Төрт түлік мал (Жылқы, Түйе, Қой, Сиыр)

Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

Таңбасыз тай, енсіз қой болмайды.

Қой сүйеді баласын «қоңырым» деп,
«Ештеңені білмейтін момыным!» деп.
Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,
«Қараңғыда баспаған қорқағым!» деп.
Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,
«Тастан тасқа секірген шұнағым!» деп.
Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,
«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!» деп.

Мал – баланың шашуы.

Мақал-мәтелдер
Толық

Тіл - ел байлығы

Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.

Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы....
Шығармалар
Толық

Төрт түлік мал

Бабаларымыз төрт түлікке ерекше көңіл бөлген. Әрі ас-ауқаты, әрі киімі, әрі көлігі, қымызы – ем, әрі жегжат-жұратымен жасайтын алыс-берісінің көзі, байлығы болғандықтан, қазақ үшін осы төрт түлік мал аса қымбатты дүние болғаны белгілі. Қайда болмасын, бірін-бірі танысын-танымасын, кездесе қалған қазақ «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасқан. Қазақтар малды тек пайдаланып қана қоймаған, олардың бабын тауып бағып-күтудің де жай-жапсарын, қасиетін, ерекшелігін жақсы білген, сынаған.

Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл....
Рефераттар
Толық

Өнер, білім және тіл

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Жүсіп Баласағұн

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.
Луций Анней Сенека
Қанатты (нақыл, ұлағатты) сөздер, афоризмдер
Толық

Мұғалім портфолиосы құрылымы

Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:
• жүйелілік;
• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
• ақпараттың объективтілігі;
• көрнекілік.
Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;
Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді.

kz
Толық