Экономика | ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ҮЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ

КІРІСПЕ
Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты — саяси экономия. Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал "социализмнің саяси экономиясы" туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген "социализм" сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Экономикадағы экололгиялық факторлар

Кіріспе
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы проблемалардың бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экономикалық дамуда экологиялық тепе – теңдікті сақтау міндеттері өзара байлапысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғи-ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуі нәтижесінде туындаған түрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді.
Қоршаған ортаны сауықтыру ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру ісі - әлем елдерінің алдында тұрған маңызды проблема болып табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасындағы өзара қайшылықтардың кедергісінен өту - өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ,. Осылардың шешімін табу үшін экономика саласындағы мамандардың экономика мен табиғатты пайдалануды ұйымдастыру және экология негіздерінің ауқымындағы білімін талап етеді. Осыған байланысты табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, экология пәндерін оқытуда сабақ беру жүйесін өзгерту қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Электротехника | Эквиваленттік генератор әдісі

Кіріспе
Электр тізбектерінің теориясы
Қазіргі уақытта электр энергиясы барлық өнеркәсіп салаларында, транспортта , ауыл шаруашылығында,үй тұрмысында,тағы да басқа халықтың тұрмыс қажетіне кеңінен пайдаланылады.
Электр техникасы деп электр магниті құбылыстарын практика жүзінде кең салаларда қолданылуын айтамыз.Барлық электр техникасы салалары бір-бірімен байланысты болғандықтан,техникалық жоғарғы оқу орындарында «электр техникасының теориялық негіздері»курсын ашуға тура келеді.Бұл курс әр түрлі электр техникасы пәндерінің негізі болып есептелінеді.
Осы курстың негізгі бір міндеті, ол құбылыстарды токтар,кернеулер,қуаттар,магнит ағындары тағы да басқа түсініетер арқылы есептеу,зерттеу.Сондай-ақ тағы бір атқаратын міндеті,ол әрбір құбылыстардыэлектр кернеулігі,магнит өрісінің индукциясы,қуат ағындары тағы да басқа түсініктер арқылы есептеу зерттеу.Осы міндеттердің біріншісі тізбектерді есептеу мен зерттеуге,ал екіншісі электр магниті өрістерін есептеуге,зерттеуге арналған.
Шоғырланған параметрлі электр тізбегі дегеніміз-ол электр тізбегіндегі электр кедергісі,индуктивтігі және электр сыйымдылығы осы тізбектің жеке бөліктерінде шоғырланған деп есептелуінде.Мысалы, электр кедергісі -резистор,индуктивтік – орауыш(катушка),сыйымдылық – конденсатор түрінде тізбектің әр жеке бөліктерінде шоғырланған деп білеміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫ

Кіріспе.
Қазақстан Республикасы - территориясының көлемі 2,7 млн. шаршы шақырым және үлкендігі бойынша әлемде тоғызыншы орында. Кеңес үкіметінің қазба байлықтарының 60 % -ын иемдене отырып 8,7 триллион доллардан асып түсетін көмірдің, мұнай мен газдың мол қорынан, металдардан және минералдан пайда тауып қалуды көздейтін әлемнің көптеген мемлекеттері компанияларының назарын өзіне аударды.
Шығыс пен Батыс арасындағы сауданың тиімді жолы болып табылатын Ежелгі Ұлы Жібек жолының тынысында орналасқан Қазақстанның Азия жолбарыстары мен Шығыс Еуропа прогрессивті демократиялық елдерінің арасындағы нағыз интеграция орталығына айналмақ.
Осындай мүмкіндіктерге ие болғанына қарамастан, Қазақстан көптеген қиыншылықтарды басынан өткеруге мәжбүр болды. КСРО құлдырауы Қазақстанда орталықтандырылған бағдарлаушы жүйенің құлауына, инфляция деңгейінің өлшеусіз өсуіне және ескірген өндіруші құралдарды қаржыландыру деңгейінің төмендеуімен қоса Қазақстан ескі Кеңес бюрократиясы мен әлсіз заңшығару базасына байланысты проблемаларға кезікті.....
[center][/center]
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Факторингтің шығу тарихы және оның түсінігі

Кіріспе
Қазіргі кезде банктік бизнесте бәсекелестік едәуір өршуде. Несиелік мекеме базардың қалыптасып жатқан құрылысына қатты әсер етеді және өзінің әрекетінің әмбебаптылығымен жауап береді. Банкілердің көбісі есепті интернет арқылы жүргізеді, факторинг қызметі арқылы базарды қалыптастырады. Факторинг, форфейтинг, лизинг сияқты операциялар өсуде. Ұсынылған дипломда мен осылардың ішіндегі факторинг шартына көңіл аударғым келді.
«Факторинг» дегеніміз не ? Факторинг (ағылшын lacior) - несиемен байланысты сауда комиссия операциясының бір түрі. Оның мазмұнын не құрайды?
Шаруа субъектілерінің жетекшілеріне келесі үлгі жақсы таныс. «X» деген фирма «3» деген фирмаға төлемі кейін төленетін тауар жеткізіп береді немесе тауарды іске асыруға берді (консигнация). «X» және «3» фирмаларының арасында жасалған шарт талабына сәйксс белгіленген уақыт өткеннен кейін соңғысы есептесуге міндеттенеді. Мысалы, бір айдан кейін.
Бірақ, бір ай, екінші, үшінші, сонымен жарты жыл өтеді, сөйтсе де төлем төленбейді. Былай қарағанда, «3» фирмасы сенімді серік еді. Осыған ұқсас мәселелер нәтижелі орындалып жүрген, бірақ төлемдердің уақыты кішкене кешігетін. Ал мына жерде, «3» фирмасының ақшалары жоқ, ал ақшаларының жоқтығын салық басып тастады деп түсіндіреді, сөйтсе де тауар толығымен сатылған.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Факторинг

Кіріспе
Бұл курстық жұмыста факторинг – корпорацияның айналым қаражаттарын несиелендіру тәсілі ретінде қарастырамыз. Бірінші бөлімінде – факторингтің пайда болуы мен оның басқа мемлекеттерде тәжірибесін қарастырылған. Яғни, факторингтің маңызы қандай екенін қарастырамыз. Факторингтің негізгі пайдасының көздерінің бірі – ол:
• Кредиттеу бойынша пайыздар (сұрансты сатып алған кезден толық төлегенге дейін жай банктің ставкасы бойынша алған кредит сомасынан LIBOR + 2% жылдық есептеледі);
• Факторингтік тарифтер: қызмет үшін (инкассо, бұхгалтерияны енгізу, ескерту) тауарларды тауарды өткізгеннен жалпы сатып алынған есеп құныына 0,5--2,5% немесе сату кезіндегі айналым қызметі мен тәуекелдіктің мүмкіндігі және бухгалтерлік есептеу қызметінің көлемі туралы кітаптар енгізу;
• Айналымнан 0,2--0,4% сұранысты толығымен төленбегені үшін 100%тік тәуекелге бел буу.
Екінші бөлімінде қазіргі уақыттазаман талабына сәйкес жаңа азаматтық шарттар қоғам өміріне сәйкес жаңа азаматтық шарттар қоғам өміріне ене бастады. Кәсіпкерліктің дамуына тиімді жағдай туғызатын шарттардың бірі – факторинг шарты. Яғни, кәсіпорын факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторингтік компания немесе банктің фактор клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Маркетинг | Факторинг – қаржылық маркетингтің тиімділігі жоғары формасы

Факторинг
Коммерциялық банктердің ең көп тараған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг. Факторинг алғашқы кезде АҚШ – та пайда болып, кейіннен өнеркәсібі жағынан дамыған Батыс Еуропада қолданылды. Әсіресе коммерциялық банктер факторингті соңғы 25-30 жыл ішінде кеңірек қолдана бастады.
Факторинг 80 жылдардың ортасында Батыс Еуропа елдеріндегі тұрақты экономикалық өрлеу кезеңінде кеңірек таралды. 90 – шы жылдардың басында факторингтік компанялар 3,6 есе өсті. Факторинг операцияларының бүгінгі көлемі мынадай: Еуропа – 56%, Америка – 30%, Азия және Тынық мұхит жағалауындағы елдер – 13%, Африка – 1%.
Шетелде факторинг – бұл ұсақ және орта компаниялар үшін қаржыландыру көзіне сілтейтін қысқа жолды білдіреді.
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретінтауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды.
Факторинг клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда – комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90% - ға дейін төлеу шартымен сатып алады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | Турбо Паскаль тілінің операторлары

Қайталау операторы
1. Турбо Паскаль тілінің операторлары.
Операторлар-программадағы нұсқаулардың (бұйрықтар,алгоритмдер) машиналық тілде жазылуы. Яғни берілген есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің машинаға түсінікті түрде жазылуы. Сонда, программа данасі бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар арасына нүктелі үтір (;) белгісі қойылады.
Операторлар қарапайым және күрделі (құрама) операторлар болып екі топқа бөлінеді. Егер оператор құрамында басқа операторлар боламса, онда ол қарапайым оператор деп аталады. Бұл топқа: меншіктеу, процедураны шақыру, шартсыз көшу – GOTO, бос орын операторы жатады.
Күрделі (құрама) оператор бірнеше қарапайым операторлар тұрады. Бұл операторлар begin (басы) және end (соңы) қызметші сөздер арасында жазылады. Әр оператордан кейін (;) нүктелі үтір таңбасы қойылады.
Құрама оператордың жалпы жазылуы: ....
Курстық жұмыстар
Толық

Этнография | Торғай өңірі

Кіріспе.
Бүгінгі таңда егемендігімізді алып, тәуелсіз елге айналған шағымызда өз билігіміз өзімізге дара тиіп, төл тарихымызға деп қойылып, ақтаңдықтар ашылуда, жаңа тарихтар жазылуда. Сол жаңа тарих ортамызға қазақ халқының Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, сынды азаттық үшін күрескен кемеңгер азаматтарын қайта оралып, елімен қауыштырды. Тарихшылар көтерер жүк өте ауыр. Олардың алдынан құм жұтқан қазақтың қалаларының тарихын зерттеу міндеті түскен жоқ. Қалалардың тарихы тұтас елдің тарихымен сабақтас, өз кезегінде жеке адамдардыңда тарихынан бөліп алып қарауға болмайды. Тарихтағы жеке тұлғалар сияқты әр қаланың да қалыптасуы, даму немесе құлдырау кезеңдері бар. Талай кезеңдерді жас болса да басынан өткізіп отырған қаланың бірі – Арқалық. Сондықтанда Арқалық тарих деп халықтардың қалай тіршілік еткенін, олардың өмірінде қандай өзгеріс болғандығын адамзаттық өмір сүруі қалай өзгеріп, бүгінгі күнге қалай жеткенін зерттейтін ғылым. Қаланың өмірі, тағдыры, ол туралы өңір қандай да болмасын өлкемен тығыз байланысты, сабақтас. Сондықтан да Арқалық тарихын тілге тиек етер болсақ, Торғай өңірінің төкіне таққан шаржандай болып аз ғана жыл көлемінде дүр ете қалғанын кейін талай жыл тақырауда басынан өткізген Арқалық қаласының тарихын зерттеу бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Зерттеу нысан болып отырған тақырыптық өзектілігі – Торғай өңірінде орнаған, ондағы мекен еткен халықтардың баспанасы, орталығы болған Арқалықтың бұрынғы да бүгінгі тарихын, оның әлеуметтік – экономикалық және мәдени дамуын терең зерттеп, таразылау мен сараптау арқылы қаланың қазіргі кезеңдегі жағдайын және келешектегі даму болашағын ашып көрсетуде. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілім

Өкіметім керек емес өзге тілің,
Өз тілім ең алдынғы болады орын.
Бабаларым сақтап қалған ҚАЗАҚ ТІЛІМ,
Қымбат, асыл мұра болған білім.!
Өлшенбейтін ақшаңмен осы ғана,
Оныда сен құртпақшы болдың жана.
Жетімдердің үйін жабам....
Өлеңдер
Толық