Бағалай білейік Жеңісті!

Біздің жүрегіміз темір емес.
Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады.
Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол - Отанға деген сүйіспеншілік
Бауыржан Момышұлы
Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңісімізге 71 жыл толып отыр. Арада көп уақыт өткенмен, соғысқа қатысқан ата-бабаларымыз есімізден кеткен емес. Оларды үйлерінен айырып соғысқа алып кеткенде, қаншама жас төгілді. Жүрегінде “елім, жерім” деген ұраны бар миллиондаған адамдар сол соғыста көз жұмды. Олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Ата-бабаларымыз елі мен жері үшін, елінің азаттығы үшін өмірлерін сарп еткен. Жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атының туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, дұшпанның туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Ұлы Жеңіс күні туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне оралмай қалған қаһарман ерлерді барлығымыз еске аламыз.....
Шығармалар
Толық

Мәңгілік алау әрдайым!

Жау кеп қалды қаңға ділгір
Жапан түзде жортқан аңдай!
Кернеп кетті салдыр – күлдір
Кәрі дүние қақты таңдай.
Д.Әбілев
Адамзат тарихында болған барлық шайқастардан асып түсетін шайқастың аяқталғанына биыл жетпіс бір жыл болып қалды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ, Кеңес жауынгерлерінің қатарын біздің ұлан – байтақ елімізде тұратын ұлттар құрап, Отанымызды қорғауға бар күштерін салды. Сондықтан бұл соғыс – Ұлы Отан соғысы деп аталды. Отанын қорғаймын деп шайқастардан оралмаған, сондай-ақ өз аналарын, балаларын, қарттарын көре алмай соғыс алаңында қалғандардың саны шексіз:
Текке өлмедік, жерге тек көмілмедік,
Қып-қызыл қан бекерге төгілмеді,
Біз де өлтірдік қырқысқан жауымызды.....
Шығармалар
Толық

Жер бетінде бұзылмасын тыныштық!

Отаным, еркелегем өзге кімге,
Өзіңмен нені болсын көргем бірге...
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген күнде?
Ғ.Орманов.
«Отан отбасынан басталады» деген сөзде терең мағына жатыр. Себебі Отан мен ана деген егіз ұғым - адам өміріндегі ең басты қасиетті сөздер. Өз Отанына қызмет еткен, топырағынан қуат алып, асқақ армандарына құлаш созған ата-бабаларымыз дархан даланы келешек ұрпаққа мұра қылып қалдырған.Алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю- әр қазақтың міндеті және азаматтық борышы. Өйткені Отан деген тек өскен жерің ғана емес, ол-күнделікті отбасы, ошақ қасың, ауасын жұтып, суын ішіп, байлығын игілігіне жаратып, отырған кең-байтақ жерің, құрбықұрдастарың, ата-анаң, өмір сүріп жатқан туған елің. Қойнауы қазынаға, өрісі малға толы ырысты атамекенді қорғау, амандығын тілеу, ел болашағына жауаппен қарау, әрбір елім деген азаматтың перзенттік борышы.
Әр адам баласына туған күнінен жақын ең қымбат жан ана болса, есейген сайын «Отан, туған жер» деген ұғымдардың мәніне терең бойлап, үңіле бастайсың. Оны түсінген сайын, Отанның маңыздылығын сезінеді екенсің. Отанға деген ыстық сезімді өмір бойы адамдар жүрегінің бір түкпірінде сақтап жүреді.....
Шығармалар
Толық

Атамның әңгімесі

Осыдан 75 жыл бұрын таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Әр адам соғыс деген не екенін өз әжесінен,атасынан,ата-анасынан,туғантуысқанынан,жақындарынан біледі.Соғыс...Қанша зорлық,қайғы,мұң,ащы сезімді және жалғыздықты бұл кішкентай ,бірақ өте елеулі сөз білдіреді.Ұлы Отан Соғысы кезіндегі адамдар көз алдында мыңдаған адамдар жойылып,көптеген отбасылар үрім бұтағымен қырылғанды өз көзімен көріп,басынан кешкен болатын. Әр шаңырақ өз ағайындарын,әкелерін,балаларын жоғалтқан. Ұлы Отан Соғысы 1941 жылдан бастап 1945 жылға дейін созылды. Ресми статистика бойынша 26,6 миллион адам көз жұмған,олардың ішінде 8,7 миллионы майданда болған әскери қызметшілер. Бұл соғыста өте көп адам батыр болып өмірін қиды,соғыста айырылған адамдардың саны тіпті қазіргі уақытта болса тым үлкен және бұл жайында адамдарға әңгімелесу қиынға түседі. Неге десеңіз,себебі осы қырқысты бастаған адамзаттың өзі . Сол қатал соғыста менің арғы атам болған еді.Есімі-Тұқманов Жанғазы. Ол 1896 жылы Алакөл(Екішоқ) ауылында дүниеге келді.Атам,сол уақытқа сәйкес сауаттылыққа үйде үйренген. Қазақ, араб және орыс тілінде еркін сөйледі. Молланың баласы болған,әкесі өте діншіл,қажылыққа барып келген адам еді.1930 жылдары ашаршылық пен репрессия кезінде Ресей еліне Новосибирск облысына көшіп кетті.....
Шығармалар
Толық

Толарсақтан саз кешкен жылдар

Не адамзат соғысты құртады, не соғыс адамзатты құртады.
Джон Кеннеди
Соғыс. Сонау бір қанды құйлы заман. Толарсақтан саз кешкен, етігімен қан кешкен кезеңде кеңестік дәуірде өмір сүрген еліміздің әрбір азаматы бастарын өлімге тікті. Әлемнің тең жарты бөлігін алып жатқан қызыл империяны қорғады. Өзге ұлттар секілді қолындағысын майданға жөнелтті, «жаным арымның садағасы» ұғымын берік ұстанды. Республикада танк және ұшақ жасауға ақша жинау қозғалысы жүрді. 1941 жылдың күзінде Бүкілодақтық лениндік коммунистік жастар одағы (ВЛКСМ) атындағы танк дивизиясын құруға қаржы жинала бастады да, бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде армия қазақстандық комсомолдардан 45 жаңа танк алды.
Кейінірек халық қаражатына тағы 10 танк колоннасы, бірнеше авиациялық эскадрилия, торпедо катерлер мен атаулы ұшақтар жасалды. Соның нақты дәлелі - қазақ халқының біртуар ұлы, ұлт атын әлемге көтерген Қажымұқан Мұңайтпасовтың қартайған шағында ел арасында өнер көрсетіп, тапқан қаражатына ұшақ жасап майданға жіберуі. Жалпы соғыс жылдары Қазақстан халқы жауынгерлік техникалар жасауға 480,3 миллион рубль жинап берді. Соғыс жылдарында Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз 30,8 миллион пұт астық, 14,4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15,8 миллион пұт ет, 3 194 мың центнер сүт, 17,6 мың центнер жүн берді.....
Шығармалар
Толық

Болашақ ұрпақтың баянды ертеңі үшін

Ерте ғасырларда жужандар мемлекетінің елшілер ғұндарды Мөңке қаған билеп тұрған сәтте қонаққа келіп, басынсыған түрмен, қағанның астындағы атын сұрапты. Бұған би-сұлтандар дау-дамай көтергенімен, қаған көніпті, келесі де сұлу жарын сұрапты, бұл бұйымтайларына да көніпті. Ендігі де елінде бос жатқан жерді сұрағанда, би-сұлтандар керек емес жерді берейік деп ұйғарғанда, Мөңке қаған атылып тұрып, «Ата-бабам жанын салып қорғаған, халқым мен оның ұрпағы мекендейтін ата-қоныс ешнәрсеге тең келмейді. Олардың жерімді сұрағаны қай сасқаны» деген ашумен, бірнеше күнде сол мемлекетті жаулап алған көрінеді. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс — жер қымбат, ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат,- дейді дана халқымыз. Әйтсе де өзгенің жеріне ортақтасып, билік жүргізуге құмартқандар тарихымызда көптеп кездеседі. Ежелгі Македонияның патшасы Ескендір Зұлқарнайын да осындай нысананы көздей отыра, әлемге бастаған жорығы сәтсіз болып, көптеген шығынға ұшыраған болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс отының тұтануына себепкер болған тағы да Наполеонның әлемді билегісі келген арманы талай адамның қаны мен терін төкті. Мұндай дүниеқоңыздық талай мәселенің түйткіліне айналмақ. Жерге деген ашкөздік көптің сағын сындырып, қара халықтың басына талай нәубетті тарттырады......
Шығармалар
Толық

Атамды мақтан етемін

Иә, мен өз атамды мақтан етемін. Жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында менің атамның құрметіне арналған оқушылар арасында шығармалар жарысы өткізіліп жатыр. Өзім қатарлы өзге балалар атам жайлы өз ойларын жазып жатқанда менің де жазғаным дұрыс болар. Менің атам-Дүйсенбиев Уәли 1924 жылы 1 қаңтарда Қармақшы ауданының Қызылсая колхозында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген. Жас кезін есіне алғанда, жоқшылықты көп көріп өскендігін айтады.Ұлы Отан соғысы басталған кезде атам небәрі 17 жаста болған екен. Екі жылдан соң , 1943 жылы Қармақшы аудандық әскери комиссариаты арқылы әскерге алынып, 94-атқыштар дивизиясы құрамында Қиыр Шығыста болыпты. Бір отбасынан соғысқа аттанған Жәли, Әли, Уәли атты үш жігіттің екеуі соғыстан оралмаған. Соғыстан аман қайтқаны атам ғана болады. Бауырларын үнемі айтып , көзіне жас алып отырады. Атамның айтуынша, соғысқа аттанарда әжесі кішкене бойтұмарға туған жердің топырағын салып ,мойнына тағып беріпті. Қайда жүрсе де бойынан тастамапты. Алыста жүріп туған жерді, туған елді, туған-туысқанды сағынғанда , киелі туған жердің кішкене топырағы көңіліне демеу болыпты. 1945 жылы жапон самурайларына қарсы соғысқа қатысыпты. Елден соғысқа бірге аттанған жолдасы Ізбасов Жолаушы екеуі бірге жүріп, бірге соғыстан оралыпты.
Соғыстан оралмай қалғандары қаншама.....
Шығармалар
Толық

Ерліктің ғажап үлгісі

Есімің белгісіз болса да,ерлігің сенің мәңгілік С.Михалковтың Мәскеудегі белгісіз батырларға арналған ескерткіштегі жазуы
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 71 жыл өтті. Бұл- сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп,ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күнінде елі мен жері үшін жанын пида еткен, туғантуысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Ұлы Отан соғысы халқымыздың басына төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін қан құйлы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті. Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірдебір үлкен шайқас болмады. Қазақ ел басына күн туғанда жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді.....
Шығармалар
Толық

Есімі батырлардың ел есінде

Ұлы Жеңіске- 75 жыл Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың , аға буын өкілдерінің, бізідң әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасіретті соғыс болса,Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.Осыдан 71 жыл бұрын дүние жүзі тарихындағы ең сұрапыл да қырғынды соғыс аяқталды. 1941 жыл 22 маусым-тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн.Дәл осы күні фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.Дәл осы күні «Ұлы Отан Соғысы» басталды.Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар елін жаудан қорғау үшн қолына қару алып,қан майданға аттанды.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен шекарашылар болды. Брест гарнизонында 1941 жылы үш мыңдай жерлестеріміз қызмет еткен екен.Шілде айында олардың көпшілігі елге қайта оралуы керек еді,бірақ жау шабуылы олардың жоспарларын күл-талқан етті.Соғыс кенет басталды.Соғыс өрті де ішке қарай тез енді.Бірақ соған қарамастан Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап жұдырықтай жұмылды.Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да айтарлықтай үлкен үлес қосты.1941-1945 жылдары әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам адам майданға жолданды. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды....
Шығармалар
Толық

Күтумен өткен өмір

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына шығарма жазу туралы ұстазым тапсырма берді . Көп ойландым. Кенет, нағашы атамның үйіндегі сурет есіме түсті... Нағашы атамның үйінде төрде екі сурет тұр. Анасы мен баласы... Олар кездескен - ау...
Күлімсіреп тұр... Атам болса, ағасы әскерге кеткенде 4-5 жастағы кішкене сәби екен.Ағасы кетерінде көтеріп алып, бетінен сүйіп тұрып «Әке - шешемізді сен бағасың» деген екен даусы толқығандай дірілдеп шығып..
Ағасы хатты өлеңдетіп жазады екен.Барлық хатында да ата - анасын кішкентай ғана інісіне тапсырып,үлкен адамға айтқандай ақыл айтумен болыпты.Сірә, оралмайтынын сезген шығар.... Атам хаттарды әлі сақтап жүр. «Анамның аманаты ғой»,- дейді. Анасы барлығын да жаттап алған екен, сонда да ақжемі шығып,қиылып кеткен хаттарды қайта - қайта оқыта береді екен.Тұңғышына деген сағынышын солай басқан шығар... Суретте жап - жас жігіт күлімсіреп тұр.Мен ол кісі туралы бұрын да естуші едім.
Ал енді, ұлы әжемнің сағынышы маған ауысқан сияқты.Ойымнан шықпай қойды. Ауылда есіл ерлерге арналған монумент - ескерткіш бар.Онда Рай көкенің де есімі қашалып жазылған.Бірақ ұлы әжеміз «Үкімет те қателеседі ғой, менің жүрегім сезеді. Балам тірі.. Бір күні келеді....
Шығармалар
Толық