Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл Зерттеу жұмысында ұлтты ұйыстырушы ұлттық идеяның мән – мағынасы айшықтала отырып және әлемдік тәжірибемен қатар Қазақ ұлттық идеясын қалыптастырудағы рухани – мәдени құндылықтар қайта қаралып, мәдениеттанулық талдау жасалады сонымен қатар қазіргі әлеуметтік – экономикалық басымдықтарға баса назар аударылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тарихы сонау мыңдаған жылдардан бастауын алатын мың өліп мың тірілген қазақ халқы егемендігін алып, етек жеңін жиып, дүниежүзілік қауымдастық мүшесі болып, өзіндік құндылықтарын қайта қарап, XXI ғасыр нарықтық экономикалық қоғамға қадам басуда. Осы жолда тарих тезінен еленіп, елдің еңсесін көтеруші, ұлттың ұлы мұраты болған ұлттық идеяның рөлі өте маңызды орын алады. Ұлттық идея ұлттың қарыштап даму жолында алға қойған мақсат – мұраты. Ал, қазіргі ақпараттық, нарықтық қоғамда ұлттық идеяны қайта қалыптастыру қиынның қиыны. ....
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Бiздiң туған Отанымыз - Қазақстан өзiндiк тарихы, мәдениетi, дәстүрi бар ел. Ол Азия мен Еуропа аралығындағы ұлы Даланы жайлап, өзiнiң: жағырапиялық, этникалық, саяси, әлеуметтiк ерекшелiктерiмен, жер қойнауындағы орасан мол байлығымен адамзат қауымдастығында өте маңызды орын алады. Республиканың 270017,3 мың шарша шақырымнан астам байтағында 17 миллиондай адам тұрады. Яки, мемлекетiмiз жер көлемi жағынан дүние жүзiнде - тоғызыншы, халқымыздың саны жағынан 71- шi орында. Халықаралық қауымдастықта қазақстанның беделi өсiп, салмағы артуда. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Мемлекеттiк Егемендiгi туралы декларацияның қабылдасымен егемендiгiмiздi Тұркия мен АҚШ сияқты дамы-ған мемлекеттер алғашқылардың бiрi болып таныды. Ал Жоғарғы Кеңестiң 1991 жылғы желтоқсанның он алтысында қабыл-даған: “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi” туралы Конституциялық Заңында: “…құқықтары мен бостан-дықтарының үстемдiгiн мойындай отырып, қазақ ұлтының өзiн - өзi билеу құқығын растай отырып, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бел байлағандығын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгiн салтанатты түрде жариялайды” – деп әлемге паш етiлдi. Бұдан кейiн Қазақстан Халықаралық қауымдастыққа тең құқықты мемлекет ретiнде нық басып кiрдi. Қазiр мемлекеттiмiз Бiрiккен µлттар ұйымының мүшесi, ....
Кіріспе. Бала өмірінде оқу және жазудың рөлі ерекше. Оқу және жазба тіліне қатысты, бала оқу мен жазу білімін меңгеру деңгейі бүкіл педагогикалық процестің дамуына әсерін тигізеді. Сөйлеу мәнері және танымдық қасиеттері бұзылған балалардағы сөйлеу мен оқу кемшіліктерін В.В.Воронкованың, Г.А.Кашенің, Р.Е.Левиннің, Д.И.Орлованың, И.Н.Садовникованың қарастырулары бойынша, оқу мен жазудың бұзылу себептеріне сөйлеудің әр түрлі дәрежедегі бұзылулары жатады: айтудағы, фонематикалық қабылдаудағы, дыбыстық талдау мен синтездегі, лексика-грамматикалық дамудағы өзгерістер, сонымен қатар гностикалық қызметтердің бұзылуы: аумақты қабылдау, оптика-аумақтық талдау және әріптер гиозисі, қолды қозғалту қызметі, дыбыс есту координациясы, уақыттағы бейімділік. Кейбір зерттеулерде оқу мен жазуындағы бұзылулардың жазу үстінде туындайтын баланың психикалық қасиеттеріне қатысты ерекшеліктерімен: барлық жазу операцияларының үйлесіміндегі қиындықтармен, олардың әр қайсысына көңіл аудару мен бірінен біріне өту қиындықтарымен байланысты екендігі аталып өтеді. Сөйлеу-есту қасиеттерімен, сөйлеу-естуді есте сақтаумен, т.б. байланысты жазба тілінің әр түрлі бұзулулары көзге түседі. Г.И.Данилкиннің ойынша, сөзді дыбыстық және морфологиялық талдауды меңгеруге дайындықтың жеткілікті болмауы, балалардың ана тідін меңгерудегі танымдық деңгейінің жеткіліксіз болуына негізгі себеп болып табылады. Бұл сөздегі орындарына байланысты әр түрлі дыбысталатын дыбыстардың жиынтығында, сөздегі ұқсас дыбысталатын дыбыстарды ажыратуда үлкен қателердің туындауы. Бала естіген сөзіне қарап жазатын болғандықтан, дыбысты талдаудағы және синтездеудегі қателіктер, міндетті түрде сөйлеудегі және сөзді жазудағы қателіктерге апарады. Жазу мен оқуды қабылдаудағы кедергі келтіретін тағы бір себеп, танымдық деңгейлері жетілмеген балалардың дыбысты сәйкес әріппен байланыстыра алмауы екені белгілі. Бұл шешім сондай балалардың дыбыстық қорытындысына негізделген. Ана тілін меңгеру қиындықтары, сонымен қатар, оқушылардың әріп пен оның белгіленуін үйренгенде туындайды. Г.И.Данилкиннің пайымдауынша, танымдық деңгейлері қалыпты дамыған балаларға қарағанда, бұл балаларға әріпті жазып үйренуге айтарлықтай уақыт кетеді, және оларда кейбір ұқсас әріптерді ажырата алмау мәселесі де көп кездеседі. Олардың танымдық бағдары мен көрулік қабылдауларының бұзылуы соған себеп дей аламыз. Танымдық деңгейлері жетілмеген - балаларда, көбіне, моторлық аймақ пен орын болады. Ол майда бұлшық еттердің сәйкес қимылдарының үйлесіміндегі өзгерістер немесе кемшіліктерден, саусақ бұлшык еттерійін, толық дамымауынан, қолдың білегінің тұрақсыздығынан туындайды. Тіпті байланысты олар тез шаршап, жұмыстары бәсеңдей түсіп, орындап отырған тапсырмаларында қателіктер пайда болады. (Мовкебаева 3. A. ) (2) Арнайы мектептің бірінші сыныпына жаңадан келген баланың ұйренуге дайындығын тексеру үшін мұғалім оқудың бірінші аптасында оқушының қарапайым қорытындыларының деңгейін анықтайды. Баланың бір топқа жататын заттарға жалпылама сөздерді, қолдану дәрежесін, топтарға жататын жеке заттарды, өзінше атау қабілетін жетік тексеру мақсатында, мұғалім олардың әрқайсысымен жеке әңгіме құрады.....
КІРІСПЕ Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі әлемді үрей билеп тұр. СПИД ауруына ем таба алмай басы қатқан адамзат атом бомбасын шығаруға ақылын аямай жұмсағаны анық. Ол адам қолы жасады дегенге сенбейтін әрекеттерге барып жатыр. Адамды қалыптастырған қоғам да, қоғамды құрған адам да қатыгездіктің шегіне жетті. Бір сөзбен айтқанда адамзат арыла алмайтын індет көп. Соның бірі – суицид. Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, қай кезде болмасын өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті. Менің бұл адам шошырлық мәселені алғандағы себебімнің бірі, ол – осы суицид мәселесінің біздің қасіретімізге айналып бара жатқандығында. Суицидке ұшыраушы адамдар әдетте, рухани күйзелістен зардап шеккен және стрестік күй-жайда болған, өз мәселесін шеше алмаған адамдар тобы. Олар жиі психикалық аурудан зардап шегеді, әсіресе депрессиялық күйде ұзақ болады және болашақтан өз үмітін кешеді [7]. Суицид бүкіл әлемде өлімге алып келетін жетекші себеп болып табылады, сондықтан ол қоғамдағы өзекті мәселенің бірі деп есептелінеді. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, суицидтің ресми статистикасы оның нағыз санын бағаламайды. Өзіне-өзі қол жұмсау – глобалды геополитикалық құбылыстарға қарағанда маңызсыз құбылыс болып есептелінеді. Ал шындығына келгенде ол қоғамда болып жатқан жағдайларға белгілі бір баға береді және сол қоғамның нағыз келбетін сипаттайтын құбылыс. Адам баласы бір үмітпен өмір сүреді. Ол бір мақсат, бір арманның жолына түссе, болашақтан үміті болса ғана адамша ғұмыр кешеді. Қандай қиыншылықтар кездессе де, үмітінен көз жазбауға тырысады. Алданышы бар адам күресе де, жұбана да алады. Ал мақсат-мұратсыз адамның көрінгеннің жетегінде кететіні айтпаса да түсінікті. Ондай адамдардың баз кешіп, бағдарынан адасуы да оңай. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне сенсек, суицид құрбандарының түгелге жуығы тіршілік қиындықтарының әртүрлі себептерінің кесірінен өледі екен. Бірақ өтпелі кезеңде кім қиыншылық көрмеді. Замана жүгі талай адамның еңсесін түсірді емес пе. Егер солардың барлығы қиыншылық көрдім деп өле берсе, қанша пенденің мерт боларын кім білсін?! Сондықтан кішкентай ауыртпалыққа шыдамай өзіне қол салғандардың көбісі психикалық ауытқуларға ұшырағандар болып табылады. Зардап шеккен адам ең алғаш өлу жайында ойлана бастағанда оның санасында сол арам ойына қарсы тұрарлық иммунитеттік түйсік тірілуі қажет. Сонымен қатар сыртқы ортадан да психикасына да әсер етіп, өлімнен бас тартқыза аларлық көмек керек. Егер олай болмаған күнде адам санасында о баста ноқаттай ғана болып енген «қара ойдың» вирусы ұлғая келе сананы толықтай меңдеп, ақыры алып тынады. Сонымен қатар, суицидтің зерттеу пәнінің кең және жан-жақты статистикалық мәліметтерінің бар болуы Батыс әлеуметтанушыларына нағыз табысты тапсырады. Осыған қарамастан, өзіне-өзі қол жұмсауды зерттеудің маңыздылығын да ұмытпаған жөн. Өйткені, өзіне-өзі қол жұмсау санының әлеуметтік өлшемі жалпы өлім өлшемінен тұрақты тұрақтылығымен және арта түсуімен сипатталады, сондықтан оны зерттеуде ең алғашқы орынды өзіне-өзі қол жұмсаудың жалпы көрсеткіштері – қоғамда болып жатқан тоқыраулардың жауабы ретінде қарастырылады. Қоғамда болып жатқан әрқилы жағдайларды әрбір адам өзінше қабылдайды. Мен бұл жұмысымда тек объективті фактілерге және олардың қазақ қоғамына қалай әсер еткендігін, әлеуметтанушылардың мәліметтер жинағы мен олардың анализдеріне сүйене отырып жүргіземін.....
Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі – тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады. Зерттеу обьектісі. Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіл біліміндегі әрбір теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы дәстүр жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар нұсқау – маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды: ─ Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы сөз таптастыру проблемасының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлу; ─ Қазақ тіл біліміндегі сөздерді семантика - құрылымдық топтарға жіктеу барысында болған бағыттарды, олардың негізгі қағидасын анықтау; ─ Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі бүгінгі жайына баға беріп, осы мәселеге қатысты әлі түйіні шешілмеген проблемаларды бөліп шығару. Жұмыстың ғылыми жаңалығы. ─ Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға бөлудің күрделі теориялық ілім ретінде қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланды. Осы даму жолында кездескен түрлі ағымдар анықталып, олардың негізгі қағидалары белгіленді, ағым өкілдерінің ой-тұжырымдарына нақты талдау жасалып, баға берілді. ─ Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар бүгінгі жайы да сөз етіле отырып, оның жетістігі мен кемшілік тұстары да айқындалды. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптеріне анықтама берілді. Жұмыс нәтижесінде сөз таптастыру проблемасына қатысты бірқатар қосымша жаңалық, ұсыныстар енгізілді. Олар: а) модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде танудың негізі жасалды; ә) сөз табы ретінде белгілі одағайды синтаксистік категория оқшау сөздер құрамында қыстырма, қаратпа сөздермен бір қатарда қарауға болмайтындығы айқындалды; б) сөз таптастырудың синтаксистік принципі аясында сөздердің тіркесімділік қабілетін ескеру керектігі дәлелденді. Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, сөз таптастырудың бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару – қазақ тіл біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.....
КІРІСПЕ Еліміздің егемендік алуына байланысты, халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп-екшеп, бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие үрдісіне ендіру – келелі де, кешенді іске айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030»стратегиялық жолдауында еліміздің болашақ ұрпағы инновациялық, ақпараттық технологияларды меңгеруге лайық зерек те білімді, бәсекелестікке қабілетті болуы керек екендігін баса айтып көрсеткен. 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасы да шығармашылық тұлғаны қалыптастыруды дағдыға алу қажеттілігін мақсат етіп отыр. Ал, «жалпыға білім беру» моделі «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген. Әр балаға таңдау бойынша білім беру барысында, ол баланың бойындағы тума қасиеттерімен санасу дәл қазіргі таңда ерекше орын алады деп санаймыз. Тума қасиеттердің бірі – темперамент, ол жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі. Әрбір ата-ана және мұғалім осы жеке өзгешелікпен, яғни баланың темпераментімен санаса біліп тәрбие жұмысын жүргізіп отырса, онда әр баланың жан-жақты дамыған, белсенді шығармашылық тұлға болып қалыптасуы анық. Әрине келешектің иесі – жастар, сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Ақыл – жастан, асыл – тастан демекші, еліміздің ертеңі жастардың қолында. Елбасымыздың өз сөзімен айтқанда: «Жастар ертеңгі жарқын болашақты армандап қана қоймай, оны өз қолдарымен жасауға да белсене қатысулары тиіс». Себебі, қазіргі таңда бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, бүкіл әлемдік проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, халық ағарту және мәдениет проблемалары, денсаулық сақтау және т.б. сол сияқты мәселелер. Адамзат болашағы аталған ауқымды проблемалармен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан, мектеп оқушыларының, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мәселені кеңінен қарастыруға баланың бойындағы тума қасиеттердің бірі-темперамент ерекше орын алады деп жоғарыда айтып кеттік. Ендеше, 25-ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырып келе жатқан темперамент проблемасының тарихына қысқаша тоқтап өтейік. Темпераменттің төрт типі жайлы теорияларын тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, олар: гуморалды, конституционалды және нейрофизиологиялық теориялар деп бөлінеді. Гуморалды теория темпераментті адам бойндағы сұйықтармен байланыстырған (лат.humor-сұйық).Бұл теорияның негізін қалаған ежелгі грек дәрігері-Гиппокарт(б.э.д.Үғ.).Оның тұжырымы бойнша,адамдар төрт «дене шырындарының»(сұйықтарының)-қан, өт, запыран, шырыш-өзара қатынасымен ажыратылады.Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален(б.э.д.ІІғ.)алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик. Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигзді. Мәселен,И.Кант гуморалды теорияны негізге ала отырып темпераментті адамның сезімімен және әрекетімен байланыстырады(сангвиник-көңілді көтеріңкі адам; меланхолик-тұйық; холерик-әрекетшіл, белсенді, ұстамсыз;флегматик-ұстамды, мізбақбас ). Ал отандас ғалым П.Ф.Лесгафт болса темпераментті қанайналым жүйесінің ерекшелігімен және зат алмасу процесінің жылдамдығымен байланыстырып қарастырады.....
Көкөніс шаруашылығы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің маңызды салаларының бірі болып саналады. Себебі, қазіргі таңда статистикалық мәліметтерге сай елімізде жыл сайын орташа есеппен алғанда 140 мың га шамасындағы жерлерге көкөніс дақылдары өсіріліп, олардан 3,5 млн тоннаға жуық көкөніс өнімдері өндіріледі. Бұл дегеніміз - Қазақстанның 18 миллиондық халқына жан басына шаққанда жылына орташа есеппен 194 кг көкөніс өнімдері өндіріледі дегенді білдіреді. Медициналық тұрғыдан алып қарағандағы мөлшерден жоғары көкөніс өнімдерін өндіретіндігімізге қарамастан еліміздегі көкөніс шаруашылығы шаруашылықтардың қаржы-теникалық әлеуеттерінің төмен болуына орай әлі де негізінен тозығы жеткен машина-трактор паркі мен дәстүрлі технологиялардың көмегімен өндірілуде. Соған сәйкес өнімділік пен сапа көрсеткіштері де төмен деңгейде қалып отыр, яғни статистикалық мәліметтер еліміздегі көкөніс дақылдарының орташа өнімділігі 24-27 т/га екендігін көрсетеді. Жиналған өнімдердің біршама бөлігі қауқары шамалы қоймаларда сақталынады, сондықтан да аурулар мен салмағының табиғи кемуі айтарлықтай дәрежеде орын алады. Осыдан келіп өндірілген өнімнің бірқатар бөлігінің жиналмай қалуы, тасымалдау мен сақтау мүмкіндіктерінің төмендігі және т.б. ....
Дипломдық жұмыстың өзектілігі – сырттан тартып алынған ресурстар активті операциялардың «ғимараты» турған фундаменті ретінде қызмет етеді және оның тұрақтылығын банктердің барлық құрылымы тәуелді. Сондықтан тартылған ресурстар қалыптастыру мақсаты әлемдегі кез-келген мемлекеттерддегі коммерциялық банктер үшін өзінің актуалдылығын жоғалтпау және тапсырылмаған критерилерге жауап беру (құндылық, жеңілдік, тұрақтылық және т.б). Екінші деңгейлі банк жүйесін алдын-ала функциялауда коммерциялық банктердің ресурстарның қайнар көздері болып тартып алынған қаражаттар табылады. Егер де олар банк ресурстарының жалпы көлеміне 80-90%-ін құрса. Қазіргі экономикалық жекешелендіру жағдайда банкке қажетті тартып алынған ресурстарды қалыптастыруда оның қызметінің негізгі проблемасы болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Коммерциялық кәсіпорындардың бір түрі ретінде, банктік мекеменің ерекшелігі болып, оның ресурстарының басым көп бөлігін меншікті капитал емес, тартылған қаражаттар құрайтындығында. Банктердің қаражаттарды тарту мүмкіншілігі шектеулі, және кез-келген мемлекетте Ұлттық Банк тарапынан регламенттелінеді. Коммерциялық банк кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, халықтың және басқа банктердің қаражаттарын салым (депозит) түрінде және оларға сәйкес шот ашу арқылы тарта алады. Банктермен тартылған қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі, олардың негізгі түрлері болып, клиентпен (депозит) жұмыс істеу процесінде тартылған қаражаттар, және де меншіктік борыш міндеттемелерін шығару арқылы тартылған қаражатттар жатады (депозиттік және жинақ сертификаттары). ....
Жалпы басқару ғылымдарының бір бөлігі ретінде ұйымдардың құрылуы мен қызмет жасауының теориялық негіздері бірнеше ілімдер саласында зерттелінді-менеджменте, социологияда, антропологияда, психологияда, әлеуметтік психологияда, экономикалық ғылымдарда, құқықтануда және басқаларда. Ұйымдардың іс-әрекетінің объективті жағдайының өзгеруі, көптеген жаңа көзқарастардың дамуына, ғылыми концепциялардың көбеюі, басқарудың меншіктен бөлінуі, нақты ғылым және адам жәйлі ғылымдардың дамуы ұйымдардың ғылыми тәсілдерін құруына, ықпалын тигізді. Бұл өмірге көптеген ғылыми идеялар мен ұйымның құрылу заңдылықтар туралы мектептерді, формальді және формальді емес, адамдың қатынастар туралы, әлеуметтік жүйелер туралы, жауапкершілік және қызметтердің бқлінуі туралы, шешім қабылдау теориясы туралы, басқару процесінің математикалық апраты туралы алып келді.....