнелемейтiн болса, онда адамдардың табиғат пен қоғамды танып бiлудегi табыстары мен олардың белгiлi бiр мақсатқа сай еңбек етуi мүмкiн болмас едi.....
Рефераттар
Толық

Тератогенді факторлар. Дамудың туа біткен ақаулықтары

 Әр түрллі факторлардың әсеріне сезімтал онтогенездің кезендері қауыпты , ал зиян келтіретін факторлардын теротонды факторлар деп атайды .
Адамда эмбрмогенездің 3 қаупты кезеңдерін ажыратылады:
а) имплантация –эмбрионның жатырдың кілегей қабатына енуі.
б) плацентация –плацентаың түзілуі
в)туылу
Эмбрион дамуындағы қауіпті кезеңдерінің маңызды сол, сипаты бойынша әр түрлі патогенді факторлар бірдей патологиялық өзгерістер тудыруы мүнкін , бұл олардың әсерінің уақытына тәуелді блоакды . Бір жағынан эмбиронға дамуының әр түрлі мерзімде әсер еткен бір типті әсерлер бірдей емес эфект бірдей.Мысалы ,бірдей дозалы рентген жүкті егеуқұйрықты сәулелендіргенде , жүктіліктің 10-шы күнінде ұрықта анэнцефалия ,11 тәулігінде микро-анофтальмия ,14 тәулікте –аяқтарының даму аноамалялары байқалады.
Теротогендік факторлардың әсерлері дамудың 1-ші қауыпты кезенінде имплантацияның кеш өтуіне, ұрпақтың ерте оліміне әкеледі . Екінші қауыпты кезендегі зиянды әсерлер туа біткен кемтарлықтарға әкеледі.
Даму сатыларына тәелді прентальдағы антогенездегі барлық ақаулықтарын гаметопатиялар, бластопатиялар, эмбриоптиялар және фенопатияларға бөлуге болады.
Гаметопатиялар- бұл ұрықтануға деиінгі гаметалардағы өзгерістер.Бұл өзгерістер спантанды түсікке және тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі.
Ұрпақтың алғашқы 2-ші аптадағы зиготаның зақымдалуы. Осы кезенде зақымдалған факторының әсеріне ұрықтың жауап беру ”барлығы немесе ештеңе” принціпімен, яғни ұрық тіршілігін жояды және репаративтік қабілеті жоғары болса әсері еткен факторларды ” сезбей” ары қарай дамиды . Бір қатар жағдайларда осы кезендегі ұықтарда келесі бластопатиялар деп аталатын бластопатиялар деп аталатын паталогиялық өзгерістер кездеседі..... 

Рефераттар
Толық