Психология | Суицид - әлеуметтік қатер ретінде
Мазмұны
КІРІСПЕ...........................................................................................................
І ТАРАУ. СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ
1.1 Суицид девиантты мінез-құлық ретінде ..............................
1.2 Суицид туралы тарихи-теориялық ұстанымдар ..............
ІІ ТАРАУ. СУИЦИД – ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЕР РЕТІНДЕ
2.1. Суицидке түсу себептері ...................................................
2.2. Суицид және қоғам ................................................................
2.3. Әлемдегі өзін-өзі өлтіру көрсеткіштері ...............................
2.4. Суицидті алдын-алудағы әлеуметтік жұмыстың мәні ....
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................................
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазіргі әлемді үрей билеп тұр. СПИД ауруына ем таба алмай басы қатқан адамзат атом бомбасын шығаруға ақылын аямай жұмсағаны анық. Ол адам қолы жасады дегенге сенбейтін әрекеттерге барып жатыр. Адамды қалыптастырған қоғам да, қоғамды құрған адам да қатыгездіктің шегіне жетті. Бір сөзбен айтқанда адамзат арыла алмайтын індет көп. Соның бірі – суицид. Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, қай кезде болмасын өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті. Менің бұл адам шошырлық мәселені алғандағы себебімнің бірі, ол – осы суицид мәселесінің біздің қасіретімізге айналып бара жатқандығында.
Суицидке ұшыраушы адамдар әдетте, рухани күйзелістен зардап шеккен және стрестік күй-жайда болған, өз мәселесін шеше алмаған адамдар тобы. Олар жиі психикалық аурудан зардап шегеді, әсіресе депрессиялық күйде ұзақ болады және болашақтан өз үмітін кешеді [7]. Суицид бүкіл әлемде өлімге алып келетін жетекші себеп болып табылады, сондықтан ол қоғамдағы өзекті мәселенің бірі деп есептелінеді. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, суицидтің ресми статистикасы оның нағыз санын бағаламайды.
Өзіне-өзі қол жұмсау – глобалды геополитикалық құбылыстарға қарағанда маңызсыз құбылыс болып есептелінеді. Ал шындығына келгенде ол қоғамда болып жатқан жағдайларға белгілі бір баға береді және сол қоғамның нағыз келбетін сипаттайтын құбылыс.
Адам баласы бір үмітпен өмір сүреді. Ол бір мақсат, бір арманның жолына түссе, болашақтан үміті болса ғана адамша ғұмыр кешеді. Қандай қиыншылықтар кездессе де, үмітінен көз жазбауға тырысады. Алданышы бар адам күресе де, жұбана да алады. Ал мақсат-мұратсыз адамның көрінгеннің жетегінде кететіні айтпаса да түсінікті. Ондай адамдардың баз кешіп, бағдарынан адасуы да оңай. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне сенсек, суицид құрбандарының түгелге жуығы тіршілік қиындықтарының әртүрлі себептерінің кесірінен өледі екен. Бірақ өтпелі кезеңде кім қиыншылық көрмеді. Замана жүгі талай адамның еңсесін түсірді емес пе. Егер солардың барлығы қиыншылық көрдім деп өле берсе, қанша пенденің мерт боларын кім білсін?! Сондықтан кішкентай ауыртпалыққа шыдамай өзіне қол салғандардың көбісі психикалық ауытқуларға ұшырағандар болып табылады. Зардап шеккен адам ең алғаш өлу жайында ойлана бастағанда оның санасында сол арам ойына қарсы тұрарлық иммунитеттік түйсік тірілуі қажет. Сонымен қатар сыртқы ортадан да психикасына да әсер етіп, өлімнен бас тартқыза аларлық көмек керек. Егер олай болмаған күнде адам санасында о баста ноқаттай ғана болып енген «қара ойдың» вирусы ұлғая келе сананы толықтай меңдеп, ақыры алып тынады.
Сонымен қатар, суицидтің зерттеу пәнінің кең және жан-жақты статистикалық мәліметтерінің бар болуы Батыс әлеуметтанушыларына нағыз табысты тапсырады. Осыған қарамастан, өзіне-өзі қол жұмсауды зерттеудің маңыздылығын да ұмытпаған жөн. Өйткені, өзіне-өзі қол жұмсау санының әлеуметтік өлшемі жалпы өлім өлшемінен тұрақты тұрақтылығымен және арта түсуімен сипатталады, сондықтан оны зерттеуде ең алғашқы орынды өзіне-өзі қол жұмсаудың жалпы көрсеткіштері – қоғамда болып жатқан тоқыраулардың жауабы ретінде қарастырылады. Қоғамда болып жатқан әрқилы жағдайларды әрбір адам өзінше қабылдайды. Мен бұл жұмысымда тек объективті фактілерге және олардың қазақ қоғамына қалай әсер еткендігін, әлеуметтанушылардың мәліметтер жинағы мен олардың анализдеріне сүйене отырып жүргіземін.
Көптеген адамдардың білмеуі де мүмкін біздің қоғамда осындай қасіреттің болып жатқандығын. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметтері бойынша, Қазақстан 100 мың адамға шаққанда 52-53 (әлемдік орта көрсеткіш 14-15 адам) өзіне-өзі қол жұмсаушылардың нәтижесімен алдына Венгрия, Ресей, Латвия мемлекеттерінен кейін төртінші орынды иемденеді екен.
Қазақстанның ішіндегі соңғы жылдардағы көшбасшы облыстар – Оңтүстік Қазақстан облысы (72 жағдай), Ақтау (64-67) және Солтүстік Қазақстан (100 мың адамға шаққанда 57 өзіне-өзі қол жұмсаушылар). Яғни, біз суицидтің эпицентрінде тұрып жатырмыз! Ең таңқаларлығы, біздің мемлекетіміздегі өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны жалпы өлім санынан да асып түсуде.
Жылына бүкіл әлемде өзін-өзі өлтірушілердің саны миллион адамға жуық – бұл бір мегаполистің тұрғындарына тең көрсеткіш (мысалы, Алматы қаласы). Олардың 8000-на жуығы – қазақстандықтар: яғни бұл біздің мемлекетімізде әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірден өтетінін көрсетуде.
Осындай әлеуметтік үрейді алдын-алуға болады ма? Және оның қандай тәсілдері бар? Деген сұрақтарға мен өз жұмысымда жауап беруге тырысамын. Дамып келе жатқан мемлекетіміз Қазақстанның мұндай деңгейдегі дертке шалдығуына қарсы қандай шаралар қолданып жатыр, оны азайтудың жолдарына толық тоқтала кетемін.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Менің бұл жұмысымның негізгі мақсаты – біздің еліміздегі әлеуметтік саясаттың суицид мәселесіне айтарлықтай көңілін аударту, және де осы мәселеге қатысты әлеуметтік ұйымдар жүйесін дамыту.
Міндеттері:
- суицидке жақын адамдар тобын анықтау;
- қандай әлеуметтік себептерге байланысты адамдар күйзеліске ұшырағандығын анықтау;
- әлеуметтік қызметтің осы топ арасында жүргізілетін қызметі;
- суицидке жақын адамдармен жүргізілетін техгологияларды жетілдіру;
- әлеуметтік ұйымдардың медициналық, психологиялық орталықтарымен біріге жұмыс істеуін күшейту;
- өзіне-өзі қол жұмсаушы адамдардың іс-әрекетін алдын-алу шаралары;
- күйзеліске ұшыраған адамдардың қоғамға қайта бейімдеушілігін арттыру;
- Интернет жүйесі арқылы да күйзеліске ұшыраған адамдарға көмек көрсету;
Проблеманың ғылыми зерттеулері. Кеңес Үкіметі кезінде 30-жылдардағы Гернет М. Н.(1922 ж., 1927 ж.) пен Родин Д. П. (1922 ж.) ғалымдарының статистикалық-аналитикалық жүргізілген жұмыстардан кейін бұл тақырып ұзақ уақыттыр бойы «Жабулы қазан жабулы күйінде» кейпін кешті. Суицидалдық әрекеттердің кең таралуы мен себептік факторларын анализдеу жұмыстары (Башлыков Н. А., Петраков Б. Д., 1972 ж.) әлеуметтік гигиена өкілдерінің тарапынан оны тереңінен зерттеуіне қолдау таппады. Сол кезеңдерде бұл тақырыпта психиатрлар (Амбрумова А. Г., Тихоненко В. А., 1978 ж.) мен заңгерлер (Бородин С. В., Михлин А. С., 1983 ж.) өз зерттеулерін жүргізе бастады.
Тақырыптың зерттелу объектісі, пәні. Менің бітіру жұмысымның объектісі ретінде – суицидке жақын адамдар тобы, пәні – сол адамдармен жұмыс істеудегі технологиялар, өзіне-өзі қол жұмсаушылардың алдын-алу шаралары.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, кестелер, сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімі мен 51 беттен тұрады.
І ТАРАУ. СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ
1.1 Суицид девиантты мінез-құлық ретінде
Өзіне-өзі қол жұмсау – ешбір жан естімеген көмекті сұрау.
(Р. Алеев)
Суицидтің девиантты мінез-құлық ретіндегі анализдемей тұрып, ең алдымен девиантты мінез-құлықтың не екенін ажыратып алайық. Әлеуметтену процесі (белгілі бір қоғамдағы іс-әрекеттер, әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды тұлғаның қабылдау процесі) тұлғаның әлеуметтік кемелденуіне жетудің нақты бір деңгейінің аяқталуы, ол тұлғаның интегралды әлеуметтік мәртебесін (адамның қоғамдағы орнын анықтайтын мәртебе) алумен сипатталады. Алайда, әлеуметтік процесс кезінде сәтсіздіктер мен жаңылулар да болуы мүмкін. Әлеуметтенудің жетіспеушілігінен ауытқымалы мінез-құлық пайда болады, ол – жеке тұлғалардың іс-әрекеттерінің теріс формалары, рухани кемістіктің саласы, принциптер және құқық пен моральдан ауытқу.
Әлеуметтанушылар ауытқымалы мінез-құлықты девиантты (латын тліндегі «deviatio» - ауытқу) деп атайды. Ол барлық іс-әрекеттер немесе әрекеттердің ережеге сай еместігін көрсетеді. Кейбір қоғамда дәстүрден кішкене ғана ауытқулар қатты жазаланған. Барлығы бақылауда болған: шашының ұзындығы, киімінің пішіні, мінез-құлық тәртібі. Дәл осылай б.з.д. V ғ. ежелгі Спартаның қолбасшылары жүргізген.
Қоғамның барлық уақытында адамзаттың өміріне қажет емес формаларды және оларды таратушыларды жоюмен, оларды аластаумен күресті. Әдістері мен құралдары әлеуметтік-экономикалық қатынастармен, қоғамдық санамен, басқарушы элитаның қызығушылықтарымен анықталып отырды. Әлеуметтік «зұлымдық» ұғымы барлық кезеңдерде де ғалымдардың көңілдерін аударып отырды.
Әлеуметтанудың құрамына арнайы әлеуметтік теорияны көрсететін «девиантты мінез-құлық социологиясы» пайда болды. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының тамырында француз ғалымы, француз социологиялық мектебінің негізін құрушы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болды. Ол «ескі ережелер мен құндылықтардың жаңа өмірге сай еместігіндегі және жаңа ережелер қабылданбаған қоғамның жағдайына» негізделетін әлеуметтік аномия түсінігін енгізді [1].
Девиантты мінез-құлық теориясының жеке ғылым болып құрылуы Р. Мертон мен А. Коэннің арқасында. Мертон қоғамның кейбір азаматтарының сол қоғамда белгіленген іс-әрекетке сай келмейтініне әлеуметтік құрылымның қандай түрткі болатынын анализдеді. Американдық социолог А. Коэн ауытқымалы мінез-құлықты «институционалданған күтулерге қарсы келетін мінез-құлық» деп атап көрсетті [2, 520 б.] Феноменологиялық социологияның өкілі ағылшын әлеуметтанушысы Д. Уолш «әлеуметтік ауытқушылық – маңызды деңгейдегі қосымша жазу мәртебесі» [3, 98 б.], яғни тек субъективті белгілер. Оның ойы бойынша, ауытқу – ол ішкі емес, белгілі әрекетке ие емес сапа, әлеуметтік бағалар мен санкцияларды қолданудың нәтижесі. Ауытқымалы мінез-құлықтың мұндай сипаттамалары оның табиғаты мен антинормаларының объективті сүйек жақындығын толығымен ашпайды.
Девиация мағынасына кең трактовканы Г. А. Аванесов береді: «Ауытқымалы мінез-құлықты қоғамда берілген нормалар мен типтеріне сай келмейтін әрекет деп түсіну қажет», яғни әрбір әлеуметтік нормаларының бұзылуы туралы [4, 257 б.].
Девиациямен күрес жиі сезімдер, ойлар, әрекеттермен күресті туғызып отырды. Әдетте ол нәтижесіз болып қала береді: уақыт өте келе ауытқулар қайта жаңғырады және ол өте жарқын түрде көрінеді. Көптеген қоғамда девианттық мінез-құлықты бақылау симметриялы емес: жаман жаққа бағытталған ауытқулар айыпталынады, жақсы жағына бағытталса, мақұлданады, қабыл алынады. Ауытқудың позитивті және негативтілігіне тәуелді, девиацияның бірнеше континуумын көрсетуге болады. Оның бір бөлігінде ауытқуы қабылданбайтын мінез-құлықты максималды көрсететін топ мүшелері: революционерлер, террористер, атеистер, сатқындар. Екінші бөлігінде ауытқуы максималды түрде қабылданатын топ мүшелері: ұлттық батырлар, көрнекті әртістер, ғалымдар, жазушылар, дамуы аса жоғары балалар.
Сонымен, қоғамды қойдың мақұлданбайтындығын, жақтырмайтындығын алып келетін барлық іс-ірекеттер девиантты деп аталады. Бұл кең топтағы көрінетін құбылыс: билетсіз жол жүру мен адамды өлтіруге дейін. Кең мағынада девиант – бұл ережеден ауытқыған немесе өз жолынан адасқан әрбір адам. Ауытқымалы мінез-құлықтың негізгі формасына құқықбұзушылықты, қылмыстылықты, маскүнемдікті, нашақорлықты, жезөкшелікті, өзіне-өзі қол жұмсаушылықты жатқызуға болады [5].
Енді осы біз қарастырып отырған мәселеміздің өзіне тоқтала кетейік.
Өзіне-өзі қол жұмсау Жер бетінде қаншалықты адам өмір сүріп келсе, соншалықты адам өміріндегі кездесетін өмірлік мәселе. Өзіне-өзі қол жұмсау зерттеушілердің мағлұматы бойынша антропологиялық құбылыс. Адамдармен мен жануарлардың өзін-өзі өлтіру құбылысын салыстырғанда, бұл әрекет ақыл-оймен ерекшеленеді. Жануарлардың өзін-өзі өлтіруінің адамдардан айырмашылығы олардың бейсаналық іс-әрекетке түсуі.
Адамның өз-өзіне қол жұмсауын жаңа өркениеттің элементі ретінде қарастыруға болады. Бәрімізге белгілі болғандай, ірі рулық таптар құрыла бастағанда, өзіне-өзі қол жұмсау прагматикалық әлеуметтік қызмет атқаратын болған және де ол біртұтас тайпалардың аман қалуына септігін тигізген болатын. Адамзат тарихындағы алғашқы белгілі өзіне-өзі қол жұмсау – ол алғашқы таптық құрылымда балалар мен қарттардың ашыршылық кезеңіндегі өлімдер. Тарих ағымына қарай адамдардың өз-өзіне қол жұмсаудағы әдіс-тәсілдері өзгеріп және де қиындай түсті. Адам өмірден өз еркімен қоштасуы жылдар өте көбейе түсуі бәрімізге белгілі.
Адамзаттың ұлы ойшылдары бұл мәселені жан-жақты қарастыра бастады. Жүздеген философтар, әлеуметтанушылар, психологтар, дәрігерлер өз-өзіне қол жұмсау мәселесін әр түрлі аспектіде қарастырады.
А. Камю өзінің атақты «Сизиф туралы аңыз» атты философиялық шығармасын мына кіріспе арқылы бастаған: «Жер бетінде жалғыз ғана нағыз өзекті философиялық мәселе бар және ол – өзіне-өзі қол жұмсау. Бұл өмірде өмір сүру немесе сүрмеуді шешу – бұл философияның фундаменталдық сұрағына жауап берумен тепе-тең. Қалғандары – әлем үщ өлшемді иеленеді ме, сана тоғыз немесе он екі категориямен өлшенеді ме деген сұрақтар екінші орында. Бұл өмірдегі ойынның алғы шарттары осындай: ең алдымен оған жауап беру қажет » [6, 24 б.]
Суицид адамның ойлау арқылы өзін-өзі өлімге алып келуі. Суицид барлық мәдениетте кездесетін іс-әрекеті.

Өзіне-өзі қол жұмсау – глобалды геополитикалық құбылыстарға қарағанда маңызсыз құбылыс болып есептелінеді? Ал шындығына келгенде ол қоғамда болып жатқан жағдайларға белгілі бір баға береді және сол қоғамның нағыз келбетін сипаттайтын құбылыс. Сонымен қатар, суицидтің зерттеу пәнінің кең және жан-жақты статистикалық мәліметтерінің бар болуы Батыс әлеуметтанушыларына нағыз табысты тапсырады. Осыған қарамастан, өзіне-өзі қол жұмсауды зерттеудің маңыздылығын да ұмытпаған жөн. Өйткені, өзіне-өзі қол жұмсау санының әлеуметтік өлшемі жалпы өлім өлшемінен тұрақты тұрақтылығымен және арта түсуімен сипатталады, сондықтан оны зерттеуде ең алғашқы орынды өзіне-өзі қол жүмсаудың жалпы көрсеткіштері – қоғамда болып жатқан тоқыраулардың жауабы ретінде қарастырылады. Қоғамда болып жатқан әрқилы жағдайларды әрбір адам өзінше қабылдайды. Мен бұл жұмысымда тек объективті фактілерге және олардың қазақ қоғамына қалай әсер еткендігін, әлеуметтанушылардың мәліметтер жинағы мен олардың анализдеріне сүйене отырып жүргіземін.
Ең алдымен, өзіне-өзі қол жұмсаудың анықтамасын беруіміз қажет.
Бұл термин «өзін-өзі өмірден айыру ниетімен істелінген іс-әрекет» дегенді білдіреді, ал ғылыми әдебиеттерде өзіне-өзі қол жұмсау саналық, ойланып жасалынған деген мағынада қолданылады. Олай болса, өлім өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтын немесе оларды басқара алмайтын адаммен жасалынған жағдайды субъектінің байқаусыз нәтижесін өзіне-өзі қол жұмсаған жағдайға емес, бақытсыз жағдай деп қарастырады. Осы өзін-өзі өлтіру құбылысының негізінде не жатыр?
А. Г. Амбрумова және көптеген зерттеушілер суицидті тұлғаның әлеуметтік-психологиялық дезадаптациясының феномені ретіндегі концепция деп қарастыруда. Адаптация түсінігінің негізінде тірі жүйелер мен сыртқы ортаға бейімделу жатыр, сонымен қатар адаптация – бұл процесс те, және сол процестің нәтижесі де. Онда дезадаптация ұғымы организмдер мен ортаның әртүрлі дәрежесі мен сапасының сай келмеуін көрсетеді. Толық сәйкестілік дамуға әсерін тигізсе, толық сәйкессіздік өмір ағымына қарама-қарсы екендігі бәрімізге мәлім. Осы екі полюсті арасындағы орынды алатын жүйелерге бірдей түрде адаптация және дезадаптация термині қолданылады; олардың біріншісі, компенсаторлы және бейімделу компоненттерін қосады, ал екіншісі, жүйені жетіспеушілік және тәртіп бұзушы жағынан сипаттайды.
Адаптация процесі кезінде тұлғаны әлеуметтік әрекеттестікке сананың жоғары формасы мен психикалық қызметі жанама түрдегі акцент қойылады. Адамның әлеуметтік-психикалық адаптациясының объективті критерийі ретінде оның жай және экстремалды жағдайдағы іс-әрекеті болып табылады.
Көптеген авторлар адаптацияның лимиттейтін және трансформациялайтын түрлерін ажыратады.
Экстремалды жағдайлар шарттарында әртүрлі тұлғалардың бейімделушілік тактикасы бірдей болмайды. Олардың жоғары тұрақтылығы иімділіктің, ырғақтылықтың жақсы деңгейде болуынан адаптацияның өз деңгейде сақталуына көмектеседі. Екінші бөлігі адаптацияның негізгі бағыттарының бұзылмай, оның сол деңгейінің уақытша төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдай кезінде дезадаптация тек сандық өлшемде сипатталады, ол лимиттелген және сапалық адаптация процесі кезінде шектерден шықпайды, яғни дезадаптация ауруларға алып келмейді, адаптацияның патологиялық формаларын туғызбайды.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Суицид - әлеуметтік қатер ретінде дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар психология жобалар дипломдық жұмыстар