Қазақ тілі, Ана тілі, Туған тіл (Тіл туралы тақпақ)
Тіл туралы тақпақтар жинағы
Ана тілім тірлігінің айғағы,
Ана тіл деп талдағы құста сайрады.
Ана тіл деп талдағы құста сайрады.
Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалкыдым
Өз тілімде ән шыркап
Термелетіп балкыдым.
Өзің барда шалкыдым
Өз тілімде ән шыркап
Термелетіп балкыдым.
Пайдалы сілтемелер:
- Тіл туралы Тақпақтар ✍️
- Қазақ тілі туралы Тақпақтар ✍️
- Ана тілі туралы Тақпақтар
- Тіл туралы Мақал-мәтелдер
- Тіл туралы Жұмбақтар ✍️
- Тіл туралы Өлеңдер
- Тіл туралы Нақыл сөздер ✍️
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Ана тілім, жүрегісің анамның,
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенің арқың қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқың дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.
Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Сенің арқың қанып ішсем тұнықтан,
Сенің арқың дүниеден сыр ұқсам.
Анашымды ұмытқаным емес пе?
Ана тілім егер сені ұмытсам.
Сенің әрбір тынышыңнан күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай тура қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.
Ана тілің - арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте...
Автор: Қадыр Мырзалиев
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте...
Автор: Қадыр Мырзалиев
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
Автор: С.Торайғыров
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
Автор: С.Торайғыров
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Д. Әбілев
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Д. Әбілев
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Ш.Айтматов
Тұнығым, рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.
Ана тілім, туған тілім,бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Ш.Айтматов
Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: тіл туралы тақпақтар, тақпақтар балабақшаға тіл туралы, тіл туралы тақпақ, тілдің күні тақпақ, тақпақ тіл туралы, ана тіл тақпақ, ана тіл туралы тақпақ, туған тілім тақпақ, қазақ тілі тақпақ, қазақ тілі туралы тақпақ, Қазақша тақпақ қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күні, Қазақша тақпақ, қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер күні казакша такпак, Қазақша тақпақ қыркүйек, Қазақстан халықтарының тілдер күні, тiл туралы такпак, тiл туралы такпактар казакша, тил туралы такпактар казакша, тил туралы такпак, til turaly takpak kazaksha, тіл туралы такпак авторымен, тіл туралы такпак балаларга, тіл туралы тақпақ 4 шумақ