Есімі батырлардың ел есінде
Тастаева Ақсымбат
8-сынып, №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Шиелі кенті
Жетекшісі: Бимұратова Н.Қ.

Ұлы Жеңіске- 75 жыл Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың , аға буын өкілдерінің, бізідң әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасіретті соғыс болса,Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.Осыдан 71 жыл бұрын дүние жүзі тарихындағы ең сұрапыл да қырғынды соғыс аяқталды. 1941 жыл 22 маусым-тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн.Дәл осы күні фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады.Дәл осы күні «Ұлы Отан Соғысы» басталды.Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар елін жаудан қорғау үшн қолына қару алып,қан майданға аттанды.
Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен шекарашылар болды. Брест гарнизонында 1941 жылы үш мыңдай жерлестеріміз қызмет еткен екен.Шілде айында олардың көпшілігі елге қайта оралуы керек еді,бірақ жау шабуылы олардың жоспарларын күл-талқан етті.Соғыс кенет басталды.Соғыс өрті де ішке қарай тез енді.Бірақ соған қарамастан Қазақстан соғыстың алғашқы күнінен бастап жұдырықтай жұмылды.Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да айтарлықтай үлкен үлес қосты.1941-1945 жылдары әскери оқу орындарынан 42 мыңнан астам адам майданға жолданды. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды.
Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен қазақ жігіті-Рахымжан Қошқарбаев.Партизандардың қатарында шайқасқандардың бірі- Қасым Қайсенов.Сонымен қатар Кеңес Одағы батырларының қатарында қазақтың екі қызы-мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова болды. Қазақстандық әр отбасы соғыс ауыртпалығын өз басынан өткерді.Егер соғыс алдында Қазақстанда 6 млн 200 мың адам тұрса, соғыс жылдары майданға бүкіл халықтың төрттен бірі аттанды.Бұл 1 млн 700 мың қазақстандық.Олардың жартысынан астамы соғыстан оралмады. Экономиканы соғыс жағдайына көшіруде және майдан тапсырмаларын орындаудағы табыстарға ерен күш-жігер мен жанқиярлық еңбектің арқасында қол жетті. Алайда таңдаулы ұлдары майданға аттанған республикада жұмыс қолы жетіспеді. Сол кезде олардың аналары мен қарындастары станоктарға тұрып, тракторларға отырды.Осы тұстаа мен өз ауданымның тыл ардагерлері тракторшы қыздары Ш.Қазанбаева мен Ұ.Алтайбаеваны айтып өткім келеді. Соғыстың басталуына байланысты Қазақстаннның экономикасында көптеген өзгерістер болды.Себебі,соғыс майдан даласында ғана емес,басқада аймақтарды қамтыды.Қазақстан жері жау қолына өтпеу үшін кәсіпорындар көшіріле бастады. Аз уақытта Қазақстанға 142 кәсіпорын орналастырылды, елге 532506 адам көшірілді.Кәсіпорындармен қатар Қазақстанға жұмысшылар да көшірілді. Соғыстың алғашқы жылында Қазақстанда 25 кен орны мен шахта,11 кен байыту фабрикалары,19 жаңа көмір шахтасы,4 жаңа мұнай кеніші іске қосылды.Қазақстан Кеңес Одағының негізгі әскериөнеркәсіп базасына айналды. Соғыс кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығының жағдайы төмендеді.1942 жылы еңбеккерлердің саны 600 мың адамға кеміді.Ауыл шаруашылығында әйелдер еңбек үлесі артты. Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен жұмысшылар ерлігі аңызға айналды.
Соғыс жылдарында Ы. Жақаев, Ш. Берсиев, Б. Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге әйгілі болды. Қазақстандық жауынгерлер Украинаны, Белоруссияны, Балтық бойын, Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің құрамында Шығыс Европа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуіне ат салысты. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болды. Қатал соғыс жағдайында жұмысшы табының колхозшы шаруалардың, зиялылардың еңбек және шығармашылық белсенділігі артты. Соғыстың үшінші күнінде Алматы ет комбинатының ұжымы майдандық вахтаға тұрды. Павлодар, Манкент жұмысшылары демалыс күнгі еңбек ақыларын қорғаныс қорына аударды. Семейдегі «Ретивый» кенішінің ұжымы әрбір айдағы демалыста жұмыс істеп, қаржыларын қорғаныс қорына аударуға бастама көтерді.
1941 жылы тамыз — қырқүйек айларында Ленинград майданының әскерлері аса қиын жағдайда қалып, 10 қыркүйекте армия генералы Г.К. Жуков майдан қолбасшылығына тағайындалды. Ол Балтық флотымен бірлесе отырып, қала қорғанысын нығайтуға көп күш салды. Ленинград 1941 жылы 8 қыркүйектен 1943 жылы 18 қаңтарға дейін жау қоршауында болды. Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен тек Ладога көлі және әуе жолы арқылы байланысты. Қаладағы әскерилер мен жалпы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі қиынға соқты. Мыңдаған Қазақстандықтар Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты.Балтық флотындағы «Киров» крейсерінде 156 Қазақстандық жауынгерлер өз борыштарын ерлікпен орындады.Еліміздің «халық ақыны» атанған Ж.Жабаевтің «Ленинградтық өренім» жыры жауынгерлерді жігерлендіре түске еді. Кеңес халқының 1941 — 1945 жылдары фашистік Германияға қарсы соғыс жеңісінің 20 жылдығына байланысты 1965 жылы 8 мамырда Ленинградқа қаһарман қала атағы берілді. Қазақстан Сталинград майданының ең жақын тылы болды. 1942 жылы 1 қыркүйекте Атырау қорғанысы құрылды. Чапаев, Ушаков, Тайпақ, Зеленов аудандарында әуежайлар салынды.
1945 жылы 1 мамырда Сталинград қаһарман қала атағына ие болды.Сталинградтағы шайқастың батырларының құрметіне 1960-1967 жылдары Мамай қорғанында мемориалды кешен салынды. Азабы көп,қайғылы «Ұлы Отан соғысында» жеңіске жеткенімізге ,міне, 71 жыл толғалы отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты.. Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды.Майдан даласында 600 мыңнан астам адам қаза тапты.Бұл ақпарат бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.Бүгін Қазақстанның барлық қалаларында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл қою рәсімдері өтуде. Отан соғысы майдандарында, жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып, фашизм концлагерьлерінде қаза тапқан өжет, қайсар қандастарымыз рухына бас иеміз. Әрине, соғысты, оның қорытындыларын бағалауда әр ұрпақтың өз көқарасы болуы мүмкін. Уақыттың тарихи-саяси оқиғаларды бағалауға, саралауға өз таңбасын салуы – табиғи құбылыс. Бірақ олар түбегейлі, принципті мәселеде өзгермеуі керек. Көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды. Ол дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті. Соғыс қимылдары әлемнің 40 мемлекетінің аумағында жүрді.
Біз, жас ұрпақ,ата-бабаларымыздың ерлігін бағалап,оларды ешқашан ұмытпауымыз керек.Болашақ-тарихтан басталады деген сөз бар.Әр Қазақстан азаматы өз тарихын білуге міндетті деп есептеймін!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Есімі батырлардың ел есінде туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Есими батырлардын ел есинде на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Есімі батырлардың ел есінде