Құқық | Мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының көлемін арттыру жолдары
Мазмұны
Кіріспе 9
1 Мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша мектеп оқушыларға «коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарын қалыптастыру ерекшеліктерін» түсіндіру
11
1.1 Мектеп оқушыларына «коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының экономикалық мәні мен маңызын» түсіндіру 11
1.2 Мектеп оқушыларына «коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының құрылу көздерін» үйрету 20
1.3 Мектеп оқушыларына «сырттан тартылған депозиттік және депозиттік емес операцияларды ұйымдастырун» үйрету 28
2 Мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша мектеп оқушыларға «Нұр Банк» АҚ-ның сырттан тартылған ресурстрарының көлемін талдатуды үйрету 35
2.1 Мектеп оқушыларына «Нұр Банк» АҚ-ның даму тарихы және оның атқаратын қызметтері мен таныстыру 35
2.2 Мектеп оқушыларына коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының көлемін талдатуды» үйрету 42
2.3 Мектеп оқушыларына “Нұр Банк”АҚ-ның балансын құрылымдық талдатуды үйрету 46
2.4 Мектеп оқушыларына банктің кірісі мен шығынының қозғалысын талдатуды үйрету 50
2.5 Мектеп оқушыларына «Нұр Банк» АҚ-ның сырттан тартылған ресурстарының көлемін талдатуды үйрету 53
2.6 Мектеп оқушыларына «Нұр Банк» АҚ-ның несие ресурстарының құрамы мен құылымын талдалдатуды үйрету 60
2.7 Мектеп оқушыларына «Нұрбанк» АҚ-ның өтімділік көрсеткіштерін және сенімділігін талдалдатуды үйрету 64
3 Мектеп оқушыларына коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстрарының тиімділігін арттыру бағыттарын үйрету 70
3.1 Мектеп оқушыларына шетел тәжірибелеріндегі сырттан тартылған ресурстарды тарту мәселелерін жетілдіру жолдарын үйрету 70
3.2 Мектеп оқушыларына коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының тиімділігін арттыру жолдары 76
Қорытынды 80
Қолданылған әдебиеттер тізімі 83
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі – сырттан тартып алынған ресурстар активті операциялардың «ғимараты» турған фундаменті ретінде қызмет етеді және оның тұрақтылығын банктердің барлық құрылымы тәуелді. Сондықтан тартылған ресурстар қалыптастыру мақсаты әлемдегі кез-келген мемлекеттерддегі коммерциялық банктер үшін өзінің актуалдылығын жоғалтпау және тапсырылмаған критерилерге жауап беру (құндылық, жеңілдік, тұрақтылық және т.б). Екінші деңгейлі банк жүйесін алдын-ала функциялауда коммерциялық банктердің ресурстарның қайнар көздері болып тартып алынған қаражаттар табылады. Егер де олар банк ресурстарының жалпы көлеміне 80-90%-ін құрса. Қазіргі экономикалық жекешелендіру жағдайда банкке қажетті тартып алынған ресурстарды қалыптастыруда оның қызметінің негізгі проблемасы болып табылады.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субьектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әртүрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктер банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
Банк ресурстары - бұл банктің пассивті операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлар кіреді.Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық Банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы - материалды құндылықтар жатады.
Банктер ақша ресурстарын тартуда әр-түрлі әдістерді қолданады және олардың негізгісі болып мыналар табылады:
- Салымдарға, депозиттерге клиенттердің қаражаттарын тарту (заңды және жеке тұлғалардан);
- Жеке қарыз міндеттемелерін шығару;
- Есептік, ағымды және бюджеттік шоттарды ашу және енгізу, олардың иеленушілердің мекен – жайына түсетін сомаларды аудару.
Коммерциялық банктердің барлық тартып алған қаражаттарын 70%-ке дейін депозиттік операциялар бөлігіне кіреді.
Тартып алынған қаражаттарды және өздерінің қаражаттарын қалыптастыруы бойынша, банктердің саясаттын анықтай отырып, коммерциялық банктер соңғы рационалды құрылымға қол жеткізуі керек. Депозиттік ресурстар банктердің активті операцияларын соммасы және уақыт бойынша сәйкес келуі керек. Банктердің ликвидивтілігін жоғарылату үшін, салымдардың көлемін және санын өсіру мақсатында депозиттік операцияларының түрлерін кеңейту керек.
Ақша нарығында коммерциялық банктердің арасындағы бәсекелестік күрес қосымша ақша ресурстарын тартуда банктердің депозит түрлерін, пайыздық ставкаларды қолдануды, қызмет және жеңілдік түрлерін, салымшылар арқылы көрсетілген қызмет және жеңілдіктерді және жаңа ресурстарды тарту, әдістерін мәжбүр етеді. Банктер өзінің ресурстарын жоғарылату үшін қаражаттарды тарту альтернативті әдісі болып өздері шығаратын жеке қарыз міндеттемелер табылады. Оларға жататындар: банктердің сертификаттары, облигациялары. Бұл жұмыстың теориялық және тәжірибелік негізі болып мыналар табылады:
Қазіргі проблемалар бойынша экономистердің зерттеу құжаттары (біздің мемлекетте және шетелде), Қазақстанның коммерциялық банктері және Батыс мемлекеттердің банктерінің жұмысын талдау процесінде алынған құжаттарын талдау процесінде алынған құжаттар, мерзімдік басылымдардан алынған мәліметтер және статистикалық құжаттар.
Дипломдық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайында банк ресурстарын қалыптасу мүмкіншіліктерін қарастыру, ал атқаратын міндеттерім:
- Коммерциялық банктердің қаржы ресурстарының құрылымының экономикалық мәні мен маңызы;
- Коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының құрылу көздері;
- Сырттан тартылған депозиттік және депозиттік емес операцияларды ұйымдастыру.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі. «Нұр Банк» АҚ болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, негізгі үш бөлім және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде инвестициялық портфелінің теориялық негізін қарастырамын.Ал, екінші бөлімде «Kaspi bank» АҚ - ның 2010 - 2011 жылдардағы қаржы қызметіне талдау жүргіземін. Банк балансының актив және пассив бөлімдерінің құрамы мен құрылымына, банктің қаржы нәтижелерін қарастырамын. Сондай-ақ банктің инвестициялық қызметіне қажетті коэффициенттер есептеймін. Үшінші бөлімге келер болсақ, банктің инвестициялық портфелін жетілдіру жолдарын қарастырамын.
Дипломдық жұмыстың нормативтік-ақпараттық базасы. Диплом жұмысының негізгі ақпараттық базасын, экономикалық оқулықтар, оқу құралдары, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Бағалы қағаздар портфелін басқару заңы, «Нұр Банк» АҚ мәліметтері қолданылды.
Дипломдық жұмысым – бет, кесте, сызба, диаграмма және қосымшалардан тұрады.

1.1 Мектеп оқушыларына «коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының экономикалық мәні мен маңызын» түсіндіру
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған. Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие мекемесі./29/
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады:
Біріншіден, жарғылық капиталды иелену және оны қалыптастыру жөнінен; Банктер акционерлік қоғам немесе шетел капиталының, шетел банктерінің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі қоғамдар болып құрылуы мүмкін.
Екіншіден, жүргізетін операциялары жөнінен. Коммерциялық банктер әмбебап және маманданған болып бөлінеді.
Үшіншіден, іс-әрекеті тарайтын жер көлемі жөнінен - банктер федералдық (одақтық), республикалық және аймақтық болып бөлінеді.
Төртіншіден, экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсету жөнінен - салалық және салааралық болып бөлінеді.
Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей қазіргі коммерциялық банктер өз қызметінде осы аталған өзгешеліктердің аралас варианттарын қолдануда.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы" Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады;
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық тәуекелін өз мойнына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер;
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг);
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтын ақшалай салымдарын қарау, ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай кұруға болады:/30/
- уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердін басым көпшілігі акциорнерлік қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары баскару органы акционерлердің жылдык жиналысы. Кезектегі және кезексіз жиналыс өткізілуі мүмкін. Кезексіз жиналыс банктің құрылтайшыларынын, кеңесінің талаптары бойынша өткізіледі. Жылдық жиналыста ірі акционерлерден түратын топтар кұрылып. олар банктін жұмысын кадағалайды. Жылдық жиналыста банктің есебі бекітіліп, оның директорлар кеңесі сайланады. Директорлар кеңесі жыл бойы банктің жұмысын күнделікті басқарады. Ол бірнеше кеңесші комитеттерден құрылып, нақты іс-әрекеттер бойынша қорытынды және ұсыныстар береді.
Уақытша бос ақша қаражатын шоғырландырып, оны капиталға айналдыру - банктердің ежелден атқаратын қызметтерінің бірі. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшасын банке тарту, бір жағынан, олардың иесіне процент түрінде табыс түсірсе, ал екінші жағынан банктің несие операцияларын жүргізуіне негіз қалайды. Шоғырланған жинак ақша әр түрлі экономикалық және әлеуметтік қажеттіктерге жұмсалуы мүмкін. Тек банктің делдалдық етуімен ақша қаражаты жинакталып, кейің ол капиталға айналады.
Коммерциялык банктердің атқаратын келесі кызметі - несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жәйттер: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі. Сондай-ақ қарыздардың төлем қабілетсіздік қаупі капитал иесі мен оны қарызға алушының арасында тікелей несиелік байланыс болуын қиындатады. Капитал иесі қарыздардың қаржылық жағдайы туралы хабардар болмауы да мүмкін. Коммерциялық банктер карыз беруші мен қарыз алушының арасындағы қаржылық делдал ретінде осы кедергілерді жояды. Банктік несие экономиканың әр түрлі секторларына беріліп, өндірістің кеңеюін қамтамасыз етеді.
Ұйымдасқан және жұмысы қалыптасқан есеп айырысу жүйесінсіз тұрақты экономика болуы мүмкін емес. Сондықтан есеп және төлем жұмыстарын жүргізуде банктердін ролі зор. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың негізгі бөлігі қолма-қол ақшасыз жүреді, Банктер делдал ретінде клиенттердің тапсырысы бойынша шотқа ақша қабылдап, ақшаның түсуін және берілуін есептейді.
Коммерциялық банктердің ерекше қызметі төлем құралдарын шығару арқылы айналымдағы ақшаны көбейту немесе артығын жою, яғни ақша массасын көбейту немесе азайту. Төлем құралдарын шығару олардың депозиттік және несиелік қызметтеріне тікелей байланысты. Депозит екі түрлі жолмен: клиенттің банкке ақша салуы арқылы немссе қарыздарға банктің несие беруі арқылы жүргізіледі. Бұл операциялар айналымдағы ақша массасының көлеміне әр түрлі әсер етеді.
Коммерциялық банктердің депозиттерді (сонымен бірге ақша массасын) ұлғайту немесе кеміту мүмкіндігін орталық банктер міндетті резервтер жүйесі арқылы несие динамикасын басқаруда кеңінен пайдаланады. Банктердің резервтерін қысқартып, қорытындысында орталық банк депозиттердің қысқару реакциясын тудырса, ал резервтерді ұлғайту депозиттердің өсуін ынталандырады. Бірақ экономикаға айналымдағы шамадан тыс ақша емес, оның үйлесімді шамасы қажет. Сондықтан коммерциялық банктер орталық банк бекіткен шама шектеуімен (міндетті резервтср шегінде) әрекет етеді./29/
Коммерциялық банктер акция және облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарып және орналастырып эмиссиялық-кұрылтайшылық қызмет атқарады. Банктердің жинақтарды өндірістік мақсатқа жұмсайтын мүмкіндігі бар. Сөйтіп бағалы қағаздар нарығы несие жүйесін толықтырып, әрі онымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ұзак мерзімді инвестиция тарту мақсатында кәсіпорындар акция және облигациялар шығарады. Бұл жағдайда кәсіпорындардың тапсырысы бойынша банктер бағалы қағаздардың көлемін, шығару жағдайы мен эмиссия мерзімін анықтауды, олардың типін таңдауды, сондай-ақ оларды орналастыру және екінші рет айналысқа түсіру міндетін өзіне алады. Шығарылған бағалы қағаздарды сатып алуға кепілдік береді. Ол үшін бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуды-сатуды ұйымдастырады немесе сатып алушыларға қарыз береді.
Сол сияқты банктер мемлекеттік облигацияларды белсенді түрде сатып алады және оларға жазылу операцияларын жүргізеді. Мемлекеттік облигацияларды қайта сатуда делдал ретінде екінші нарық ұйымдастырады. Бұл нарықтағы операцияларды сату курсы мен сатып алу курсының айырмасынан түсетін аса көп пайданы өзінс алып, оларды аса ірі банктер тобы монополды түрде жүргізеді.
Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар ессбінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялык банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.
«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жоспарлы экономиканы әкімшіл және әміршіл басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалды. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда жалпы мемлекеттік қарыз қоры деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресуртары болып саналады. Несиелік қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Сол кезеңдер де банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға:
- жарғылық,
- резервтік,
- негізгі құралдар,
- мортизациялық,
- банк ісін дамыту қорлар,
ал тартылған қаражаттарға:
- мемлекеттік бюджет қаражаты,
- кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары
- халықтың ақшалай жинақтары жатты.
Осындай жағдайларда банк ресурстары нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең, бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді.
Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретіңде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстың құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық (орталық) банкіміз «банктердің банкі» болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.
Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады./30/
Банк ресурстары — бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.
Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
1. Банктің меншікті капиталы.
2. Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандыңтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активтік шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғүрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы — банктін қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатына және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялың банктердің, меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- қосымша капиталдар;
- банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
- бөлінбеген банк пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
- акционерлік банк формасында;
- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында.
Пай қосу арқылы құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта мөлшері анықталған пайшыларының жарнасынан құралып, олар қосқан жарналары көлемінде жауапты болып саналады. Мұндай банктердің жарғылық капиталын ұлғайту, тек қана пай қосушылардың қосымша қосқан жарналары және пай қосушылардың санының өсуі есебінен жүзеге асырылады. Алайда, акционерлік банктер өздерінің жарғылық капиталын ұлғайту үшін қосымша акцияларын эмиссиялайды, сол сияқты бұрынғы шығарылған акцияларының бағасын өсіреді.
Меншікті капиталдың құрамдас бөлігі — акционерлік капитал. Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар — акционерлер қосқан жарналардан құралады. Акционерлік банктің акциясы — банктің жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын, дивиденд алуға және банкті басқару ісіне араласуға құқық беретін бағалы қағаз.
Акционерлік капиталдың құрылымы әр банктерде әр түрлі келеді. Акционерлік капитал мынадай түрлерге бөлінеді:
а) меншікті акционерлік капитал, яғни бұл жай және артықшылығы бар акцияларды сатудан түскен қаражаттардан, үнемделген капитал және бөлінбеген пайдадан тұрады;
ә) банктік резервтер, яғни алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивидендтер төлеуге, қайтарылмаған қарыздың орнын жабуға арналады;
б) банктің ұзақ мерзімді міндеттемесі (ұзақ мерзімді вексельдері, облигациялары).
Ашық типтегі банктің акциясы қолдан-қолға басқа да акционерлердің келісімінсіз өтеді. Жабық типтегі банктің акциясы қатаң түрде белгіленген тізім бойынша немесе құрылтайшылардың арасында бөлінеді.
Банктің жай акциясын иеленушілер, банктің таза табысынан дивиденд алып отыруға, оның жойылуы барысында тиісті мүлкіне ие болуға және акционерлердің жиналысына қатысып дауыс беруге құқылы.
Банктің артықшылығы бар акцияларын иеленушілер тұрақты пайыз түрінде табыс алып отыруға, бірінші кезекте банктің жаңа акцияларын сатып алуға және оның жойылуы барысында бірінші болып өзіне тиісті мүлкін алуға құқылы.
Сонымен қатар, банктер қаражат тарту мақсатында облигацияларды шығарады.
Жалпы, банктің акционерлік капиталының құралуы мынадай кезеңдерден тұрады:
1) бағалы қағаздардың проспект эмиссиясын дайындау және оны сараптамадан өткізу;
2) бағалы қағаздарды эмиссиялауды тіркеу;
3) банк-эмитенттің бағалы қағаздарын тіркеу;
4) шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздардың нәтижелерін тіркеу.
Акционерлік банктер акциялары мынадай жағдайларда шығарылады:
— банкті акционерлік формада құру;
— банктің жарғылық қорын ұлғайту үшін қосымша акциялар шығару.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады. Резервтік қор — банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған қаражат қоры.
Қосымша капиталдар — негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар.
Арнайы қорлар — негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры, яғни ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда — акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді.
Банктің меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады:/17/
— банк пайдасы;
— акциялар шығару;
— құрылтайшылар және пай қосушылар санын арттыру;
— облигациялар шығару жатады.
Банктік капитал банктің дербестігін қамтамасыз ете отырып, оның қаржылық тұрақтылығына кепіл болады және банктің басынан кешетін әр алуан тәуекелдердің зардаптарын ретке келтіретін басты көз болып табылады. Осы мақсатта банктің меншікті капиталы мынадай қызметтер атқарады:
— қорғаныс қызметі;
— шұғыл қызмет;
— реттегіштік қызметі;
— айналым қызметі;
— резервтік к,ызметі.
Банктің меншікті капиталының қорғаныс қызметі оның капиталының шамасының банктің төлем қабілетіне және тұрақтылығына тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады. Банк банкротқа ұшырай қалған жағдайда, оның акционерлерінен басқа ешкім зиян шекпейді.
Банк капиталының қорғаныс қызметі — банктің салым иелеріне жәрдем ақы төлеу мүмкіндігін ғана емес, сол сияқты ағымдағы табыс болмаған жағдайда зияндарды жабуға қызмет етуін сипаттайды. Сондықтан да, оның азаюы банктің банкротқа ұшырауына жол береді. Қорғаныс қызметі — меншікті капиталдың ең басты қызметін білдіреді.
Банк капиталының шұғыл қызметі қорғаныс қызметіне қарағанда екінші дәрежелік маңызға ие болып табылады. Оперативтік қызметі жер, ғимарат, құрал-жабдықтар алуға қажетті меншікті қаражаттарды жұмылдыруды, сондай-ақ көзге көрінбейтін зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды. Бұл қаржы ресурстар көздері әсіресе, банктік кызметтің басталуы үшін маңызды. Кейіннен бұл қаражаттардың бір бөлігі ұзақ мерзімді активтерге және әр түрлі резервтерді құрауға жұмсалынады.
Қаржы және салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз етуден басқа банктердің меншікті капиталы реттегіш қызметті атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына бақылауды жасауға мүмкіндік жасайтын заңдар және ережелерге тікелей байланысты. Банк капиталының керсеткіштерінің көмегімен мемлекеттік ұйымдар банктер қызметтеріне баға беріп, оны бақылауды жүзеге асырады.
Банктің меншікті капиталына қатысты ережелер, оның ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, активтерге байланысты шектелуін және басқа банктен активтер сатып алу шартын қамтиды. Қазақстан Ұлттың банкі бекіткен пруденциялың нормативтерде банктің меншікті капитал көлемі беріледі. Сонымен қатар, реттегіштік қызметке несиелік және инвестициялық операцияларға байланысты шектеу мақсатында капиталды пайдаланады.
Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкроттыққа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты коммерциялық қызмет көрсету болып табылады. Мұндай қызметтер тәуекелмен байланысты болатындықтан, банк капиталының мұндағы қызметі тәуекел дәрежесін есепке алатын активтік айналымды авансылаумен сипатталады. Сондықтан да, бұл қызметті меншікті капиталдың айналым қызметі деп атайды. Бұл қызметті атқара отырып, өзінің айналым капиталын кассалық ақшалар, несиелік, факторингтік және лизингтік операцияларға, бағалы қағаздар сатып алуға, басқа да ғимарат, құрылғыларға және басқа да негізгі қорларға жұмсай отырып, банктер өз несие берушілерін зияндардан қорғайды.
Резервтік қызметі. Тәуекелдер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пассивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивтік операциялардан туындайтын тәуекелдерді болғызбау үшін банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.
Банктердің ресурстарының тапшылығына байланысты міндетті түрде құрайтың резервтер сияұты, активтік операциялардан болатын тәуекелдердің орнын толтыру үшін арнайы резерв құруға мәжбүр болады. Мұндай зияндар банк капиталының айналым қызметіне жатпайтындықтан, оларды басқа қызметі — резервтік қызмет арқылы ғана қолдап отырады.
Банктің капиталының резервтік қызметі тәуекел активтердің болуына байланыссыз, банк капиталының тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
1.2 Мектеп оқушыларына «коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының құрылу көздерін» үйрету
Банктер өзінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
- банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
- басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер (зайымдар);
- салымдық (депозиттік) операциялар.
Салымдық операциялар — бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының көлемін арттыру жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Құқық дипломдық жұмыстар, Мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының көлемін арттыру жолдары