Болашақ ұрпақтың баянды ертеңі үшін

 Болашақ ұрпақтың баянды ертеңі үшін

Ыбрашева Ақерке
12 сынып, Назарбаев Зияткерлік мектебі
Жетекшісі: Мананбай Г.А.

Ерте ғасырларда жужандар мемлекетінің елшілер ғұндарды Мөңке қаған билеп тұрған сәтте қонаққа келіп, басынсыған түрмен, қағанның астындағы атын сұрапты. Бұған би-сұлтандар дау-дамай көтергенімен, қаған көніпті, келесі де сұлу жарын сұрапты, бұл бұйымтайларына да көніпті. Ендігі де елінде бос жатқан жерді сұрағанда, би-сұлтандар керек емес жерді берейік деп ұйғарғанда, Мөңке қаған атылып тұрып, «Ата-бабам жанын салып қорғаған, халқым мен оның ұрпағы мекендейтін ата-қоныс ешнәрсеге тең келмейді. Олардың жерімді сұрағаны қай сасқаны» деген ашумен, бірнеше күнде сол мемлекетті жаулап алған көрінеді. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс — жер қымбат, ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат,- дейді дана халқымыз. Әйтсе де өзгенің жеріне ортақтасып, билік жүргізуге құмартқандар тарихымызда көптеп кездеседі. Ежелгі Македонияның патшасы Ескендір Зұлқарнайын да осындай нысананы көздей отыра, әлемге бастаған жорығы сәтсіз болып, көптеген шығынға ұшыраған болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс отының тұтануына себепкер болған тағы да Наполеонның әлемді билегісі келген арманы талай адамның қаны мен терін төкті. Мұндай дүниеқоңыздық талай мәселенің түйткіліне айналмақ. Жерге деген ашкөздік көптің сағын сындырып, қара халықтың басына талай нәубетті тарттырады. Осындай жағдайдың тағы бір көрінісі ретінде 50 млн. адам қатысып, 27 млн. адамның тағдырын жалмаған Гитлер бастаған фашистік Германияның КСРО-ға ашқан майданын айта аламыз. Орыстың атақты жазушысы Булгаков төрт күндік оқиғаны төрт том кітапқа әзер сыйдырғанда, төрт жыл бойына болған соғысты үш бетке сыйғызу әсте мүмкін емесі анық. Әйтсе де, бұл тауқыметке толы 1941-1945 жылдар талай жанның қанын судай ағызып, жарды жесір, баланы жетім етті. Тарихта ойып тұрып орын алған аталмыш майдан ер азаматтардың көз ілмей, жан бермей соғысуын талап еткендей еді. Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманның көрінісі көзден ғайып болып, қарақұрым халықтың бір күнде екі аяғын бір етікке тықты. Иә, соғыстың нәубеті жеті жұрттың тынышын алып, ашық аспанды қара түнекке айналдырды. Дегенмен, КСРО-ның құрамындағы 15 елдің жағдайы қанша жерден жақсы болмағанымен, ұлан-ғайыр даласына бергісіз өр рухы бар еді. Оның ішіндегі тамыры түркіден тараған халықтың басым көпшілік түркі тілдес елдер болған. Гитлердің «Қауырт соғыс», яғни «Барбаросса» тәсілін аяқ асты етіп, фашистерді енді тұрмастай етіп жеңуіне зор үлес қосқан деп, атап айтқанда, қазақтың өрен ұл-қыздары деуге болады. Опасыздықпен басталған немістердің бұл соғысына қатысқан қазақ жауынгерлерінің санын санаудың өзі бір мақтаныш. Кезінде он мыңдаған жоңғар әскеріне мың бас қол жинап жауға тойтарыс берген Сартай батырдың сол заманғы ұрпақтары өзінің мықтылығын сол уақыттарда тағы да бір дәлелдеп берді. Немістің 190 дивизиясына КСРО-ның бар аймағынан келген солдаттар жан аямай жауға қарсы тұрды. Соғыстың алғашқы алты аптасында КСРО-ның біршама аумағы жау қолына өтіп кетті. Алайда, фашистердің бұл сәттілігін одақтың менмендеген батырлары қойсын ба?.. Ер етігімен су кешкен қанқұйлы сол бір уақыттарда атамекенімізді қорғау кім-кімге болсын берер қиындығы көп болғанымен, кеудесі қаһармандық пен өжеттілікке толы батырлардың нақ сыналар шағы. Жаумен жан аямай күрескен жандар арасында он сегізге жаңа толған өрімдей ұл-қыздар да бар. Соғысқа қатысқан әр адам өзінше қазіргі ұрпақ мақтан тұтардай нағыз батыр. Оның ішінде еліміз аса мақтанышпен ауыз толтыра айтатын кешегі шығыстың қосы шынарына айналған он тоғыз – жиырма жасында қыршынынан қиылған Әлия мен Мәншүк, Т.Тоқтаров, М.Ғабдуллин, Т. Бигельдинов,Б. Момышұлын батырлардың есімдері мәңгілік ел есінде. Нендей қиындыққа зор тәуекелділікпен төтеп берген батырлардың істеген ерліктері ел жадынан өшпек емес. Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаевтың аңызға бергісіз жасаған ерлік ісі алапат соғыстың нүктесін қойып берген болатын. Қақаған аязды күндері жау жағадан алса да, намысы жібермеді, тәуекелсіз жеңіс болмайтынын білді. Сенбеймін жарық жұлдыз сөнуіне,
Елімнің құл – күңдікке көнуіне .
Жау бізді тықсырса да түпкірлетіп,
Сенбеймін жаудың бізді жеңуіне-, деген ұранмен Панфиловшы батальон командирі болған Баукеңнің өз қарамағындағы әскеріне берген өр рухы соғыс пайдасы одақ жағында екенін тағы да бір айқындай түсті. Баукең атамыз тағы да бір сөзінде «батырға Сырдың суы сирағынан келмейді, қорқаққа батпақ та кедергі, шалшық та бөгет»,- деген болатын. Соғыс жылдарында тыныш жатқан қазақтың дарқан жұрты тыным таппады. Ерін, баласын, аға-інісін майданға аттандырған артында қалған қай елде болмасын тынымсыз еңбектер, таңды ұйқысыз атырған күндер соғыс бітпейінше толастамады. Бір үзім нан болсын, соын табу жолында артында қалған ана-апалары жан қинатар ауыр жұмыстарды атқарды. Ол заманғы жас жеткіншектердің көрген балалық шағы да, бүгінгіден он, жүз есе төмен дәрежеде болды. Ішерге тамақ, киерге киім болмай күнін өткізген қара халық зор еңбекпен батырларша сол бір тауқыметті жылдарды еңсере білді. Бүгінде сол бейнетке толы жылдардың аяқталғанына 71 жыл, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманымыздың орнағанына 75 жыл толып отыр. Отанымыздың тыныштығы кез келген жанның, келешек ұрпақтың тыныштығына кепілдік береді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз. Бүгінгі Отан қорғаушылары, біздер үшін олардың соғыс жылдарында көрсеткен жан қиярлық ерлігі - Отанға қызмет ету ісінде мәңгілік өнеге» деп айтқан болатын. Сол бір сұрапыл жылдар да от кешкен батырлар есімі ешқашан ұмытылмақ емес. Болашақ ұрпақтың баянды ертеңінің қалыптасуының кілтіне айналған даңқты батырларымыздың жасаған еңбегі ел есінде мәңгілікке сақталары сөзсіз. Тамырым тереңінен бойлағанда,
Фашистер жанымды алып қоймағанда,
Ол уақыт бітпейді деп жүрген кезде 75 жыл өтерін ойлағам ба?..
Өрнегін батырлықтың салып кеткен,
Қаншама ерлер болды даңқты өткен
Сол жандар бар қызықты бізге сыйлап,
Бейнетті өздерімен алып кеткен.
Тамырым тереңінен бойлағанда,
Өрлік пен ерлік деген ойлағанда
Үлгісі бола алатын батырларды
Сұм соғыс жалмайды деп ойлағам ба?...
Есімі батырлардың ел есінде
Сұм соғыс қайта айналып келмесін де,
Ынтымақты дәуірдің гүлі гүлдеп,
Күніміз жарқырасын көк төсінде.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру